Дидактикалық тірек материалдарының ролі
Дидактикалық тірек материалдарының ролі
Бұл жоспар элементтерді топшалары бойынша оқып, үйренгенде қолданылады.Оқушылардың осы білетіндеріне қосымша оттегі жай затының молекуласы оттегі элементінің екі атомынан түзілетіні, элементтің химиялық таңбасы, салыстырмалы атомдық массасы, қосылыстардағы валенттілігі, табиғатта таралуы түсіндіріледі. Ауаның, судың жер қыртысының құрамында, тірі организмдердің денесінде болатыны айтылады, күрделі заттар аралығында алынатыны, тотығу реакциясына қатысып, оксидтер түзетіні талданады. Қасиетіне қарай жасанды тыныс алатын жерлерде (ғарышта, су астында, медицинада), жануды күшейтуді қажет ететін өнеркәсіпте (металлургияда, химия заводтарында), пиротехникада қолданылуы сызбанұсқа түрінде көрсетіледі. Химиялық элементтердің жеке топтарын, топшаларын, сутекті және оттекті қосылыстарын еткенде үш теорияның тұрғысынан алған білім жеке қосылысты сипаттау үшін пайдаланылады. Оның жалпы, жеке қүрылысына байланысты ерекше қасиеттеріне назар аударылады. Осының бір мысалы кремнийдің (IV) оксиді мен қышқылын көміртегі (IV) оксиді және қышқылымен салыстырғанда келтірілді. Егер бейорганикалық қосылыстар кластары туралы ұғым қалыптасуының бірінші кезеңінде азот қышқылынан сутегі бөлінбейді делінсе, енді оның себебі түсіндіріледі. Азот қышқылының алты түрлі тотықсыздану өнімдері болатыны жөнінде ұғым қалыптастырылады. Есте болатын нәрсе, бейорганикалық қосылыстардың, қай класын алсақ та, барлық жеке өкілдерін тегіс қамтитын жалпы қасиеттер өте аз. Қосылыстардың белгілі бір тобына ғана тиесілі қасиеттің ауқымын кеңейтуден аулақ болған дұрыс. Оқушы біліміндегі формализмнің түпкілікті себебі осыдан және дара ерекшеліктерді ұмытудан туындайтынын әрдайым есте ұстау керек. жүктеу/скачать 207 Kb. Достарыңызбен бөлісу: |