3. Бейорганикалық қосылыстардағы классаралық байланыс туралы түсінікті қалыптастыру. Бір топтағы (кластағы ) заттан басқа топтағы затты алуға негізделген бейорганикалық қосылыстар топтарының арасындағы байланысты генетикалық байланыс деп атайды. Күрделілену жағынан алғанда бұл байланыс химиялық элементтің жай затынан басталып, тұзбен аякталатын қатар түзеді. 15 сызбанұсқада – Бейорганикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланыс көрстетілген.
Жай заттан бастап әр күрделі заттың өзіне тән ұқсас және әр түрлі қасиеттері байқалады. Соған байланысты олардың бір – біріне айналу заңдылықтары ескеріледі.
Мысалы, генетикалық қатар: метал – негіздік оксид – негіз – тұз.
2Ca + O2 = 2CaO
CaO + HOH = Ca(OH)2
Ca(OH)2 + 2HCl = CaCl2 + 2H2O
Бейметалл – қышқылдық оксид – қышқыл – тұз.
S + O2 = SO2
SO2 + H2O = H2SO3
H2SO3 + 2 NaOH = Na2SO3 + 2H2O
Мұндай өзара ұқсастық арқылы генетикалық байланыс іске асады.
( грекше «генезис» - «шығу тегі»)Жеке кластардың өзара байланысы арқылы заттардың бір – біріне айналуы генетикалық (тектік) байланысқа жатады.
ХХ ғасырдағы жаңа ғылым – генетика. Генетика ағзалардың тұқым қуалағыштығын зерттейтін ғылым. Ген – тұқым қуалайтын белгі немесе тек.
Қазақта : « Ата – тегін білмеген, жетесіздік белгісі» деген мақал бар. Сол сияқты химияда да генетикалық байланыс болады. Тегі металл болса, негіз түзіледі, ал тегі бейметалл болса, қышқыл түзіледі.
Барлық бейорганикалық класстарға жататын заттардың жіктелуі төмендегі 32 кестеде берілген:
32 кесте -Күрделі заттар
Достарыңызбен бөлісу: |