Дидактикалық тірек материалдарының ролі



бет1/12
Дата26.08.2022
өлшемі207 Kb.
#148261
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Дидактикалық тірек материалдарының ролі
Муз онер, Педагогикадагы статистика сурактары, Педагогикадагы статистика сурактары, Лекция ЦС каз , Жүрінов Ғ., AZhK3324 Ақпараттық жүйелер құрылымы, Аннотация, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Таубай.Б 5.4, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, оқу бағдарлама, Дефектология силлабус, Силлабус Мінез-құлық психологиясы

Дидактикалық тірек материалдарының ролі.
Елбасымыз Н.Назарбаев «Қазақстан-2030» Қазақстан халқына арнаған жолдауында барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуына бағытталған негізгі басым бағыттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін білім мазмұнын жақсартумен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдерін қолданудың тиімділігін арттыру қажеттігі көрсетілген. Қазіргі кезде республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне өтуге бағыт алуда.
Демек, бүгінгі таңда әрбір мұғалімнің мақсаты - сабақ сапасын көтеру түрлерін жетілдіру, оқушылардын пәнге қызығуын арттыру, ізденуін таным деңгейін жоғарылату.
Педагогикалық ғылым мен озық тәжірибенің бүгінгі даму деңгейінде белгілі болған оқыту әдіс-тәсілдерінің бәрін еркін игеріп, әрбір нақты жағдайларға орай ең тиімдісін таңдап алу, олардың жиынтығын түрлендіре отырып пайдалану, әрі шығармашылықпен қолдану - мұғалім шеберлігінің басты мақсаты.
Жаратылыстану пәндерін, соның ішінде химияны оқыту барысында студенттердің логикалық ойлауын дамыту, химиялық тілді меңгеруін қадағалау. Осы мақсатта сабақ барысында дәстүрлі емес әдістерді пайдаланып, түрлі оқулықтан тыс тапсырмалар беріледі, дәстүрлі емес сабақтармен шектеліп қоймай, қосымша шаралар да өтіледі.
Қазіргі жаңа педагогикалық технологияның өзі де бізге осы дәстүрлі емес бағытта жаңашылдықпен жұмыс жасауға бағыттайды. Сабақ беру процесін күрделі педагогикалық объект болғандықтан оның типі дидактикалық бағытына, мазмұнына байланысты өзгере береді.
Сабаққа қойылатын қазіргі талаптар мұғалімнен зор шеберлікті қажет етеді. Мұғалім сабақ үрдісіне материалды дайын күйінде бермей, оқушы ізденісіне жол ашатындай әдіс - тәсілдерді таңдап алуы қажет. Сонда ғана оқушышын мәнінде өзіндік ойлау қабілеті бар жеке адам болып қалыптасады. Ұлы ойшыл, қытай философы Конфуцийдің: “Естегенді ұмытамын, көргенді есте сақтаймын, ал өз ақыл - ойыммен істеген ісімді түсінемін” деген даналық сөздері осы айтылғандары дәлелдей түседі.
Сондықтан сабақта қолданылатын дидактикалық ойындарды пайдалану оқушының бойына адамгершілік қасиеттерімен қатар білімге, өнерге құштарлығын қалыптастырады. Нашар оқитын оқушының өзі ойын элементтері араласқан сабаққа зер сала ынталана түседі. Химиядан дидактикалық ойындарды қолдану оқушының ой - өрісін дамытуға көмектеседі. Жаңашыл ұстаздар сабақ арқылы оқушыға емес, оқушы жүрегі арқылы сабаққа ұмтылыс тудыруды ұсынады.
Оқытылатын жүйені, құбылыстар мен үрдістерді ұқсатып (иминитациялық) моделдеу бойынша белсенді оқытуда дидактикалық ойындардың болашақта оқушының кәсіби мамандығын таңдауына да септігі мол екенін айтуға болады. Химия сабақтарында оқушыларды пәнге қызықтыру үшін дидактикалық ойындарды қолдануда оларды жіктеудің қажеттілігі туындайды.
Білім саласындағы бетбұрыстың негізгі мақсаты – оқу-тәрбие үрдісін түбегейлі жақсарту. Ол үшін білім беру құрлымын жаңашаландыру, оқушылардың еңбек тәрбиесін және мамандануға бейімделу жүйесін жақсарту, оқытудың іс-тәжірибиелік бағытын күшейту, білім берудің сапалығын көтеру қажет.
Студенттерді бағдарлама талаптарына сәйкес жоғары деңгейге жеткізе химия негізінің мықты, жүйелік, терең білімімен сусындатуымыз керек. Осыдан химия сабақтарына тиімділігін, сапалығын арттыру қажеттігі туындайды. Бұнда мұғалімнің ұстаздық шеберлігі аса қажет. Мұғалім мен студенттердің арақатынасы, бірін-бірі танып білуі, біреуінің білімі мен тәдірибиесі және біреудің оны қабылдауы мен меңгеруі аралығында жүреді.
Химия сабақтарында дидактикалық материалдар қолдану әдістері түрліше. Мысалы, студенттерге оксидтер, қышқылдар, тұздар, негіздерді, олардың бір-бірімен байланысуын үйретуді дидактикалық үлестірмелерді қолдана отырып іске асыруға болады. Бұл байланыстар біржақты ретте орнайды. Мысалы, қышқылдарды оқып үйренгенде «қышқыл – негіздік оксид» байланысы қышқылдың қасиетіне қарай орнайды (тура). Бірақ студенттер сонымен қатар кері байланысты, яғни «қышқыл – негіздік оксид» негізгі октидтің қасиетіне қарай орындайтын байланысты да меңгеруі керек. Басқа сөзбен, студенттер әр класс заттарының арасында болатын байланыстардың ішінен заттардың әр класқа жататын байланысын айыру қажет. Заттардың өзара байланыстары көбірек және әр түрлі болған сайын әр түрлі сұрақтар мен тапсырмалар берілген кезде түсініктері мен білімін қолдану оңайрақ. Заттардың әр класына ортақ түсініктер: құрамы, физикалық қасиеттері (түсі, агрегаттық күйі, ерігіштігі), химиялық қасиеттері (басқа кластың затына әсері), заттардың алынуы, табиғатта кездесуі, түрмыста және халақшаруашылығында қолдануы.
26 кесте.






Метал-дар

Бейме-талдар

Негіздік оксидтер

Қышқылдық оксидтер

Қышқылдар

Негіз
дер

Тұз-дар

су

Метал-дар

-

+



-

+





+

Бейме-талдар

+

+



-





-



Негіздік оксидтер





-

+

+

-

-

+

Қышқылдық оксидтер



-

+

-

-

+

-

+

Қышқылдар

+



+

-

-

+



+

Негіздер





-

+

+

-



-

Тұздар



-

-

-







-

Қортындылау сабақтарында студенттер әр класс заттарының бір-бірінен құрамы жөнінен айырмашылығын, қасиеттерін нақты бір жүйеге келтіреді. Оны кесте түрінде көрсетуге болады. Кестенің бірінші көлденені жолында заттардың кластары тізімделеді. Олар бірінші тік бағанасында да қайталанады. Заттардың өзара әрекеттесуі « + » белгісімен, ал әрекеттеспейтін болса «– » белгісімен белгіленеді. Сонымен қатар, оқушылар әлі тыныс емес заттардың әрекеттесуі мүмкін жағдайда « □ » белгісі енгізіледі.
Студенттер төмендегі заттардың: негіздік оксидтердің қышқылдармен қышқылдық оксидтердің сілтілермен және сумен, негіздердің қышқылдық оксидтермен және қышқылдармен, қышқылдардың металдармен, негіздік оксидтермен және негіздермен өзара әрекеттесуін, сондай – ақ еріткіш ретіндегі суға әсерін көрсетеді.
Металдардың бейметалдармен, негіздік және қышқылдық оксидтердің, бейметалдардың сілтілермен өзара әрекеттесу мүмкіндігін анықтайды. «Металл-бейметалл» байланысы оқушылар үшін бейтаныс емес. Оттегі және сутегі қасиеттерін оқып үйренгенде олар осы байланыстардың жиі болатынымен танысты. Заттардың өзара әрекеттесуі мүмкін болатынын мына тәжірибиелерден көреміз: күкірттің мырышпен әрекеттесуін, бор оксидінің кобальт оксидінде балқуын, күкірттің қыздырғанда суда еруін. Осылай кесте құру арқылы жүргізілетін сабақтың дүниетанымдық мақсаты бар.
Біріншіден, студенттерге құрам бөліктері өзара бір-бірімен байланысты кластар түсінігі нақты жүйе ретінде қалыптасады.
Екіншіден, олар қасиеттерінің қарама-қайшылығына негізделген заттардың өзара әрекеттесуі жалпыға ортақ екенін түсінеді. Қасиеттердің қарама-қайшылығы әр класс заттары бір-бірімен әрекеттескенде, яғни құрам бөліктер жүйесі арасында байланыстар туындайтын «жасуша» болып табылады.
Үшіншіден, студенттер өз білімдерінің жаңа білім алуға көмектесіп, пайдаға асып жатқанына көздері жетеді. Бұл мүмкіндік химияны зерттеуге, химия пәнінің не екенін білуге қызығуын тудырады.
Төртіншіден, студенттер осы түсініктерден басқа заттардың өзара әрекеттесулеріне байланысты жаңа зерттеулер ашылатынын түсінеді.
Әдетте студенттер жеке-жеке, қай кластың заты берілген кластың затымен әрекеттесетінін естерінде сақтау керек. Белгілі класс заттарының химиялық қасиеттерін қайталанғанда дидактикалық материалдарды кең түрде қолдану оқушыларды нақты жұмыс істеуге, кластар туралы абстрактылы білімдерін пәндік істерлікпен байланыстыруға көмектеседі. Студент барлық білімдерін бір жүйеге келтірулері керек. Бұған химиялық заттардың сипаттау жоспары көмектеседі:



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет