19 сызбанұсқа-Гидролиздің тірек түсініктермен байланысы
Гидролиз — ол теориялық ұғым. «Электролиттік диссоциация теориясы» атты тақырыпта тұздар гидролизін тек иондық реакциялар арқылы түсіндіруге болады. Алдымен оқушыларға қышқылдар мен негіздердің индикаторларға әсерін еске салады. Бұл жерде тұзардың индикаторларға әсерін қарастырады. Оқушылардың есінде тұздар индикаторлардың түсін өзгертпейтіні қалады. Мұғалім тақырыпты түсіндіру барысында тәжірибелік-зертханалық жұмыс жүргізеді: натрий карбонатының ерітіндісіне фенолфталеин қосады, орта сілтілік болады. Бұрынғы алған біліммен тұздар гидролизі тақырыбындағы жаңа білім: көрсетілген сілтілік орта, бір-біріне қарама-қарсы болып тұрғанын көрсетеді. Мұғалім пайда болған мәселені келесідей шешеді:
1) Тұздың формуласын құрастырып, өзі түзілген негізбен қышқылдың формуласын шығарып, оларды күшті және әлсіз электролиттер тұрғысынан қарастырады. (күшті — к., әлсіз — ә.):
Na2CO3/ NaOH (к)Н2СО3 (ә)
Тұздың диссоциациясын көрсетеді Na2CO3→ 2Na+ +CO3 2-
Судың диссоциациясын көрсетеді (жақша ішінде) [Н2О → Н+ +ОН-]
Тұздар иондарының суға қатынасын қарастырады, реакция нәтижесінде сумен әлсіз электролиттің иондары түседі. CO3 2-+ НОН→ НCO3 - + ОН-
Сондықтан тұздар гидролизі тек әлсіз электролит иондары болғанда жүреді.
Достарыңызбен бөлісу: |