Анықтамалық экспозицияны тарихта оқытуда тиімді пайдалану Баймағамбетов Ерлан Русланұлы



бет1/4
Дата23.07.2020
өлшемі36,26 Kb.
#75537
түріАнықтамалық
  1   2   3   4
Байланысты:
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты


Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты

анықтамалық экспозицияны тарихта оқытуда тиімді пайдалану

Баймағамбетов Ерлан Русланұлы

Нақты мақсатқа жетуге, білім алуға, саламатты өмір салтын ұстануға, кәсіби тұрғыдан жетілуге басымдық бере отырып, осы жолда әр нәрсені ұтымды пайдалану, бұл – мінез-құлықтың прагматизмі. Яғни, реализм мен прагматизм ғана таяу онжылдықтың ұраны болуға жарайды.

Елбасы Н.Ә. Назарбаев

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласында: «Көне жылнамалар бүгінгі қазақтардың арғы бабалары ұлан-ғайыр Еуразия құрлығындағы саяси және экономикалық тарихтың беталысын талай рет түбегейлі өзгерткені туралы сыр шертеді» деп айтылған ойдың астары – тарихи шындық. Біздің бай әрі ұлы тарихымыз бар. Бұл – Елбасымыз мысалға келтірген неміс­тердің, италяндардың немесе үнді халықтарының жылнамаларында баяндалған жетістіктерден артып түс­песе, бір де кем емес. Сондай-ақ мақаланың мына тұсына ерекше назар аудару қажет: «Еуроцентристік көз­­қарастар – сақтар мен ғұндар және т.б. қазіргі түркі халықтарының ар­ғы бабалары саналатын этностық топтар ұлтымыздың тарихи этногенезінің ажырамас бөлшегі бол­­ғаны туралы бұлтартпас факті­лерді көруге мүмкіндік берген жоқ». Тәуелсіздік кезеңіне дейін, төл тарихымыз саяси-иделогиялық қысымнан аса алмады. Сол себептен де байырғы отырықшылар мен көш­­пенділердің ұрпақтары бұл күн­де өздерінің тарихын қанша жерден жан-жақ­­ты білеміз дегенімен, төл тарихымызға күдікпен қарады. Яғни жас ұрпақтың қазақ халқының тарихы жайындағы көзқарасы еуро­палық және кеңестік дәуірде жазылған тарих негізінде қалыптасты.



Елбасы мақаласында осы қа­лып­тасқан тарихи сананы қайта жаңғырту қажеттігін қадап айтып, оны жүзеге асырудың нақты жол­дарын атап көрсетті. «Кеңістік – барлық нәрсенің, ал уақыт – бүкіл оқиғаның өлшемі. Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы басталады», - деп бастап, мұның «жай ғана әдемі афоризм еместігін» айтқан. Демек, уақыт пен кеңістіктің көк­жиегі тоғысқан кезде басталған осы ұлттық тарихымызға терең үңіліп, түп-тамырымызды жете танып, оның күрмеуі күрделі түйінін шешуге ұм­тылу – баршамызға ортақ міндет деп санаймыз. Жас ұрпақ, төл тарихымыздың төлтума болмысын біліп қана қоймай, оның ешкімнің тарихы­нан кем еместігін және артық тұстарын терең ұғына отырып, мақтан тұтып тарих жайлы дұрыс ұстаны­мы­ болғаны өте қажет. Бұл ретте Елбасымыздың көр­сет­кен Ұлы Даланың жеті қыры мақаласындағы ұлы­ да­ла­лық­тардың адамзат баласы жасаған өр­кениеттің бастауында тұрғанын, оған қажетті дәйектердің жеткілікті екендігін жас ұрпаққа көрсету бүгінде тарих пәні мұғалімдерінің еншісінде. Сол себепті де, әрбір халықтың тарихи өмірінде қол жеткізген ең құнды дүниелері – рухани және адами қасиеттері, моральдық нормалары, рухани және материалдық мәдениеттері мен ұлттық құндылықтары бар. Ұлттық құндылықтар – қандай да бір этникалық қауым өкілдерінің өзіндік тарихи көрінісі бар рухани мұраттарының жиынтығы. Ұлттық құндылықтардың әрбір халықтың өмірінде алатын орны өзгеше екені белгілі. Сондықтан да, әрбір жаңа ұрпаққа Ұлы даланың әлем өркениетіне қосқан қырларын мектеп қабырғасында жете түсіндіріп, оқушы санасына сіңіру өзекті мәселе.

Қазақ халқының ұлттық тарихы, мәдениеті мен құндылықтарын «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы негізінде өскелең ұрпаққа насихаттау. Қазақстан мектептеріндегі «Ұлы даланың жеті қыры» атты анықтамалық экспозицияны Қазақстан тарихын оқытуда тиімді пайдалану аясын кеңейту. Ұлы даланың жеті қыры­ның» кез келген бөлімі Қазақ елі­нің өміріндегі ерекше мұра: болашаққа бағыт бағдар беретін басты рухани- идеологиялық жоба ретінде ұсыну. Мақалада айтылған көне мұраларымыздың әлем өркениетін құруға қосқан орасан зор үлесін баса айтып, дәріптеу.

Жас ұрпақ, төл тарихымыздың төлтума болмысын біліп қана қоймай, оның ешкімнің тарихы­нан кем еместігін мақтан тұтып тарих жайлы дұрыс ұстаны­мы­ болуы бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Осындай ұстанымды қалыптастыруда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы біздің басты бағытымыз. Елбасымыз 2017 жылы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «төл тарихымызға, бабаларымыздың өмір салтына бір сәт үңіліп көрсек, шынайы прагматизмнің талай жарқын үлгілерін көруге болады. Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек», - деген сөздерінен «Ұлы даланың жеті қыры» жобасы Рухани жаңғырудың заңды жалғасы екенін көреміз.

Елбасымыз «Рухани жаңғыру» мақаласында «Патриотизмнің ең жақсы үлгісі орта мектепте туған жердің тарихын оқудан көрініс тапса игі» - деген. Сол себептен Ұлы дала тарихын жас ұрпақ мақтан тұтатындай етіп насихаттау үшін нақты тарихи деректердің асып жетерлігін көрсету, мысалы, ежелгі грек, парсы, қытай деректерінде:

Гректер сақтарды аса жоғары құрметтеп,оларды әлемдегі ең әділ,ең шыншыл деп есептеген. Парсы жазбаларында сақтарды «құдіретті еркектер» десе, иран жазбаларында «жүйрік атты турлар» деген. Сақтардан кейінгі Ұлы дала өркениетін жалғастырушы Үйсіндер мен Қаңлылар жайындағы деректерде: «олар көршілес жатқан Қытай сияқты ірі елдермен тең құқықты дәрежеде саяси және сауда қарым-қатынас жасаған, Ежелгі Иранның «Авеста» деп аталатын қасиетті кітабында «Вэсаканың ержүрек ұлдары ең биік, бәрінен жоғары тұрған Канха қамалының алдында құрбандық берді», міне осы және көптеген т.б деректерге қарап Ұлы дала тұрғындарының ұлылығын көреміз десек артық етпес.

Ұлы даланың алғашқы ұлы тұлғалары жайында нақты деректер жетерлік солардың бірі: Плутархтың «Жеті данышпанның сауығы» әңгімесінен Анахарсистің Эллиндер елінде өзінің ақылымен, адамгершілігімен, терең білімімен үлкен құрметке ие болғаны байқалады. Герадоттың баяндауына қарағанда, Анахарсис Эллада елінде оқып білім алып, мемлекет ісіне үйреніп, еліне қайтады. Афины билеушісі атақты реформатор Солонның төмендегі жалынды сөздерді ұлы скиф данышпаны Анахарсиске арналады. «Афинылықтар, мен сендер үшін әділетті заң жасадым, оны өздерің үшін де, мемлекет үшін де өте пайдалы деп есептеймін. Ал мына жат елдің азаматы скиф бола тұра ақылға бай, дана. Бұл менің көзімді ашты, ойымды байытты, көптеген пікірлерімді басқаша байыптауға көмектесті, көптеген кеңес беріп, білім мен пайдалы іске үйретті. Сондықтан да, бұл азаматты ел үшін де, мемлекет үшін де, құтты деп санап, оның мүсінін мыстан құйып, ең құрметті жерге халық қалаулыларының мүсіндерімен қатар қойыңдар!» - деп әмір еткен.

Темір дәуірінен кейінгі Түркі әлемінің бесігіндегі жаңа кезең Түркі дәуіріндегі Ұлы далалықтар жайындағы деректері араб, қытай жазбаларынан және сол заманда өмір сүрген ғалымдардың еңбектерінен көре аламыз. Солардың біреріне тоқталсақ: VI ғасырдың 60-жылдарының соңына қарай Түрік қағанаты сол кездегі ірі мемлекеттер –Византия, Иран, Қытаймен терезесі тең мемлекет болып, Ұлы Жібек жолының едәуір бөлігіне ие болған. Орта ғасырлардағы Ұлы Даланың (Донайдан Алтайға дейінгі аралық) атауы мұсылман жазба деректерінде Дешті Қыпшақ аталды. Қазақстан тарих ғылымында Х-XVII ғасырлардағы Қара теңіз бен Каспий аралығын «Батыс Дешті Қыпшақ», ал қазақ даласын «Шығыс Дешті Қыпшақ» деп атау қалыптасқан.

Ал «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласы тарихымызды сонау энеолит және қола дәуірінен бастап тарқатады. Жоба көшпелі өркениеттің қалыптасу жолындағы маңызды оқиға далалықтардың алғаш жылқыны қолға үйретуі мен Ұлы даладағы ежелгі металл өндірудің амал-тәсілдерінің пайда болуынан бастап, қазіргі жаңа қазақ тарих ғылымындағы ашылған жаңалықтармен сабақтаса өрбиді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет