Дидактикалық тірек материалдарының ролі


Электролиттік теория тұрғысынан қышқыл, негіз, тұз туралы оқушылар білімін қорытындылау



бет10/12
Дата26.08.2022
өлшемі207 Kb.
#148261
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Дидактикалық тірек материалдарының ролі

Электролиттік теория тұрғысынан қышқыл, негіз, тұз туралы оқушылар білімін қорытындылау.

Қышқылдар дегеніміз — протонын беретін протолиттер, негіздер протонды қосып алатын протолиттер. Осы көзқарас тұрғысынан иондық реакцияларды тереңірек түсінуге болады.
1 . Қышқылдың диссоциациялануы: НС1 + Н2О Н3О+ + С1-


2.Негіздердің диссоциациялануы: NаОН + Н2О Na+ + H2O + OH


3.Судың диссоциациялануы: Н2О + Н2О НзО+ + OH-
4 . Бейтараптану реакциясы: Н3O+ + OН- H2O + H2O
5. Гидролиз: S2- + Н2О НS- + ОН-


6.Гидроксидтің еруі: Zn(ОН)2 + 2Н3О+ Zn2+ + 4Н2О


1—3-реакцияларда су молекулалары протонды беріп — қышқылдық және қосып алып — негіздік қасиет көрсетеді. 4,6 реакцияларды гидроксоний ионы — қышқылдық гидроксид ион негіздік қасиет білдіреді. Бұл теория бойынша негіздің құрамында гидроксид ионының болуы шарт емес, мысалы: NН3 + Н+ = NН+4. Аммиак протонды қосып алып, негіз екенін білдіреді, бірақ оның құрамында гидроксиді болмайды.
Қышқылдық және негіздік қасиеттер әр затта болуы ықтимал. Қышқыл деп айдар тағып жүрген затымыздың өзі протон қосып алып, негіздік қасиет білдіруі мумкін, мысалы күкірт қышқылы:
Н24 + H+ = Н3 4+
сульфатоний
Электрондық теорияның элементтері органикалық химияны оқығанда қолданыс табады. Негіз — электрон жұбының доноры, қышқыл акцепторы болатын заттар. Айтылған теориялардың негізін меңгеру оқушылардың ой-өрісін кеңейтеді. Оның үстіне орта мектептерде химиялық білім берудің кейбір тұжырымдамаларында протолиттік теориямен оқушыларды жан-жақты таныстыру, қышқылдар мен негіздердің қасиеттерін осы теорияның тұрғысынан оқыту көзделген. Бұл теория оқушыларда ғылыми-материалистік көзқарас қалыптасуына үлкен жәрдемін тигізеді.
Электролиттік диссоциялану теориясына дейін тұздардың химиялық қасиеттері және алу жолдары арнайы қарастырылмайды. Сутек және қышқылдар тақырыбында тұздар туралы алғашкы ұғым берілген соң бейорганикалық қосылыстардың басқа кластарын өткенде тұздардың реакцияға кірісуі мен реакцияның нәтижесінде түзілуі ұдайы кездесіп отырады. Тұздар туралы әр жерде алынған мәліметтер бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары жөніндегі білімді қорытқанда бір жүйеге келтіріледі, бірақ олардың химиялық қасиеттері мен алынуы толық талданбайды. Бұл мәселе түздар қатысатын реакциялардың жүру жағдайларын, мәнін және механизмін саралайтын иондық теория тұрғысынан ғана жан-жақты оқылады. Тұздардың жалпы қасиеттері ион алмасу реакциялары бойынша түсіндіріледі;
2+ 0 0 2+

  1. Pb (NO3)2+Zn=Pb+Zn(NO3)2

0 0
Pb2++2NO-3+Zn=Pb+Zn2++2NO-


Pb2++Zn0=Pb↓+Zn2+
Реакция қорғасын катионы мен мырыш атомының арасында жүреді, нитрат ионы реакцияға қатыспайды.

  1. Күшті және тұрақты қышқылдар әлсіз қышқылдарды тұздарынан ығыстырады:

Na2SO3+2HCl=2NaCl=2NaCl+H2O+SO2
2Na++SO23-+2H++2Cl- = 2Na++2CI- + H2O+SO2
SO23-+2H+=H2O+SO2


Реакция нәтижесінде түзілген күкірт қышқылы айырылып, газ түзілетіндіктен алмасу ракцияның мәні - сульфит анион мен сутек ионның (гидроксонийдің) әрекеттесуі.

  1. Тұздар сілтілермен әрекеттеседі:

Fe2(SO4)3+6KOH=2Fe(OH)3+3K2 SO4
2Fe3++3SO24-+6K++6OH- = 2Fe(HO)3↓+6K++3SO24-
2Fe3++ 6OH- = 2Fe(OH)3
Реакция металл катионы мен гидроксид аниондарының арасында жүреді.
Тұздар өзара әрекеттесіп жаңа тұздар түзіледі:
KCl+AgNO3=AgCl↓+KNO3
K++Cl- +Ag+ + NO-3 = AgCl↓+ K+ + NO-3
Ag++Cl- = AgCl↓


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет