Дидактикалық тірек материалдарының ролі



бет2/12
Дата26.08.2022
өлшемі207 Kb.
#148261
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Дидактикалық тірек материалдарының ролі
Муз онер, Педагогикадагы статистика сурактары, Педагогикадагы статистика сурактары, Лекция ЦС каз , Жүрінов Ғ., AZhK3324 Ақпараттық жүйелер құрылымы, Аннотация, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Таубай.Б 5.4, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, оқу бағдарлама, Дефектология силлабус, Силлабус Мінез-құлық психологиясы
Физикалық қасиетттері: а) агрегаттық күйі ә) түсі; б) балқу темперкатурасы; в) ерігіштігі.

  • Химиялық құрамы

  • Химиялық қасиеттері: а) жай заттарға әсері; в) күрделі заттарға әсері.

  • Алынуы

  • Табиғатта кездесуі

  • Халық шаруашылығында немесе тұрмыста қолдануы.

    Студенттер әр түрлі байланыстар мен әрекеттесулерді түсінуге тура келген сайын білімдерін қолдана білу қабілеттері артады. Осы мақсатта оқушылардың оксидтер, қышқылдар, негіздер, тұздар туралы білімін тексеруге дидактикалық материалдарды қолдануға болады. Сондай-ақ бейорганикалық заттардың кластары арасындағы генетикалық байланысты түсіндіргенде де дидактикалық материалдарды қолдану тиімді. Гинетикалық байланыс деп бір класс заттарынан басқа класс қаттарын алу байланысын айтады. Көптеген заттар құрамында бір заттан 2-затқа өтіп кете алатын бірдей атомдар тобы бар, сондықтан бір заттан басқа зат алу мүмкіндігі болады. Осыны қолданып, құрамында бірдей атомдары немесе атомдар тобы бар заттардың реалды түрде басқа затқа өзгеруін көрсете аламыз. Реакция теңдеулерін жазып, өзгертулердің тізбегін құрамыз:
    Mg → MgO → MgCl2→ Mg (OH)2→Mg(NO3)2;
    P→P2O5→H3PO4→ Ca3(PO4)2

    Заттардың генетикалық байланысы туралы жаттығулар жүйесіне барлық оқып-танысқан түсініктер кіруі маңызды. Сондықтан қайталау сабақтарында дидактикалық материалдар түрінде өзгерістер тізбегін көптен құрастыруы ұсынады.


    Орта мектептегі бейорганикалық химияның мазмұны мен құрылымын түбірлі өзгерткен Н. С. Ахметов және Л. М. Қузнецова окулығында бейорганикалық қосылыстарды окып үйренудің атом-молекулалық деңгейі және жеке тақырып түріндегі деректі материалдары шығып қалды. VII класта «Химияның алғашқы ұғымдары», «Атомның құрылысы» тақырыптарынан кейін «Химиялық айналулар» «Заттарды жіктеу» тақырыбында қышқылдар, негіздер және тұздардың химиялық реакциялары электрон иондық турғыдан қарастырылды.
    Бүл тақырыптың міндеттері:

    1. оксидтердің, негіздердің, қышқылдардың және тұздардың құрамы жөніндегі білімді бір жүйеге түсіру;

    2. құрамы мен аталуының және қасиеттерінің арасындағы тәуелділікті ашу;

    3. жіктелу негіздерін түсіндіру;

    4. химиялық тіл туралы білімі мен білігін нығайту;

    5. эксперимент дағдыларын жетілдіру, алған білімді эксперимент есептерін шығара білуге қолдану.

    Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін алғашқы сабақта оксидтердің, негіздердің, қышқылдардың және тұздардың құрамы мен аталуы қарастырылады. Алдымен оқушылардың білетіндерін еске түсіру үшін әңгімелесу немесе оқулықпен өздігінен жұмыс өткізіледі. Оқушылар бейорганикалық қосылыстардың жіктелуін сызбанұска түрінде сызып, әр класқа мысалдар келтіреді. Содан соң мына сұрақтар бойынша әңгімелесу ұйымдастырылады: кальций мен көміртегі (IV) оксидтерінің құрамында қандай ұқсастығы мен айырмашылығы бар? Қышкылдар мен тұздар құрамында қандай ұқсастық пен айырмашылық бар? Негіздер мен түздар құрамында қандай ұқсастық пен айырмашылық бар?


    Әңгімелесуден кейін оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстары ұйымдастырылады. Заттарды кластарға бөлу, заттың қай класқа жататынын дәлелдеу (эксперимент есебі), құрамы бойынша затты атау, аты бойынша формуласын жазу тапсырмалары орындалады, мысалы:
    1. Төменде формулалары берілген заттарды кластарға жіктеп, кесте түрінде жазыңдар:
    Н3Р04, Ре, Са504, КОН, Сu, Са3(РО4)2, Сu(ОН)2
    Ғе203, S, КN0З , А1203, Ғе(ОН)3 , HN0З , Са(ОН)2,
    S02, NаСІ, МgО, Р2О5, О2, СuО, Zп(ОН)2.


    Оксидтер

    Негіздер

    Кышқылдар

    Тұздар

    2) керсетілген заттарды атаңдар: KОН, СuSО4, Sі02
    3) аталған заттардың формулаларын жазыңдар:темір (III) хлориді, күкіртті қышқыл, азот (V) оксиді,алюминий гидроксиді, т. б.
    Тапсырмалар әр түрлі әдістермен тексеріліп, қорытынды жасалады.
    Келесі сабақта оксидтердің жіктелуі мен химиялық қасиеттері қорытылады. Оксидтердің анықтамасы, жіктелу негіздері, әр типке жататьш оксидтердің белгілері туралы әңгімелесу ұйымдастырылған соң өздігінен жұмыс орындалады. Оқушылар өткенде кестеге жазылған оксидтерді немесе мұғалім формулаларын берген оксидтерді жіктеп кесте түрінде жазады, оксид түзуші элементтердің валенттілігін көрсетеді. Бір элементтің төменгі валенттілігінде негіздік оксидтің, ал жоғарғы валенттілігінде қышқылдық оксидтің қасиеттерін білдіретініне назар аударады, мысалы: МпО — негіздік оксид, Мп2О7— қышқылдық оксид.
    Оксидтердің химиялық қасиеттері туралы білімді бір жүйеге түсіру үшін зертханалық жұмыс жасалады. Оқушылар кремний (IV) және көміртегі (IV) оксидтерінің суға, кальций гидроксидінің ерітіндісіне, мыс (II) оксидінің және кальций оксидінің суға және күкірт қышқылына қатынасын зерттейді. Соның нәтижесінде: 1) қышқылдық оксидтердің сілтімен; 2) негіздік оксидтердің қышқылмен әрекеттесуі жалпы қасиеттері екені, бұл қасиет оларға анықтама беру үшін пайдаланылатыны жөнінде қорытынды жасалады. Суға қатысы туралы тәжірибеден алынатын мәліметтер: 3) көміртегі (IV) оксиді және кальций оксиді суда ериді, бір жағдайда қышқыл, екінші жағдайда сілті түзіледі; 4) кремний (IV) оксиді және мыс (II) оксиді суда ерімейді. Оксидтердің бәрі бірдей сумен әрекеттеспейді, бұл олардың ерекше қасйеттеріне жатады.
    Оқушылар әр негіздік оксидке негіз, әр қышқылдьщ оксидке қышқыл сәйкес келеді деген қорытынды жасайды. Оксидтің сипатын дәлелдейтін эксперимент есептерін шығарады, мысалы: күкірт (IV) оксидінің қышқылдық оксид екенін тәжірибе жүзінде қалай дәлелдеуге болады? Мыс (II) оксидінің негіздік оксид екенін дәлелдеңдер.
    Қышқылдардың жіктелуі мен химиялық қасиеттерін қорытындылауға арналған сабақ жаппай әңгімелесуден басталады. Қышқылдардың құрамындағы ортақ белгісі, анықтамасы және жіктелу белгілері еске түсіріледі, соңғы сұрақтың жауабы сызбанұсқа түрінде жазылады. Қышқылдар кұрамы бойынша — оттекті және оттексіз, негізділігі бойынша — бірнегізді, екінегізді, үшнегізді және көпнегізді, агрегаттық күйі бойынша — сұйық және қатты, ерігіштігі бойынша еритін және ерімейтін деп жіктеледі. Осылардың әрқайсысына бірнеше мысалдар келтіреді: Н2S, НСІ, Н24, НN03, Н23 (сұйық) және H2SіО3 (ерімейді).
    Қышқылдардың қасиеттері туралы білімді бір жүйеге түсіргенде бәріне ортақ және жеке топтарына ғана тән қасиеттеріне көңіл аударылады. Қышқылдардың ортақ қасиеті — бейтараптану реакциясы, ол құрамында сутегінің болуына байланысты. Күшті және қыздыруға тұрақты қышқылдар металдардың ерімейтін оксидтерімен әрекеттеседі. Активтік қатарда сутегіне дейін орналасқан металдар еритін қышқылдармен реакцияға түседі. Зертханалық жұмыстар жасау және бақылағандарын жинақтау реакция теңдеулерін жазу арқылы оқушылар айтылған қорытындыларға келеді, нәтижесін мынадай сызбанұсқа (13 сызбанұсқа) түрінде жазады:




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет