БАҒдарламасы ақтау, 2010 жыл мазмұНЫ



бет2/7
Дата28.01.2018
өлшемі3,45 Mb.
#34343
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7

Ақтау, 2010 жыл

МАЗМҰНЫ





1. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ПАСПОРТЫ ............................................................................ 3

2. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ ......................................................................14

2.1. Өңір жағдайының жағымды және жағымсыз жақтарын бағалау, сонымен қатар олардың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына тигізетін әсері.

2.2.Аумақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау........................................14

2.2.1. Өңір экономикасын талдау..............................................................................................17

2.2.2. Өңірдің әлеуметтік саласын талдау................................................................................60



2.2.3. Өңірдің инфрақұрылымдық кешенін талдау................................................................85

2.2.4. Өңірдің аумақтық (кеңістіктік) дамуын талдау...........................................................101

2.2.5. Мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесін талдау...................107

2.3. Орта мерзімді перспекктивадағы аумақтың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі проблемаларының, тәуекелдерінің, шектейтін факторларының, бәсекелестік артықшылықтарының және мүмкіндіктерінің кешенді сипаттамасы..116

2.4. Аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеудің қолданыстағы саясатын талдау........................................................................................118.

3. ӨҢІР ДАМУЫН ТОПШЫЛАУ...................................................................................121

4. НЕГІЗГІ БАҒЫТТАР, МАҚСАТТАР, МІНДЕТТЕР, МАҚСАТТЫ ИНДИКАТОРЛАР, НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТКІШТЕРІ..............................................128

Бағыт 1. Өңір экономикасының дамуы ............................................................................128

Бағыт 2. Әлеуметтік даму ................................................................................................151

Бағыт 3. Инфрақұрылым........................................................................................................185

Бағыт 4. Селолық аумақтарды дамыту, экология .....................................................202

Бағыт 5. Мемлекеттік қызмет көрсетулер.................................................................. 209 5. ҚАЖЕТТІ ҚОРЛАР ......................................................................................................220

6. БАҒДАРЛАМАНЫ БАСҚАРУ....................................................................................221










  1. БАҒДАРЛАМА ПАСПОРТЫ

Атауы

2011-2015 жылдарға арналған Маңғыстау облысын дамыту бағдарламасы

Әзірлеудің негізде

месі

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылдың 18 маусымындағы № 827 «Мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Жарлығы.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылдың 4 наурызындағы № 931 «ҚР Мемлекеттік басқару жүйесінің әрі қарай қызмет етудің кейбір мәселелері туралы» Жарлығы.



Өңірдің негізгі сипатта

малары

Облыс Қазақстан Республикасының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Облыс аумағы 165,6 мың шаршы км-ге тең (Қазақстан аумағының жалпы ауданының 6,1 %-ы). 2012 жылдың 1 қаңтарында халқы 524,2 мың адам болды (Ел халқының 2,8%-ы). 2011 жыл ішінде 1751,1 млрд. теңге сомасына жиынтық өнірлік өнім өндірілді – республикада 5-ші орын. Халықтың жан басына шаққандағы ЖӨӨ көлемі жағынан облыс 2-ші орында. Негізгі өнеркәсіп саласына мұнай өңдеу саласы жатады.

Бағыттары

Өңір экономикасын дамыту;

әлеуметтік саланы дамыту;

инфрақұрылымдық кешенді дамыту;

аумақтық (кеңістіктік) құрылымды дамыту;

мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесін дамыту.


Мақсаттары

Экономиканың тұрақты өсуін, халықтың әл-ауқатын көтеруді, жоғары қосылған құны бар дайын өнімді сыртқы рыногқа жылжытуды қамтамасыз ететін өңірдің бәсекеге қабілетті мамандандырылуын қалыптастыру.

Индустрияландыру бағдарламаларын тиімді іске асыру, өңдеу өнеркәсібінің перспективалы салаларын дамытуды қамтамасыз ету, электр энергиясына қажеттілікті қамтамасыз ету, инновациялық кәсіпкерлік үшін қолайлы жағдай құру.

Мұнай-газ саласын тиімді дамыту арқылы өңір экономикасының тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету.

Маңғыстау облысының құрылыс индустриясын және құрылыс материалдары өндірісін дамыту.

Өңірде өндіріс құру арқылы құн-салмақ коэффициенті төмен дәрі-дәрмектер жеткізу бойынша шығындарды азайту.

Өндіріс көлемін одан әрі дамыту және арттыру, химия өнімдерін экспорттау үшін жағдай жасау

Өңірдің өңдеу өнеркәсібіндегі машина жасау үлесін арттыру

Жоғары қосылған құны бар дайын металл бұйымдарын шығару.

Өңірдің өңдеу өнеркәсібіндегі жеңіл өнеркәсіп үлесін арттыру

Ауыл шаруашылығы өнімдерін ішкі рыног тұтынушыларын қанағаттандыруға жеткілікті көлемде өндіру негізінде облыстың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Шағын және орта кәсіпкерліктің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін рыногтық инфрақұрылымды дамыту.

Жалпы өңірлік өнім құрылымындағы сауда саласының үлесін арттыру

Инвестициялық ахуалды жақсарту, облыстың инвестициялық жобалары мен тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуда қазақстандық және жергілікті қамту үлесін арттыру

Білім берудің сапасын, қолжетімділігін, тартымдылығын жақсарту және балалардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау жүйесінің тиімділігін арттыру.

Облыс халқының денсаулығын жақсарту.

Маңғыстау облысының халқының әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын жақсарту.

Облыстағы мәдениет саласының инфрақұрылымын дамыту және одан әрі әйгілеу, мемлекеттік тіл саясатын тиімді іске асыру.

Маңғыстау облысында бұқаралық спортты және дене шынықтыру сауықтыру қозғалысын, сонымен бірге туристік секторды дамыту.

Мемлекеттік жастар саясатының тиімділігін арттыру.



Құқық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті, оның ішінде көшелерде және басқа қоғамдық жерлерде қамтамасыз ету. Құқық бұзудың алдын алу жүйесін дамыту.

Ақпараттық қоғамға және инновациялық экономикаға көшу мақсатында ақпараттық коммуникациялар саласын дамыту механизмдері мен жағдайларын құру.

Өңірде тұрғын үй құрылысын, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту.

Маңғыстау облысының дамыған көлік инфрақұрылымын қалыптастыру.

Тұтынушыларды тиісті сападағы коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету, күнделікті өмірдегі қамтамасыз ету жүйелерінің орнықтылығы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметінің тиімділігін арттыру.

Елдін қоныстану ел тығыздығын қамтамасыз ете отырып, халықтың тіршілік әрекеті үшін жағымды әрі экономикалық тұрғыда болашағы бар аумақтарда шоғырландыру есебінен жаңа жерге орналастыру мен аумақты құрудың оңтайлы жүйесін қалыптастыру, Маңғыстау облысының әкімшілік-аумақтық құрылымын жетілдіру және елді мекендердің аумақтарының санитарлық, эстетикалық жағдайын жақсарту;

Ауылдық аумақтарды тұрақты дамытудың негіздерін салу, ауыл тұрғындарының тіршілік етуін қамтамасыз етудің деңгейін көтеруді қамтамасыз ету.

Тұрақты экологиялық жағдайды қамтамасыз ету, табиғи кешеннiң өсiмге арналған потенциалының сақтауын және қоғамның тiршiлiк әрекетi үшiн қолайлы қоршаған ортаның сапасын жақсарту.



Мемлекеттік саясатты іске асыруда мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді жақсарту.

Міндеттер

ЖӨӨ-нің тұрақты өсуін және инфляция үдерісін тұрақтандыруды қамтамасыз ету

Өнеркәсіптік өндіріс көлемінің өсуін қамтамасыз ету

Өнеркәсіптің өңдеу салаларын дамыту

Қайта қалпына келетін энергия көздерін пайдалануды дамыту

Көмірсутегі шикізатын өндірудің теңгерімді өсуін қамтамасыз ету

Мұнай-химия және мұнай өндеу өнімдерін дамыту

Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын шығару бойынша өндірістік қуаттылықтар құру және дамыту

Дәрі-дәрмек құралдарының жаңа өнідірісін құру

Бәсекеге қабілетті жаңа химия өндірісін құру және ішкі рыногты отандық өндірістің бәсекеге қабілетті химия өнімдерімен толықтыру

Машина жасаудағы жалпы өнім көлемін арттыру

Металл өнімдерінің жалпы көлемін арттыру

Жеңіл өнеркәсіптегі жалпы өнім көлемін арттыру

АӨК өнімдерін өндірудің тұрақты өсуі есебінен облыстың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Өңір экономикасының инновациялық, өндірістік және өзге де салаларында шағын және орта кәсіпкерліктің тұрақты дамуын қамтамасыз ету

Ынтымақтастықты, капитал салуды нығайту және дамыту үшін қолайлы инвестициялық ахуал, жағдай құру

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жалпы көлемінде қазақстандық қамтудың үлесін арттыру

Педагогикалық кадрлардың біліктілігін және ұстаз мамандығының мәртебесін көтеру

Мектепке дейінгі ұйымдар желісін арттыру және мектепке дейінгі білім беру ұсынатын қызметтің сапасын жақсарту

Жас педагог кадрлардың өз ісіне шынайы берілуін ынталандыру

Медициналық қызмет көрсетуді және денсаулық сақтауды қаржыландыру жүйесін, мамандар ресурстарын дамытуды жетілдіру

Әйел мен бала денсаулығын нығайту, әлеуметтік-маңызды ауруларды төмендету

Халықтың тиімді жұмыспен қамтылуына қол жеткізу

Халықтың аз қамтылған жігіне берілетін атаулы әлеуметтік көмектің тиімділігін күшейту

Әлеуметтік қызметтерді дамыту

Облыс азаматтарын дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылдануға тарту

Туристік қызметтің дамуын қамтамасыз ету

Өңірдегі жастарды мемлекеттік қолдау ды, этникааралық және конфессияаралық келісімді сақтау және нығайту

Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қылмысқа қарсы іс-қимылдың алдын алу құрамын арттыру. Қылмыспен күрестің және қылмыскерлерді іздестірудің тиімділігін арттыру, нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрес

Дағдарыс жағдайларындағы басқарудың дайындық, шапшаңдық және тұрақтылық деңгейі

Телекоммуникация мен байланыстың және компьютерлік сауаттылықтың дамуы

Халықтың барлық топтарына арналған тұрғын-үйлерді салу және пайдалануға қосу

Облыс экономикасының Көлiк қызметтерiндегi бағалы көлiк - коммуникациялық инфрақұрылымын қамтамасыз ететiн қажеттiгiнiң құрастырылуы

Халыққа көліктік қызмет көрсету мүмкіндігімен қамту

Коммуналдық жүйелерді жаңғырту және дамыту

Кондоминиум объектілерін басқару органдары тұрғын үй қорын нормативті пайдалануды өзі қамтамасыз етеді

Ауылдық елді мекендерге көрсетілетін әлеуметтік қызметтің қол жетімділігі мен сапасын арттыру

Тұрақты экологиялық жағдайды және тиiмдi жолмен табиғи қорларды қоғамның тiршiлiк әрекеттерi үшiн қолайлы ортада қолдануын қамтамасыз ету

Өсiмдiк және жануар әлемін, сирек кездесетін және жоғалып кетуге қауіп төніп тұрған жабайы аңдар мен сайғақтардың мекендеу аймақтарын сақтап қалу, санын тұрақтандыру

Жергілікті атқару билігі қызметі тиімділігін арттыру

Іске асыру кезеңдері


1 кезең – аралық (3 жыл) – 2011-2013 жылдар – бірінші кезектегі және дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру;

2 кезең – соңғы (2 жыл) – 2014-2015 жылдар – Бағдарламада қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін жоспарланған шараларды іске асыру және облыстың әрі қарай әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін негіз қалыптастыру.

Мақсатты индикторлар

Жалпы өңірлік өнімнің нақты көлем индексі, өткен жылға: 2011 жылы – 99,7%, 2012 жылы - 102,2%, 2013 жылы - 103,4%, 2014 жылы - 104%, 2015 жылы – 107,5%.

Өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексі 2011 жылы – 95,8%, 2012 жылы - 98%, 2013 жылы – 99,5%, 2014 жылы – 102,9%, 2015 жылы – 107,1%.

Өңдеу өнеркәсібіндегі өнім шығарудың нақты көлем индексі 2011 жылы –112,1%, 2012 жылы – 90%, 2013 жылы – 109,1%, 2014 жылы – 111,2%, 2015 жылы - 102,1%.

Электр энергиясын шығаруды 2011 жылы – 4,59%, 2012 жылы – 4,93%, 2013 жылы – 5,27%, 2014 жылы – 5,61%, 2015 жылы – 5,95%-ға арттыру.

Өткен жылға қарағанда, мұнай өндіру көлемінің жыл сайынғы өсу қарқыны 2015 жылы - 105,3%.

Жол битумын өндіру бойынша қуаттылық енгізу 2013-2015 жылдары (420 мың.тонн).

Металл емес өзге де минералды өнімдер өндірісінің 2015 жылы - 115% өткен жылға.

Негізгі фармацевтикалық өнімдер өндірісінің НКИ 2015 жылға қарай - 290% өткен жылға.

Химия өнеркәсібі өнімдерінің НКИ 2015 жылға қарай – 103% өткен жылға.

Машина жасау саласының НКИ 2015 жылға қарай – 108% өткен жылға.

Металлургия өнеркәсібінің НКИ – 107% өткен жылға.

Машиналар ме құрал-жабдықтардан басқа, дайын металл бұйымдар өндірісінің НКИ 2015 жылға қарай - 76,8%.

Ішкі рыногтың жеңіл өнеркәсіпке деген сұранысын қанағаттандыру (ресурстардың жалпы көлеміндегі отандық өндірістің үлесі) 2015 жылға қарай 0,8%-ға дейін.

Ауыл шаруашалығы жалпы өнімінің НКИ, өткен жылға 2015 жылы 2014 жылға 110 %.

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері шығарған өнімнің нақты көлем индексі 2015 жылы - 102%.

Бөлшек сауданың нақты көлем индексі 2015 жылы – 113%.

Негізгі капиталға инвестициялар көлемінің нақты көлем индексі, 2015 жылы 101% (2012-2014 жылдары – төмендейді).

Инновациялар (технопарктер, бизнес-инкубаторлар, индустриялық парктер және т.б.) саласындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың белсенділік деңгейін 2015 жылы 7 %-ға дейін арттыру.

Үлгілік жастағы (14-24 жас) жастарды техникалық және кәсіпьік білім берумен қамту үлесі 2015 жылы 75 % -ға дейін.

Халыққа медициналық қызмет көрсетудің сапасының қанағаттандырылу деңгейі 2015 жылға қарай 75%-ға дейін артады.

Халықтың өмір сүру ұзақтығы 2011 жылы 68,65 жастан 2015 жылы 701 жасқа дейін күтіледі., жыл

1000 адамға шаққандағы жалпы өлімнің төмендеуі 2015 жылға қарай 5,3

Жұмыссыздық деңгейі 2015 жылға дейін 5,5%-ға дейін төмендейді (2010 жылы – 6,4%)

Табысы күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 2015 жылы – 4,5% (2010 ж. – 11,6%).

Арнайы әлеуметтік қызмет көрсетумен қамтылған адамдардың үлес салмағы (оларды алуға мұқтаж адамдардың жалпы санындағы) жыл сайын 100%.

Облыс халқының мәдениет саласы қызметінің сапасына қанағаттану деңгейі 2015 жылға қарай 71,5%.

Мемлекеттік тілді меңгерген халықтың үлесі 2015 жылға қарай - 92%.

Барлық жастағы тұрғындарды дене шынықтыру мен спортпен жүйелі шұғылданумен қамту 2015 жылға қарай – 23 %.

Туристік қызмет саласы қызметтер ұсынатын ұйымдардың жиынтық кірісін ұлғайту 2015 жылға қарай 58,5%.

Азаматтық қоғам институттары мен мемлекет арасында қарым-қатынасты оң бағалайтын тұрғындар үлесін ұлғайту 2015 жылға қарай 57% -ға дейін (2010ж. – 52%).

Халықтың ішкі істер органдарына сенімінің болжамды деңгейі 2015 жылға қарай - 55% (2010 ж. – 50%).

Төтенше жағдайлардан болған адами және материалдық шығындар 2011-2015 жылдар аралығында жыл сайын 5% көп емес.

Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі 2015 жылға қарай 104,3%.

Облыстық және аудан көлеміндегі автомобиль жолдарының үлесі 2015 жылға қарай 74 шақырымға дейін қанағаттарлық және жақсы күйге артады

Жүк айналымының көлемi 2015 жылға қарай 9375,2 млн.тонна шақырымға дейін артады.

Жолаушы айналымының көлемi 2015 жылға қарай 4499,1 млн.тонна шақырымға дейін артады.

Тұтынушылардың коммуналдық қызметтер сапасына қанағаттану деңгейі 2015 жылы - 50%.

Халықтың орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізу деңгейін арттыру 2015 жылға қарай - 71,7%.

Жылумен жабдықтау қызметімен қамтамасыз етілу деңгейін арттыру 2015 жылға қарай 58%.

Су бұру қызметімен қамтамасыз етілу деңгейін 2015 жылға қарай 57,9% арттыру.

Үдемелі қорытындылермен жоғары әлуетті дамыған АЕМ саны 2015 жылы 7 бірлік болады.

Зиянды заттардың жалпы тасталуының азаюы 2015 жылы 110 мың.тоннаға дейін.

Мемлекеттік орман қорының орманмен жабылған пайдалы жерінің ауданы 2015 жылы - 122787 га.

Әлеуметтік мазмұндағы көрсететін қызмет сапасына халықтың қанағаттануы 2015 жылы - 100%.

Қаржы

ландыру көздері мен көлемдері

Қаржыландыру көздері: республикалық және жергілікті бюджет, инвесторлардың өз қаражаттары, қарыз қаражаттары.

Қаржыландыру көлемдері:

2011 жылы – 69011,4 млн. теңге;

2012 жылы – 102041,3 млн. теңге;

2013 жылы – 148459,4 млн. теңге;

2014 жылы – 121102,2 млн. теңге;



2015 жылы – 97315,3 млн. теңге.

Барлығы: 541014,1 млн. тенге.




2. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ

2.1 Өңір жағдайының жағымды және жағымсыз жақтарын, сондай-ақ олардың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына тигізетін әсерін бағалау

2.1.1. Географиялық орналасуы

Облыс 1973 жылы құрылды және Қазақстан Республикасының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан, солтүстік-шығыста Атырау және Ақтөбе облыстарымен, батыста теңіз бойымен Ресей Федерациясымен, Әзірбайжанмен және Иранмен, оңтүстікте Түрікменстанмен және шығыста Өзбекстанмен шектеседі.

Облыстың аумағы 165,6 мың шаршы километрді құрайды (Қазақстан аумағының жалпы ауданының 6,1 %, 14 өңірлердің ішінде – 7-орын). Облыс халқы 2013 жылдың 1 желтоқсанына 585,7 мың адамды немесе Қазақстанның бүкіл халқының 3,3%-ын құрады. Облыс бойынша орташа алғанда халық тығыздығы (аумақтың 1 шаршы километріне) 3,5 адам құрайды. Қала халқының саны 292,6 мың адамды (49,9%), ауыл халқының саны 293,1 мың адамды (50,1%) құрайды.

Облыс орталығы – Каспий теңізіндегі порт болып табылатын және 1963 жылы құрылған Ақтау қаласы. Қалада 2013 жылдың 1 желтоқсанына 184,2 мың адам немесе облыстың бүкіл халқының 31,4%-ы тұрады. Ақтау қаласынан Астана қаласына дейінгі арақашықтық – 2 413 км.

Облыста облыстық маңызы бар 2 қала (Ақтау қаласы, Жаңаөзен қаласы), 5 ауылдық аудан (Форт-Шевченко шағын қаласын қоса алғанда), 1 кент, 27 ауылдық округ (59 ауыл) орналасқан.

Облыс Каспий өңірінің мультиұлттық жүйесіне шығатын Қазақстан Республикасының шекара бойындағы облысы ретінде қуатты транзиттік, көлік-логистикалық және халықаралық маңызы бар инфрақұрылымдық-сервистік әлеуетке ие.

Облыс аумағы арқылы Шығыс Еуропаны Орталық Азиямен және Солтүстік Еуропаны Парсы шығанағының елдерімен қосатын ТРАСЕКА және «Солтүстік- Оңтүстік» екі халықаралық көлік дәлізі өтеді.

Халықаралық сарапшылардың бағалауынша, Қазақстанның туристік көзге көрінерлік орындарының үштен бір бөлігі Маңғыстау облысында орналасқан. Облыстың Каспий теңізінің жағасында географиялық ыңғайлы орналасуы негізгі туристік ағындарды шығаратын елдерге жақындауын қамтамасыз етеді.

Көлік логистикасы және туризм облыстың маңызды бәсекеге қабілетті басымдықтарымен анықталған, олар экономиканы әртараптандыруға және жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал етпек.
Маңғыстау облысының қор әлеуеті

Облыстағы пайдалы қазбалардың негізгі түрлері мұнай мен газ болып табылады. Бүгінге Маңғыстау облысының аумағында 75-тен астам мұнай мен газ кен орындары белгілі. Облыс бойынша мұнайдың геологиялық қорлары 2 840,0 млн. тоннаны құрайды. Жалпы шығарылатын мұнай қоры – 578,0 млн. тонна, ілеспе газ қоры – 34,6 млрд. тонна текше метр, табиғи газ қоры 171 млрд. текше метр, конденсат қоры – 8,0 млн. тонна. Олардың ішінде 39 кен орны игерілуде. Жинақталған мұнай өндірілуі – 629 млн.тонна.

Ірі мұнай кен орындары:

- Өзен – геологиялық қоры шамамен 730 млн. тонна;

- Жетібай - шамамен 279 млн. тонна;

- Қаламқас - 523 млн. тоннадан астам;

- Қаражанбас – 270 млн. тонна;

- Солтүстік Бозашы – 305 млн. тонна.

Сондай-ақ, облыстың жер қойнауы фосфорит (3 млн. тонна), көмір (42 млн. тонна) (теңгерімнен тысқары қорлар), марганец (38 млн. тонна), әр түрлі тұздар (4,8 млн. тонна), әктас-ұлутас (261752,0 мың текше метр), минералды су (тәулігіне 3,54 мың текше метр), уран (38 млн. тонна) қорларына бай.
Өңірлік банк институттарының сипаттамасы

2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыс аумағында 15 банк филиалы, 89 ақша айырбастау пункті жұмыс істейді. Бұдан басқа, банк операцияларының жекелеген түрлерін Қазынашылықтың 7 бөлімшесі, зейнетақы төлейтін мемлекеттік орталықтың 8 филиалының бөлімшесі, «Ломбард» «Ломбардист» ЖШС филиалдарының 7 бөлімшесі, «БТА Ипотека» ААҚ өкілдігі және «Қазпошта» АҚ филиалдары жүзеге асырады.

Маңғыстау облысында 2 шағын кредит ұйымы: «Каспий» шағын қаражат ұйымы» ЖШС, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның өкілдігі белсенді жұмыс істейді. Олармен 2014 жылғы 1 қаңтарға 550,7 млн. теңге жалпы сомасына 208 шағын кредит беріліп, бұл ретте 476 жұмыс орны құрылды.

Екінші деңгейдегі банктердің шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне 2013 жылы берген кредиттерінің көлемі 18,8 млрд. теңгені құрады, бұл 2011 жылдың осындай күнінен 34,0%-ға аз.


Қазақстанның дамуындағы Маңғыстау облысының орны

Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы «Қазақстан – 2030» Стратегиясының, Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасының, мемлекеттік және салалық бағдарламалардың негізінде және Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларына сәйкес жүзеге асырылуда.

Облыстың жалпы өңірлік өнімі (ЖӨӨ) 2012 жылы 1640,1 млрд. теңгені құрады. ЖӨӨ-нің нақты өсуі (НКИ) 2012 жылда 101,1% құрады (2011 жылда – 99,7%).

Маңғыстау облысының жалпы өңірлік өнімінің (ЖӨӨ) Қазақстанның жалпы ішкі өніміндегі (ЖІӨ) үлесі 5,4% құрайды.

ЖӨӨ-нің НКИ салалар кесінінде өнеркәсіпте – 100%, ауыл шаруашылығында – 100,1%, ақпарат пен байланыста – 148,7%, көлік пен қоймалауда – 107,3% құрады. ЖӨӨ өсу қарқынының 2011 жылмен салыстырғанда құрылыста – 88,9%-ға, саудада – 99,1%-ға төмендеуі байқалады.

Өнеркәсіптің үлесі 2011 жылғы 55,5%-дан 2012 жылы 56,6%-ға, көтерме және бөлшек сауданың үлесі тиісінше 2,9%-дан 3,7%-ға дейін артты. Құрылыстың үлесі 2011 жылғы 8%-дан 2012 жылы 7%-ға, көлік пен байланыстың үлесі тиісінше 8,5%-дан 5,5%-ға дейін төмендеді. Ауыл шаруашылығының үлесі төмен болып қалуда – 0,3%.

Облыстың өнеркәсібі республика ЖІӨ-нің жалпы көлемінде айтарлықтай үлеске ие – 55,5%, ал осымен бір мезгілде ауыл шаруашылығы өндірісінің үлесі болмашы ғана – 1%-дан кем болып отыр.

Өнеркәсіптік өндірісі негізінен ұлттық тау-кен өндіру өнеркәсібінде үлесі 23% құрайтын тау-кен өндіру өнеркәсібінен тұрады. Осы салада ірі және орта кәсіпорындардың саны біршама көп.

Өңдеу өнеркәсібі металлургия мен дайын метал бұйымдарының өндірісінен, машина жасау мен химия өнеркәсібінен тұрады.

Жан басына шаққандағы ЖӨӨ көрсеткіші бойынша 2012 жылдың қорытындысында 2945,9 мың теңге (19,6 мың АҚШ доллары) деңгейінде қалыптасты, бұл – республика өңірлері арасындағы төртінші орын (ҚР бойынша орташа – 1807,3 мың теңге немесе 12 мың АҚШ доллары).

Соңғы жылдары облыста инвестициялық белсенділіктің өсуі байқалады. Негізгі капиталға инвестициялардың көлемі 2011-2013 жылдары 1,2 есе, 369,6 млдр. теңгеден 439,6 млрд. теңгеге дейін өсті. Негізгі капиталға инвестициялардың көлемі 2013 жылы 2012 жылмен салыстырғанда 105,7% құрады.

Негізгі капиталға инвестициялар бойынша облыстың үлесі 7,3% құрайды (2013 жылы – республика бойынша 5-орын). Алайда, жан басына шаққандағы инвестициялар көлемі бойынша облыс (2013 жылы 750,6 мың теңге) республика өңірлері арасында екінші орында тұр (ҚР бойынша орташа алғанда – 353,1 мың теңге).

Инвестиция құрылымының негізгі көлемін өнеркәсіп (70,2%), оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібі (61,9%), өңдеу өнеркәсібі (5,8%), көлік және қоймалау (17,8%), құрылыс (1,6%), жылжымайтын мүлікпен операциялар (5,2%), кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет (1,6%), өзгелері (3,6%) алады.

Негізгі капиталға инвестициялардың негізгі көздері кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың меншікті қаражаты болып табылады. Аталған қаражат көзінің инвестициялардың жалпы көлеміндегі үлес салмағы 2012 жылғы 62,7%-дан 2013 жылы 55,7%-ға төмендеді. Бюджет қаражатының есебінен салынған инвестициялардың үлесі 2009 жылғы 4,46%-дан 2013 жылы 9,5%-ға дейін өсті. Қаралып отырған кезеңде шетелдік инвестициялардың үлесі 12,1%-дан 16,3%-ға дейін артты.

Облыстың бәсекелестік артықшылықтарын дамыту және облыс экономикасын әртараптандыру мақсатында «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағының аумағын, жағалаулық инфрақұрылым объектілерін, облыстың транзиттік әлеуетін (көліктік логистиканы, шекара бойындағы аумақтарды), құрылыс индустриясын, энергетиканы және сумен жабдықтауды дамыту, «Кендірлі» туристік курортты аймағын құру, Каспий технологиялық университетін салу жөніндегі инвестициялық жобалар іске асырылуда.

Облыс әлемнің 101 елімен экспорттық-импорттық операцияларды, оның ішінде 41 елмен экспорттық операцияларды, 99 елмен импорттық операцияларды жүзеге асырады. Облыстың сыртқы сауда айналымы 2013 жылы 9 832,9 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2012 жылдың деңгейінен 14,7%-ға көп. Экспорт 9 092,9 млн. АҚШ долларын (12,8%-ға ұлғайды), импорт 739,9 млн. АҚШ долларын (44,1%-ға ұлғайды) құрады. Сыртқы сауда балансының сальдосы 8353,0 млн. АҚШ доллары сомасында қалыптасты (2012 жылы – 7544,8 млн. АҚШ доллары).




2.2. Аумақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау

2.2.1. Өңір экономикасының дамуы


2.2.1.1. Өнеркәсіп

Маңғыстау облысының өнеркәсіп құрылымында негізгі бөлікті үлесі 2013 жылдың қорытындысында 92,4% құраған тау-кен өндіру өнеркәсібі (2012 жылы – 93,8%, 2011 жылы – 93,3%), оның ішінде шикі мұнай мен табиғи газ өндіру алады.

2013 жылы өңдеу өнеркәсібінің үлесі – 4,1% (2012 жылы – 3,3%, 2011 жылы – 3,9%), электр энергиясын, газ бен суды өндіру мен таратудың үлесі – 2,6%, сумен жабдықтау, канализациялық жүйе, қалдықтарды жинақтау және бөлуді бақылау – 0,8% құрады.

2011 жылдан 2013 жылға дейінгі кезең ішінде өнеркәсіптік кәсіпорындар саны 121 бірлікке өсіп, 358 бірлікті құрады.

Өнеркәсіптік өнім көлемі 2013 жылы 2273,0 млрд. теңгені (2012 жылы – 2170,8 млрд. теңге, 2011 жылы – 2064,8 млрд. теңге) құрады. Өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексі 2013 жылы өткен жылмен салыстырғанда 1,9%-ға өсіп, 101,9% құрады (2012 жылы – 100%, 2011 жылы – 95,8%) құрады.

Облыс өнеркәсібі өнімінің жалпы республикалық өнеркәсіптік өндіріс көлеміндегі үлесі 2013 жылы 2007 жылмен салыстырғанда 1,1%-ға төмендеп, 12,5% құрады (Атырау облысынан кейінгі 2-орын – 27%).

Облыс бойынша негізгі өнім көлемін 2009 жылға дейін Ақтау қаласының (облыс бойынша кәсіпорындар үлесі 68,71%, жалпы көлемдегі өнім үлесі 68,84%) және Жаңаөзен қаласының (облыс бойынша кәсіпорындар үлесі 8,59%, жалпы көлемдегі өнім үлесі 29,46%) кәсіпорындары қалыптастыратын. Бұл ретте, Ақтау қаласы мен Жаңаөзен қаласының ірі кәсіпорындарының үлесіне жалпы алғанда бүкіл облыс өнеркәсібі көлемінің 85,83%-ына дейін келетін. Қалалар кесінінде кәсіпорындардың өнеркәсіптік өндіріс көлемдерін статистикалық есептеудің жаңа әдістемесіне байланысты, 2009 жылдан бастап өңірдің өнеркәсіптік өнімнің жалы көлемінің 80,7%-ы Жаңаөзен қаласы мен Түпқараған ауданының кәсіпорындарына келеді.

Тау-кен өндіру өнеркәсібіндегі өндіру 2013 жылы 2012 жылға қарағанда 1,5%-ға, өңдеу өнеркәсібіндегі өндіру 24%-ға артты. Сондай-ақ, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптаудағы өндіріс көлемінің 17%-ға, сумен жабдықтау, канализациялық жүйе, қалдықтарды жинау мен бөлуді бақылауда 28,8%-ға арту байқалады.



Тау-кен өндіру өнеркәсібі. Тау-кен өндіру өнеркәсібінде 2013 жылы 2101,1 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, бұл облыстың жалпы өнеркәсіптік өндіріс көлемінің 92,4%-ын құрайды және осы өнеркәсіп секторының өңірде басым екенін көрсетеді (2012 жылы – 2037,1 млрд. теңге, 2011 жылы – 1927,3 млрд. теңге).

2013 жылы газ конденсатын қоса алғанда, 18 072,8 мың тонна көлемінде мұнай өндірілді, бұл 2012 жылы өндірілгенге қарағанда 2,0%-ға көп (2012 жылы – 17 720 мың тонна, 2011 жылы – 17 858 мың тонна).

Табиғи газ өндіру көлемі 2 180,7 млн. текше метрді немесе 2012 жылғы деңгейдің 95,9%-ын құрады (2012 жылы – 2 288 млн. текше метр, 2011 жылы – 2 677 млн. текше метр).

Газ конденсатымен бірге шикі мұнайды экспорттау көлемі 2013 жылдың қаңтар-қарашасында 10,7 млн тоннаны құрады (2012 жылы – 10,2 млн. тонна, 2011 жылы – 17,2 млн. тонна).

Мұнай-газ саласындағы негізгі кәсіпорындар, есепті кезеңде мұнай өндірудің жалпы облыстық көлемінің 90,4%-ын өндірген «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Каражанбасмұнай» АҚ, «Бозашы Оперейтинг Лтд» компаниясының филиалы, «Қарақұдықмұнай» ЖШС болып табылады.

Мұнай-газ секторында жұмыс істейтін кәсіпорындардың негізгі басымдықтары – игеріліп жатқан кен орындарында мұнай өндіруді тұрақтандыру және қарқындату.

Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің 2010 жылғы 21 шілдедегі №255 бұйрығымен «Толқынмұнайгаз» ЖШС-мен және «Қазполмұнай» ЖШС-мен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бұзылды. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Заңы 72 бабының 10 тармағына сәйкес, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Маңғыстау облысындағы Толқын және Боранқұл кен орындарының келісімшарттық аумағын сенімді басқаруға қабылдады. Бұрынғы жер қойнауын пайдаланушылардың («Толқынмұнайгаз» ЖШС мен «Қазполмұнай» ЖШС) «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-мен ынтымақтасудан бас тартуына байланысты, «ҚазМұнайТеңіз» теңіз мұнай компаниясы» АҚ-ның Ақтау филиалы құрылды, ол қазіргі кезде «Толқынмұнайгаз» ЖШС мен «Қазполмұнай»ЖШС-нің мүлкіне сенімді басқарушылық етіп отыр.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінің жалпы республикалық көлеміндегі Маңғыстау облысының үлесі, өнімдердің мына түрлері бойынша:

газ конденсатын қоса алғанда мұнай (мың тонна) – 22,1% (2012 жылы – 22,3%);

битум минералдарынан алынған мұнайды қоса алғанда, шикі мұнай (көмірсутегілердің табиғи қоспасы) (мың тонна) – 25,9%;

газға айналған күйіндегі табиғи газ (тауарлық шығарылым), (млн. текше метр) – 9,8% құрайды.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінің басқа салаларындағы өнім көлемі 2013 жылы 7429,8 млн. теңгені құрады немесе 2012 жылдың деңгейінен 19,6%-ға аз (2012 жылы – 7486 млн. теңге, 2011 жылы – 10 564 млн. теңге). Облыс аумағында ұлутас, қиыршық тас пен шағыл, табиғи құм өндіру жүзеге асырылады.

Ұлутас, қиыршық тас пен шағыл, табиғи құмдар өндіру көлемдері 2013 жылы тиісінше 94,9 мың текше метр (2012 жылға – 145,6%), 1290,9 мың текше метр (83,8%), 507,4 мың текше метр (60,9%) құрады.
Өңдеу өнеркәсібі. Өнеркәсіптің өңдеу секторында 2013 жылы 93,7 млрд. теңгенің өнімі өндірілді (2012 жылы – 70,9 млрд. теңге, 2011 жылы – 81,7 млрд. теңге), бұл 2012 жылғы өңдеу өнеркәсібінің өндіріс көлемінен 24%-ға артық. Облыстың өнеркәсіптік өндірісінің жалпы көлеміндегі үлес 4,1% құрады.

Облыстың өңдеу өнеркәсібіндегі негізгі қызмет түрлері:

машина жасау (2013 жылдың қорытындысында, өңдеу өнеркәсібінің жалпы көлемінде 24,1%);

химия өнеркәсібі (16,3%);

машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын шығару (16,9%)

өзге де металл емес минералды өнімдер өндірісі (10,6%);

металлургия өнеркәсібі (4,5%).

резеңке мен пластмасса бұйымдары өндірісі (5,0%).

Өндіріс үлесі тиісінше 7,2% және 2,3% құрайтын азық-түлік өнеркәсібінің, жеңіл өнеркәсіптің кәсіпорындары бар.
Машина жасау. Мейлінше жоғары үлес салмақты 2013 жылы машина жасау саласы алды. Өңдеу өнеркәсібінің жалпы көлеміндегі машина жасау өнімінің үлесі 2013 жылы шамамен 24,1% (2012 жылы – 24,9%, 2011 жылы – 25,3%), саладағы нақты көлем индексі – 129% (2012 жылы – 77,9%, 2011 жылы – 124,8%), өнім шығару көлемі – 22633,1 млн. теңге (2012 жылы – 17676 млн. теңге, 2011 жылы – 20714 млн. теңге) құрады.

Өңірдің машина жасау саласының негізгі кәсіпорындары - «Каспий маңы машина жасау кешені» ЖШС, «Каскор-Машзавод» АҚ, «GMMOC Қазақстан» ЖШС.

Машина жасау кәсіпорындары мұнай-газ саласына бағытталған жол жылытқыштарды, НБ - 125 маркалы сорғыларын, оларға және шағын құрал-жабдықтарға арналған әртүрлі қосалқы бөлшектер шығарады, оларды жөндеу бойынша қызметтер көрсетеді, сондай-ақ жоғары технологиялық мұнай-газ жабдықтарын өндіреді.

Металлургия. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейін индустриялық-инновациялық даму стратегиясының аясында Маңғыстау облысында өңір үшін жаңа өнеркәсіп саласын қалыптастырған «CaspianStal» ЖШС мен «Ақтау болат құю зауытының» ЖШС («АҚЗ» ЖШС) екі металлургия зауытын салу жөніндегі инвестициялық жобалар іске асырылды. Зауыттар пайдаланатын негізгі шикізат – өнеркәсіптің химия, мұнай-газ, құрылыс, газ өңдеу және өзге де салаларындағы тозған құрал-жабдықтарды, сондай-ақ құбырлар мен өзге де металл бұйымдарды есептен шығару есебінен пайда болған металл сынықтары. Барлық металлургия өнімдері экспортқа шығарылады.

Металлургиядағы өнім өндіру көлемі 2013 жылы 4263,8 млн. теңгені қүрады (2012 жылы – 5230 млн теңге, 2011 жылы – 6291 млн. теңге).

Сала өнімінің нақты көлем индексі 2013 жылы 92,2% (2012 жылы – 77,2%, 2011 жылы – 134,7%) құрады. 2012 жылмен салыстырғанда өндіріс көлемінің төмендеуі «Ақтау болат құю зауытының» ЖШС-нің қаржылық қиыншылықтарына (айналым қаражатының болмауы, жыл басынан тек құю цехы жұмыс жасады, жаймалау цехы өнім шығаруды 2013 жылғы наурызда бастады).

Ақтау болат құю зауытының («АҚЗ» ЖШС) жобалық қуаттылығы: қуаттылығы 180 000 тонна болат дайындамалар болатын болат құю зауыты (қуаттылық 2012 жылдың басында үш есе арттырылды) мен қуаттылығы 400 000 мың тонна болатын жаймалау зауыты (арматура, бұрыштар, швеллерлер, екі басты арқалық).

«АҚЗ» ЖШС кәсіпорны 2008 жылы 2006 жылы басталған әртүрлі пішіндегі металл профиль шығару бойынша зауыттың екінші кезегінің құрылысын аяқтады. Кәсіпорын 2012 жылы арматура өнімдерін шығарып бастады. Кәсіпорын қуаттылығы жылына 600 мың тонна дайындама болатын электрмен болат балқыту кешенін салу жобасын іске асыруда. Жобаның құны – 24 млрд. теңге, құрылатын жұмыс орны – 660 адам.

«АҚЗ» ЖШС Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 225 Қаулысымен бекітілген Дағдарыстан кейін қалпына келтіру (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) бағдарламасына қатысуда және 2013 жылдың аяғынан бері мемлекеттік қаржылай қолдауын алуда.

Әкімшілік-басқарушылық кедергілерге (құрылтайшылардың ауысуы) және айналым қаражатының болмауына байланысты, «CaspianStal» ЖШС кәсіпорны 2011 жылдың аяғынан бері тоқтап тұр.

Ақтау қаласы әкімінің 2007 жылғы 14 маусымдағы №2 шешімімен «Мұнай сұрыпталымдағы құбырларды шығару бойынша зауыты» («Арселор Миттал Ақтау» АҚ) құрылыс объектісін пайдалануға енгізу туралы мемлекеттік комиссияның актісі бекітілді. Инвестициялық жобаның іске асырылуы 2004 жылы «Ақтау теңіз порты» АЭА аумағында басталды. Жобалық қуаттылығы жылына 60,0 мың тонна болат құбыр және инвестициялар көлемі 32,8 млн. АҚШ доллары болатын зауыт API, DIN,BBS, ASTM, AWWA, IS стандарттарына және басқа халықаралық стандарттарға сәйкес келетін, жоғары және төмен қысымды мұнай сұрыпталымдағы шиыршық жікті құбырларды шығарады. Жасау барысында қазіргі заманғы лазерлік визуалдық бақылау жүйелері пайдаланылып, ультрадыбысты және радиографиялық пісіру қолданылады.



Машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын шығару. Дайын металл бұйымдары өндірісінде 2013 жылы 2012 жылмен салыстырғанда өндіріс көлемінің 2,2 есе өскені байқалады – 15849,3 млн. теңге (2012 жылы 7194,3 млн. теңге, 2011 жылы – 12368 млн. теңге). Сала өнімінің нақты көлем индексі 2013 жылы 220% құрады (2012 жылы – 69,0%, 2011 жылы – 69,5%).

Бүгінге осы саланың өнімі ішкі нарықта өткізіледі. Одан әрі Каспий теңізінің қазақстандық секторын игеру шеңберінде теңіз металл конструкцияларын жасайтын зауыттарды салу жобаларын іске асырғаннан кейін, өнімнің бір бөлігі экспортталмақ. Қазіргі кезде осы қызмет түріндегі негізгі кәсіпорын болып ҚР Индустриялық-инновациялық даму стратегиясы шеңберінде пайдалануға енгізілген, металл құралымдарын шығаратын кәсіпорын «Кеппел Қазақстан» ЖШС табылады.

Сонымен бірге, Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында Каспий қайраңында мұнай шығаруға арналған жасанды аралдар салуға қажетті теңіз металл құралымдарын шығару бойынша жобалар іске асырылуға жоспарлануда – «Каспиан Оффшор Индастриз ЛТД» ЖШС-нің «Теңіз металл конструкцияларын өндіру бойынша өнеркәсіптік кешен» жобасы (жаңа аты – «Темір ат» теңіз мұнай-газ өндірісі құрал-жабдықтарының зауыты»  Теңіз мұнайгаз өндірісі). Жобаның сметалық құны – 11 550 млн. теңге. 01.01.2013 жылға жұмыс орындарының нақты саны – 102 адам. Жобалық қуаттылығы: жылына – 16 мың тонна металл конструкциялары. Объект 2011 жылғы мамырда пайдалануға берілді (1-кезең). 2012 жылы 960 тонна металл конструкциялары шығарылды.

Жоба Солтүстік Каспий жобасына бағдарланған. Қашаған кен орнының 2 фазасын іске асыру мерзімінің кейінге қалдырылуына байланысты, тапсырыстар көлемінің төмендегені байқалады.



Құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарын өндіру.

Шығарылатын құрылыс материалдардың негізгі номенклатурасы – ұлутас, табиғи құм, шағыл, қиыршық тас, яғни облыста шығарылатын құрылыс материалдардың номенклатурасы негізінен кең таралған пайдалы қазбаларды шығару арқылы алынатын өнімнен тұрады.

Азаматтық құрылысқа қажетті басқа материалдардың көпшілігі облыстан тыс жерден әкелінеді.

Бүгінге облыстың құрылыс өнеркәсібінің өнімі ішкі нарыққа жеткізіледі. Құрылыс жобасы облыс аумағында іске асырылып жатқан «Каспий Цемент» ЖШС-нің өнімі экспортқа бейімделген.

Соңғы жылдары құрылыс материалдардың өндірісі белгілі бір дәрежеде әртараптандырылған. «Түпқараған» ЖШС өндірісті ұлғайту жобасының бірінші және екінші кезектері іске асырылды – қуаттылығы тәулігіне 100 текше метр және өндірістің неміс технологиясы пайдаланыла отырып, бетон торабы пайдалануға енгізілді, осындай неміс жабдығы «Еврострой и А» ЖШС-де іске қосылды, «Юран» ЖШС электродтарды шығару цехы құрылды, шыны-пластик және шыны-талшық құбырларды шығаратын зауыттар пайдалануға берілді. Облыста табиғи қабырға материалы – ұлутас жеткілікті мөлшерде бар болуына қарамастан, «ӨКБ» ЖШС біздің облыс үшін жаңа құрылыс материалы – пенобетонды шығаратын, қуаттылығы айына 1,6 мың текше метр болатын өндіріс құрды.

Бұдан басқа, облыста шамамен 38 компания шыны-пластик терезелер мен есіктерді шығарумен айналысады, батыс елдердің технологиясы пайдаланылады.

Сондай-ақ, лак-бояу бұйымдарын, бітемелер шығаратын шағын өндірістер әрекет етеді, аумақта саны 20-дан астам өндірістерде бетон және темір бетон бұйымдары шығарылады.

Өңірдің индустриялық-инновациялық дамуы шеңберінде құрылыс материалдарды, бұйымдар мен конструкциялар шығаруға бейімделген төрт жоба іске асырылды:

Жобалық қуаттылығы жылына 400 мың метр және инвестициялар көлемі 10,2 млн. АҚШ доллары болатын «Шыны-талшық құбырларды шығаратын зауыты. «АШТЗ» ЖШС өндірісінің Қазақстанда аналогы жоқ. Шыны-талшық құбырларының ноу-хауы Future Pipe Industries B.V. белгілі француз компаниясына жатады, жабдық оның Plastrecs еншілес фирмасымен шығарылған. «АШТЗ» ЖШС-де қолданылатын технология тікелей күн сәулесіне қарсы ингибиторларды пайдаланудың арқасында құбырларды күн сәулесінің әсерінен қорғауға мүмкіндік береді. Шығарылатын құбырлар көптеген салаларда жер үсті, жер асты және су асты құбырлары ретінде пайдаланыла алады. Зауыттың өнімі сапасы жағынан ISO 9001 сәйкес келеді және негізінен мұнай мен газ секторына бейімделген, бұл импорт алмастыру проблемасын шешуге мүмкіндік береді. Құбырлардың қолданылатын мерзімі кемінде - 25 жыл.

Жобалық қуаттылығы жылына 2,0 мың текше метр шағыл тас және инвестициялар көлемі 6,4 млн. АҚШ доллары болатын «Кентассыз материалдар өндірісін кеңейту» («Мырзабек Алтынтас Групп» ЖШС). Шығарылатын өнім автомобиль жолдарын, теміржол қатынас жолдарын салу және қайта құру кезінде, сонымен қатар Каспий теңізінің жағалаулық линияларын бекіту және жасанды аралдарды құру үшін қолданылады;

Жобалық қуаттылығы жылына 40 мың текше метр тауарлық бетон және инвестициялар көлемі 1,0 млн. АҚШ доллары болатын «Құрылыс өнеркәсібінің базасын дамыту». Жобаның іске асырылуы Форт-Шевченко қаласының құрылыс объектілерін бетон және бетон бұйымдарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

«Шетпе ауылында цемент зауытын салу» «Каспий Цемент» ЖШС. Жобаның сметалық құны – 40 000 млн. теңге.

Құрылысын салу кезеңінде құрылатын жұмыс орнының саны – 800, пайдалану кезеңінде – 300 адам. Жобалық қуаттылығы: жылына 1 млн. тонна цемент шығару. Шығарылатын өнім: 300-800 маркалы цемент.

Жобаны іске асыруға «Heidelbery Cement» неміс компаниясы қатысып отыр. Жоба 2014 жылы аяқталмақ.

2012 жылы Ақтау-ҮСК» ЖШС-нің «Үй салу комбинатының құрылысы» жобасы мақұлданды (қабырға пенелдерінің, көп қуысты тақталар, тұтас қималы тақталардың, басты арқалықтардың өндірісі).

Іске асырылу кезеңі: 2012-2014 жылдар. Жобаның сметалық құны – 1 580,9 млн. теңге. Жобалық қуаттылығы: жылына 300 000 м2 темір бетон бұйымдары. Шығарылатын өнім: қабырға пенелдерінің, көп қуысты тақталар, тұтас қималы тақталар тақталар, басты арқалықтар өндірісі.

2013 жылы 93332 тонна (101,7%) тақтайшалар, тақталар, кірпіштер және цементтен, бетоннан немесе жасанды тастан жасалған ұқсас бұйымдар, 100 914 тонна (149,8%) бетоннан жасалған құрама құрылыс конструкциялар, 361159 тонна (98,3%) тауарлық бетон, 8766 мың тонна (195,3%) құрылыс ерітінділері шығарылды. 2013 жылы барлығы 9937,1 млрд. теңгеге басқа металл емес минералды өнім өндірілді (2012 ылы – 8201 млн. теңге, 2011 жылы – 8215 млн. теңге).

Ағаштан бұйымдарды жасаумен өз ағаш цехы бар және терезе мен есік блоктарын, құрылыс кезінде қажетті басқа ағаш бұйымдарын шығаратын «Каскор-СМУ» АҚ, сондай-ақ шағын ағаш өңдеу өндірісі бар бірқатар жеке кәсіпкерлер айналысады.

Ағаш бұйымдарды өндіру көлемі 2013 жылы 26,4 млн. теңгені құрады, бұл осы саладағы 2012 жылдағы өндіріс деңгейінен 28,4% төмен. 5,3 мың шаршы метр терезелер мен олардың жақтаулары, әйнектелген есіктер мен олардың жақтаулары, ағаш табалдырықтар шығарылды.

Жеңіл өнеркәсіп. Өңдеу секторының өнімін өндіру көлеміндегі тоқыма өнеркәсібінің үлесі болмашы ғана. Өңірде салаға қажет етілетін тиісті шикізат жоқ. Оны өңірден тыс жерден әкелу шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілетсіздігіне әкеледі. Өнім ішкі нарыққа жеткізіледі.

Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының әлеуеттілік жүктемесі 50%-дан кем құрайды, бұл өңірге Түркиядан, Қытайдан, Қырғызстаннан және басқа елдерден әкелінетін одан арзан дайын өнімдермен бәсекелесумен түсіндіріледі. Саладағы негізгі кәсіпорындар – тігін өнімін шығарумен және аяқ-киім тігумен айналысатын «Жамал-ай» АҚ және бұйымдарды тігуге ғана бейімделген кәсіпорын - «Жанарыс» ЖШС. Өндірісті қолдау мақсатында кәсіпорынның екеуі де өз өнімінің шығарылуын мұнай мен газ секторына қайта бейімдеген, және халық тұтынуы үшін өнім өндіру үлесі мен оның номенклатурасының көлемі аз ғана.

Сондай-ақ, «Жамал-ай» АҚ кәсіпорны аяқ-киім жасаумен айналысады. 2006 жылы фабрика аяқ-киім өндірісі үшін табанның тікелей көтерілуі бойынша жаңа желіні сатып алу және құрастыру жұмыстары туралы ҚХР өндірушілерімен келісімшартқа қол қойды. Бұл жабдық аяқ-киімді жасау бойынша ең жаңа технология болып табылады. Жаңа желі үшін жабдық орнатылып, өндіріс жүзеге асырылуда.

Кәсіпорын 2007 жылы Түркиядан әкелінген шикізат пен материалдардан жасалған 10 түрдегі әйелдер мен ерлер мокасиндерінің өндірісін енгізді.

«Жамал-ай» АҚ тігін өнеркәсібі кәсіпорнында компьютермен басқарылатын келесі жоғары технологиялық жабдықтар бар: Германияда жасалған F8 XXX fortron модельдегі кесте тігу автоматы, PLT 1250 модельдегі үтіктейтін пресс (Италия), PG 22-135 модельдегі табан құюға арналған машина (Италия), 4PR9 модельдегі аяқ-киімнің үш бөлігін тартып байлауға арнаған машина (Италия), CERIM модельдегі аяқ-киімнің өкше бөлігін тартып байлауға арнаған машина (Италия), IIS 520/2 модельдегі материалдар мен былғарыны бөлшектеп кесуге арналған пресс (Италия), PFFAF модельдегі жиек шетін кесетін, қайрайтын тігін машинасы (Германия), Juki бес жіпті оверлок тігін машинасы (Жапония).

Кәсіпорында 2012-2013 жылдары бекітудің құю тәсілімен офицерлердің қонышсыз бәтеңкесін даярлаудың жаңа технологиясы енгізілді (машинаны жинақтау Қытайда жүзеге асырылады, ақы төлеу – лизинг арқылы бөліктеп төлеу), 2014 жылы жеткізу және аяқтау жоспарлануда. Баламалы резеңке ұлтанды аяқ киім (аязға төзімді, ыстыққа төзімді, қышқылға төзімді, статикалық қарсы) өндірісі игеріліп, дайындама учаскесін кеңейту, тігін жабдығын сатып алу 30%-ға жүзеге асырылды.

Тоқыма бұйымдарының өндірісінде 2013 жылы 141,6 млн. теңгенің өнімі өндірілді, бұл 2012 жылға қарағанда 19,6%-ға төмен (2012 жылы – 167,5 млн. теңге, 2011 жылы – 130 млн. теңге).

42,2 мың дана төсек-орын тысы (2012 жылға – 97,2%), дайын тоқыма бұйымдары шығарылды.

Киім өндірісінде өнім көлемі 1524,3 млн. теңге құрды немесе 2012 жылдағы шығару көлеміне 114,4% (2012 жылы – 1340 млн. теңге, 2011 жылы – 1072 млн. теңге). Трикотаж киімнен басқа, ерлер немесе ұлдарға арналған сырт киімді тігу – 1162 дана (96,6%), трикотаж киімнен басқа, әйелдер немесе қыздарға арналған сырт киімді тігу – 1618 дана (118,6%) құрады.

Аяқ-киім өндірісінде өнеркәсіптік өнім көлемі 556,6 млн. теңгені құрады (2012 жылы – 357 млн. теңге, 2011 жылы – 276 млн. теңге). 59,5 мың жұп аяқ-киім өндірілді (89,6%).



Химия өнеркәсібі. Химия өнеркәсібіндегі өнім көлемі 2013 жылы 15 341,3 млн. теңге немесе 2012 жылдың деңгейіне 116,6% құрды (2012 жылы – 13116 млн. теңге, 2011 жылы – 15 126 млн. теңге). Минералды тыңайтқыштарды экспорттау көлемі 11,2 млн. АҚШ доллар сомасына 37,4 мың тоннаны құрады (2012 жылы – 18,0 мың тонна, 2011 жылы – 72,4 мың тонна).

Химия өнеркәсібінің өнімдерін шығару азотты минералды тыңайтқыштар өндіретін «ҚазАзот» ЖШС кәсіпорнынан тұрады. Тауарды өткізу рыногы – 80% ішкі рынок (ҚР ауыл шаруашылғы тауарларын өндірушілері, өнеркәсіптік кәсіпорындар), 20% экспортқа (ЕО, ТМД, Азия елдері) шығарылады.

«ҚазАзот» ЖШС 2012 жылы Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аясында сұйық аммиак, әлсіз азот қышқылы және аммиак селитрасы өндірістерінде қайта құру және жаңарту жұмыстарын аяқтады. Кәсіпорынның басты мақсаты – табиғи және сапалық ескірген деп есептелген бірқатар жабдықты ауыстырғаннан кейін жобалық қуаттылыққа шығу және амииак селитрасы өндірісін қайта құрылымдау.

Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыра отырып, кәсіпорын ескірген жабдықты мейлінше өнімді, энергияның жұмсалуы мейлінше төмен, өнеркәсіптік қауіпсіздік және экология талаптарына сай келетін жабдыққа ауыстырумен байланысты бірқатар іс-шаралар өткізді.

Қайта құру мен жаңарту нәтижесінде сұйық аммиак өндірісі – тәулігіне 400 тоннаның орнына ъ 600 тоннаға, аммиакты селитра өндірісі – тәулігіне 700 тоннаның орнына 1000 тоннаға жеткізіліп, өнімнің өзіндік құны 25%-ға төмендеді.

Өндірісті қайта жарақтандыру жөніндегі іс-шараны орындау кезінде Данияның, Германияның, Чехияның және Ресейдің химиялық машина жасау өнеркәсібінің әлемдік лидерлері шақырылды.

Сондай-ақ, әлемдік тәжірибеде алғаш рет жылдамдықты гранулятор барабандарында аммиак селитрасын грануляциялаудың технологиялық желісі енгізілді.

2012 жылдың өзінде 5,6 млрд. теңгеден астам сомаға инвестициялар салынды, бұл сұйық аммиак сияқты өнім шығару қуаттылығын жылына 200 мың тоннаға, ал аммиак селитрасын жылына 330 мың тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік берді.



Мұнай химиясы. «Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы №958 Жарлығына сәйкес, жобалық қуаттылығы 420 мың жол битумы болатын Ақтау пластикалық массалар зауытының негізінде жол битумдерінің өндірісін салу жобасы 2013 жылғы желтоқсанда іске асырылды.

Жоба мақсаты – ауыр Қаражанбас мұнайын терең қайта өңдеу және Қазақстанның климаттық жағдайларына сәйкес келетін жол битумын өндіру.

«Кazakhstan Petrochemiсal Industries» АҚ «CITIC Group» қытай бірлестігімен (Бас мердігер) бірге, Жобаны басқару және іске асыру мақсатында 2009 жылдың қазан айында бірлескен кәсіпорын – «CASPI BITUM» БК ЖШС (50% CITIC, 50% «KPI» АҚ) құрды.

Қаражанбас мұнайын қайта өңдеудің жоспарланатын көлемі жылына 1 млн. тоннаны құрайды. Мемлекет басшысының қатысуымен 2013 жылғы 20 желтоқсанда Индустрияландыру картасының инвестициялық жобаларының таныстырылымына арналған телекөпір болып өтті. Оның аясында ел экономикасының дамуында ерекше маңызы бар объектілер пайдалануға берілді. 20 желтоқсанда пайдалануға берілген жобалардың қатарында «Ақтау пластикалық массалар зауытындағы жол битумдарының өндірісі» (Ақтау битум зауыты) де бар. Зауыт жыл сайын шамамен 400 мың тонна тотыққан және 120 мың тонна түрлендірілген жол битумдарын шығармақ.

Ақтау битум зауытында жол битумын екі түрлі – Биг-беги (1000 кг.) және пластикалық капшықтарға (40 кг.) бір жолғы көліктік тараға өлшеп орау жөніндегі инновациялық технология алғаш рет көздестірілді. Өлшеніп оралған салқын битумды қолдану материалдың бастапқы физикалық-химиялық көрсеткіштерін сақтауға, әрі үлкен көлемдегі битум қоймаларында битумды еріген күйде сақтауға арналған шығыстарды қысқарту есебінен асфальт-бетон зауыттарында үнемдеуге мүмкіндік береді.

Фармацевтикалық өнеркәсіп. Бүгінге өңірдің фармацевтикалық өнеркәсібі халық үшін рецепттер бойынша және облыс ауруханалары үшін облыстық ауруханааралық дәріхананың дәрілік заттарын өндіруден тұрады. Шикізат қазақстандық жеткізушілерден алынады.

Осы өндіріс 2013 жылы 142 млн. теңгеге фармацевтикалық препараттар шығарды (2012 жылы – 161 млн. теңге, 2011 жылы 84 млн. теңге).

Саланы дамыту мақсатында «Ақтау теңіз порты» АЭА аумағында «Медикал Фарм «Ча-Кур» ЖШС өндірістік қуаттылығы жылына 20 млн. дана 50-500 мл көлемдегі инфузиялық дәрілік формалар болатын «Сұйық дәрілік формаларды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды шығару бойынша фармацевтикалық кешен» инвестициялық жобасын іске асыруда. Жобаның құны – 1800 млн. теңге. Құрылатын жұмыс орындар саны – 300 адам.

Объектіні 2014 жылы пайдалануға беру жоспарлануда.

Фармацевтикалық кәсіпорында жұмыс жасау үшін жұмыссыздар мен жастарды оқыту, фармацевтикалық өнеркәсіпте жұмыс жасайтын мамандардың біліктілігін арттыру жоспарлануда.

Қазақстандық қамту.

Өңірдің мұнай-газ компаниялары 2013 жылдың қорытындысы бойынша 607,428 млрд. теңге сомасына, оның ішінде жергілікті өнім берушілерден 375,421 млрд. теңге сомасына тауарлар, жұмыстар және қызметтер сатып алды (61,8%), бұл өткен жылдың осындай кезеңінен 3,37 пайыздық орынға төмен..

116 636 млн. теңге сомасына тауарлар сатып алынды (2012 жылы – 56 821 млн. теңге, 2011 жылы – 87 572 млн. теңге), олардағы жергілікті қамту 27,78%-ды (өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 0,3 пайыздық орынға төмен) немесе 32 404 млн. теңгені құрады;

- жұмыстар – 259 262 млн. теңге сомасына сатып алынды (2012 жылы – 169 387 млн. теңге, 2011 жылы – 147 308 млн. теңге), жергілікті қамту үлесі 56,74%-ды (өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 2,21 пайыздық орынға төмен) немесе 147 117 млн. теңгені құрайды;

- қызметтер бойынша – 231 500 млн. теңге сомасына шарттар орындалды (2012 жылы – 160 360 млн. теңге, 2011 жылы – 178 809 млн. теңге), жергілікті қамту үлесі 84,61%-ды (0,08 пайыздық орынға төмен) немесе 195 900 млн. теңгені құрайды.

Маңғыстау облысының мемлекеттік ұйымдары 2013 жылдың қорытындысында 34 742,6 млн. теңге сомасына шарттар орындады (2012 жылы – 28 665 млн. теңге, 2011 жылы – 14 911 млн теңге), оның ішінде жергілікті қамту 31 237,2 млн. теңгені немесе 89,9%-ды құрайды, бұл 2012 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 26,3 пайыздық орынға жоғары.

3 650 млн. теңге сомасына тауарлар сатып алынды (2012 жылы – 4 492 млн. теңге, 2011 жылы – 2 211 млн. теңге), олардағы жергілікті қамту 2 241 млн. теңгені немесе 61,4%-ды құрайды (өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 11,5 пайыздық орынға жоғары);

жұмыстар 23 238 млн. теңге сомасына орындалды (2012 жылы – 15 578 млн. теңге, 2011 жылы – 7 709 млн. теңге), жергілікті қамту үлесі 21 391 млн. теңгені немесе 92,1%-ды құрайды (21,7 пайыздық орынға жоғары);

қызметтер бойынша 7 854 млн. теңге сомасына шарттар орындалды (2012 жылы – 8 594 млн. теңге, 2011 жылы – 4 990 млн. теңге), жергілікті қамту үлесі 7 604 млн. теңгені немесе 96,8%-ды құрайды (5 пайыздық орынға жоғары).

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 мамырдағы № 554 қаулысымен, Маңғыстау облысы бойынша сатып алуы қазақстандық қамтудың мониторингіне жататын облыстың 8 жүйе құраушы кәсіпорны айқындалды («ЕР САЙ Каспиан Контрактор» ЖШС, «Мұнай газқұрылыс» ЖШС, «Каспий маңы машина жасау кешені» ЖШС, «ҚазАзот» ЖШС, «Keppel Kazahstan» ЖШС, «САГА Аташ» ЖШС, «Ақтау нан» ЖШС, «Ақтау сүт» ЖШС).

Жоғарыда аталған кәсіпорындар 2013 жылдың 9 айында 12 799 млн. теңге жалпы сомасына (2012 жылдың қорытындысында – 35 016,3 млн. теңге, 2011 жылдың қорытындысында – 69 133,0 млн. теңге), оның ішінде жергілікті өнім берушілерден 6 946 млн. теңге сомасына тауарлар, жұмыстар және қызметтер сатып алды, оның ішінде жергілікті қамту үлесі 54,3% құрады, бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 26,9 пайыздық орынға жоғары.

5 961 млн. теңге сомасына тауарлар сатып алынды (2012 жылы – 9 807,8 млн. теңге, 2011 жылы – 27 132,2 млн. теңге), олардағы жергілікті қамту 560 млн. теңгені немесе 9,4% құрайды (өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 7,6 пайыздық орынға жоғары);

жұмыстар 482 млн. теңге сомасына орындалды (2012 жылы – 1 257,7 млн. теңге, 2011 жылы – 1 079,7 млн. теңге), жергілікті қамту үлесі 435 млн. теңгені немесе 90,1%-ды құрайды (9,7 пайыздық орынға жоғары);

қызметтер бойынша 6 355 млн. теңге сомасына шарттар орындалды (2012 жылы – 23 950,9 млн. теңге, 2011 жылы – 40 921,2 млн. теңге), жергілікті қамту үлесі 5 950 млн. теңгені немесе 93,6%-ды құрайды (59,4 пайыздық орынға жоғары).

Жүйе құраушы кәсіпорындардың тауарлар сатып алудағы жергілікті қамтудың төменгі үлесі, жүйе құраушы кәсіпорындар көпшілігінің негізгі шикізаты Қазақстан аумағында шығарылмайтын өнімдер өндіруімен байланысты. Мәселен, «Ақтау Сүт» ЖШС негізгі шикізат ретінде Беларусь өндірісінің шикі сүтін пайдаланады (өнімнің өзіндік құнындағы үлес салмағы 70%-ға дейін құрайды). «Ерсай Каспиан Контрактор» ЖШС-нің сатып алуында тек қана шетелде шығарылатын жабдықтар, автоматика басым (тауарларды сатып алудың жалпы көлемінде 50%-дан астам). Осындай ахуал өңірдің өзге де жүйе құраушы кәсіпорындарында да қалыптасты. Бұдан басқа, тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді жеткізушілердің көпшілігінде жергілікті қамту үлесін айқындау кезінде есептелетін CT-KZ сертификаттары жоқ. Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы жүйе құраушы кәсіпорындармен бірге олардың сатып алуында жергілікті қамту үлесін одан әрі арттыру бойынша жұмыс жүргізуде. Дәлірек айтқанда, тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді жеткізушілерге тиісті мемлекеттік органдардан CT-KZ сертификаттарын алу қажеттілігі туралы ұсыныс жолданды.

Өңірдің мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындарының сатып алуында жергілікті қамтуды дамытуды қамтамасыз ету мақсатында мынадай жұмыс жүргізілді:

Маңғыстау облысының кәсіпорындарымен өндірілетін және көрсетілетін тауарлар, қызметтер мен жұмыстардың безендірілген каталогы шығарылды, аталған Каталог Маңғыстау облысы әкімдігінің веб-сайтында орналастырылды, сондай-ақ ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне, «Қазақстан теміржолы» ҰК АҚ-на, «Электр жүйелерін басқару жөніндегі қазақстандық компанияға» (KEGOC), облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктеріне, жер қойнауын пайдаланатын мүдделі кәсіпорындарға және мұнай-газ секторында жұмыс ететін сервистік компанияларға жіберілді. Каталог 2011 жылы жаңартылып, 2012 жылы қайта басылып шығарылды;

45 кәсіпорын мен тауар өндірушілер және қызмет берушілер арасында және 15 ірі өнеркәсіптік компаниялар арасында екі жақты кездесулер ұйымдастырылды;

жергілікті кәсіпорындардың өнімдерін орналастыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Маңғыстау облысында шығарылатын өнімдерді «Өзен-Түрікменстанмен мемлекеттік шекара» темір жолының құрылысы» жобасында орналастыру мақсатында, нақты жұмыс жүргізілді. «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ өкілдерімен «Мырзабек Алтынтас Групп» ЖШС кенішінде шығарылатын құрылыс шағылды теміржол төсемін абаттандыру үшін пайдалану жөнінде келіссөз жүргізілді. Аталған өнімнің нормативті талаптарға сәйкес келуін растау үшін, шағыл сынамалары «Теміржол көлігінің ғылыми-зерттеу институты» ААҚ-на сараптамаға жіберілді, онда МемСТ-қа сәйкес келетіндігі расталды. Маңғыстау облысының шағылын қызметтік-техникалық ғимараттар мен құрылыстарды, инженерлік жүйелерді салуда қолдану туралы келісімге қол жеткізілді;

осындай жұмыс «ҚазМұнайгаз» ҰК АҚ-мен де өндірілетін жергілікті өнімді Каспий теңізінің қазақстандық секторын игеру бағдарламасы шеңберінде құрылатын жағалаулық инфрақұрылым объекттерін жобалау сатысында есепке алу жөнінде өткізілуде;

кейбір қалалар мен аудандардың, атап айтқанда Маңғыстау ауданының, Ақтау қаласының әкімдіктермен конкурстық құжаттамаға және мердігерлік келісімшарттарға жергілікті тауар өндірушілерді және қызмет көрсетушілерді міндетті түрде қатыстыру туралы талаптар енгізілді;

арыз-шағымдарды қарау, өтініштер дайындау және жергілікті кәсіпорындардың өінмдерін орналастыру бойынша жұмыс жүргізілуде;

Астана қаласында 20 наурызда өткізілген «Мұнай және газ: Қазақстандық қамту – 2012» республикалық форумына 18 жергілікті тауар өндірушілер мен қызмет берушілерді қатыстыру ұйымдастырылды;

жергілікті қамтуды дамыту мәселелеріндегі өзара түсіністік және ынтымақтастық бойынша ірі компаниялар мен тауар өндірушілер және қызмет берушілер арасында 36 меморандум әзірленіп, қол қойылды. Бұдан басқа, Астана қаласында 2012 жылғы 3 шілдеде Индустрияландыру күнінің аясында өзара ынтымақтастық туралы тағы 3 меморандумға қол қойылды;

облыстық деңгейде, Индустрияландыру күнінінің аясында 2012 жылғы 3 шілдеде мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстардың жеңімпаздары мен жергілікті тауар өндірушілер мен қызмет ұсынушылар асында өзара ынтымақтастық туралы 30 меморандумға қол қойылды;

«Қазақстандық қамту – 2012» жыл сайынғы форум-көрмесінің аясында Астана қаласында 2012 жылғы 3 шілдеде өткізілген «Покупай казахстанское!» көрме-жәрмеңкесінде облыстың 12 кәсіпорнын қатыстыру қамтамасыз етілді;

ірі шетелдік кәсіпорындарды ақпараттандыру мақсатында, Қазақстан Республиканың шетелдік мекемелеріне өңірдік экономикалық және инвестициялық әлеуеті туралы ақпарат жолданды;

шетел жұмыс күшін алмастыру қазақстандық азаматтарды даярлау және қайта даярлау шеңберінде жүргізілуде. Облыстың техникалық және кәсіби білім беретін 27 ұйымында 25 бағыт бойынша 74 мамандық бойынша өңір экономикасының салалары үшін жергілікті кадрларды даярлау және қайта даярлау жүргізілуде. Оның ішінде: мұнай мен газ ісі, теңіз мамандықтары, теміржол мамандықтары, экономикалық мамандықтар, медициналық мамандықтар, білім беру, қызмет көрсету мамандықтары, туризм, информатика және есептеуіш техника және т.б. Техникалық және кәсіби білім беретін 12 ұйымда және 2 оқу орталығында (АТЦ, Теңіз орталығы) жергілікті кадрларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүргізілді;

жер қойнауын пайдаланушылардың, мемлекеттік мекемелердің, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» ӘАҚ» АҚ тобына кіретін кәсіпорындардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуына қатысу мақсатында, ресми сайттарға тіркелу ұсыныстары тауар өндірушілерге және қызмет ұсынушыларға жолданды.

«Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ-мен бірлесе отырып, 2012 жылғы 24-26 қыркүйекте «Атырау, Батыс Қазақстан облыстары әкімдіктерінің қатысуымен Батыс Қазақстанда жаңа өндірістер құру» инвестициялық форумы өткізілді.Форумның жұмысында 30 елден, оның ішінде Ұлыбританиядан, Қытайдан, Италиядан, Германиядан және Ресейден 800-ден астам делегат қатысты. Форум аясында меморандум және келісімдер түрінде бірқатар құжаттарға қол қойылды.

ТШО-ны болашақта кеңейту жобасының аясында тапсырыстарды орналастыру мақсатында, 2012 жылғы 29-31 қазанда «Теңізшевройл» ЖШС жобалық менеджерлерінің өңірдің 7 кәсіпорнының басшыларымен кездесуі ұймдастырылды. Нәтижесінде, қазіргі кезде «ТШО» ЖШС «ГММОС Қазақстан» ЖШС-мен тығыз байланыста. «Sewon Vertex Heavy Industries» ЖШС-мен осы кәсіпорынның өнімдеріне арналған бағаны оңтайландыру жөнінде келіссөздер жүргізілуде. Сондай-ақ, «Каскор-Машзавод» АҚ-мен өндіріске қайта жаңғырту жүргізгеннен кейін ынтымақтастық жасасылуы мүмкін. «Ерсай Каспиан Контрактор» ЖШС өндіретін алау мұнараларын жеткізу мәселесі талқылануда. Бұдан басқа, электртехникалық өнімдер шығаратын және Шнайдер компаниясының ресми дистрибьютері болып табылатын «РИГ» ЖШС-ін «ТШО» ЖШС-нің өнім берушілер тізіліміне енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде;

материалдық-техникалық қамтамасыз ету аясындағы өзара іс-қимыл бағдарламасы бойынша Атырау қаласында 2012 жылғы 30-31 қазанда өткізілген Үшінші Қазақстандық-Британдық Форумға 9 жергілікті тауар өндіруші мен қызмет берушінің қатыстыру ұйымдастырылды;

облыс әкімдігінің ресми қолдауымен 2012 жылғы 6-8 қарашада «Мұнай, Газ және Инфрақұрылым 2012» Маңғыстау өңірлік 7-көрмесі өткізіліп, оған жергілікті компаниялардан басқа Қазақстанның, сондай-ақ Ресейдің, Румынияның және Италияның кәсіпорындары қатысты.

Болашақта кеңейту жобасын іске асыру аясында ТШО-дың модулдік құралымдарды салу саласында қолайлы жағдай құру мақсатында, 2013 жылғы сәуірде Маңғыстау облысы әкімдігі мен «Теңізшевройл» ЖШС арасында инвестициялардың құйылуына, Маңғыстау облысында кадрларды кәсіптік даярлауға және жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу мақсатындағы ынтымақтастыққа қатысты өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

ҚР МГМ «Мұнай және газ ақпараттық талдау орталығы» АҚ «Келісімшарт агенттігі» филиалы мамандарының басшылығымен 2013 жылғы 3 шілдеде жергілікті тауарлар, жұмыстар және қызметтер өндірушілер үшін «Мұнай-газ компанияларының өнім берушілеріне жергілікті қамту бөлігінде қойылатын заңнаманың негізгі талаптарын түсіндіру» тақырыбында оқу семинар-тренингін өткізді. Аталған семинарға өңірдің өндіруші және қызмет беруші компанияларының 50-ден астам өкілі қатысты.

Өндірушілердің, шығаралатын өнімнің, өндірістік қуаттылықтарының, сипаттамаларының, қолданылатын стандарттарының (МемСТ) және тағы басқалардың толық тізбесінен тұратын Қазақстан Республикасы өндірушілерінің бірыңғай каталогын әзірлеу үшін өңірдің өндіруші компанияларынан ақпарат жинау жұмысы жүргізілді.

Индустрияландыру күнінің аясында Астана қаласында 2013 жылғы 5 шілдеде «Қазақстандық қамту – 2013» жыл сайынғы форумының шеңберінде өткізілген фотокөрмеде өңірдің үш кәсіпорны – «РИГ» ЖШС-нің, «Еврострой – А» ЖШС-нің, «KAZ-MI» ЖШС-нің ақпараттарын көрсету қамтамасыз етілді.

ҚР МГМ «Мұнай және газ ақпараттық талдау орталығы» АҚ «Келісімшарт агенттігі» филиалы 2013 жылғы 27 қарашада өткізген «Мұнай-сервис, білікті кадрлар, жаңа технологиялар: проблемалар, шешу жолдары» форумының аясында, облыс әкімдігінің жәрдемімен «Мұнай-газ компанияларының сатып алу рәсімдерін өзгерту мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізіліп, онда Келісімшарт компаниясының өкілі мұнай-газ компанияларының тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу рәсімдерін өткізу және әлеуетті өнім берушілердің осындай сатып алуға қатысу тәртібі жөнінде мәселе көтерді. ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 14 ақпандағы № 133 қаулысымен бекітілген «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына сәйкес сатып алу рәсімдері талқыланды.

Сондай-ақ, «сатып алу рәсімін қолданбастан» сатып алу тәсілін енгізу, жеңімпайзды таңдау кезінде әлеуетті өнім берушілерді бағалаудың қосымша өлшемдерін қолдану (жұмыс тәжірибесінің бар екендігі, материалдық жарақталғаны, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің инновациялық тәсілдері үшін қосымша балл беру) мүмкіндіктері қаралды.

Қазақстандық қамтуды дамыту бойынша жоспарлар мен міндеттер:

өңірдің мұнай мен газ саласындағы инвестициялық жобалардағы және жергілікті және республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын жобалардағы қазақстандық қамту үлесін арттыру бойынша шараларды жандандыру;

облыстың инвестициялық жобаларында жергілікті қамтуды дамытуды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобының жұмысын жандандыру;

облыс кәсіпорындарына олардың өнімін инвестициялық жобаларда, оның ішінде «Бизнестің жол картасы - 2020» бойынша, Жаңаөзен қаласының жобалары және Маңғыстау облысында іске асырылатын ірі республикалық инфрақұрылымдық жобалар бойынша орналастыруға көмек көрсету;

өңірде өндірілетін өнеркәсіптік өнімнің техникалық таныстырылымдарын өткізу практикасын жалғастыру;

қазақстандық қамтуды арттыру мәселелері бойынша өңірлік және республикалық форумдарды, көшпелі кеңестерді дайындауға және өткізуге, сондай-ақ Маңғыстау облысының аумағында жүргізілетін шараларға тауар өндірушілердің және өңірдің басқа кәсіпорындарының қатысуын ұйымдастыруға қатысу;

жергілікті тауарлардың, қызметтер мен жұмыстардың бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату мақсатында облыс кәсіпорындарында ИСО сериялы және басқа халықаралық сапа стандарттар жүйесін енгізу бойынша жұмысты жандандыруды қамтамасыз ету.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет