БАҒдарламасы ақтау, 2010 жыл мазмұНЫ


Инновациялар және инвестициялар



бет3/7
Дата28.01.2018
өлшемі3,45 Mb.
#34343
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7

Инновациялар және инвестициялар. Маңғыстау облысы инновациялық дамуды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін әлеуетке ие: индустриялық-өнеркәсіптік өңір, бай минералдық-шикізат қоры.

2012 жылдың қорытындысы бойынша облыстың 1021 кәсіпорнындағы инновациялық қызметке статистикалық байқау жүргізілді. Есепті кезеңде 11 шаруашылық етуші субъектінің технологиялық инновациясы бар болды. Ксәіпорындардың инновациялық саладағы белсенділік деңгейінің өсуі бойынша 2012 жылы орташа республикалық көрсеткіш 5,7% болғанда, облыста 1,1% болды. Төмен көрсеткіштің себебі кәсіпорындардың статистика органдарына инновациялық есептілікті тапсырмауы болып табылады. 2013 жылы 3%-ға қол жеткізу жоспарлануда. Инновациялық өнім көлемі 3609 млн. теңгені құрап, инновациялық сипаттағы қызметтер 10,6 млн. теңге сомасына көрсетілді.



Өңірдің ииновациялық қызметін көтеру жөніндегі шаралар.

Халықтың инновациялық белсенділігін көтеру мақсатында, ағымдағы жылғы 21 маусымда Ақтау қаласында Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің қолдауымен» Техникалық дамыту жөніндегі ұлттық орталық» АҚ өкілдерімен бірге, жыл сайынғы Республикалық инновациялық бизнес-жоспарлар «NIF$50K» байқауы өткізілді.

Байқау «Нұр Отан» ХДП МОФ-ның, жергілікті атқарушы органдар басшыларының, ғылыми және жоғары оқу орындарының ғылым қайраткерлерінің, аудандар мен қалалар әкімдіктер өкілдерінің, сондай-ақ инновациялық жобалардың жергілікті бастамашалырының қатысуымен өтті.

Өткізіліп жатқан байқауды қолдау және ол туралы халықтың хабардар ету мақсатында, жергілікті спортшылардың қатысуымен «Ақтау» қонақүйінен «Нұр Отан» ХДП МОФ-ның ғимаратына дейін Байқаудың логотиптері бар жалаушалармен веломарафон өткізілді, сондай-ақ «Жұлдыздар десанты» акциясының аясында шоу-бизнестің жергілікті өкілдерінің қатысуымен шағын концерт ұйымдастырылды.

Байқау қорытындысы бойынша обыстың атынан инновациялық жобалардың жергілікті бастамашыларынан 20 өтінім берілді.

Сонымен бірге «Алгоритм», «Алатау АТП» технопарктері өкілдерінің қатысуымен бірге облыстың инновациялық белсенді кәсіпорындарымен семинар кеңес өткізіліп тұрады. Семинарың мақсаты инноваторларға идеяларын іске асыруда қолдау көрсету бойынша сервистік және инфрақұрылымдық қызметтер кешені болып табылады, оның барысында инновациялық жобалардың бастамашыларына сервистік қолдау құралдарының кешенді жинағын: бухгалтерлік және заңгерлік сүйемелдеуді, жобаны жалпы және әкімшілік сүйемелдеуді, бизнес жоспар мен техникалық құжаттаманы әзірлеуді, инфрақұрылыммен қамтамасыз етуді, өндірісті игеру үдерісінде параметрлерін айқындау үшін өнімдерге сынақтар мен апробациясы жүргізуді, патент алуға жәрдемдесуді және инновациялық жобаны жүзеге асыруға қажетті өзге қажетті қызметтерді болжайды.

Жергілікті атқарушы органдардың инновацияларды дамытудағы негізгі міндеттерінің бірі ретінде өңдеу салаларының дамуын, дайын өнімді жоғары қосылған құнмен сыртқы нарыққа экспорттауды, инновациялық кәсіпкерлік үшін қолайлы жағдайлар жасауды қамтамасыз ететін өңірдің бәсекеге қабілетті мамандықтарын қалыптастыру көрсетілетін болады.

Осының барлығы Маңғыстау облысындағы инновациялық үдеріс жағдайына оң әсер етеді.



Индустрияландыру картасы. Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын (ҮИИДМБ) іске асыру мақсатында, Маңғыстау облысы әкімдігінің 2009 жылғы 24 қыркүйектегі № 2775 қаулысына сәйкес, құрамына мемлекеттік органдардың, компаниялардың, банктердің, облыстың ірі кәсіпорындарының, т.б. өкілдері кірген Үдемелі индустриялық даму жөніндегі үйлестіру кеңесі құрылды.

Қазақстан экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның 2013 жылғы 13 желтоқсанда өткізілген отырысында жүргіззілген соңғы өзектендірудің нәтижесінде Индустрияландыру картасынан Маңғыстау облысы бойынша 37,01 млн теңге сомасындағы, 2605 жұмыс орны құрылатын 3 жоба алынып тасталды. Бүгінге Индустрияландыру картасына жалпы сметалық құны 243 млрд. теңге болатын және 6,3 мың жаңа жұмыс орны құрылатын 31 жоба іске асырылуда.

Оның ішінде, өңірлік Индустрияландыру картасына сметалық құны 193,8 млрд. теңге болатын және жаңадан 6,1 мыңнан астам жұмыс орны құрылатын 29 жоба, республикалық Индустрияландыру картасына сметалық құны 49,1 млрд. теңге болатын және жаңадан 221 тұрақты жұмыс орны құрылатын 2 жоба («ҚазАзот» ЖШС – 2012 жылы іске асырылды, «КаспийБитум» БК ЖШС – 2013 жылы іске асырылды) енгізілді.

2010-2013 жылдардағы кезеңде сметалық құны 169,1 млрд. теңге болатын 23 жоба аяқталып, 2 669 тұрақты жұмыс орны құрылды, Индустрияландыру картасының пайдалануға берілген жобаларымен 34,5 млрд. теңгеден асатын сомаға өнім шығарылды, 2013 жылдың 12 айында 24,3 млрд. теңгеден асатын сомаға өнім шығарылды. Пайдалануға берілген жобалардың ішінде 12 жоба 70 пайызға және одан жоғары, 9 жоба 50 пайызға және одан төмен жүктелген.

2003 жылдан бастап, облыста «Ақтау теңіз порты» АЭА жұмыс істейді. Президенттің жарлығымен АЭА әрекет ету мерзімі 2028 жылға дейін ұзартылып, ауданы 2 мың гектарға дейін кеңейтілді. АЭА «Ақтау теңіз порты» Ақтау қаласының өнеркәсіптік аймағында, Ақтау теңіз портының маңында орналасқан.

Құрылған сәттен бастап, «Ақтау теңіз порты» АЭА аумағына шамамен 24 млрд. теңге тартылды. Бүгінге АЭА аумағында 53 жобасы бар 48 қатысушы жұмыс істейді, олар тұрақты жұмыс орнымен шамамен 1000 адамды қамтамасыз етуде.

АЭА аумағында 2013 жылдың қорытындысында АЭА-дағы ауданы 625,4 га жер учаскесіне ұзақ мерзімді жалдау құқықығы берілген 23 компания тіркелген. Оның ішінде, мына 5 жоба:

1. «Arcellor Mittal Tubular Products Aktau» АҚ (Мұнай сұрыптамасының құбырларын шығару бойынша зауыт);

2. «Keppel Kazakhstan» ЖШС (Теңіз металл конструкциялары зауыты);

3. «Ақтау шыны талшықты құбырлар зауыты» (Шыны талшықты құбырлар шығару бойынша зауыт);

4. «Ақтау Полимер» ЖШС (Оқшаулауалды құбырлар өндірісі);

5. «T.E.S.C.O» ЖШС (Оффшорлық контейнерлер өндірісі бойынша инжинирингілік-жинақтау кешені) іске асырылды.

Салынған және игерілген инвестициялардың жиынтық көлемі 24 млрд. теңгені құрайды, құрылған тұрақты жұмыс орындарының саны 1 мың адамға жетті, бар кезеңде шығарылған өнім көлемі шамамаен 195 млрд. теңгені құрайды.

2014 жылы мына кәсіпорындарды пайдалануға беру жоспарлануда:

1. «Каспиопласт» ЖШС (төмен қысымды полиэтиленнен жасалған құбырлар өндірісі);

2. «Сұйық дәрілік формаларды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды шығару бойынша фармацевтикалық кешен» «Медикал Фарм «Ча-Кур» ЖШС;

3. «Ақтау-ҮСК» ЖШС (Үй салу комбинатының құрылысы).

Бүгінге АЭА аумағында жер учаскелеріне уақытша жер пайдалануды (жалға алудың) ұзақ мерзімді құқығы 23 компанияға берілген. Олардың алатын жалпы аудан 625,4 гектарды немесе АЭА-ның «пайдалы» ауданының 31,1%-ын құрайды, инвесторларды орналастыруға арналған бос жер – 1374,6 га немесе 68,9%.

Сонымен бірге, 8 жаңа әлеуетті қатысушыға жалпы ауданы 175 га, оның ішінде «Vallourec & Mannesmann Tubes» компаниясына – 8га, «ҚТЖ» ҰК» АҚ-на – 40 га, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ мен CNPC компаниясына (Қытай) – 100 га, «Азерсун Холдинг» ЖШҚ-на – 4 га, «Як Алакон» ЖШС-не– 9 га, «ATEF-Энергомаш» ЖШС-не – 10 га, «ТеңізСервис» ЖШС-не – 4 га және «Сан Бао» ЖШС-не – 100 га жер учаскесі қажет.

Салалық кесінде 7 жоба металлургияға (30,4%), 5 жоба дайын металл өнімдері өндірісіне (21,7%), 3 жоба мұнай-химия өнімдері өндірісіне (13%,), 1 жоба химия өнеркәсібіне (4,3%), 1 жоба пластикалық масса бұйымдары өндірісіне (4,3%) және 1 жоба қойма шаруашылығына (4,3%) тиесілі.

Экономика салаларын, облыстың инфрақұрылымын дамыту жөніндегі инвестициялық жобалар «Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ-мен іске асырылуда. «Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ қызметінің алдағы жылдарға арналған басым бағыттары айқындалды, олар:


  1. Облыстың ауыл шаруашылығын дамыту;

  2. «Каспий» су тұщыту зауытын жаңғырту және қайта құрылымдау;

  3. Облыста көліктік-логистикалық орталықтар салу;

  4. Қайта қалпына келетін энергия көздерін дамыту.

Техникалық реттеу мен метрологияны дамыту. Кәсіпорындардың халықаралық сапа стандарттарына жеделдетіп өтуін қамтамасыз ету мақсатында, ИСО 9001, 14001, 22000, OHSAS 18001, SA 8000 халықаралық стандарттарына сәйкес келетін менеджмент жүйесін енгізу жөніндегі жоспар бекітілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 қазандағы № 1100 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында техникалық реттеу және сапа инфрақұрылымын құру жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі техникалық регламенттер мен стнадарттар, оның ішінде Маңғыстау облысының кәсіпорындары мен ұйымдарындағы менеджмент жүйесіне стандарт енгізу жөніндегі 2013 жылға арналған өңірлік жоспарды бекітті.

2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыстың 340 кәсіпорны халықаралық стандарттарға сәйкес келетін менеджмент жүйесін енгізіп, сертификаттады. Оның ішінде, ІSО 9001 сериясын енгізген – 323 кәсіпорын, ІSО 14001 енгізген – 118 кәсіпорын, OHSAS 18001 енгізген – 64 кәсіпорын, ІSО 22000 енгізген – 2 кәсіпорын. 14 кәсіпорын енгізу сатысында.

2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша таяу және алыс шетелдерге экспорттауды жүзеге асырған кәсіпорындар саны 24 бірлікті құрады, оның ішінде менеджмент жүйесін енгізген және сертификаттаған 9 кәсіпорын («Емір-Ойл» ЖШС, «Қарақұдықмұнай» ЖШС, «Бозашы Оперейтинг ЛТД» ЖШС, «Ақтау болат құю зауыты» ЖШС, «Қазақ газ өңдеу зауыты» АҚ, «Arcelor Mittal Tubular Products Aktau» АҚ, «ҚазМұнайТеңіз» теңіз мұнай компаниясы» АҚ-ның Ақтау қаласындағы филиалы, «Cүйiндiк» ЖШС, «Арман» БК» ЖШС) 37,5 % құрайды. 2 кәсіпорын менеджмент жүйесін енгізу сатысында.

Маңғыстау облысының кәсіпорны «Каспий Битум» ЖШС 2013 жылдың бірінші жартыжылдығында:

- «Түрлендірілген жол битумы»;

- «Каспий мұнай өнімдерінің композиті» өнімдеріне ҚР СТ әзірлеуге ҚР мемлекеттік стандарттау жөніндегі жұмыс жоспарына техникалық-экономикалық негіздемесі бар 2 ұсыныс-өтінім жолдады.

Техникалық реттеу комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментімен және «ҚазИнСТ» РМК МФ-мен бірге, 2013 жылы Кедендік одақтың қабылданған техникалық регламенттерін бейімдеу және енгізу мәслелері жөнінде дөңгелек үстелдің 12 отырысы өткізілді.

«Маңғыстаудың ең үздік тауары» өңірлік конкурс-көрмесін ұйымдастыру және өткізу жөніндегі 2013 жылға арналған іс-шаралар жоспары әзірленіп, облыс әкімінің орынбасарымен бекітілді.

Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары С.Т. Алдашевтің қатысуымен 2013 жылғы 23 тамызда «Маңғыстаудың ең үздік тауары» өңірлік конкурс-көрмесі мен конкурс жеңімпаздарын марапаттаудың салтанатты рәсмі болып өтті. Конкурсқа 30 кәсіпорын қатысты.

Номинациялар бойынша мына жеңімпаздар:

- «Ең үздік азық-түлік тауарлары» номинациясында – «Жаңаөзен сүт зауыты» ЖШС (1-орын), «Волна» Ақтау кондитерлік фабрикасы» ЖШС (2-орын), «Берекет-Ф» ЖШС (3-орын);

- «Өндірістік мақсаттағы ең үздік тауарлар» номинациясында – «РИГ» ЖШС (1-орын), «Шыны талшықты құбырлар зауыты» ЖШС (2-орын), «Mega Construction services» ЖШС (3-орын);

- «Халыққа арналған ең үздік тауарлар» номинациясында – «Нұр-Шах» ЖШС (1-орын), «Сенек» ЖШС (2-орын), «Өрнек» ЖШС (3-орын) болып анықталды.

«Маңғыстаудың ең үздік тауары» өңірлік конкурс-көрмесі жеңімпаздарының қажетті құжаттарының толық пакеті ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне, «Қазақстанның ең үздік тауары» конкурс-көрмесінің лауреаттары атағын беру жөніндегі республикалық сараптамалық комиссияның қарауына жолданды (12.09.2013 жылғы №02-12-1230 хат).

«ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысуға өңірдің 7 кәсіпорны ниет білдірді, олар: «РИГ» ЖШС, «Жамал-ай» АҚ, «Жанарыс» ЖШС, «Әлім» БК» ЖШС, «Жаңаөзен сүт зауыты» ЖШС, «Волна» Ақтау кондитерлік фабрикасы» ЖШС, «Ақ бидай – Терминал» АҚ.

Тиісті құжаттар пакеті өңірде құрылған сарапшылық кеңеспен қаралып, республикалық сарапшылық комиссияның қарауына Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне жолданды.

«Қазақстанның ең үздік тауары» республикалық конкурс-көрмесі мен «Алтын сапа» конкурсының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты 2013 жылғы 20 желтоқсанда Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Сарайында болып өтті. «Қазақстанның ең үздік тауары» республикалық конкурс-көрмесінің қорытындысы бойынша «Жаңаөзен сүт зауыты» ЖШС 3 дәрежелі дипломмен марапатталды.

Кәсіпорындарда ИСО сериясындағы сапа менеджменті жүйесін енгізу жөніндегі мәселелерді түсіндіру мақсатында, кәсіпорындарды, ұйымдарды, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қатыстырумен дөңгелек үстелдерді, семинарлар мен кеңестерді тұрақты өткізу ұйымдастырылған.

Облыс әкімдігінің сайтының техникалық реттеу бөлімінде ДСҰ-ның саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі хабарламалар тізімі мен Санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі хабарламалар және стандарттау мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік-құқықтық актілер тұрақты жарияланып тұрады.

Отандық өнімнің сапасын арттыру проблемалары жөніндегі жұмыс тобы құрылды, оның негізгі міндеті тауар өндірушілердің халықаралық стандарттарға өту дайындығын айқындау болып табылады.

Өнеркәсіп бойынша SWOT-талдау:

Күшті жақтары:

геоэкономикалық жағдай, мұнай химиясын қндіру және дамыту үшін көмірсутегі шикізатының бай қорларының болуы;

соңғы жылдары Маңғыстау облысында өнеркәсіптік өндіріс көлемінің өсуі;

инновациялық шағын және орташа бизнесті қолдау бөлігіндегі өңірлік даму институттары жұмыстарының жандануы;

металлургияны, машина жасауды, құрылыс материалдарының өндірісін дамыту үшін бай минералдық-шикізат негізінің болуы.

Әлсіз жақтары:

көмірсутегі шикізатына белгіленетін бағалардың әлемдік конъюктурасына өңір экономикасы дамуының аса тәуелділігі;

өнеркәсіптің жалпы үлесінде тау-кен өндіру өнеркәсібі үлесінің, дәлірек айтқанда отын-энергетикалық пайдалы қазбаларды шығарудың үлкен үлесі – шамамен 93%;

негізгі қорлардың жоғары тозуы және тозған технологияларды пайдалану;

инновациялық жобаларды іске қосудың әлсіз динамикасы;

салалық әртараптандырудың төмендігі, өнеркәсіптік өндіріс өнімінің шикізаттық бағыты;

отандық кәсіпорындардың инновациялық белсенділігінің төмен деңгейі.

Қатерлері:

әлемдік экономикаға кірігуге байланысты өңірлік экономиканың бәсекеге қабілеттігінің төмендеуі;

облыстың мұнай-газ қорларының түгесілуі;

өңдеу өнеркәсібінің дамуына шикізат базасының жетіспеушілігі;

салық және кеден заңнамаларында өңдеу өнімдерінің дамуының әлсіз стимулы.

Мүмкіндіктері:

облыстың инвестициялық тартымдылығы («Ақтау теңіз порты» АЭА, пайдалы қазбалардың бар болуы).

«Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ, даму институттары, «Ақтау теңіз порты» АЭА азық-түлік өнеркәсібінің ішкі нарығындағы орындарды алу үшін индустриялық-инновациялық саясатқа жәремдесуі қажет;

отандық тауарлар өндірушілерді сыртқы экономикалық тұрғыдан қолдау (кедендік жеңілдіктер);

экономиканың дамуының кластерлік моделі және шағын бизнес субъектілерінің кластерлік құрылымдардағы белсенді рөлі;

қолда бар инновациялық жобаларды іске асырған жағдайда өңірдегі инновациялық белсенділіктің өсуі;


2.2.1.2. Аграрлық-өнеркәсіптік кешен

Облыстың агроөнеркәсіптік кешенін дамыту Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасына, сондай-ақ өзге де басым мемлекеттік және стратегиялық бағдарламаларға сәйкес жүргізілуде.

Ауыл шаруашылығының жалпы өніміні 2013 жылы 7227,0 млн. теңге сомасына шығарылды, бұл өтке жылдағыдан 0,7%-ға көп;

жалпы өнім көлемі 2012 жылы 7174,0 млн. теңгені құрады, бұл 2011 жылдың деңгейінен 2,3%-ға көп – 7011,4 млн. теңге жалпы өнім.

Жалпы өнімнің нақты көлем индексі (НКИ) 96,6% құрады, бұла 2012 жылдың деңгейінее 95,9%-ға жоғары, 2011 жылдың деңгейінен 119,5%-ға төмен.

Ауыл шаруашылығының нақты көлем индексінің азаюы өсімдік шаруашалығындағы НКИ-нің азаюымен түсіндіріледі.

Облыстың ауыл шаруашылығы 2012 жылдың 1 қаңтарына 1 316 ауыл шаруашылығы құрылымдарынан, оның ішінде 111 ауыл шаруашылығы кәсіпорнынан, 1 205 шаруа фермасынан (халықтың 40 751 шаруашылғы бар) тұрады.

Облыстың аумағы биоклиматтық сипаттамалары бойынша шөл дала аймағына жатқызылады. Жер топырағының үлкен бөлігі – сұр қоңыр шөл далалы, жер қыртысы сортаңды және тұзды, сортаң дақтары 10%-ға дейін жететін қоңыр далалы. Гумустың қынарлық қабаты 1,5-2,0 см аспайды, ауыл шаруашылығы өндірісін сумен қамтамасыз ету жер асты қайнар көздері арқылы және «Қазтрансойл» АҚ мен «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-нің тұщы Еділ суының сутаратқышы есебінен жүзеге асырылады. Судың жер бетіндегі көздері жоқ болғандығына байланысты облыстағы ауыл шаруашылығының негізгі бағыты мал шаруашылығы болып табылады, ал өсімдік шаруашылығы әлсіз дамыған.



Мал шаруашылығы. Мал шаруашылығы өнімінің үлес салмағы 2013 жылы ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің жалпы көлемінде 84,0% (6006,5 млн. теңге), мал шаруашылығы жалпы өнімінің нақты көлем индексі 100,3% құрады.




Жылдар

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі, млн. теңге

Нақты көле индексі (НКИ),%

барлығы

оның ішінде, мал шаруашылығы

барлығы

оның ішінде, мал шаруашылығы

2011

7011,4

4929,4

119,5

100,2

2012

7174,0

5715,5

95,9

101,2

2013

7227,0

6006,5

96,6

100,3

Мал шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 2013 жылы 2012 жылдың көрсеткішінен 5,1%-ға немесе 291,0 млн. еңгеге жоғары болды.

Мал шаруашылығы жалпы өнімінің НКИ 3 жыл ішінде тұрақты күйінде қалды.

2014 жылғы 1 қаңтарға өткен жылдың осындай күнімен салыстырғанда шаруашылықтың барлық санттарында ірі қара малдың саны 3,6%-ға артып, 15180 басты құрады; тиісінше жылқының саны – 1,3%-ға артып, 59723 басты құрады; ешкілердің саны – 3,3%-ға артып, 83095 басты құрады. Қой саны – 6,8%-ға төмендеп, 351768 басты құрады; шошқа саны – 36,9%-ға төмендеп, 200 басты құрады; түйе саны – 0,6%-ға төмендеп, 47735 басты құрады; құстар саны – 29,8%-ға төмендеп, 7688 басты құрады.

Қой басының – Жаңаөзен қаласы (70,4%-ға) мен Мұнайлы ауданында (36,6%-ға); шошқалар басының Ақтау қаласы (40,1%-ға) мен Мұнайлы ауданында (33,3%-ға), түйе басының – Ақтау қаласы (31,5-ға) мен Түпқараған ауданында (9,8%-ға); құстардың – Бейнеу ауданы (51,1%-ға) мен Қарақия ауданында (27,6%-ға) мейлінше төмендеуі байқалады.

212 жылы мал басы өткен жылмен салыстырғанда 233933 шартты басқа (әсересе, қой мен ешкінің) азайды, ал 2011 жылы мал басы 2010 жылмен салытырғанда 84558 шартты басқа өсті.




Жылдар

Тірі салмақта союға өткізілген мал мен құастардың барлық түрлері

Өткізілген шартты бас

Орташа тірі салмақ, кг

2011

10297,9

267024

38,6

2012

10463,3

283630

36,9

2013

10655,2

278912

38,2

Союға өткізілген орташа тірі салмақ үш жыл ішінде тұрақты түрде қалды (шамамен 37-38 кг).

Шаруашылықтарда мал басы мен құстардың барлық түрін тірі салмақта сою 2013 жылдың қаңтар-желтоқсанында 10655,2 тоннаны құрады, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,8%-ға артық;

өткен жылмен салыстырғанда мал төлінің 3072 басқа артық алынғанына (3007 бас), малдың өлім-жітімі (228 бас) 2012 жылға қарағанда аз болуына (2012 жылы – 252 бас) қарамастан, сиыр сүтін өндіру 7,7%-ға төмендеп (2012 жылы 4378,8 тонна), 4039,9 тоннаны құрады;

құс басының 29,8%-ға азаюына байланысты, тауық жұмыртқасы 6,1%-ға азайып, 642,4 мың дананы құрады (2012 жылы – 684,0 мың дана);

661,5 тонна қой жүні қырқылды, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 23,7%-ға аз (2012 жылы – 866,6 тонна), қой басының 6,8%-ға азаюымен түсіндіріледі.

Асыл тұқымды мал шаруашылығын қаржылай қолдау нәтижесінде, асыл тұқымды мал басын өсіруге мүдделі адамдар санының өсуі байқалады. Асыл тұқымды субъектілердің саны 2012 жылғы 17 бірліктен 2013 жылы 27 бірлікке дейін, оның шінде:

қой өсіру бойынша – 4 субъектіге (2011 жылы – 5 субъект, 2012 жылы – 4 субъект);

адай жылқысын өсіру бойынша – 15 субъектіге (2011 және 2012 жылдары 9-дан болды);

түйе өсіру бойынша – 7 субъектіге (2011 және 2012 жылдары 4-тне болды);

ірі қара мал бойынша – 1 субъектіге артып, қазіргі кезде оларда 19782 қой басы, 3530 жылқы басы, 1595 түйе басы мен 36 бас ірі қара мал бар. Асыл тұқымды мал басының үлес салмағы қой шаруашылығында – 4,2%, жылқы шаруашылығында – 5,6%, түйе шаруашылығында – 2,2% құрайды.

Асыл тұқымды мал шаруашылығын қаржылай қолдауға (қойларды селекциялық және тұқымдық іріктеу жұмысын жүргізуге, шығынның 50%-ына дейін жабуға) бюджеттен 2013 жылы 48 470,0 мың мөлшерінде субсидия; осы бағдарлама бойынша 2012 жылы – 53 500,0 мың теңге; ал 2011 жылы – 43 000,0 мың теңге бөлінді.

Мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, 25 тонна қой еті мен 450 тонна шұбат өндіруге және өткізуге бюджеттен 2013 жылы 27 250,0 мың теңге,

23,7 тонна қой еті мен 455,9 тонна шұбат өндіруге және өткізуге 2012 жылы – 26 262 мың теңге;

49 тонна қой етін, 450 тонна шұбат және 8,4 тонна жылқы етін өндіруге және өткізуге 2011 жылы – 20 277 мың теңге бөлінді.



Өсімдік шаруашылығы. Облыстың жер алқаптарының жалпы ауданы 16,5 млн. гектарды, оның 12,7 млн. гектары ауыл шаруашылығы алқаптарын, оның ішінде игерілген суармалы жердің жалпы ауданы 1200 гектарды құрайды.




Жылдар

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі, млн. теңге

Нақты көлем индексі (НКИ),%

барлығы

оның ішінде, өсімдік шаруашылығы

барлығы

оның ішінде, өсімдік шаруашылығы

2011

7011,4

1955,2

119,5

184,2

2012

7174,0

1396,8

95,9

77,2

2013

7227,0

1197,0

96,6

77,9

Кестеден көрінгендей, өсімдік шаруашылығындағы статистикалық деректерді жинау және өңдеу әдістемесінің жетілмегеніне байланысты, өсімдік шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі жылдан-жылға төмендеуде.

Статистикалық есеп бойынша жалпы өнімі 6331 тонна (өнімнің 38%-ы) болатын 279,6 га егістік ауданы есепке алынбаған. Осы счебепке байланысты, саланың НКИ 77,9% құрады.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің егістік ауданы 2013 жылы 449,4 гектарды, өнім жинау – 8 787,4 тоннаны құрады, бұл өнім жинаудың өткен жылғы көрсеткішінен 22,5%-ға аз.

2012 жылы егін жинау 2011 жылдың деңгейімен салыстырғанда 26,8%-ға азайып, 11 338 тоннаны құрады. 2012 жылдың ұзаққа созылған құрғақ жазы өнеркәсіптік кәсіпорындардың құбыржолдарынан су алудың тапшылығына әкеліп, ол шығымдылыққа әсер етті және гектарына 124,8 центнерді құрады, бұл 23,0%-ға төмен.

Жергілікті бюджеттен шығымдылықты және ашық топырақтағы өсімдік шаруашылығы өнімінің сапасын көтеруді субсидиялау үшін, 2013 жылы субсидиялау нормативтері 2012 жылмен салыстырғанда орташа алғанда 40%-ға арттырылды.

Нәтижесінде, озық ылғал үнемдеу технологиясы – тамшылатып суаруды енгізу ауданы жыл сайын артуда, өнімді өңдеу бірте-бірте жолға қойылуда, көкөніс қоймалары мен жылыжай шаруашылығының желісі дамуда.

Ылғал үнемдеу технологиясы – тамшылатып суаруды қолдану арқылы 2013 жылы 483 га қамтылды, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 194,6 гектарға немесе 67,1%-ға жоғары; 2012 жылы 288,5 гектар болды, ол 2011 жылдың деңгейінен 87,0 гектарға жоғары (200,9 га).

Өңірде жалпы ауданы 5,4 га болатын 5 жылыжай жұмыс істейді. Жыл басынан бері жабық топырақта 968,9 тонна көкөніс өнімі өндіріліп, облыс халқына өткізілді. Жабық топырақ ауданын 6,4 гектарға дейін ұлғайту және шығарылатын өнім көлемін 1500 тоннаға дейін жеткізу бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде.

Ашық топырақтағы өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын көтеруді субсидиялау үшін, жергілікті бюджеттен 2013 жылы 5 813,9 мың теңге бөлінді. Осы бағдарлама бойынша 2012 жылы – 15493,0 мың теңге, ал 2011 жылы – 1 14074,0 теңге мөлшерінде бөлінген болатын;

Судың құнын субсидиялау үшін тауар өндірушілерге 754,0 мың теңге, 2012 жылы – 1 068,0 мың теңге, ал 2011 жылы – 1 486,0 мың теңге сомасында қаражат бөлінді;

Жанар-жағармай мен тауарлық-материалдық құндылықтың құнын арзандатуды субсидиялау үшін 48 735,0 мың теңге, 2012 жылы – 204809,0 мың теңге, 2011 жылы – 25 094,0 мың теңге бөлінді.



Ветеринария. Эпизоотияға қарсы шаралар өткізуге: энзоотиялық аурулардың алдын алу және диагностикалау бойынша ветеринарлық препараттар сатып алуға, серологиялық зерттеулер үшін қан мынамасын алу мен жеткізуге республикалық бюджеттен 2013 жылы – 152 459,0 мың теңге; 2012 жылы – 167 964,0 мың теңге; 2011 жылы – 107 588,0 мың теңге бөлінді.

Эпизоотияға қарсы іс-шаралардың жылдық жоспары 100% орындалып, өңір аумағы эпизоотиялық қолайлы болып табылады.

Ауыл шаруашылығы жануарларына бірдейлендіру жүргізу үшін республикалық бюджеттен 2011 жылы – 87243,0 мың теңге, 2012 жылы – 46659,0 мың теңге бөлініп, 2013 жылға осы мақсатқа қаражат көздестірілмеді.

Мемлекеттік ветеринарлық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыру үшін республикалық бюджеттен 2013 жылы 216 136,0 мың теңге мөлшерінде қаражат бөлініп, арнайы машиналар, ветеринарлық жабдықтар, сондай-ақ қызметтік жиһахз бен компьютер техникасы сатып алынды және ветеринарлық станциялар мен ветеринарлық пункттерге таратылды.

Қала базарларында қауіпсіздікті қамтамасыз ету және мал шаруашылығының шикізаты мен дайын өнімдерін ветеринарлық-санитарлық сараптауды жүзеге асыру, мал соятын бірнеше объектіде дезинфекциялық жұмыстар жүргізу үшін, облыста екі зертхана: «Маңғыстауветсервис МКК мен «Республикалық ветеринарлық зертхана» РМК жұмыс істейді. «Маңғыстауветсервис» МКК-ның жарғылық капиталын толықтыруға (ветеринарлық зертхананың атреиалдық-техникалық базасын жарақтандыруға) жергілікті бюджеттен 15 000,0 мың теңге бөлінді.

Балық шаруашылығы. Облыстың балық шаруашылығы екі саладан: жағалаудағы балық аулаудан және тауарлық балық аулаудан тұрады.

Каспий теңізі жағалауындағы облыс аумағы 6 балық шаруашылығы ауданы мен 30 балық шаруашылығы учаскесіне бөлінген және олар 20 табиғат пайдаланушыға 10 жыл мерзімге бекітіліп берілген. Маусымында балық кәсіпшілігіне 97 балық аулау браидасы құрамында шамамен 300 балықшы шығады.

2011 жылы – 369 тонна, 2012 жылы – 702,2 тонна балық ауланды.

2013 жылы 540 тонна балық ауланды, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 162 тоннаға аз. Каспий теңізі деңгейінің төмендеуі, азық базасының және жағалау учаскелерінде өмір сүретін балықтар санының азаюына алып келді.



Өңір АӨК-нің дамуын қаржылай қолдау. АӨК-нің дамуын қолдау үшін қаржы институттары 2013 жылы – 232 204,0 мың теңге, 2012 жылы – 236300,0 мың теңге сомасына кредит берді.

Халықтың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Азық-түлік тауарларына арналған тұтыну бағаларының индексі 2013 жылы 100,4%, республика бойынша – 100,8% деңгейінде қалыптасты.

«Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ ірі сауда және логистика компанияларын тарту арқылы, өңірлік тұрақтандыру қорының жұмысын жетілдіру мәселесін қарауда. Ол үшін, азық-түлік тауарларын өткізуде және сақтауда жұмыс тәжірибесі бар Metro, Green, TG Trade сияқты компаниялармен және өзге компаниялармен келіссөздер жүргізілуде.

Жергілікті тауар өндірушілер 10288,3 тонна ұн, 263 тонна макарон өнімдерін, 4039,9 тонна сиыр сүтін, 642,4 мың дана тірі салмақта 5538 тонна жұмыртқа және мал мен құс етін өндіріп, халыққа өткізді. Облыс халқын жергілікті жерде өндірілген етпен қамтамасыз ету деңгейі 33,8%, сүүтпен қамтамасыз ету 24,3% құрайды.

Облыста ауыл шаруашылығы өнімдері үшін жабдықталған қоймалар жеткіліксіз. Маңғыстау облысының әкімдігі мен «ҚазАгро» холдингі» АҚ-ның бірлескен іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында, «Жаңаөзен қаласындағы қуаттылығы 3600 тонна көкөніс қоймасының құрылысы» жобасы жоспарланған. Көкіөніс қоймасын салуға ТЭН мен ЖСҚ әзірлеуге жергілікті бюджеттен 2013 жылға 29 550,0 мың теңге мөлшерінде қаражат бөлінді.

Түрікменстан шекарасындағы Болашақ стнациясында сыйымдылы,ы 500 тонна көкөніс қоймасын салу мәселесі тұжырымдалуда.

Агроөнеркәсіптік кешен бойынша SWOT-талдау:

Күшті жақтары

ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемінің жыл сайынғы жоғарылауы, мал шаруашылығының да, өсімдік шаруашылығының да жалпы өнімінің өсу қарқынының оң динамикасы;

жергілікті бюджеттен қаржыланатын, шағын және орташа бизнестің дамуына мүмкіндік беретін, жаңа техника мен технологияны енгізетін АӨК тауарлық несиелеу және лизинг бойынша қаржы институтының болуы («Маңғыстауагросервис» МКК);

стратегиялық тұрғыдан маңызды қордың болуы – мал шаруашылығын, әсіресе табынды ат шаруашылығы мен түйе шаруашылығын дамытуға арналған жайылымдар.



Әлсіз жақтары:

халықтың төменгі тығыздығы және өнім өндірушінің тұтынушыдан алыс болуы;

субъектілердің материалдық-техникалық базасының төмендігі;

АӨК инфрақұрылымының әлсіз дамуы;

өндірістің ұсақ тауарлар шығаруы;

агротехнологияның артта қалуы, өндірістің негізгі құралдарының физикалық және моральдық тозуы;

білікті мамандардың жетіспеушілігі;

мал шаруашылығының әлсіз азықтық қоры, аймақтың сумен төмен қамтамасыз етілуі;

АӨК өңдеу аясын дамыту үшін өзіндік шикізаттың болмауы;

АӨК әлсіз экономикалық жағдайы қажетті инвестицияларды тартуды қиындатады;

ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің қаржы институттары қызметтерін қолдану мүмкіндіктерінің шектеулі болуы;

табиғи-климаттық жағдайларға тәуелділігімен байланысты мал шаруашылығын жүргізудің жоғары тәуекелі;

балық аулау флотының болмауы;

балық аулауды қолдайтын жағалаулық инфрақұрылымның болмауы.



Мүмкіндіктері:

АӨК шаруашылық субъектілері санының жоғарылауы, және де агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бойынша мемлекеттік бағдарлама аталған сектордың одан әрі дамуы мен нығайтуына қолайлы жағдай туғызуы мүмкін;

дәнді дақылдар мен көкөністерді қалпына келтіру бойынша қазіргі заман технологияларын енгізу есебінен облыс қалаларының айналасында азық-түліктік белдеудің қалыптасуы;

теңізде балық аулау және тауарлық балық өсірушілікті дамыту мүмкіндігі.



Қауіптері:

өндірісте қазіргі заманғы техникасы мен технологиясын қолданатын кәсіпорындардың үлесінің төмендігі, бұл жалпы бүкіл саланың бәсекеге қабілеттігін төмендетеді де, оның ішкі нарықтағы жағдайын шектен тыс әлсіздендіреді;

өңделетін өнімдердің бәсекеге қабілеттігінің жеткіліксіз деңгейі және осының нәтижесі ретінде олардың кейбіреуі бойынша импорттың жоғары үлесі;

халықты өзінің жеке өндірісінің азық-түлігімен қамтамасыз етудің төмен деңгейіне байланысты өнімдік қауіпсіздіктің қатерлері. Бұл аймақты басқа аймақтар мен импортқа тәуелді етеді, ал ол өз қатарына ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағаларының өсуіне әкеледі.


2.2.1.3. Шағын және орта бизнес, сауда

Қазақстан Республикасы Статистика Агенттігінің деректері бойынша 2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыстағы шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді жұмыс істейтін субъектілерінің саны өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 9,8%-ға артып, 31500 бірлікті құрады.

Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандардың саны өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 6,4%-ға артып, 85 824 адамды құрады.

Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандардың облыс халқының экономикалық белсенді халықының жалпы санындағы үлесі 31,9% құрады (01.01.2014 жылғы жағдай бойынша), бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 2,5 пайызды орынға жоғары.

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 344,9 млрд. теңге сомасына өнім (жұмыстар, тауарлар және қызметтер) шығарды, бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 1,9%-ға артық.

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша Маңғыстау облысы үшін 2013 жылға 1 457,9 млн. теңге бөлінді. Маңғыстау облысын индустриялық дамыту жөніндегі өңірлік Үйлестіру кеңестерінің отырыстарында 3196 млн. теңге жалпы сомасына 41 жоба, оның ішінде:

- «Бизнес жобаларды қлдау» атты бірінші бағыттың пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға – 3 154,2 млн. теңге жалпы сомасына 33 жоба;

- кредиттерді кепілдендіруге – 30,3 млн. теңге жалпы сомасына 4 жоба (оның ішінде мемлекеттік қолдау сомасы 6,0 млн. теңгені құрайды);

- мемлекеттік гранттар беруге – 12,0 млн. теңге сомасына 4 жоба мақұлданды.

Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасының» аясында кәсіпкерлікті дамыту үшін облыс үшін 2013 жылға 213 млн. теңге бөлінді. 8 жоба, оның ішінде пайыздық мөлшерлеені субсидиялау бойынша – 3 жоба мақұлданды; мемлекеттік грант тар беру бойынша – 5 жоба кепілдендірілді.

«Жаңаөзен қаласында кәсіпкерлікті дамытудың 2012-2014 жылдарға арналған арнайы жоспары» бағдарламасының аясында 2013 жылға 135,0 млн. теңге бөлінді. 24 жоба, оның ішінде – пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға – 22, кредиттерді кепілдендіруге – 2 жоба мақұлданды.

Қазақстан Республикасының рұқсат беру жүйесін одан әрі реформалаудың 2012-2015 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру мақсатында, облыс әкімі жанындағы Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңесі 2013 жылы Маңғыстау облысы бойынша рұқсат беру рәсімдері (құжаттары) мен мәлімдемелерді түгендеу бойынша жұмыс жүргізді.

Маңғыстау облысында 24 мемлекеттік органда, оның ішінде 7 қала мен аудан әкімдіктерінде; 9 облыстық басқармада; 8 аумақтық басқармада бекітілген ережелеріне сәйкес рұқсат беру құжаттары беріледі.

Көрсетілген жұмыс үдерісінде «А» бөлігіндегі рұқсат беру құжаттары (рәсімдері) паспорттарының 17 түрі, рұқсат беру құжаттарынның талаптары мен оларды беру шарттары, оның ішінде:

1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен бекітілген рұқсат беру құжаттарының 151 түрі;

2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген рұқсат беру құжаттарының 115 түрі;

3) Маңғыстау облысы әкімдігінің және қалалар мен аудандар әкімдіктерінің қаулыларымен бекітілген рұқсат беру құжаттамаларының 8 түрі қаралды.

Жоғарыда санамаланған «А» бөлігіндегі рұқсат беру құжаттарының (рәсімдерінің) толтырылған паспорттары, рұқсат беру құжаттарынның талаптары мен оларды беру шарттары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қарауына жолданды.



Шағын, орта бизнес бойынша SWOT-талдау:

Тұтастай алғанда, облыстағы шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы халықтың жұмыспен қамтамасыз етілуінің жоғарылауын және кедейлік деңгейінің төмендеуіне мүмкіндік береді. Алайда, облыстың шағын кәсіпкерлігі әлі де әлсіз әртараптандырылғанын, инновациялық белсенділігі төмен инертті болып табылатынын мойындау керек. Бұл экономика құрылымында мұнай секторының басым болуына байланысты (90%-дан астам).



Күшті жақтары:

шағын және орта бизнеспен айналысатын кәсіпкерлік субъектілер санының, шағын және орташа бизнес өндірісі көлемінің көбеюі;



шағын кәсіпкерлікті дамытатын нарықтық инфрақұрылымның болуы: «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, ШКҰ, кәсіпкерлер бірлестігі және т.б.

Әлсіз жақтары:

қаржы проблемалары: кепілдік қамтамасыз етудің болмауына, сыйақының пайыздық мөлшерлемесі жоғары болғандығына, несие беру мекемелерінде құжаттарды ұзақ мерзім қарастыратынына, салық салу саласында жеңілдіктердің жоқтығына, несиелік қатынастар саласында жеңілдіктердің жоқтығына байланысты несиелік қорларға қол жетімділіктің шектеулі;

кадрлық проблемалар: меншік иесі мен қызметкерлерде тәжірибенің жеткіліксіздігі, білікті кадрлардың тапшылығы;

шағын және орташа бизнеске қатысты НҚА жетілмеуіне қатысты проблемалар; заңды көмектің болмауы немесе жеткіліксіздігі, кәсіпкерлердің өз ісін жете білмеушілігі;

салалық теңгерілмеу және шағын және орташа бизнес диверсификациясының төмен деңгейі.

Мүмкіндіктері:

шағын және орта кәсіпкерлікті кластерді қалыптастыру мен дамытуға тарту;

ірі және орташа кәсіпорындармен өзара пайдалы кооперативтік байланыстарды франчайзинг және аутсорсинг принциптеріне негіздеп нығайту;

шағын кәсіпкерліктің өндірістік инфрақұрылымын дамыту үшін әлеуеттің болуы;

нарықтағы сұраныс пен ұсыныстар, бәсекелестер, шикізат берушілер, дайын өнімді сату мүмкіндіктері және тендерлерге қатысу мүмкіндіктері туралы ақпарат банкін қалыптастыру;

шағын кәсіпкерліктің тиімді қызмет етуін қамтамасыз ететін нарықтық инфрақұрылымды дамыту.



Қауіптері:

бірқатар шағын және орташа кәсіпорындардың банкрот болуына байланысты жұмыссыздықтың жоғарылауы, қылмыс туғызар жағдаяттың, әлеуметтік шиеленісудің жоғарылауы;

ішкі нарықтың импортқа тәуелді болуының жоғарылауы.
Сауда. Бөлшек тауар айналымының жалпы көлемі 2013 жылдың қаңтар-желтоқсанында 97,7 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 30%-ға көп. Сауда кәсіпорындарының жалпы ауданы – 278,6 мың шаршы метрді, сауда орындарының жалпы саны 8647 орынды құрайды. Сауда объектілерін саны 2654 бірлікті, оның ішінде базарлар 22 бірлікті құрайды.

Жергілікті ауыл шаруашылығы өнімінің тауарларын өндірушілеріне базарлардың аумақтарында тегін және жеңілдікпен сауда орындары ұсынылуда, «жүріп сату» және жол бойында сату саудасы ұйымдастырылуда, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жүйелі жәрмеңкелері өткізілуде.

Ағымдағы жылдың басынан бері облыстың аудандары мен қалаларында 40 жәрмеңке өткізіліп, ондаазық-түлік өнімдерінің негізгі түрлері сатылды. Осы жәрмеңкелерде рынготық бағасына 10-15% төмен бағалармен өткізілді.

Астана қаласында 2013 жылғы қарашада Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілді.

Бұдан басқа, «Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ-ның бастамасымен Ақтау қаласында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізіліп, оған облыстың 46 ауыл шаруашылығы өндірушісі қатысты. Өнімдер (ет және сүт өнімі, бақша өнімдері, шұбат, балық және т.б.) рыногтық бағасынан төмен сатылды. Жәрмеңкеде аз қамтылған отбасылардың 15 мүгедек баласы үшін қайырымдылық акциясы өткізілді.ү

Аудандар мен қалалардың әкімдіктері Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына (ӘМАТ) бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін сақтай отырып, ӘМАТ бағаларына күн сайынғы негізде мониторинг жүргізуде.

Шекті бағалардың асып кетуіне байланысты, 2013 жылы ірі және ұсақ сауда кәсіпорындарының басшыларымен азық-түлік тауарларына арналған баға саясатының мәселелері жөнінде кеңес өткізілді. Қалалар мен аудандардың әкімдіктері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына (ӘМАТ) бағаны көтермеу туралы 18 меморандумға қол қойды.

Инфляциялық үдерістерді тежеу бойынша жүргізілген жұмыс нәтижесінде тұтыну бағаларының индексі мен әлеуметтік маңызы бар қызметтер мен тауарларға арналған тарифтер 2013 жылдың желтоқсанында 2012 жылдың желтоқсанына – 103,4% (ҚР бойынша – 104,8%) , оның ішінде азық-түлік тауарларына – 103,1% (ҚР бойынша – 103,3%), азық-түлік емес тауарларға – 103,7% (ҚР бойынша – 103,3%), ақылы қызметтерге – 103,6% (ҚР бойынша – 108,0%) құрады.



Өңірдегі бәсекелестіктің дамуы. Облыстағы бәсекелестіктің дамуы облыстың әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясының бөлігі болып табылады, өйткені бұнда бәсекелестік орта қалыптастыру мәселелері базалық болып табылады.

Маңғыстау облысы экономикасының ерекшеліктерін ескере отырып және нақтылы тауарлық нарықтардың әлеуметтік маңыздылығын назарға ала отырып, бәсекелестікті дамыту қажет бірнеше негізгі сала анықталған:

отын-энергетикалық кешен (мұнай өнімдері мен сұйытылған газдың бөлшек саудасы);

агроөнеркәсіптік кешен.

Талдау жүргізу барысында тауарлық нарыққа кірудің кедергілері айқындалды:

экономикалық (соның ішінде салымдарды қайтарудың ұзақ мерзімдерінде маңызды алдын-ала капиталды салымдарды жүзеге асыру қажеттілігі, тауарлық нарықта бұрыннан бар нарық субъектілерімен салыстырғанда әлеуетті қатысушылар үшін қаржыландыруға тартудың біршама көп шығындары);

әкімшілік (лицензиялау шарттары, белгілі бір сұранысты міндетті қанағаттандыру талаптары, мобилизациялық қуаттарды қолдау, жұмыс орындары мен әлеуметтік инфрақұрылымдарды сақтау, жер учаскелерін бөлудегі, өндірістік және басқа орынжайларды берудегі кедергілер, мемлекеттік қажеттіліктер мен тағы басқа үшін тауарларды, қызметтерді жеткізушілердің конкурстық таңдалуының шарттары және т.б.).

Сұйытылған газды сату нарығында өндірушінің монополиялық өніміне сұйытылған газды сатып алушыларға тең қол жетімділікті қамтамасыз етуін және шығару көлемін өсіру шаралары іске асырылуда.

Қазақстан Республикас Мұнай және газ министрлігінің жұмыс тобы ай сайын облыстар мен Астана, Алматы қалалары бойынша Аи-80, Аи-92/93 маркалы бензиндерінің шекті бөлшек бағаларын, сондай-ақ жеткізу көлемін белгілейді.

Осыған байланысты, облыс әкімдігі жанар-жағармайдың қажетті көлемі мен түріне өтінім беруі үшін, барлық жағармай құю станцияларының басшыларына облыс үшін бөлінген жанар-жағармай мен дизель отынының куөлемін көрсетілген ақпарт жолдайды. Сондай-ақ, тиісті мұнай өнімдеріне арналған шекті бөлшек сауда бағаларын береді.

«Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілер мұнай өнімдерін өткізу кезінде бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізуге белгіленген шекті бағалардан аспауға міндетті.

2013 жылғы қарашада Ақтау қаласында жанар-жағармай бағаларына жүргізілген мониторингтің нәтижесінде, кейбір АЖҚС мұнай өнімдерінің жекелеген түрлеріне белгіленген бағаларды қымбаттатқаны анықталды. Осыған байланысты, табиғи монополияларды реттеу агенттігі сияқты құзыретті органға әкімшілік шаралар қабылдауы үшін тиісті тапсырмалар жолданды. Бүгінгі күнге аталған орган тексеру жүргізуде.

Сұйылтылған газбен қамтамасыз ету тұрғысында, «ҚазГӨЗ» АҚ сұйылтылған газды «Газ және газбен жабдықтау туралы» ҚР заңына және ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 10 тамыздағы № 1041 қаулысымен бекітілген Тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу және пайдалану қағидаларына сәйкес таратуда.

Бүгінгі күнге облыс бойынша ресми өткізумен 108 жеке кәсіпкер айналысуда және рыногтағы сұйылтылған газ бағалары бір литрге 29-дан 35 теңгеге дейін құрайды. Бұл өнімге деген тапшылық байқалмайды.

Көкөніс өнімдерін сақтау нарығындағы бәсекелестік деңгейін жоғарылату мақсатында, азық-түлік және көкөніс (көкөніс сақтау қоймаларын, жылыжайлар салу, логистика) нарығы инфрақұрылымының дамуына бағытталған шаралардың бірқатарын жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Аталмыш нарықтағы жағдайды бақылау және жоспарлау үшін көкөніс және азық-түлік тауарлары (соның ішінде мерзімділігін есепке ала отырып) бойынша аймақтық теңгерімді әзірлеп, ендіруді талап етеді.

Көкөніс өнімін сақтау нарығындағы жағдайды жақсарту үшін, «Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ мен «Каспий-Берекет» ЖШС-нің сату-сатып алу ұйымдарын дамыту, Ақтау қаласында көкөніс сақтау («Каспий-А-Трейд» ЖШС) қоймасын салу, көкөніс сақтау қоймасын салу және қызметін көрсету мақсатында шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеу жоспарлануда.

Сондай-ақ, шетелдік өндірушілермен, соның ішінде Иран Ислам Республикасымен азық-түлік тауарлары мен көкөніс өнімін жеткізу бойынша тікелей шарттар бекіту мәселелері шешіліп жатыр.

Қазіргі кезде көкөніс өнімін шығару кезінде тамшылатып суаруды қолданудың оң тәжірибесін ендіруді жалғастыру туралы мәселе зерттелуде.

Бәсекелестікті дамыту мақсатында ет өндіру және сату нарығында (қой еті, жылқы еті, түйе еті) қажет инфрақұрылым (сою пунктілері мен жемдеу алаңдарын салу) құру қарастырылған.

Бейнеу астық терминалы негізінде жергілікті мал шаруашылығының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін аралас жем өндірісі жоспарланып отыр.

Бұдан басқа, нарықтарға еркін шығу үшін бәсекелестік мүлдем жоқ салаларда шағын және орта кәсіпкерлікті несиелеу бағдарламасын әзірлеу жоспарланған.

Нарықтарды талдау үрдісінде айқындалған проблемалар облыста жағымды бәсеке ортасын қалыптастыру және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп өкілетті мемлекеттік органдардың қажет шараларын қолдану қажеттілігін көрсетті.

2015 жылға дейін бәсекелестікті дамыту шеңберінде Маңғыстау облысының негізгі тауар нарықтарында жаңа нарық субъектілеріне тауар нарығына кіру үшін келесі жағымды шарттар қарастырылады:

артықшылықты салаларда облыстың тауар нарығында инфрақұрылым дамыту;

шағын және орта бизнес белсенділігіне ықпал ететін және бәсекелестікті дамытуға мүмкіндік беретін бәсеке ортаға мемлекет қатысуын шектеу шараларын қолдану;

бизнес жүргізу рәсімдері мен бизнеске әкімшілік қысымды максималдық қысқарту жұмыстары (нарыққа кірудің әкімшілік кедергілерін жеңу бойынша шаралар әзірлеу және жүзеге асыру);

нормативті құқықтық актілер әзірлеуде бәсекелестікті шектеуі мүмкін нормаларды кіргізудің жіберілмеуін ескеру (бәсекелестікті шектейтін немесе тұтынушылардың құқықтарын бұзатын келісімдер бекіту және актілер қабылдау фактілерін жоққа шығару);

шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне, бірінші кезекте, дамымаған және әлсіз дамыған бәсекелестік салаларында мемлекеттік көмек көрсету;

Әлемдік экономикалық форумның (ӘЭФ) Жаһандық бәсекелестік индексін (ЖБИ) «жергілікті бәсекелестік қарқындылығы» субиндексінің жақсаруына ықпал ететін шаралар (бәсекелестік қатынастарды дамыту үшін жағымды шарттар жасау) әзірлеу және жүзеге асыру. Соның ішінде, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы (ӘКК) және мемлекеттік-жеке әріптестік (МЖӘ) арқылы.

Бәсекелестіктің артықшылығын жалпыға түсіндіру мақсатында оны жемісті насихаттау қажет. Бәсекелестікті қорғау жергілікті атқарушы және антимонополиялық органдардың бәсекелестікті дамыту шарттарын қолдау (құру), сонымен қатар өңірдің экономикалық нәтижелігі мен экономикалық дамуы тұрғысынан бәсекелестік мәнін барлық мүдделі тұлғалардың (кәсіпкерлер, тұтынушылар) жақсы түсінуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бәсекелестікті қорғау шеңберінде жаңа кәсіпкерлерді тарту үшін тауарлар мен қызметтер тұтынымдылығы, аймақтық нарық туралы ақпарат жинау, талдау және жариялауды ұйымдастыру жұмысы жүргізілмек.

Сауда және бәсекелестікті дамыту бойынша SWOT-талдау:

Күшті жақтары:

облыс аумағында жаңа кәсіпорындар құрудың оң серпіні;

ШКҰ және екінші деңгейдегі банктер арқылы шағын және орта кәсіпкерлікке несие беру.

Әлсіз жақтары:

түрлі экономикалық және әкімшілік кедергілер болуы салдарынан тауарлық нарықтың баяу дамуы.



Мүмкіндіктері:

мейлінше маңызды тауарлық нарықтар шоғырлануының төмендеуі;

даму институттарынан қаржылық қолдау және әкімшілік және экономикалық кедергілердің азаюы есебінен инновациялық белсенді кәсіпорындардың сапалық ұлғаюы.

Қауіптері:

облыста бәсеке ортасының нашарлауы.




      1. 2.2.2. Өңірдің әлеуметтік саласын талдау

2.2.2.1. Демографиялық әлеует

Маңғыстау облысы халқының саны 2013 жылдың қаңтар-желтоқсанында 585,7 мың адамды құрап, 2011 жылмен салыстырғанда 40 мың адамға өсті. Қала халқының саны 292,6 мың адамды (49,9%), ауыл халқы – 293,1 мың адамды (50,1%) құрайды. Маңғыстау облысы жалпы республикалық көлемде 3,3% үлеспен облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар тізімінде 14 орынды алады.

Облыста табиғи өсудің жоғары көрсеткіштері байқалады (2011 жылы – 13,543 адам; 2012 жылы – 13,238 адам; 2013 жылы – 14,117 адам).

Облыс халқының құрылымында 20-59 еңбекке қабілетті жастағы адамдар – 54,8%, 0-19 жастағы халық үлесі – 39,3%, 59 жастан жоғары халық үлесі – 5,8% құрайды.

Миграция сальдосы 2013 жылдың қаңтар-қарашасында 3782 адамды құрады (13432 адам келді; 9650 адам кетті). Сыртқы миграция оң қалыпта: сальдо 2904 адамды құрады, облысаралық сальдо да оң мәнге ие және аталған мерзімде сальдо 878 адамды құрады.

Маңғыстау облысындағы миграция сальдосы 2011-2013 жылдар ішінде оң болып табылады. Келгендердің саны кеткендердің санынан бұрынғыдай асып түседі. Алайда, 2009 жылдан бері миграциялық өсім төмендеді (2011 жылы – 8257 адам, 2012 жылы – 7662 адам, 2013 жылы – 3782 адам).

«Нұрлы көш» бағдарламасының аясында Маңғыстау облысында оралмандардың көшіп келген отбасылары қоныстандырылған екі ауылдық елді мекен белгіленді, олар – Батыр ауылы (Мұнайлы ауданы) және Аппақ ауылы (Қарақия ауданы). 2010-2011 жылдары осы елді мекендерде тұрғын және инженерлік инфрақұрылым салу бойынша жұмыстар жүргізілді.

Ақтау қаласында 2010 жылы адамдар тұруы үшін барлық қажетті жағдаймен жарақталған, елдегі алғашқы Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығы ашылды.

Көші-қон ерекшеліктерін зерттеу қорытындыларын шығара келе мынадай байлам жасауға болады:

Демография бойынша SWOT-талдау:

Күшті жақтары:

өлім деңгейінің төмендеуі жағдайында туу деңгейінің өсуі негізінде облыстағы табиғи өсімнің тұрақты оң тенденциясы;

халық көші-қонының оң сальдосы.

Әлсіз жақтары:

өмір сүруге экологиялық аса қолайсыз аумақ;

көшіп келушілердің басым бөлігі біліктілігі төмен оралмандар болып табылады.

Мүмкіндіктері:

оң көші-қон сальдосын бекіту үшін облыстың кіші және шағын қалалардың экономикалық, әлеуметтік және экологиялық тартымдылығын жоғарылату;

халық тығыздығын жоғарылату үшін автомобиль және темір жолдары бойымен өсім коридоры мен Ақтау сияқты тірек қаласының дамуы;

үнемі тұру орнына Қазақстанға отандастарды тарту үшін «Нұрлы Көш» бағдарламасын жүзеге асыру.



Қауіптері:

ТМД шеңберінде тұратын орынды ауыстыру және Ресеймен азаматтық алудың жеңілдетілген тәртіптерінің қол жетімдігі аймақтың білікті, жас және заман талабына сай талапты халқын тартудың үнемі орталығының болуын анықтайды.


2.2.2.2. Білім беру

Білім беруге арналған шығыстар 2013 жылға 37,4 млрд. теңгені құрады (2012 жылға қарағанда 6,5%-ға өсті). Білім беру объектілерін дамытуға 2013 жылы – 8716 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 6 029,3 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 1 604,1 млн. теңге бөлінді.

Қарақия ауданының Жетібай кентінде және Бейнеу ауданы Бейнеу ауылының Атамекен шағын ауданында, Жаңаөзен қаласының Бостандық шағын ауданында әрқайсысы 624 орындық орта мектептердің, Мұнайлы ауданы Маңғыстау ауылының Маңғыстау-5 тұрғын жай алабында, Басқұдық, Баянды және Батыр ауылдарында әрқайсысы 960 орындық орта мектептердің, Қарақия ауданының Болашақ ауылында 80 орындық және Құрық ауылында кәсіптік-техникалық лицейдің үлгі ғимаратының құрылыстары аяқталды.

Түпқараған ауданының Ақшұқыр ауылында 960 орындық орта мектептің, Жаңаөзен қаласының Мерей шағын ауданында, Мұнайлы ауданының Маңғыстау ауылында әрқайсысы 1200 орындық орта мектептің, Теңге ауылында 900 орындық орта мектептің құрылыстары жалғасуда. Маңғыстау ауылының Жыңғылды ауылында 200 орындық орта мектептің, Мұнайлы ауданының Маңғыстау-4 ауылында 280 орындық балабақшаның құрылысы жүргізілуде.

Мектепке дейінгі білім беру. 2013 жылдың қорытындысы бойынша облыста 26172 баланы жалпы қамтитын 185 мектепке дейінгі мекеме жұмыс істейді. 1-6 жастағы балаларды балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамту 39,6%, 3-6 жастағы балаларды қамту 67,9% құрайды.

Облыстағы мектепалды даярлықпен қамту 93,3 % құрады (ҚР бойынша - 80%).

2013 жылы 1870 орындық 15 МБҰ (салынғаны – 8, шағын орталық – 2, жекеменшік балабақша – 5), оның ішінде жергілікті бюджет есебінен жобалық қуаттылығы 670 орындық 6 балабақша (Жаңаөзен қаласында – 380 орындық 2: тұрғын үйдің 1-қабатындағы 60 орындық №19 «Алтын күн» балабақшасы және інвестор «ҚТЖ» АҚ есебінен салынған 320 орындық №21 «Назерке» балабқшасы; Қарақия ауданында – 50 орындық 1, инвестор есебінен «Нұршуақ» балабақшасы; Маңғыстау ауданында – 240 орындық: Шайыр, Жыңғылды және Жармыш ауылдарында әрқайсысы 80 орындық); республикалық бюджет қаражаты есебінен жобалық қуаттылығы 640 орындық 2 балабақша (Жаңаөзен қаласында – 640 орындық 2 балабақша: (әрқайсысы 320 орындық №18 «Мереке», №20 «Нұршуақ» балабақшалары) ашылды.

Аудандар мен қалалардың деректері бойынша, 01.01.2014 жылға мектепке дейінгі балалар ұйымдарында орын алуға 31852 бала, оның ішінде 3-6 жастағы 7237 бала кезекте тұр.



Мектепке дейінгі білім беру бойынша SWOT-талдау:

Күшті жақтары

облыс бойынша балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелердегі педагогикалық құрамның жалпы құрылымында балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелер жүйесін жоғары білімі бар педагогтармен ұлғайту.



Әлсіз жақтары:

балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелердегі орындардың тапшылығы сақталып тұр, соның ішінде шағын елді мекендерде;

облыстың балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелері спорт залдармен, жүзу бассейндермен және ән сабағын жүргізуге арналған залдармен жеткілікті қамтылмаған, тиісті жабдықтар (асханада) және құрал-жабдықтар тозған;

мектепке дейінгі ұйымдардың еңбек ақысы төмен және артық жүктемелері болғандықтан білікті мамандармен, тәрбиешілермен қамтылуының төмендеуі.



Қауіптері:

мектепке дейінгі білім беру саласын мемлекеттік қаржыландырудың жеткіліксіздігінен және облыстағы мектепке дейінгі жастағы балалардың қамтылу деңгейін төмендететін балаларға арналған жаңа мектепке дейінгі мекемелердің құрылысы жағынан және мектепке дейінгі мекемелердегі орынның тапшылығы орта мектепте білім беруге лайықты даярлық және оларды қоғамда психологиялық-әлеуметтік бейімдеу жағынан жеке бөлімнің ынтасының болмауы балалардың мүмкіндіктерін шектейді;

Облыстық және жергілікті бюджеттерден бөлінетін бюджеттік қаражат шектеулі болғандықтан облыстағы мектепке дейінгі мекемелердің материалдық-техникалық базасы нашар, жекелеп айтқанда мектепке дейінгі мекемелердегі спорт залдары, жүзу бассейндері және ән сабағын жүргізуге арналған залдарының болмауы, ыстық сумен жабдықталмауы, балалар денсаулығын күшейтудің және балалар арасындағы салауатты өмір салтын насихаттаудың мүмкіндіктерін төмендетеді.

Мүмкіндіктері

мектепке дейінгі біліммен мектепке дейінгі жастағы балалардың 100% қамтылуы мақсатында қазіргі заманғы мектепке дейінгі мекемелердің құрылысын бюджетті және жеке қаржыландыруға жағдай жасауды ұлғайту;

ауылды аймақтағы тұрмыс және жұмыс жағдайын жақсартуды қамтамасыз ету арқылы мектепке дейінгі білім беру саласындағы жас мамандарды сақтау және тарту.

Орта білім беру. 2006-2013 жылдары Маңғыстау облысындағы күндізгі жалпы білім беретін мектептердің жалпы саны 18 бірлікке артты.

Бүгінге 138 жалпы білім беретін 138 мектеп бар, онда 101944 оқушы білім алады, оның ішінде: күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін мектеп – 123, оқушы саны – 100104; кешкі мектеп – 5, оқушы саны – 995; мемлекеттік емес мектептер - 4, оқушы саны – 399; арнайы ұйымдар – 6, оқушы саны – 446. Барлық жекеменшік мектептер Ақтау қаласында шоғырланған.

Бүгінге облыс мектептерінде педагогтардың тапшылығы 101 (оның ішінде, қала мектептерінде – 79, ауыл мектептерінде – 19 мұғалім), оның ішінде мына мамандықтар: орыс тілі мен әдебиеті бойынша – 21 (оның ішінде, ауыл мектептерінде – 7), математика бойынша – 34, физика бойынша – 10, химия бойынша – 10 мұғалімді құрайды.

Облыс мектептеріне 2013 жылы 456 жас маман, оның ішінде жоғары оқу орындарын бітірген – 273 маман, орта кәсіптік оқу орындарын бітірген – 183 маман келді.

Облыс бойынша 4504 тасымалдаумен қамтамасыз етілген (100%) (Ақтау-2766, Қарақия ауданы-60, Мұнайлы ауданы-322, Түпқараған ауданы-1356).

Облыстағы 121 жалпы білім беретін мектепте 76382 оқушы (қамту- 76,3%) ыстық аспен ұйымдастырылған. 22840 оқушы тегін ыстық аспен (22,8%), оның ішінде аз қамтылған отбасылардан шыққан 10848 оқушы 100% ыстық аспен қамтамасыз етілген.

Облыста 2013 жылдың соңында үш ауысыммен оқытатын 3 мектеп бар, олар:

Бейнеу ауданындағы Атамекен орта мектебі (мәселені шешу мақсатында республикалық бюджет қаражаты есебінен 2014 жылы Бейнеу ауданы Бейнау ауылының Манашы шағын ауданында 900 орындық орта мектептің құрылысын бастау жоспарлануда);

Түпқараған ауданының Тақшұқыр ауылындағы М. Әбдіхалықов атындағы орта мектеп (Ақщұқыр ауылында 2014 жылы 960 орындық жаңа орта мектептің құрылысын аяқтау жоспарлануда);

Форт-Шевченко қаласындағы Өмірбаев атындағы орта мектеп (2014 жылы инвесторлар есебінен 550 орындық мектептің құрылысын аяқтау жоспарлануда).

Жаңаөзен қаласының Теңге ауылындағы 900 орындық жаңа орта мектептің құрылысы аяқталауына байланысты, Теңге аулының №14 орта мектебіндегі үш ауысыммен оқыту жойылды.

Республикалық бюджет қаражаты есебінен 2013 жылы қаражат бөлініп, облыстың жалпы білім беретін мектептері үшін 25 химия кабинеті сатып алынды. Сондай-ақ, 2014 жылы 8 химия кабинетін сатып алу жоспарланған.

Қазіргі кезде облыс бойынша 1 компьютерге 22 оқушы, мультимедиялық-лингафондық кабинеттерді есепке алғанда 1 компьютерге 16 оқушы келеді. Жергілікті бюджеттен 2013 жылы 250 млн. теңге бөлініп, 112 компьютер класы сатып алынды.

Облыс бойынша 2012 жылы 18 білім беру ұйымында, оның ішінде 1 колледж бен 17 жалпы білім беретін мектепте «Е-learning» (ЭӨЖ) электронды оқыту жүйесі енгізілді. 2013 жылы «Е-learning» (ЭӨЖ) электронды оқыту жүйесі 27 жалпы білім беретін мектепте енгізілді.

Электронды оқыту жүйесінің аясында республикалық бюджеттен қаражат бөлінді, білім беру ұйымдарында жабдықтар орнатылды, арнайы бағдарламалар жылдамды 10 Мбит/сек. кең жолақты интернетке қосылды. 957 педагог электронды оқытуға даярлау бойынша біліктілікті курстарынан өтті.

Облыс бойынша 2014 жылы электронды оқыту жүйесіне 21 білім беру ұйымын, оның ішінде 15 жалпы білім беретін мектеп пен 6 колледжді қосу жоспарлануда.

Облыстың 74 мектебінде (59%) дербес веб-сайттар жұмыс істейді.

Оқулықтар мен оқу-әдістемелік комплектілер сатып алуға 2013 жылы 365,5 млн. теңге (2012 жылы – 304,7 млн. теңге, 2011 жылы – 252,1 млн. теңге) бөлінді. Қайта басылып шыққан оқулықтар бойынша қамтамасыз етілу - 100%.

1999 жылдан бастап облыста 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер және балалардың даму ерекшеліктерін анықтаумен, диагнозын анықтап оны емдеумен, олардың білім және тәрбие алуына жағдай жасаумен айналысатын облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес (ОПМПК) қызмет етеді.

2007 жылдан жұмыс істейтін 2 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті мүмкіндіктері шектеулі балаларға психологиялық-медициналық- педагогикалық түзеу қызметін көрсетеді.

Инклюзивті білім беруді енгізу үшін, 23 білім беру ұйымында жағдай құрылған, бұл білім беру ұйымдары жалпы санының 18,7%-ын құрайды. 115 оқушы оқитын 24 арнайы (түзету) сыныбы жұмыс істейді.

Жаңаөзен қаласында 2010 жылғы мамырда өңірлік психологиялық-медициналық- педагогикалық консультация өз жұмысын бастады.

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды және жетім балаларды әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша үлкен зейін қойылуда. Осы санаттағы балалар үшін 3 ұйым жұмыс істейді. «Отбасылық үлгідегі балалар ауылында» 6 отбасында 46 баланы тәрбиелеу үшін барлық жағдай жасалған. Патронатты тәрбиелеу әдісін енгізу тәжірибесі жалғасуда.

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар саны – 530, оның 179-нда бекітіліп берілген тұрғын үй бар. Қалғандары тұрғылықты жері бойынша жергілікті әкімдіктерде тұрғын үй алуға кезекте тұр.

Аталған санаттағы 100 балаға (Жаңаөзен – 73, Мұнайлы – 8, Түпқараған – 19), оның ішінде қамқорлықтағы 58 балаға (олардың 40-ы 18 жасқа толды), балалар үйі мен отбасылық үлгідегі балалар ауылының 42 тәрибенушісі мен түлегіне (23 түлек, 19 тәрбиеленуші) мемлекеттік қордан 2013 жылы тұрғын үй берілді.

Балалар үйі мен балалар ауылының түлектері Оралмандарды бейімдеу орталығының ғимаратына орналастырылды. Барлығы 51 түлек (оның ішінде, 14-нің отбасы бар) 20 пәтерге орналастырылды.

Облыста мектептен тыс 14 білім беру ұйымы жұмыс істейді, оларда 19950 оқушы қамтылған 470 үйірме бар. 39 аула клубында, 272 үйірмеде 12521 бала қамтылған (2012 жылы – 33 аула клубы). Бұл көрсеткіштер оқудан бос кезінде шығармашылық және танымдық қызметтің 20,7%-ын құрайды.

2013 жылы 10310 баланы қамтитын күндіз болатын 63 мектеп жанындағы лагерь жұмыс істеді, бұл 2012 жылға қарағанда 12 лагерьге көп (2012 жылы – 8870 баланы қамтитын 51 лагерь).



Орта білім беру бойынша SWOT-талдау

Күшті жақтары:

қосымша мектептер құрылысы арқылы оқушылар үшін орын тапшылығын жою;

білім берудің арнайы (түзету) ұйымдарын ашу;

арнайы ұйымдар ашу арқылы мүмкіншілігі шектеулі балалар үшін жағдай жасау;

балалардың отбасылық жағдайын орнатудың тұрақты тенденциясы сақталып тұр;

интернатты мекемелердегі балалар санының азаюы.



Әлсіз жақтары:

күрделі жөндеуді қажет ететін мектеп үлесі жыл сайын артып келеді;

үш кезекте оқытатын мектептердің болуы;

көбінесе ауылдық аумақтардағы бейімделген ғимараттарда орналасқан мектептердің болуы;

кейбір елді мекендердегі Интернетке шығу мүмкіндіктерінің жоқтығы;

инклюзивті білім берудің жеткілікті дамымауы.



Қауіптері:

тұрғындардың тұрмысы және төлем ақысы жақсы жақтарға кетуі жоғары біліктілігі бар және балалармен қарым-қатынас орнатуда тәжірибесі бар педагогикалық кадрлардың білім беру жүйесінен кетуіне әкеп соқтырады, бұл орта білім берудің сапасын төмендетеді;

жаңа қазіргі заманға сай мектептер құрылысына жұмсалатын қаражатпен жеткілікті қаржыландырмауы ауылды аймақтардағы бейімделген ғимараттарда орналасқан мектептердің үлесі сақталады;

балаларға арналған мекемелердің жабылу және балалардың кетіп қалу Қауіптері:нен балалардың отбасы жағдайын орнату мәселесінде интернат мекемелерінің қызметкерлерінің және әкімшілігінің мүдделілігінің әлсіз болуы, интернат мекемесінің қызметкерлерінің жасырын қарсылығының болуы;

ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және олардың орнына сүйемелдейтін отбасы жоқ балалардың отбасылық жағдайын орнататын бағдарламалар бойынша мамандарды қайта даярлау бағдарламасының жоқтығы.

Мүмкіндіктері:

мектеп оқушыларының санын 1 компьютерге 1 немесе 2 оқушыға дейін келетіндей және мектептердің компьютерлік техникамен және кең жиекті Интернетке қосылуымен комплектациялау деңгейін 100% дейін жеткізу мақсатында орта білім беру объектілерінің базасын материалдық-техникалық жағынан күшейтуге байланысты бюджеттік қаржыландыруды ұлғайту және қаражатпен қаржыландыруға жеке сектордың қатысуын ынталандыру;

мүмкіншілігі шектеулі балаларды оқытып тәрбиелеу және бейімделген ғимараттарда орналасқан мектептерді болдырмау мақсатында орта білім берудің объектілерінің қазіргі заманға сай құрылысы саласында мемлекеттік-жеке серіктестігін дамыту;

жас педагог мамандардың өз ісіне берілуіне және елді мекенге соның ішінде ауылды аймаққа үйренуін ынталандыру;

қамқоршы және ықтимал асырап алушы отбасыларын іріктеу, дайындау және сүйемелдеу бойынша қызмет көрсететін халықаралық ұйымдарының гранттарын және үкіметтік емес ұйымдардың жобаларын қолдану;

ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар және жетім балаларды ұйымдастыруды деинституционализациялау стратегиясын әдістемелік сүйемелдеу үшін педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін жоғарылату институтының қорын қолдану.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет