БАҒдарламасы ақтау, 2015 жыл мазмұны бағдарламаның паспорты 3 АҒымдағы жағдайды талдау 10



бет8/18
Дата28.01.2018
өлшемі3,44 Mb.
#34804
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18

Әлсіз тұстары:

аудандық деңгейде үкіметтік емес сектор дамуының төмен деңгейі;

ақпараттық-насихаттау жұмысын жүргізу кезінде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану деңгейі біршама төмен;

әлеуметтік маңызды жобалардың орындалу сапасын бағалауға арналған бірыңғай өлшемдердің жоқтығы.



Қатерлер:

өңірде ішкі саяси жағдайды нығайтуға бағытталған көрсеткіштерге қол жеткізе алмау, соның салдарынан:

өңірге жалған діндердің ену және таралу мүмкіндіктері;

облыс халқында әлеуметтік оптимизмнің төмендеуі.



Мүмкіндіктер:

тұрақты жұмыс істейтін сұхбат алаңдарының тиімді қызметі арқылы мемлекет пен ҮЕҰ-дың әлеуметтік әріптестіктерін одан әрі тереңдету, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты, Қазақстан халқы Маңғыстау облысының ассамблеясының сессиясын қаржыландыруды ұлғайту;

Достық үйін құру;

әлеуметтік ширығысудың әлеуетті ошақтарын уақытылы айқындап, оларды жою бойынша тиісті алдын алу шараларын алу.



Ақпараттық саясат. 01.01.2014 жылғы жағдай бойынша Маңғыстау облысында 33 БАҚ есепке қойылған. 27 баспа БАҚ-ның 21 газеті мен 6 журналы, 6 электронды БАҚ-ның 1 телеарнасы, 2 кабелдік теледидарламасы, 3 радиостанциясы жұмыс істейді.

Мемлекеттік облыстық газеттер – «Маңғыстау» газеті 6147 дана, «Огни Мангистау» 5106 дана тиражбен шығады. «Қазақстан Ақтау» облыстық телеарнасы тәулігіне 14 сағат хабар таратып, облыстың барлық елді мекендерін қамтиды. «Маңғыстау» радиосы облыстың барлық аумағына хабар таратады. «Жолбаян», «Вест» радиолары Ақтау және Жаңаөзен қалаларында, Мұнайлы және Түпқараған аудандарына хабар таратады. Ағымдағы жылғы қазаннан бастап «Қазақстан-Жаңаөзен» телеарнасы сандық форматта хабар таратады.

Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуге 2013 жылы облыстық бюджеттен 316,9 млн. теңге, оның ішінде облыстық БАҚ-на 281,7 млн. теңге, республикалық БАҚ-на 35,6 млн. теңге бөлінді.

Халықты мейлінше маңызды қоғамдық саяси оқиғалармен хабардар ету және мемлекеттік бағдарламалар мен ҚР Үкіметінің және Президенінің тапсырмаларының іске асырылу барысын көпшілікке тарату мақсатында, 23 тақырыптық медиа-жоспар әзірленіп, іске асырылды.



Ақпараттық саясат бойынша SWOT-талдау:

Мықты тұстары:

мемлекеттік ақапараттық саясатты іске асыруды қаржыландыру көлемін өсіру қамтамасыз етілген;

мемлекеттік органдардың жетекші облыстық, қалалық және аудандық БАҚ-мен өзара іс-қимылының кешенді жүйесі ынтымақтастық негізінде жолға қойылған.

Әлсіз тұстары:

қазіргі замандағы ақпараттық рыногтың талаптарына сай келетін кәсіби мамандардың жеткіліксіз саны;

журналист кадрлардың құқықтық сауатының төмендігі.

Қатерлер:

өңірдің қоғамдық-саяси өмірін тұрақсыздандыруға бағытталған материалдардың мемлекеттік емес БАҚ-да шығуы.



Мүмкіндіктер:

мемлекеттік емес БАҚ-ын мемлекеттік ақпараттық тапсырысты іске асыруға тарту;

жергілікті журналист кадрлардың біліктілігін арттыруға бағытталған оқыту іс-шараларын өткізу.

Жастар саясаты. Өңірде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мақсатында, өңірде жастар саясаты мәселелері басқармасы, басқарма жанында 2014 жылдан бастап облыстық жастар ресурстық орталығы, сондай-ақ облыстың қалалары мен аудандарында 7 жастар орталығы мен 30 жастар ұйымы жұмыс істейді.

Облыста мемлекеттік органдардың жастардың қоғамдық бірлестіктерімен тиімді өзара іс-қимыл жасауы үшін барлық жағдай құрылған.

Мемлекеттік органдар мен жастар бірлестіктерінің өзара іс-қимылының маңызды иниституттары:

барлық деңгейдегі әкімдердің жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңестер;

облыстың барлық аудандары мен қалаларындағы әкімдіктер жанындағы жастар орталықтары мен бөлімдер болып табылады.

Өңірдегі мемлекеттік жастар саясатын тиімді іске асыруға облыстық бюджеттен 2014 жылы 214,9 млн. теңге мөлшерінде қаражат бөлінді (2013 жылы – 182,5 млн. теңге, 2012 жылы – 122,6 млн. теңге, 2011 жылы – 63,7 млн. теңге).

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы мемлекеттік жастар саясатын іске асыру үшін, облыстық бюджеттен 40,7 млн. теңге сомасында қаражат көздестірілді (2013 жылы – 35 млн. теңге, 2012 жылы – 178 млн. теңге, 2011 жылы – 145 млн. теңге).

Жастар арасында, оның ішінде «Дипломмен ауылға», «Жастар практикасы» және «Жасыл ел» бағдарламаларының аясында жұмыссыздық деңгейін азайту бойынша нақты жұмыс жүргізілуде.

«Дипломмен ауылға» жобасының аясында 2014 жылғы 1 желтоқсанға облыстың қалалары мен аудандарының елді мекендеріне 955 жас маман жұмысқа орналастырылды (2012 жылы – 462 жас маман).

Жастар практикасы» жобасының аясында 718 жас адам (2013 жылы – 755), жұмысқа орналастыру органдары арқылы 1883 жас адам жұмысқа орналастырылды (2013 жылы – 1233).

Тіркелген жастар жұмыссыздығы 2014 жылғы 1 желтоқсанға 1,1% құрайды (2013 жылы – 0,6%).

«Жасыл ел» бағдарламасының аясында ағымдағы жылы облыстың қалалары мен аудандарында «Жасыл ел» еңбек жасағының көгалдандыру жұмыстарын жүргізуі үшін 800-ден астам жастар тартылды (2013 жылы – 750).

Ресурстық орталықтар мен жастар ұйымдары өкілдерінің қатысуымен 2014 жылы облыстың қалалары мен аудандарында Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын және мемлекеттік жастар саясатын іске асыруды, сондай-ақ «Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын жастар арасында түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізілді.

Талантты жастарды қолдау мақсатында, облыстық Дельфийлік ойындар «Жыл студенті – 2014» жастар конкурсы, «Қазақстан, тек алға!» жыл сайынғы жастар форумы және «Жас тұлпар – 2014», КВН «Жайдарман» ойындарының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өткізілді.

Өңірде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мақсатында, жастар саясаты мәселелері басқармасы, жастардың ресурстсық орталықтары, сондай-ақ жастар ұйымдары көптеген іс-шаралар, оның ішінде: «Ауыл жастары – 2014» ІІ облыстық слетін, қалалар мен аудандардың жастарымен «Болашақ білімді жастардың қолында» тақырыбында кездесулер, «Мәңгілік ел» тақырыбында патриоттық акция, жастар фестивалін, «Ауылым-алтын бесігім» атты жастар керуенін, «Жастар Отанға!» аясында ауыл жастарының жазғы саяси лагерін, «Студенттік көктем – 2014», «Менің Қазақстаным» атты жастардың республикалық патриоттық фестивалін өткізді.

Жалпы білім беретін оқу орындарының жастарымен «Теріс пиғылды ағымдардың алдын алу және діни наным» тақырыбында кездесу өткізілді.

Сондай-ақ, жастар саясатын іске асыру үшін қалалармен аудандарда 600-ден астам іс-шаралар (дөңгелек үстелдер, семинарлар, акциялар, сенбіліктер және т.б.) өткізілді.

Облыстың барлық жоғары және техникалық-кәсіптік оқу орындарында 26 Жастар ісі жөніндегі комитет жұмыс істейді, 2013 жылы 24 комитет болған. 2013 жылы облыстың 5 кәсіпорнында жастармен жұмыс жөніндегі ұйымдар мен комиттеттер бболса, 2014 олардың саны 17-ге артты..



Жастар саясаты бойынша SWOT-талдау:

Мықты тұстары:

патриоттық өзіндік сана-сезімді, азаматтық жауапкершілікті көтеруге бағытталған жастармен өзара іс-қимылдың тиімді моделі (Әкімдік – облыстық жастар саясаты орталығы – ҮЕҰ) құрылды;

белсенді әлеуметтік және азаматтық ұстанымды және салауатты өмір салтын қалыптастыру, кәсіпкерлік және инновациялық әлеуетті дамыту, жас таланттарды қолдау;

жастар саясаты жөніндегі іс-шараларға жастардың қатысу пайызы және ақпараттық жастар саясаты қызметінің саны артты;

қалаға кетіп жатқан ауыл жастарының деңгейі төмендеді (республика бойынша төменгі деңгей);

облыстағы жастардың ҮЕҰ-ның мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды іске асыруын қаржыландыру көлемінің өсуі тіркелді;

мемлекеттік органдардың жастардың ҮЕҰ-мен өзара іс-қимылының маңызды институттары: барлық деңгейдегі әкімдіктер жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңестер, облыстық жастар форумдары құрылды.

Әлсіз тұстары:

бірлесіп орындаушы - мемлекеттік органдардың мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға қатысуының төмен деңгейі;

аудандарда жастар инфрақұрылымы жеткілікті дамымаған;

жастардың ҮЕҰ-ның әлеуметтік маңызды жобаларының орындалу сапасын бағалаудың бірыңғай өлшемдерінің жоқтығы.



Қатерлер:

жастар арасында нашақорлықтың, діни экстремизмнің таралу мүмкіндігі;

жастардың іс-шаралары мен жобаларын жеткізе қаржыландырмау.

Мүмкіндіктер:

өңірде жастар саясатын іске асыруды жақсарту үшін «Жастардың жол картасы – 2015» бағдарламасын әзірлеу;

Жастарды жұмысқа орналастыруға ықпал ететін «Жастар практикасы», «Дипломмен – ауылға», «Жасыл ел» жобаларын одан әрі ілгерілету;

«Бизнестің жол картасы» аясында жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау;

«Қолжетімді тұрғын үй – 2020» жобасының аясында жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету.
2.2.2.8. Қоғамдық қауіпсіздік және төтенше жағдайлардан сақтандыру

Қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіп. Соңғы үш жылда облыс аумағында 14149 қылмыс тіркелді (2011 жылы – 3401, 2012 жылы – 4368, 2013 жылы – 6380).

2014 жылдың 11 айында 5771 қылмыс тіркеліп, 2013 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда (5812) қылмыстардың 0,7%-ға (немесе 41 фактіге) төмендеуі байқалады.

Өңірдегі криминогенді жағдай тұрақты және құқық қорғау органдарының бақылауында екенін атап өткен жөн.

Жыл басынан бері облыс ІІД-нің бөлімшелері облыс аумағында «Құқықтық тәртіп», «Қару», «Мигрант», «Нелегал», «Қаңғыбас», «Тұрмыс», «Қадағалау», «Жасөспірім», «Назар аударыңыздар, балалар», «Қауіпсіз жол», «Такси», «Контрафакт», «Іздеу», «Пәтер», «»Айдап әкету», «Арна», «Мак» сияқты 60-тан астам жедел-алдын алу іс-шараларын өткізді.

2013 жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда, облыс ІІД-нің жедел-қызметтік жұмысының бірқатар негізгі көрсеткіштерінің жақсаруға беталғаны көрінеді. 2014 жылғы 11 айдың қорытындысында 2500-ден астам (2012 жылы – 1945, 2013 жылы – 2273), оның ішінде 324 ауыр (2012 жылы – 305, 2013 жылы – 371) және 50 аса ауыр қылмыс (2012 жылы – 60, 2013 жылы – 56) ашылды.

Адам өлтіру саны – 39,4%-ға (2013 жылғы 33-тен 2014 жылы 20-ға дейін, 2012 жылы – 37), ауыр дене жарақатының саны – 36,2%-ға (649-дан 414-ке дейін, 2012 жылы – 400), қарақшылық саны – 33,0%-ға (327-ден 219-ға дейін, 2012 жылы – 366) және өзгенің мүлкін ұрлау саны – 1,3%-ға (3045-тен 3005-ке дейін, 2012 жылы – 2456) қысқарды.

Көшеде жасалған қылмыстардың саны – 19,5%-ға (866-дан 697-ге дейін, 2012 жылы - 1010), кәмелектке толмағандар жасаған қылмыстардың саны – 23,6%-ға (110-нан 84-ке дейін, 2012 жылы - 106), топпен жасалған қылмыстардың саны – 8,9%-ға (395-тен 360-қа дейін, 2012 жылы - 402) және тұрмыс саласында жасалған қылмыстардың саны – 62,5%-ға (8-ден 3-ке дейін, 2012 жылы - 6) азайды.

Елді мекендердің қоғамдық орындары мен көшелеріндегі жедел жедел жағдайды тұрақтандыру ұйымдастырушылық-практикалық шаралар кешені іске асырылуда. 2013 жылғы қарашада Маңғыстау облысында жол және патрульдік полиция бөлімшелерінің екі ірі саптық бөлімшесінің бірігуі болып өтті. Қоғамдық тәртіпті қорғайтын және жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қызметкерлердің саны артты, патрульдік тексерудің бұрыннан бар бағыттары толықтай қайта қаралды, автопатрулдердің саны көбейді.

ІІД облысының аумағында 251, оның ішінде 159 жаяу патрульдеу бағытын, оның ішінде 6 стационарлық полиция пункті мен 72 автопатруль, 11 атпен патрульдеу бағытын, 3 «Шеп» тосқауыл жүйесiндегi арнайы бақылау бекеттерiн ұйымдастырды.

Бүгінгі күнге облыстың әкімшілік полициясының желісі бойынша 14 «Сақшы» отряды (58 адам), 18 студенттер отряды (145 адам), учаскелік полиция пункттері жанындағы 60 «Қоғамдастық кеңесі» (479 адам), полицияның 75 қоғамдық ерікті көмекшісі мен 49 консьерж қызмет етеді.

Қоғамдық құрамалардың қатысуымен 2014 жылдың 11 айында 334 (2012 жылы – 576, 2013 жылы – 443) әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, олардың көмегімен 35 (2012 жылы – 30, 2013 жылы – 41) қылмыс ашылды.

Қоғамдық тәртіпті қорғауға, сондай-ақ қылмыстың жолын кесу мен ашуға қатысып үздік шыққан азаматтар ақшалай қаражатпен көтермеленеді. 2014 жылдың 11 айында қоғамдық тәртіпті қорғауға белсене қатысқан және ішкі істер органдарына жәрдем көрсеткен 109 азамат 2 млн. теңге жалпы сомасында көтермеленді.

Ішкі істер органдарын материалдық-техникалық жарақтандыру мәселелеріне ерекше назар аударуда.

Ақтау қаласында ішкі істер органдарының қызметкерлеріне арналған 120 пәтерлік тұрғын үй салынып, пайдалануға берілді. 100 және 60 пәтерлік тағы 2 тұрғын үй Жаңаөзен қаласында ағымдағы жылғы желтоқсанда аяқталмақ.

Облыстың Жедел басқару орталықтарының техникалық жарақталуын жақсарту үшін ағымдағы жылы республикалық бюджеттен 314,5 млн. теңге бөлінді. Мәселен, Ақтау қаласы ІІБ-ның ЖБО үшін 40 бейнебақылау камерасы сатып алынып, орнатылды. Бүгінгі күнге Ақтау қаласы бойынша 114 бейнебақылау камерасы жұмыс істеп тұр, оның 21 камерасы облыстық ҚАЖД-нің түзету мекемелері орналасқан аудандарда орнатылған.

Ақтау қаласы ІІБ ЖБО-ның операциялық залында соңғы үлгідегі «Planar» бейнеқабырғасы орнатылды.

Бүгінге Жаңаөзен қаласы бойынша 20 бейнебақылау камерасы жұмыс істеп тұр. Қазіргі кезде Жаңаөзен қаласында 33 млн. 220 мың теңге сомасына 18 қосымша бейнебақылау камерасын орнату және қосу жұмыстары жүргізілуде.

Бейнебақылау камераларының көмегімен 23016 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, жолы кесілді (2013 жылы – 11039), 158 қылмыс ашылды (2013 жылы – 68).

Облыстың автожолдарында 2014 жылдың қаңтар-қарашасында 322 жол-көлік оқиғасы тіркеліп (2012 жылы – 359, 2013 жылы – 436), оларда 91 адам (2012 жылы – 79, 2013 жылы – 106) қаза тапты және 409 адам (2012 жылы – 456, 2013 жылы – 572) жарақат алды. 2013 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда ЖКО-ның саны 16,1%-ға, қаза тапқандар саны 1,1%-ға және жараланғандар саны 18,7%-ға төмендеді.

Облыс ІІД-нің Жол полициясы басқармасы авариялардың алдын алу бойынша мақсатты жұмыс жүргізуде. Мәселен, «Нұр Отан» ХДП облыстық филилалы өкілдерінің қатыуымен және БАҚ-ын тартумен облыс аумағында жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша бірқатар жедел-алдын алу және рейдтік іс-шаралары өткізілді.

Әкімшілік полиция қызметкерлері жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында 2014 жылдың 11 айында Жол қозғалысы қағидаларын 102818 бұзушылықты (2013 жылы – 68619), оның ішінде көлік құралын мас күйінде айдаудың – 1727 (2013 жылы – 1971), қарсы қозғалыс жолағына шығудың – 586 (2013 жылы – 666), белгіленген қозғалыс жылдамдығын арттырудың – 9836 (2012 жылы – 6970) және тағы басқа оқиғаларын анықтап, жолын кесті. Өрескел бұзушылықтардың үлесі 49,3% құрады (2013 жылы – 45,1%).

Облыс бойынша барлығы 131751 құқық бұзушылық анықталып (2013 жылы – 102770), 1043,8 млн. теңге сомасына айыппұлдар салынды (2013 жылы - 715,1 млн. теңге), мемлекеттік ірісіне 710,3 млн. теңге өндіріліп алынды (2013 жылы – 529,4 млн. теңге).

2013 жылды бағалау қорытындысында 10 мың халыққа шаққанда ЖКО санын төмендету көрсеткіші бойынша қол жеткілмегені анықталды (жоспары – 10 мың бірлік автокөлікке шаққанда 26 жағдай болғанда, нақтысы 30,6-ны құрады).

Көрсеткішке қол жеткізбеудің себептері облыстың автомобиль паркінің өсуі (оның саны бүгінге 159 мың бірлік автомото көлік құралынан асып кетті), автожолдардың параметрлері мен жай-күйінің жол қозғалысы қауіпсіздігінің және нормативтік құжаттардың талаптарына сай келмеуі (облыс автожолдарының негізгі бөлігі өту бөлігінің ені 7 метр ғана болатын 3 техникалық санатқа жатады), сондай-ақ жүргізушілердің тәртіпсіздігі болып табылады.

Қазіргі кезде облыс орталығы Ақтау қаласының көше-жол желiсiнің ұзындығы 150,6 километрді құрайды, ол 10-15 мың автокөлік құралына есептелген. Автомобиль паркінің жыл сайынғы өсімі 5-6 мың бірлікті құрайды немесе 2010 жылдын бастап 2014 жылға дейінгі кезеңде 35 мың автомашинаға артты.

Ақтау қаласының халқы 188 мың адам болғанда, әр үшінші тұрғынға бір автомашинадан, ал жолдардың әр километріне 500-ден астам автомобильден келеді (өзге қаланың тұғындары мен автомашиналарын есепке алмағанда). Ал, қауіпсіз және үздіксіз қозғалыс үшін белгіленген нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес, автобустар мен жүк көлігі құралдарын есепке алмағнда, жолдың бір километріне 130-дан аспайтын жеңіл автокөліктен келуге тиіс.



Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардан сақтандыру. Маңғыстау облысының аумағында стихиялық апаттардан сақтандыру және жоюды ұйымдастыру Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шілдедегі № 19-1 «Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Заңына сәйкес жүзеге асырылуда.

Маңғыстау облысының аумағы түрлі техногендік және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлары туындайтын жерде орналасқан (жойқын жер сілкіністері, «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС, «ҚазАзот» ЖШС, «ҚазГӨЗ» ЖШС, газ-ауа қоспаларының жарылысы, Каспий теңізінің солтүстік жағалауында Қаламқас, Қаражанбас мұнай кен орындарының маңындағы аймақтарды су басу, қатты дауылды желдер, эпидемиялар және эпизоотиялық ошақтар және т.б).

Маңғыстау облысындағы Шетпе аулының (Маңғыстау ауданының әкімшілік орталығы) ауданындағы мүмкін төтенше жағдайлар жөнінде ескерту үшін жалпы ұзындығы 8 км 4 топырақ үйіндісі салынды, аталған ауданның әкімінің шешімі негізінде қызмет көрсетуге «Абат» ЖШС жауапты. Сондай-ақ, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ (ММГ АҚ) балансындағы Бозашы кен орнында Каспийдің қума толқындарынан қорғайтын екі қорғаныс бөгеті бар (ұзындығы – 46,6 км). Осы бөгеттерді жөндеу және күшейту жөніндегі барлық жоспарлы жұмыстар ММГ АҚ қаражатының есебінен «Ойл транспорт корпорейшэн» (ОТК) ЖШС-мен жүзеге асырылуда.

Қазіргі кезде Маңғыстау облысының аумағында газдың және мұнайдың жаңа кен орындарын іздеуді және игеруді қарқындатылуда. Бұл – Маңғыстау облысында таяу жылдарда мұнай өндірудің қарқынды өсуіне әкелетін, алдағы Каспий қайраңында көмірсутегі ресурстарын, жаңа теңіз кен орындарын кең ауқымда игерумен, Құрық (Қарақия ауданы), Сарытас (Түпқараған ауданы) жаңа порттарын, Ералиев-Құрық (шамамен 20 км), Маңғыстау – Форт Шевченко (140 км-ге жуық) теміржол учаскелерін салумен байланысты ерекшеленеді. Тиісінше Каспий теңізінің акваториясындағы табиғи көмірсутегілерді қарқынды игеру ғаламдық сипаттағы ТЖ-дың туындау мүмкіндіктерін арттырады.

017 «Өздігінен төгілетін гидрогеологиялық және мұнай ұңғымаларын жою және консервациялау» бағдарламасының шеңберінде 90-нан астам мұнай ұңғымасы жойылды. Осы бағытта жұмыс жүргізілуде.

Қырық трассалық медициналық-құтқару пунктін құру бойынша жұмыс шеңберінде, Маңғыстау облысында екі пункттің құрылысы аяқталды: «Доссор-Ақтау» трассасындағы, Бейнеу ауылына жақын жердегі пункт – 2014 жылғы 16 қарашада пайдалануға берілді: «Ақтау-Жаңаөзен» және «Мұнайшы-Шетпе» жолдарының айрығындағы, Мұнайшы ауылына жақын жердегі пункт – 2014 жылғы 16 желтоқсанда пайдалануға берілді.

2014 жылғы 1 тоқсанда Жаңаөзен қаласындағы 6 шығар жолы бар өрт депосы пайдалануға берілді.

Су басу кезеңінде ТЖ-дан сақтандыру және «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның «Қаламқас» кен орнындағы бөгетті нығайту мақсатында, 2014 жылы 115 545 мың теңге, оның ішінде күтіп-ұстауға және ағымдағы жөндеуге – 22 752 мың теңге; күрделі жөндеуге – 92 793 мың теңге ақшалай қаражат бөлініп, игерілді.

Жаңаөзен қаласының әкімдігі жұмылдыру резервін кезең-кезеңімен жаңартуды бастап, бұрын жоспарланған 300 дана жеке қорғану құралдарының 252 данасын 5 млн. 800 теңге сомасына сатып алды.

Ақтау қаласының жағажай аймағында суда құтқару станциясын салуға жер учаскесі бөлініп, қазіргі кезде жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Сондай-ақ:

- Мұнайлы ауданының Атамекен және Басқұдық ауылдарында;

- Ақтау қаласының 18 шағын ауданында 4 шығар жолы бар өрт деполарын салу үшін жер учаскелері бөлінді. Қазіргі кезде бас жоспар бекітілуде.

- 6 шығар жолы бар типтік өрт депосын салуға Ақтау қаласының №8 өнеркәсіптік аймағында №37 учаске бөлінді. Қазіргі сәтте типтік жобаның ЖСҚ-ын көрсетілген учаскеге байластыру жүргізілуде.

Ақтау қаласында жедел-құтқару жасағын құру мәселелері пысықталуда.



Қоғамдық қауіпсіздік және төтенше жағдайлардан сақтандыру бойынша SWOT-талдау:

Мықты тұстары:

ішкі істер органдарының, оның ішінде жол полициясының материалдық-техникалық жарақтандырылуының жыл сайын жақсаруы;

Ақтау және Жаңаөзен қалаларында ЖБО-ның ашылуы, көшелер мен қоғамдық орындарда бейнебақылау жүйелерінің орнатылуы;

азаматтарды қоғамдық тәртіпті қорғауға тарту;

Маңғыстау облысының аумағында стихиялық апаттардан сақтандыру және жоюдың ұйымдастырылуы.

Әлсіз тұстары:

әлемдік қаржы дағдарысына байланысты экономикадағы қиыншылықтар, халықтың бір бөлігінің, әсіресе жастардың жұмыспен қамтылмауы, тонау, ұрлық және өзге де пайдакүнемдік-зорлық қылмыстар санының өсуінің бір себебі болып табылады;

тұрмыстық қылмыстардың алдын алу бойынша тиімсіз шаралар (адам өлтіру мен денсаулыққа ауыр зардап келтірудің үштен бір бөлігі тұрмыстық жағдайда, мас кезде жасалады);

автомобиль паркі мен қазіргі замандағы автомобильдердің жылдамдық сипаттамаларының өсуі көше-жол желісінің даму қарқынынан асып түседі;

республикалық маңызы бар жолдардың айтарлықтай бөлігі түбегейлі қайта құрылымдауды, жүру бөлігінің енін кеңейтуді, олардың барьерлік қоршаулармен, жол белгілерімен жабдықтауды, сондай-ақ жергілікті маңызы бар жолдар да жақсартуды қажет етеді;

аумақтың табиғи және техногендік сипаттағы әртүрлі ТЖ туындауына бейімдігі;

аумақта БН-350 атом реакторының болуы (егер жер сілкінісі болса, өңір тұрғындары үшін үлкен қауіп тудырады).

Қатерлер:

бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалтудың толыққанды жүйесінің болмауы;

жол қозғалысына қатысушылардың, бәрінен бұрын жүргізушілерді даярлау жүйесін айтарлықтай жақсартуды қажет ететін көлік құралдары жүргізушілерінің көліктік тәртібінің төмендігі;

Қазақстанмен шектесіп жатқан мемлекеттердегі тұрақсыз әлеуметтік-саяси жағдай миграциялық ағынға және оған ілеспе қылмыстарға, негізінен заңсыз есірткі, қару-жарақ айналымына, ұрлыққа ықпал етеді;

Маңғыстаудың жер қойнауында геодинамикалық белсенділік артты, бұл жер сілкінісіне әкеп соғуы мүмкін;

Каспий теңізінің қайраңындағы табиғи көмірсутегілерді игеруді қарқындату ғаламдық сипаттағы ТЖ туындау мүмкіндігін күрт өсіреді.



Мүмкіндіктер:

«мектептегі» полиция инспекторларының институтын одан әрі дамыту;

халыққа және азаматтық қоғам институттарына нақты сүйене отырып, құқық бұзушылықтың алдын алудың тиімді жалпы мемлекеттік жүйесін құру;

көліктік инфрақұрылымды дамыту, облыстың автомобиль жолдарын реконструкциялау, салу және жөндеу;

жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс жүйесін жетілдіру, зақымдаудың қазіргі заманғы құралдарынан және террорлық актілер салдарынан тұрғындарды қорғау, техногендік және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау жүйесін жетілдіру, өңірдің экономикалық әлеуетін сақтау.
2.2.3. Өңірдің инфрақұрылымдық кешенін талдау
2.2.3.1. Жолдар мен көлік

Облыс бойынша жүк тасымалдау көлемі 2011-2013 жылдарда 15,6%-ға өсіп, 2013 жылы 215 млн. тоннаны құрады (2011 жылы – 186,6 млн. тонна, 2012 жылы – 207,7 млн. тонна). Тасымалдау көлемі автомобиль (211,1 млн. тонна) және теңіз (3,98 млн. тонна) көлігімен қамтамасыз етілді. Тасымалданған жүктердің негізгі көлемі облыс орталығы – Ақтау қаласына келеді (82%).

2014 жылдың қаңтар-қазанында Маңғыстау облысының жүк көлігімен 174 213,5 мың тонна жүк тасымалданды, бұл – 2013 жылдың тиісті деңгейінен 1,0%-ға жоғары.

Өңір бойынша жүк айналымы оң беталысқа ие, мәселен облыс бойынша өсу қарқыны 2013 жылы 101,8% құрады. Жүк айналымы 2011 жылғы 7596,4 млн тонна/км-ден 2013 жылы 8598,7 млн. тонна/км-ге дейін өсті. Жүк айналымының негізгі көлемі де Ақтау қаласына келеді (99%).

2014 жылдың қаңтар-қазанында жүк айналымы 7 049,8 млн тонна/км-ді құрады 2013 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өсу 4,5% құрады.

Жолаушылар айналымы негізінен автомобиль көлігімен қамтамасыз етілуде және ол 2011-2013 жылдарда 9,9%-ға артты (3666,9 жолаушы/км-ден 4033,4 млн. жолаушы/км-ге дейін). Облыстағы жолаушыларды тасымалдау бойынша негізгі көлем Ақтау қаласына келеді (73%).

2014 жылдың қаңтар-қазанында 71462,4 мың жолаушыны құрады, бұл – 2013 жылдың қаңтар-қазанынан 0,6%-ға арты. Жолаушылар айналымы 3 390,1 млн. жолаушы/км-ді, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өсу 1,2% құрады.

Автомобиль жолдары.

Маңғыстау облысындағы автомобиль жолдарының желісі республикалық және облыстық маңызы бар жолдардан тұрады. Жолдардың жалпы қашықтығы 2 586,2 км, оның ішінде республикалық маңызы бар жолдар – 1 033 км-ді, облыстық маңызы бар жолдар – 1012 км-ді, аудандық маңызы бар жолдары – 541,2 км-ді құрайды. Маңғыстау облысындағы жолдардың қарқындылығы 1000 км-ге 13,3 км-ді құрайды, бұл көрші Ақтөбе (17,2), Атырау (18,6) және Батыс Қазақстан (30,3) облыстарына қарағанда төмен.

Қазақстанда асфальтталмаған немесе қиыршық тас төселген жолдардың орташа үлесі 41,3% болса, облыстағы республикалық төселмеген жолдардың жалпы қашықтығы 37,6% құрайды.

Өңір экономикасының дамуы, облыс аумағы арқылы жүк айналымын арттыру үшін, «Атырау-Ақтау» автомобиль жолының «Бейнеу-Шетпе», «Шетпе-Жетібай-Ақтау» учаскелерін реконстукциялау бойынша жобаны іске асыру стратегиялық маңызға ие.

Жоғарыда көрсетілген Маңғыстау облысының республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын реконстукциялауды қаржыландыру мақсатында, Азия Даму Банкімен (бұдан әрі – АДБ) жобаны 2015 жылға дейін іске асыру мерзімімен 1,2 млрд. теңге жалпы сомасында (800 млн. доллар – АДБ қарызы, 400 млн. доллар – РБ) шартты келісімге қол қойылып, бекітілді. Қазіргі кезде «Бейнеу-Шетпе», «Жетібай-Ақтау» учаскелерінде жобалар іске асырылуда.

Облыстық, аудандық маңызы бар және облыстың елді мекендерінің автомобиль жолдарын салуға, күрделі, ағымдағы жөндеуге және күтіп ұстауға, сондай-ақ олардың жобалық-сметалық құжаттамаларын әзірлеуге республикалық және облыстық бюджеттерден 2014 жылы 8,3 млрд. теңге бөлінді.



Теміржол желісі. Маңғыстау облысындағы теміржол желісі ҚТЖ-нің «Бейнеу - Өзбекстан шекарасы» (125 км), «Бейнеу – Ақжігіт» (90 км), «Бейнеу – Маңғыстау» (404 км), «Маңғыстау – Жаңаөзен» (178 км) учаскелерінен және Ақтау теңіз порты мен Маңғышлақ станциясы арасындағы «Каскор Транссервис» АҚ басқаратын учаскеден (18 км) тұрады. Маңғыстау облысының барлық теміржол учаскелері бір табанды және электрленбеген. Облыс шегіндегі барлық учаскелерде автоматты сигнал беру және телекоммуникация жүйесі орнатылған.

Жалпылай қолданылатын темір жолдарының жалпы республикалық пайдалану ұзындығындағы Маңғыстау облысының үлесі – 5,2%. Маңғыстау облысының темір жолдарының жиілігі – 1000 шаршы км аумаққа 4,73 км (республика бойынша – 5,41). Республикадағы темір жолдардың жиілігі және ұзындығы бойынша облыс 10 орында тұр.

«Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізін дамыту, Иранға және Парсы шығанағы елдеріне шығуды қамтамасыз ету мақсатында, республикалық бюджет қаражаты есебінен 2009-2012 жылдары жалпы ұзындығы 471 км болатын «Өзен – Түрікменстанмен мемлекеттік шекара» темір жол желісін салу жөніндегі жобас іске асырылды.

Қазақстан мен Түрікменстан Президенттері 2013 жылғы мамыр айында Болашақ станциясы (Қазақстан) – Серхетяка станциясы (Түрікменстан) өткелінде елдер арасындағы тікелей темір жол қатынасын ашты. Осы дәліз жүк ағынының Қазақстаннан Түрікменстанға, одан әрі Парсы шығанағының елдеріне шығуын қамтамасыз етеді.

«Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізінің «Қазақстан-Түрікменстан-Иран» теміржолын салатантты ашу рәсімі 2014 жылғы 3 желтоқсанда Түрікменстан Президентінің, Иран Президентінің және Қазақстан Президентінің қатысуымен болып өтті.

Қазіргі кезде «Бейнеу-Жезқазған» темір жол желісін Бейнеу станциясы – Тассай станциясы учаскесінде салу жобасы іске асырылуда. Жоба мақсаты Қазақстанның Орталық өңірі мен Достық станциясын арақашықтықты 1200 километрге дейін қысқарту арқылы Қазақстанның Батыс өңірі мен одан әрі Еуропаға жүктердің тікелей шығуын қамтамасыз ету болып табылады.



Теңіз жолдары. Облыста Ақтау және Баутин екі порты жұмыс істейді, сондай-ақ мұнай экспорттау үшін Құрық портының құрылысы басталды. Қазіргі кезде теңіз көлігі саласының динамикалық дамуы байқалады.

Орташа алғанда, жыл сайын теңіз порттары арқылы шамамен 12,3 млн. тонна жүк ауыстырылып, тиеледі. Негізгі жүктердің номенклатурасын мұнай, металл, бидай, контейнерлер, тасты тау жыныстары және жүктер құрайды. Бұл ретте, Ақтау порты экспорттық қатынаста жұмыс істесе, Баутин порты теңіз мұнай операцияларын қолдау базасы ретінде маманданған.

Қазіргі кезде порттар жоба қуаттылығының шегінде жұмыс істейді. Осыған байланысты алдағы уақытта Ақтау портының бұрыннан бар инфрақұрылымын қайта жаңғырту, Баутин портын одан әрі дамыту және Құрық портын салу жоспарлануда.

Ақтау теңіз сауда порты Ақтау қаласы орталығының оңтүстік жағында орналасқан және Қазақстандағы жалғыз халықаралық порт болып табылады. Негізгі ауыстырылып-тиелетін жүктер - шикі мұнай мен жүктер. Кеңес үкіметі кезінде 1963 жылы салынған порт ең алдымен мұнай экспорттады (1980 жылдардың басында жыл сайын шамамен 7 млн. тонна) және жүкті ауыстырып тиеу көлемі ешқашан 300 мың тоннадан аспады. Қазақстандық металлдарды, сондай-ақ Теңізшевройл (ТШО) серіктестігінің мұнайын экспорттауға байланысты тасымал көлемі 1995 жылдан өсе бастады. Жүктерге қызмет көрсету бойынша тиеу-жүктеу кешенінің мүмкіндіктері жылына 1,5 млн. тоннаға, ал мұнай 8 млн. тоннаға дейінгі деңгейге жеткізілді.

Ақтау порты ТРАСЕКА, Солтүстік – Оңтүстік атты үш халықаралық көлік дәлізінің құрамдас бөлігі болып табылады.

Ақтау теңіз порты арқылы жүктерді ауыстырып тиеудің жалпы көлемі жалпы көлемі шамамен 10 миллионнан астам тоннаны, оның ішінде 6,3 млн. тонна мұнайды, 0,7 млн. тонна болатты және 574 мың тонна өзге жүктерді құрады. Астық пен паромдық жүктерді ауыстырып тиеу көлемі тиісінше 527 және 1978 мың тонннаны құрады.

Жүктерді жалпы ауыстырып тиеудің жалпы көлемінің 2012 жылмен салыстырғанда 8,4%-ға төмендегені байқалады, бұл мұнай (11,2%-ға) мен болатты (48,6%-ға) ауыстырып тиеу көлемінің төмендеуіне байланысты болды.

Ақтау порты арқылы ауыстырылып тиелетін мұнайдың 50%-нан астамы сауда флоты 6 меншікті және шамамен 20-сы жалға алынатын танкерден тұратын отандық «Қазтеңізкөлікфлоты» ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы арқылы жеткізіледі. Бұл ретте, жүктерді тасымалдау толықтай шетелдік кеме компаниларымен қамтамасыз етіледі.

Кеңес Одағының уақытынан бастап Құрық порты Махачкаладан Ресейге тасымалданатын жүктерді Ақтау теңіз портына жібергенге дейін уақытша сақтау базасы ретінде болмашы рөл атқарды. Қазіргі кезде пайдаланылмауына қарамастан Ақтау портынан оңтүстікке қарай 75 км-де орналасқан зәкірге арналған объект әлі де сақталуда.

Құрық портының ауданындағы теңіздің тереңдігі 8 метрді құрайды. Құрық порты Баку-Тбилиси-Джейхан мұнай құбырымен қосылу үшін Әзірбайжанға мұнай тасымалдау үшін жүк ауыстырып тиеу пункті ретінде белгіленген.

Теңіз портын және Құрық жұмысшы кентін дамытудың бас жоспары іске асырылуда. Бұл ретте, Құрық жұмысшы кентінің инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымы теңіз кен орындарын игеру бойынша толыққанды жұмыстар бастауға іс жүзінде дайын.

Паромдық тасымалдар үшін ауыстырып тиеу пунктін құру мақсатында, «Қазақтеңізкөлікфлоты» АҚ Құрық портында темір жол-паром кешенін салуға ТЭН әзірледі.

Теңіз портының 19 объектісінің ішінен қуаттылығы 40 мың тонна метал конструкциялары болатын «Ерсай» Каспий верфінің құрылысы аяқталып, жағалаулық инфрақұрылым объектілерін электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін қосалқы станция мен электрлендіру желілері салынып, пайдалануға берілді.

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мұнай құю терминалының құрылысына ТЭН әзірлеуде. Резервуар паркі және мұнай құю терминалы бар «Ескене - Құрық» мұнай құбырын салу бойынша ТЭН әзірленген.

«Эни» компаниясымен бірге «Кеме жасау – кеме жөндеу зауыты» жобасы әзірленуде. Металл конструкцияларды өндіру бойынша зауыт пен теңіз табанын тереңдету флотының базасын салу үшін серіктестер мен инвесторлар іздестіру жүргізілуде.

Паром кешенінің құрылысы 2013-2016 жылдарға жоспарланған.

Қазіргі кезде Баутинде ұсталған теңіз кемелеріне арналған айлақтың (айып тұрағы) құрылысын жоспарлау басталды. Айып тұрағын салу жобасының құны (ТЭН) шарт бойынша 54,2 млн. теңгені құрайды.

Бүгінгі күнге ЖСҚ әзірлеу аяқталып, Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Құрылысты республикалық бюджет қаражатының есебінен қаржыландыру мәселесін шешу үшін, жоба ҚР ККМ-не жолданды. Алайда, қаражаттың жетіспеушілігіне байланысты қаржыландыру мәселесі министрлік тарапынан шешілмеуде.

Баутин порты – теңіз операцияларын қолдау базасы ретінде пайданылып, мұнай өндіруші компаниялар үшін жүк (жабдықтар, құрылыс материалдары, жанар-жағармай материалдары және т.б.) ауыстырып тиеуді жүзеге асырады. Баутин портында негізінен Каспий теңізінің айдынын игерумен айналысатын компаниялардың кемелері орналасқан.

Портта 2003 жылы «Теңіз Сервис» серіктестігінің тау жынысын түсіру бойынша айлақ кешені пайдалануға берілді. Сондай-ақ, порт аумғында «Аджип ККО» серіктестігінің өндірістік базалары мен «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» РМК-ның «Баутин жүк ауданы» бөлімшесі орналасқан. Қуаттылығы жылына 60 кеме болатын кеме жөндеу зауыты пайдалануға берілген.

Бұдан басқа, Сартас шығанағының жағалаулық инфрақұрылымын дамыту, теңіз операцияларын қолдау базаларын кеңейту және Түпқараған және Маңғыстау аудандарының (Таушық, Шетпе ауылдары) шикізат аумақтарынан құрылыс материалдарын жеткізудің жылдамдығы мен арақашықтығын қысқарту арқылы айлақтар салу мен жер бетіндегі коммуникацияларды дамыту арқылы перспективалары бар.

Көліктік инфрақұрылым бойынша SWOT-талдау:

Маңғыстау облысы стратегиялық маңызды халықаралық транзиттік теңіз торабы болып табылады. Осыған байланысты, облыстағы көлік инфрақұрылымының дамуына баса назар аудару керек. Өңір бойынша инфрақұрылымды жақсарту бойынша оң беталыс байқалады.



Мықты тұстары:

облыс аумағы арқылы «Солтүстік - Оңтүстік» және ТРАСЕКА халықаралық көлік дәліздерінің өтуі үшін, оңтайлы географиялық орналасуына қарай маңызды транзиттік әлеуетінің бар болуы.



Әлсіз тұстары:

облыстағы көлік инфрақұрылымы объектілерінің жеткілікті дамымауы, оның ішінде бірқатар аумақтардың (Түпқараған ауданы, Қарақия ауданының шекара бойындағы аумақтары) инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу деңгейінің төмендігі, темір жол қатынасының болмауы;

транзиттік автомобиль жолдарының көптеген учаскелеріндегі жолдар мен инфрақұрылым жағдайының халықаралық және ішкі стандарттарға сай келмеуі.

Қатерлер:

«Солтүстік - Оңтүстік» және ТРАСЕКА халықаралық көлік дәліздерінің қазақстандық учаскелерінің баяу дамуының салдарынан транзиттік әлеует бойынша бәсекеге қабілеттіліктің жоғалуы.

облыстың көлік-коммуникациялық инфрақұрылымының жеткілікті дамымауы себебінен өңірдің инвестициялық тартымдылығының төмендеуі.

Мүмкіндіктер:

транзиттік жүк және жолаушылар ағынының жандануынан өңір кірістерінің айтарлықтай өсуі;

«Солтүстік - Оңтүстік» және ТРАСЕКА халықаралық көлік дәліздерінің стратегиялық көліктік-логистикалық және сервистік-өндірістік учаскесі ретінде облыстыі дамуы.


2.2.3.2. Ақпарат және коммуникациялар

Ақпараттық инфрақұрылым. 2009 жылдан бастап жергілікті желілер құрылды, облыс әкімдігінің жергілікті желілерінде жұмыс істейтіндердің саны 1250 адамды, бұл пайыздық қатынаста облыс бойынша жалпы штат санының 100%-ын құрайды. Жергілікті атқарушы органдардың барлық мемлекеттік органдарды біріктіретін Бірыңғай көлік ортасы жұмыс істейді. Бірыңғай көлік ортасын «Kazsatnet» АҚ ұсынуда.

Маңғыстау облысының ақпараттық телекоммуникациялық инфрақұрылымын құру және оны қамтамасыз ету бойынша кешенді шешімді іске асыру мақсатында, бүкіл облысты бірыңғай желіге қосуды қамтамасыз ететін серверлік телекоммуникациялық жабдық сатып алынды. Облыс әкімдігінің ғимаратындағы орталық сервердің және қалалық әкімдіктің ғимаратындағы резервті МӨО құрылысы бойынша жұмыстар басталды. Әкімдікке ведомстволық мемлекеттік мекемелердің ішінде, соның ішінде аудандық, ауылдық округтерде 2011 жылдан бастап байланыс операторлары бөлген IP-VPN желілерін жалға алу арқылы әкімдіктің орталық серверіне қосылатын жергілікті желілер орнатылуда.

Бүгінгі күнге «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесін енгізілді, оның аясында жергілікті атқарушы органдардың барлық лицензиялары мен мейлінше талап етілетін рұқсат беру құжаттарын электрондық пішінге көшірілді.

Әкімдік қызметкерлерінің компьютерлеріне және серверге вирусқа қарсы бағдарламалар сатып алынып, орнатылды.

Облыс әкімінің өңір деңгейінде облыстардың және облыстың қалаларының, аудандарының әкімдіктерімен бейне селекторлы кеңестерді өткізу мүмкіндіктерін қамтитын бейнеконференциялық байланыс жүйесі құрылып, жұмыс істеуде.

Облыс барлық мемлекеттік мекемелерінде электронды құжат айналымның бірыңғай жүйесі енгізілген.

«Е-Region» ресурстарды басқарудың бағдарламалық кешені арқылы облыстағы энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін паспорттау жүргізілді.

Облыс әкімдігінің ресми сайты жұмыс істейді (www.mangystay.gov.kz). Құрылған сайтпен 78 ақпараттық қызмет және 2 интерактивті қызмет көрсетіледі.

Қалалар мен аудандар әкімдіктерінің, облыстық басқармалардың ресми сайттары әзірленіп, жұмыс істейді.

Телекоммуникация және байланыс. Соңғы жылдары байланыс қызметінен түсетін кіріс бойынша теріс беталыс байқалады. Байланыс қызметтерінің НКИ 2013 жылы 94,9% құрады (2012 жылы – 107,6%, 2011 жылы – 122,2%). Төмендеу Интернет-байланыстан түсетін кірістердің төмендеуімен байланысты болды. Алайда, статистикалық деректердің дәйексіздігі анықталды (мәселен, кейбір байланыс операторларының деректері өңірлер бойынша көрсетілмейді, компаниялардың бас кеңселері орналасқан аумақтарда ғана көрінеді).





Көрсеткіштің атауы

Өлшем бірлігі

2010 жыл

2011

жыл


2012 жыл

2013 жыл

4

Байланыс қызметтерінің көлемі

млн. теңге

6574,0

7883,3

8089,0

7843

Байланыс қызметтерінен түсетін кіріс 2014 жылдың қаңтар-қазанында 128,5% құрады.

Жергілікті телефон байланысының деңгейін цифрландыру 100%-ға жетті. Интернет қолданушылар тығыздығы 2009 жылы – 100 тұрғынға шаққанда 20,9-ды құрады, 2015 жылға қарай 36% құрамақ, Интернет желісіне кеңжолақты қолжетімділік тұтынушыларының тығыздығы 2015 жылға қарай – 100 тұрғынға шаққанда 22,2-ні құрайды.

Халық саны 1000 адам және одан артық болатын облыстың барлық елді мекендері 100% мобильді байланыс қызметімен қамтамасыз етілген.

2012 жылы халықты «OTAU TV» ұлттық спутниктік телехабар тарату желісіне қосу басталды. Облыстың барлық елді мекендерінде «OTAU TV» қондырғылар бар. Бүгінге 37842 абонент қосылған.

Жергілікті бюджеттен 2012 жылы аз қамтылған 275 отбасына қосуға 9,1 млн. теңге бөлінді. Қалған 763 аз қамтылған отбасына «OTAU TV» ұлттық теледарлама желііне қосуға 2013 жылы 24,6 млн. теңге бөлінді. Қазіргі кезде абоненттерді қосу аяқталуда.

Әкімдіктердің деректері бойынша 2014 жылғы 1 қарашаға елді мекендерді ЖЦТТ қызметтерімен қамту (Ақтау қаласын қоспағанда): барлығы 50 087 үй ЖЦТТ қызметтерімен қамтылды 42196, яғни 84,25%.

Маңғыстау облысының елді мекендерін ұлттық цифрлық спутниктік телехабар тарату қызметтерімен 95% деңгейінде қамтуды аяқтаудың күтілетін мерзімі ағымдағы жыл. 30

Облыстағы ауылдық елді мекендерде «Қазпошта» АҚ-ның 7 пошта байланыс бөлімшесі жұмыс істейді.



Ақпараттық инфрақұрылым, телекоммуникация және байланыс бойынша SWOT-талдау:

Мықты тұстары:

облыстың жергілікті атқарушы органдарындағы ақпараттық-телекоммуникациялық желілердің дамуы;

жұмыс сапасының және мемлекеттік органдар қызметі ашықтығының көтерілуі.

Әлсіз тұстары:

қалалық және аудандық деңгейде ЭҚАБЖ мен бірыңғай көлік ортасының жеткілікті дамымауы;

жоспарлар мен өзге әлеуметтік маңызды жобалардың орындалуын қолда бар қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен бақылау жүйесі дамуының сәйкессіздігі;

Мүмкіндіктер:

ақпараттық жүйелердің одан әрі дамуы, жергілікті атқарушы органдар жұмысының тиімділігінің көтерілуі;

мемлекеттік басқарудың әр түрлі деңгейлері арасындағы өзара байланысты жүзеге асыруға уақыттың қысқаруы;

Қатерлер:

ақпараттық технологияларды дамыту жөніндегі іс-шараларды жеткізе қаржыландырмау;

веб-сайттарды уақытылы жаңартпау, қолда бар жүйелерді тиімсіз пайдалану,
2.2.3.3. Құрылыс

Маңғыстау облысында 2013 жылы 593 құрылыс ұйымы өз қызметін жүзеге асырды (2011 жылы – 402, 2012 жылы – 765). Орындалған мердігерлік құрылыс жұмыстарының көлемі 2013 жылы 154,3 млрд. теңгені құрады, бұл 201 жылдың деңгейінен 1,1 есе асып түседі.

Облыстың барлық аудандарында құрылыс жұмыстары белсенді дамуда, Бейнеу ауданына 2012 жылы мердігерлік жұмыстардың барлық көлемінің 8,9%-ы келеді, 2013 жылы да Бейнеу ауданының үлесі 27,2% құрады. Облыстың аудандарынан мпйлінше жоғары үлес 2013 жылы Ақтау қаласында – 18,8%, Маңғыстау ауданында – 15,8% құрады. Жаңаөзен қаласында мердігірлік жұмыстардың барлық көлеміндегі үлес 13,2% құрады.

Негізгі беталыс ретінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру жүйесіндегі түбегейлі өзгерістерді атауға болады. Жеке тұрғын үй салушылар негізгі рөл ойнай бастады, егер 2012 жылы олардың үлесіне 81,4% келсе (2011 жылы – 85,9%), 2013 жылы жеке тұрғын үй салушылардың үлесі 92,4% құрады. Бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру 2013 жылы 1544,2 млн. теңгені немесе тұрғын үйге салынған инвестициялардың жалпы көлемінің 7%-ын құрады (2011 жылы – 1716,8 млн. теңге немесе 5,5%, 2012 жылы – 4424,6 млн. теңге немесе 18,2%).

Тұтастай алғанда, 2013 жылы жалпы ауданы 532735 мың шаршы метр болатын 3209 пәтер пайдалануға берілді, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 4,5%-ға аз. Аудандар мен қалалар бойынша тұрғын үйді пайдалануға беру үлесі2013 жылы: Ақтау қаласында – 24,8%, Жаңаөзен қаласында – 16,2%, Бейнеу ауданында – 11,5%, Қарақия ауданында – 7,7%, Маңғыстау ауданында – 7,1%, Мұнайлы ауданында – 27,7%, Түпқараған ауданында – 5,1% құрады.

Салынған тұрғын үй көлемінің мейлінше артуы Мүнайлы ауданында байқалады.

Облыста салынған тұрғын үйлердің жалпы ауданының көлемінде Мұнайлы ауданы (27,7%), Ақтау қаласы (24,8%) және Жаңаөзен қаласы (16,2%) мейлінше жоғары үлес салмақты алады.

«Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасының шеңберінде республикалық бюджеттен кезекте тұрғандар үшін тұрғын үй салу (жалдамалы тұрғын үй) бағытына 1 млрд. 50 млн. теңге бөлінді. Облыстың барлық аудандарында 31 тұрғын үй салынып, пайдалануға берілді.

Жас отбасылар үшін жалдамалы тұрғын үй бағыты бойынша Ақтау қаласында жалпы ауданы 12,5 мың шаршы метр болатын 100 пәтерлік тұрғын үй және 40 пәтерлік бес тұрғын үй пайдалануға берілді.

Бұдан басқа, Ақтау қаласында ішкі істер органдарының қызметкерлеріне арналған 120 пәтерлік ведомстволық тұрғын үй пайдалануға берілді.

Өткен жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен Ақтау қаласындағы үлескерлік құрылыстың екі проблемалық объектісінің құрылысын қайта жалғастыруға 80 млн. теңге сомасына қаржылай көмек көрсетілді («ДАВ-2» ЖШС-нің 17 шағын аудандағы және «РАП-Құрылыс» ЖШС-нің 12 шағын аудандағы кеңселік орынжайлары бар көп пәтерлік тұрғын үйлері). Жұмыстарды ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

«Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасын іске асыру үшін 2014 жылы кезекте тұрғандарға жалдамалы тұрғын үй салуға – 500 млн. теңге, жас отбасылар үшін тұрғын үй салуға – 200 млн. теңге, кредиттік тұрғын үй салуға – 4290 млн. теңге, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салуға – 2786,1млн. теңге бөлінді.

Кезекте тұрғандарға жалдамалы тұрғын үй салу аясында: Форт-Шевченко қаласында 48 пәтерлік тұрғын үйдің, Бейнеу ауылында 4 пәтерлік алты тұрғын үйдің, Шетпе ауылында 4 пәтерлік сегіз тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Ақтау қаласының 32 «А» шағын ауданында жайлылығы ІV-сыныпты 120 пәтерлік 5 қабатты үш тұрғын үйдің құрылысы басталды.

Жас отбасылар үшін, Ақтау қаласының 32 «А» шағын ауданында 60 пәтерлік екі тұрғын үйдің құрылысы басталды.

Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үй салу бағыты бойынша, Ақтау қаласының 32 «А» шағын ауданында 60 пәтерлік төрт және 40 пәтерлік төрт тұрғын үйдің, Ақтау қаласының 33 шағын ауданында көп қабатты көп пәтерлік тұрғын үйлердің және қалалық маңызы бар объектілердің құрылыстары жүргізілуде. Ақтау қаласының 32 «А» шағын ауданында жайлылығы ІІІ-сыныпты 120 пәтерлік 5 қабатты екі тұрғын үйдің құрылысы көздестірілген.



Құрылыс бойынша SWOT-талдау:

Мықты тұстары:

соңғы жылдары мердігерлік жұмыстардың, жеке тұрғын үй салудың көлемі өсті;

азаматтар үшін тұрғын үйге қолжетімділік деңгейі өсуде (тұрғын үй салудың дамуының негізгі көрсеткіші жылына бір адамға шаққандағы тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіші болып табылады). Облыста 2013 жылы бір адамға 0,91 шаршы метр пайдалануға берілді (мейлінше дамыған елдерде бұл көрсеткіш жылына бір адамғ шаққанда шамамен 1 шаршы метр болып келеді);

мемлекеттік және салалық бағдарламалар аясында әлеуметтік объектілердің құрылысы іске асырылуда.



Әлсіз тұстары:

жеке тұрғын үй салушылар үшін жеңілдетілген кредиттер көздестірілмеген.



Мүмкіндіктер:

жалдамалы (коммуналдық) тұрғын үй салуды қамтамасыз ету;

кредиттік тұрғын үй салу және сатып алынған тұрғын үй есебінен халықтың қалың жігі үшін тұрғын үйге қолжетімділікті қамтамасыз ету;

тұрғын үй салу аудандарының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту.



Қатерлер:

құрылыс жұмыстарының тоқтауы, жұмыс жүргізу кестесінен қалып қою, бюджет қаражатының игерілмеуі;

отандық құрылыс материалдарының шетелдіктермен (Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан және т.б.) салыстырғанда қымбат болуы, құрылыс саласының құлдырауы.
2.2.3.4. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы
Электрмен жабдықтау. «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС облыстағы электр энергиясын өндіретін жалғыз кәсіпорын және облыс тұтынушыларының 90%-дан астамын энергиямен жабдықтайтын ұйым болып табылады.

«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС Маңғыстау облысын электр энергиясымен, ал Ақтау қаласы мен оған жақын орналасқан аудандарды ауыз сумен және жылу электр энергиясымен қамтамасыз етеді. Электр энергиясын өндіру бойынша энергия кешенінің орнатылған қуаттылығы 1342 МВт, болжалды қуаттылығы - 980 МВт, жылу энергиясы - 1101 Гкал; тұщыту сүзу құрылғылардың болжалды қуаттылығы (СТҚ) 2825 сағат/тонна құрайды, ауыз суды дайындау бойынша - 70 мың текше метр/тәулік құрайды. 2009 жылы кәсіпорынмен 2008 жылға қарағанда 4018,6 млн. сағат кВт. өндірілді немесе 97,7%. 2011 жылы электр энергиясын өндіру 4 506,3 млн. сағат кВт көлемінде өндірілді. Облыстың елді мекендерін электрлендіру 100%-ға жеткізілді.

Маңғыстау облысының инвестициялық тартымдылығына байланысты экономиканың қарқынды өсуі энергия ресурстарын тұтынудың күрт өсуіне алып келді. Өңірдің тұтынушыларын электр энергиясымен қамтамасыз етуінің сенімді кепілі – электр желісі объектілерін және электр өндіру көздерін озық дамыту болып табылады. «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-нің базасында қуаттылығы 250 МВт бу-газ энергия блогын салу мәселесі қаралуда.

Электр энергиясын облыстың қалалары мен аудандарына тасымалдау «Маңғыстау электр тарату желісі компаниясы» АҚ-ның (МЭТК), Ақтау қаласы бойынша «АЭЖБ» МКК-ның электр желілері бойынша жүзеге асырылады.

Қазіргі кезде электрмен жабдықтау желілерінің жалпы ұзындығы – 8699,26 км-ді, оның ішінде коммуналдық меншіктегі – 2812,03 км-ді, жекеменшіктегі – 5611,52 км-ді, ТҚС, КТҚС – 1262 бірлікті құрайды. Желілердің тозуы 63,5% немесе 5526,15 км-ді, оның ішінде коммуналдық меншіктегі – 823,68 км-ді немесе 24,4% құрайды. Осы көрсеткіштің көп бөлігін Ақтау қаласы желілері мен ТҚС, КТҚС-ларының тозуы құрайды – 52% немесе 360 км.

Осыған байланысты, «МЭТК» АҚ, «АЭЖБ» МКК бұрыннан бар электрмен жабдықтау желілері мен ТҚС-ларға жыл сайын ағымдағы, күрделі жөндеулер жүргізіп, реконструкциялайды. Мәселен, кәсіпорындардың меншікті қаражаты есебінен 2012 жылы 693,55 км, 592 ТҚС жөнделді. 211,562 млн. теңге сомасындағы республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен Ақтау қаласындағы бір трансформаторлық 20 қосалқы станцияны екі трансформаторлық қосалқы станцияға ауыстыру арқылы реконструкциялау жүргізілуде. Сондай-ақ, Жаңаөзен қаласында 300 млн. теңге сомасына бұрыннан бар трансформаторлық қосалқы станцияларды, бөлу пункттерін реконструкциялау және кеңейту жүргізілуде. Электрмен жабдықтау жүйесін реконструкциялау бойынша бірқатар жобалар қаржыландырылған және жоғарыда көрсетілген жобаларды аяқтаған жағдайда, облыс бойынша тозу 2013 жылы 50,18%-ға дейін төмендеді, ал 2014 жылы – 48,52%, 2015 жылы – 46,92% құрамақ. Электр энергиясын есептеу құралдарымен жарақталу 100% құрайды.

Ірі мұнай тұтынушыларының электрлік жүктемелерінің өсуін және сенімді және үздіксіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін, «МЭТК» АҚ 2015-2019 жылдарға арналған Инвестициялық бағдарлама әзірледі. Ол өңірді сенімді және үздіксіз электрмен жабдықтау үшін электр желілерінің жеткілікті өткізу қабілетін қамтамасыз етуге және резервтік авариялық схемаларды құруға мүмкіндік береді.

Энергия үнемдеу және энергияның тиімділігін арттыру бойынша мәселелерді шешу мақсатында Маңғыстау облысының әкімдігі облыстың ірі энергетикалық кәсіпорындарымен энергия үнемдеу саласында жұмыс жүргізуде. Бұл кәсіпорындар «МЭТК» АҚ, «АЭЖБ» МКК объектілеріндегі жабдықты жөндеу, жаңғырту, энергия тасушыларды бақылау мен есепке алудың автоматтандырылған жүйелерін пайдалануға беру, жарықтандыру желілерінде энергия үнемдейтін лампалар пайдалану бойынша іс-шаралар көздестірілген энергияны үнемдеу жөніндегі кешенді жоспарлар әзірледі.

Ақтау қаласы бойынша электр энергиясын берумен және тартумен айналысатын «АЭЖБ» МКК ЭТБЕАЖ енгізу жұмыстарын бастады. Дәлдік классы 0,25-0,5 электр есептеуіштер орнатылатын болады, бұл – тұтынылған электр энергиясын өлшеу дәлдігін көтеруге мүмкіндік береді. Іске асыру кезеңі – 2014-2015 жылдар. Тұтынылған электр энергиясы үшін уақытылы ақы төленбеген жағдайда энергия тұтынуды қашықтан шектеуге және тұтынушыны токтан ажыратуға мүмкіндік беретін есепке алу аспабы енгізілмек.

Ақтау қаласындағы 108 қосалқы станцияда СЖ АБЖ (сыртқы жарықтандырудың автоматтандырылған басқару жүйесі) орнатылды.

Телеметриялық жабдық пен көптеген тарифтік есепке алу аспаптарын орнату, көшедегі жарықтандырудың жану уақытын қысқартуға және сараларнған тарифтер мен нақты тұтыну бойынша ақы төлеуге мүмкіндік берді.

Тұрғындар арасында электр энергиясын үнемдеуді насихаттау мақсатында «Лада», «Тумба», «Огни Мангистау» сияқты жергілікті газеттерде энергетикалық ресурстарды үнемдеу, ұтымды және тиімді пайдалану, энергия үнемдеу мәдениетін қалыптастыру мәселелері бойынша мақалалар басылуда.



Жаңартылатын энергетика. Бүгінге энергияның жаңартылатын көздерін пайдалана отырып энергетиканы дамытуға үлкен назар аударылады. Тұтастай алғанда, Маңғыстау облысының жақсы жел әлеуеті бар. БҰҰ-ның Даму бағдарламасының мамандарымен біздің облыстың жел әлеуетін бағалау бойынша зерттеу жұмыстары жүргізіп, жел электр станциясын салу үшін Түпқараған ауданында алаң таңдалды. Форт Шевченко жоғары жел жүктемелерінің аймағында орналасқан, бұл электр энергиясын үлкен ауқымда өндіру үшін жел энергетикасын пайдалануға мүмкіндік береді. Облыс әкімдігі жаңартылатын энергияны пайдалану жөніндегі жобаларды іске асыруға шетел инвестицияларын тарту бойынша жұмыстар жүргізуде.

Қазіргі сәтте Toshiba компаниясы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-мен бірге, электр энергиясын өндіру 20-дан 42 МВт-қа дейін кеңейтілетін ЖЭС салу үшін Түпқараған ауданында, Форт-Шевченко қаласына жақын жерден жер учаскесін бөлу мәселесін шешуде.

Сондай-ақ, осы ауданда «SWP» ЖШС іске асыратын, қуаттылығы 42 МВт ЖЭС салу жоспарлануда.

«Energy Worldwide Holding» компаниясы облыстың Қарақия және Маңғыстау аудандарында жалпы қуаттылығы 100 МВт ЖЭС салуды жоспарлауда.

Форт-Шевченко қаласы әкімінің 10.01.2014 жылғы №03 шешімімен «Evrasian invest group» ЖШС-не 5 жыл мерзімге 100 га жер учаскесі бөлінді.

«БОГАРТ» ЖШС (бұдан әрі – Серіктестік) «Маңғыстау облысының «Форт-Шевченко қаласында қуаттылығы 50 МВт ЖЭС-ын салу» жобасын әзірлеуге кірісті. Серіктестік ЖЭС-ның құрылысын 2017 жылдың соңына дейін аяқтауды жоспарлауда, бұл ЖЭС-ын EXPO – 2017 объектісі ретінде экспонаттауға мүмкіндік береді.



Жылумен жабдықтау. Облыс бойынша 100 Гкал-дан асатын барлығы 3 бірлік, оның ішінде «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-нің ТЭЦ-1 және ТЭЦ-2 қазандықтары, «Өзенжылу» МКК-ның қазандығы бар. 100 Гкал-ға дейінгі қазандықтар саны – 126 бірлік.

Ақтау, Жаңаөзен қалаларында және Маңғыстау ауылында орталықтандырылған жылумен жабдықтау пайдаланылады. Облыстың орталықтандырылған жылумен жабдықтау қызметтермен қамтамасыз етілу деңгейі 51% құрайды.

Ақтау қаласында жылумен жабдықтау «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-нің 1-ЖЭО мен 2-ЖЭО-ның қазандықтарымен қамтамасыз етіледі.

Жаңаөзен қаласында жылумен жабдықтау «Өзенжылу» МКК-ның ортиалық қазандығымен жүргізіледі.

Аудан орталықтарында және ауылдық елді мекендерде жылу көзі ретінде автономды қазандықтар мен газ қазандары қолданылады. Оларды орталықтандырылған жылумен жабдықтауға ауыстыру экономикалық тиімсіз.

Коммуналдық меншіктегі жылу желілерінің жалпы ұзындығы - 779 км. Желілердің тозуы 54% құрайды.

Жаңаөзен қаласының тұтынушыларын жылумен жабдықтау сапасын жақсарту үшін және жылу энергиясының жоғалуын азайту үшін, Жаңаөзен қаласының әлеуметтік-экономикалық даму проблемаларын шешу жөніндегі 2012-2020 жылдарға арналған кешенді бағдарлама аясында 4 құбырлы жүйеге ауыстыру және қаланың 365 қоғамдық және тұрғын ғимаратында жеке жылу пункттерін орнату арқылы бұрыннан бар жылу желілерін реконструкциялау және кеңейту 100% жүргізілді. Нәтижесінде әлеуметтік саланың және көп қабатты тұрғын үйлердің барлық обьектілері жылу энергиясымен қамтамасыз етілді

Сондай-ақ, шағын ЖЭО-ға ауыстыру арқылы орталық қазандықты реконструкциялау жүргізілуде, ол 4 кезеңге бөлінген. 1,2,3 кезеңдер 100% орындалды, 4 кезең бойынша жұмыстар жүргізілуде, 2010 жылы 1 364 080 теңге қаражат бөлінді. Осы жоба 2010 жыл мен 2014 жыл аралығында республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен іске асырылуда.

Бүгінгі күнге Ақтау қаласының жеке тұлғаларына 53 жылу энергиясын есептеу құралы орнатылды. «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС сатып алу бойынша өнім берушіні таңдау жұмысын жалғастырып жатыр, оны анықтау 2014 жылдың соңына жоспарлануда. Сондай-ақ, Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің департаментінде үшжақты жария шарт келісу сатысында.

Заңды тұлғаларға 283 жылу энергиясын есепке алу құралы орнатылды. Бүгінгі күнге заңды тұлғалардың есепке алу құралдарымен жарақтандырылу үлесі 85%, жеке тұлғалар бойынша 2,7% құрайды.

Еуропа жаңғырту және даму банкінің қарыз қаражаты есебінен«КЖСА» МКК Ақтау қаласының жылумен жабдықтау жүйесіне жаңғырту жүргізуді жоспарлауда. Кредиттік шарт қол қою сатысында. Осы жобаның аясында шамамен 66 км жылу желісін реконструкциялау, әр ғимаратта жылу есептеуіш құралдары бар автоматты жеке жылу алмастырғыштар орнату, яғни, 334 ғимаратты «ашық» жүйеден «жабық» жүйеге ауыстыру жоспарланған. Осы жобаны іске асыру энергия үнемдегіш оқшаулауалды құбырларын пайдалана отырып, Ақтау қаласының жылумен жабдықтау жүйесін жақсартуға мүмкіндік бермек.

2010 жылы – 33,7 км, 2011 жылы – 31,2 км, 2012 жылы – 21,9 км, 2013 жылы – 13 км, 2014 жылы – 12 км, 2015 жылы – 34, км жылу желісі ауыстырылды.

Жылумен жабдықтау желілерінде орын алған авариялар мен өшірулер саны 2010 жылы – 698 бірлікті, 2011 жылы – 616 бірлікті, 2012 жылы – 484 бірлікті, 2013 жылы – 460 бірлікті құрады. Олардың санын 2014 жылы 425 бірлікке, 2015 жылы 360 бірлікке төмендету жоспарлануда.

Газбен жабдықтау. Қазіргі таңда облыстың елді мекендері газбен 100% қамтылған. 2011 жылы табиғи газ өндіру 2416,63 млн. текше метрді құрады. Облыс бойынша табиғи газ тұтыну 2011 жылы 2 415,05 млн. текше метрді құрады.

Облыстың тұтынушыларын газбен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында, республиканың басқа өңірлеріндегі газбен қамтушы ұйымдардың жұмыс тәжірибесін есепке ала отырып, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ базасында газ тарату және жабдықтау бойынша көрсетілетін қызмет тарифін реттейтін, желілерді реконструкциялау және жөндеу бойынша бірыңғай техникалық саясат жүргізетін бірыңғай оператор құрылды.

Қазіргі кезде Газбен жабдықтау желілерін дамыту жөніндегі 2015-2020 жылдарға арналған инвестициялық бағдарлама әзірленді, онда газбен жабдықтау желілерін реконструкциялау, жаңғырту және жаңа желілерді салу көздестірілген.

Маңғыстау облысы бойынша газ құбырларының жалпы ұзындығы 2615,1км-ді құрайды, олардың барлығы облыстың бірыңғай газ операторы «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның республикалық меншігінде тұр. Желілердің тозуы 70% құрайды.



Қалалық жердегі сумен жабдықтау. Өңір шөлейтті аймақта орналасқан, су ресурстары өте аз. Облыстың табиғи байлықтарын игеру, экономиканың қарқынды дамуы үшін жеткілікті жағдай құру сапалы судың көп көлемін қажет етеді. Бүгінге облыстың тұщы суға деген қажеттілігі негізінен «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-нің су тұщыту қондырғыларымен, сондай-ақ «Астрахань-Маңғышлақ» сутаратқышы бойынша тасымалданатын еділ суымен қамтамасыз етіледі.

Облыс бойынша барлығы 3 қала бар – Ақтау, Жаңаөзен және Форт-Шевченко.

Қала халқының орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жетімділігі 98,5%-ды, дәлірек айтқанда Ақтау қаласы бойынша – 100% («МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС, Құйылыс кен орны), Жаңаөзен қаласы бойынша 95% (Астарахань-Маңғышлақ, Түйесу, Сауысқан кен орындары) құрайды. Форт-Шевченко қаласы бойынша сумен жабдықтау көзі орталықтандырылған емес (Кетік кен орны, Баута зауыты).

Облыстың қалаларындағы коммуналдық меншіктегі су құбырлары желілерінің жалпы ұзындығы 1460,5 км-ді құрайды. Су құбырлары желілерінің 679,4 км-і немесе 55,2%-ы тозған. Осы көрсеткіштің үлкен үлесін Ақтау қаласы желілерінің тозуы құрайды - 78% немесе 315,37 км.

«Каспий жылу, су арнасы» МКК ЕДЖБ-нің қарыз қаражаты есебінен Ақтау қаласының № 1, 2, 3, 3А, 4, 5, 6, 7, 8, 14, 15, 22, 23 шағын аудандарының су құбырлары желілеріне реконструкциялау жүргізуге шарт жасасты. Жобалардың жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленді. Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындылары алынды. Жобаның сметалық құны – 1,215 млрд.теңге. 2014 жылға ауыстырылған аталған жобаны жүзеге асырудың бастауға 2013 жылы республикалық бюджеттен 500 млн.теңге бөлінді. 2014 жылы республикалық бюджеттен 307,442 млн. теңге көздестірілді. Обьектіні 2015 жылдың соңында аяқтау жоспарлануда.

Приморский тұрғын жай алабын сумен жабдықтауды, Форт-Шевченко қаласының ауыз су құбырын салуды 2014 жылы, Жаңаөзен қаласының «Жұлдыз» және «Мерей» жаңа шағын аудандарының сумен жабдықтау жүйесін салуды 2015 жылы аяқтағаннан кейін облыстағы қала халқын 100% сумен жабдықтауға қол жеткізілмек.

2010 жылы – 33,7 км, 2011 жылы – 64,4 км, 2012 жылы – 10 км, 2013 жылы – 27,5 км қалалық сумен жабдықтау желілері ауыстырылды, 2014 жылы – 23,3 км, 2015 жылы – 23,3 км сумен жабдықтау желісін ауыстыру жоспарлануда.

Нәтижесінде авариялар мен өшірулер саны 2010 жылы – 1907 бірлікті, 2011 жылы – 1629 бірлікті, 2012 жылы – 997 бірлікті құрады. Олардың саны 2013 жылы 853 бірлікті құраса, 2014 жылы – 767 бірлікке дейін, 2015 жылы – 649 бірлікке дейін төмендету жоспарлануда.

Облыстың қалаларындағы суды есепке алу құралдарымен халықтың жарақталуы 2010 жылы – 91,5%, 2011 жылы – 92,6%, 2012 жылы – 93%, 2013 жылы – 100% құрады.

Ауылдық жердегі сумен жабдықтау. Облыс бойынша барлығы 28 ауылдық елді мекен орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтамасыз етілген («МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС, Түйесу, Сауысқан, Құйылыс, Торорпа, Онды, Шайыр кен орындары), 24 АЕМ орталықтандырылмаған сумен жабдықтауды пайдаланады (Сам, Қарағайлы, Аққұдық, Ақмыш, Сауысқан, Ұланақ, Тұщыбек, Бекі, Боздақ кен орындары), 8 АЕМ тасымалданатын суды пайдаланады (Басқұдық кен орны).

Бұл ретте, ауыл халқының 46,7%-ның орталықтандырылған сумен жабдықтауға рұқсаты бар.

Ауылдық елді мекендердегі коммуналдық меншіктегі су құбырлары желілерінің жалпы ұзындығы 495,14 км-ді құрайды. 104,32 км немесе 21% су құбырларының желісі тозған.

2011 жылы – 142,7 км, 2012 жылы – 163,7 км, 2013 жылы – 28,4 км, ауылдық су құбырлары желісі салынып, 2014 жылы 150,6 км, 2015 жылы 335,6 км желі салу жоспарлануда.

Облыстың ауылдық елді мекендеріндегі халықтың суды есепке алу құралдарымен жарақталуы 2011 жылы – 10%, 2012 жылы – 11,1%, 2013 жылы – 20,8% құрады, 2014 жылы – 23,3%, 2015 жылы – 57,7%-ға дейін ұлғайту жоспарлануда.

Су бұру. Су бұру және ақаба суларды тазарту жүйелерімен Ақтау мен Жаңаөзен қалалары ғана жабдықталған. Облыс бойынша 31 канализациялық құрылыс жұмыс істейді. Коммуналдық меншіктегі канализациялық желілердің жалпы ұзындығы 403,8 км-ді құрайды, оның 302,26 км-і ауыстыруды қажет етеді. Канализация желілері 30 жылдан астам пайдаланылуда, және олардың 79%-ы, канализациялық сорғы станциялары 80%, канализациялық тазарту құрылыстары 90% ескірген.

Бүгінгі күнге су шаруашылығы және канализациялық жүйелер қызметтерін көрсететін кәсіпорындардың көпшілігі қаржылық орнықтылықтың төменгі дәрежесіне ие және шығынды болып табылады. Осы жағдайда кәсіпорындардың су шаруашлығы және (немесе) канализациялық жүйелер қызметтеріне арналған тарифтері мен халықтың табысының арасындағы айырмашылық проблема болып қалуда (осы кәсіпорындардағы менеджмент деңгейі есепке алынбайды).

Ақтау (КТҚ-1, КТҚ-2) және Жаңаөзен (КТҚ) қалаларында орталықтандырылған су бұру пайдаланылады.

Халықтың орталықтандырылған су бұруға қолжетімділігі 93,1% құрайды. АЕМ-дерде көбінесе септиктер орналастырылатын ЖТС салынған (бір және екі қабатты жеке үйлер/коттедждер).

Форт-Шевченко қаласындағы тұрмыстық канализация құрылысын 2014 жылы, Шетпе ауылындағы канализация жүйесін 2015 жылы аяқтаған жағдайда, халықтың орталықтандырылған су бөлу қызметтерімен қамтамасыз етілу деңгейі 2014 жылы – 21,4%, 2015 жылы – 57,9% құрамақ.

«Каспий жылу, су арнасы» МКК ЕЖДБ-нің қарыз қаражаты есебінен 3, 3А, 3Б, 4, 5, 7, 8, 9, 11, 12 шағын аудандарындағы ұзындығы 24,1 км болатын өзі ағатын канализациялық желілерді, №12 көше бойындағы өзі ағатын коллекторды және КСС – 1а, 2, 5, 10 арынды коллекторларын қайта құрылымдауға арналған шарт жасасты. Аталған жоба республикалық бюджеттен 254,180 млн.теңге бөлінгеннен кейін 2014 жылдан бастап іске асырылады. Обьект 2015 жылға өтеді.

2010 жылы – 3,7 км, 2011 жылы – 7,1 км, 2012 жылы – 2,4 км, 2013 жылы – 30,445 км су бұру желісі ауыстырылды, 2014 жылы – 4,2 км, 2015 жылы – 4,5 км су бұру желісін ауыстыру жоспарлануда.

Нәтижесінде, су бұру желілеріндегі авариялардың төмендеуі жыл сайын байқалуда. Мәселен, 2010 жылы авариялар мен өшірулер саны – 4828 бірлікті, 2011 жылы – 4388 бірлікті, 2012 жылы – 2891 бірлікті, 2013 жылы – 2024 бірлікті құрады. Осы көрсеткіштің үлкен үлесін Жаңаөзен қаласының желілері құрайды.



Тұрғын үй қоры. Статистика деректері бойынша облыстың тұрғын үй қорының жалпы ауданы 2013 жылдың қорытындысы бойынша 4 087 мың шаршы метрді, оның ішінде жеке меншік 98,5% құрайды.

Тұрғын үй қорының көп бөлігі – 1960-1970 жылдары салынған панелді, блокты және кірпіш үйлер.

Кондоминиум объектілерінің (көп пәтерлі үйлердің) жалпы саны 1394 объектіні (4087 мың шаршы метр) құрайды, оның ішінде 353 кондоминимум обьектісі тіркелген. Облыстың тұрғын үй қоры мейлінше жоғары тозу дәрежесімен сипатталады. Қазіргі кезде 1 158 мың шаршы метрден астамы немесе 28%-ы күрделі жөндеудің кейбір түрлерін жүргізуді қажет етеді және 104 үй (23,24 мың шаршы метр) немесе 2,2 пайызы тұру үшін жарамсыз үй ретінде бұзуға жататын апатты үйлер болып табылады.

Шатырларға байланысты аса ауыр жағдай Ақтау және Жаңаөзен қалаларында орын алуда. Соңғы жылдары жауын-шашынның мөлшері артты. Үйлердің шатырларының конструкциялары қорап тәрізді және нөсер жаңбыр жауған жағдайда бассейнге айналады. 80-100 мм диаметрде жасалған суағарлар судың жақсы ағуына мүмкіндік бермейді, соның нәтижесінде көптеген үйлердегі шатырлар іс жүзінде апатты жағдайда. Үйлердің қасбеттері мен кіреберістері де ағымдағы жөндеу жүргізуді қажет етеді.

Күрделі жөндеуді қажет ететін кондоминиум объектілерінің үлесінің төмендеуі «Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында жүргізілуде.

Мәселен, 2011 жылы Мұнайлы ауданында 1 үй жөнделді, бұл – күрделі жөндеуді қажет ететін кондоминиум объектілерінің үлесін 21,3%-ға төмендетуге мүмкіндік берді.

Маңғыстау облысы бойынша 2012 жылы 21 үй жөнделді, бұл – күрделі жөндеуді қажет ететін кондоминиум объектілерінің үлесін 19,8%-ға төмендетуге мүмкіндік берді.

2013 жылы жөнделген үйлер болған жоқ, 2014 жылы Ақтау қаласы бойынша 10 үйді жөндеу және аталған көрсеткішті 19,4%-ға дейін төмендету, 2015 жылы Ақтау қаласы бойынша 20 үйді жөндеу немесе аталған көрсеткішті 18,3%-ға дейін төмендету жоспарлануда.



Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бойынша SWOT-талдау:

Мықты тұстары:

облыстың елді мекендерін электрлендіру мен газдандыру облыста 100%-ға жетті;

«Ақбұлақ» бағдарламасының аясында сумен жабдықтау және су бұру объектілерін салу және реконструкциялау;

энергия үнемдеу бағдарламасы іске асырылуда.



Әлсіз тұстары:

жылумен, сумен жабдықтау объектілерінің негізгі қорларын жаңартудың жеткіліксіз деңгейі;

электр желілерін, газ құбырларын және жылу желілерін реконструкциялауды, жаңғыртуды және дамытуды қаржыландырудың жеткіліксіздігі.

Қатерлер:

табиғи газды беру құны бағасының ұдайы өсуі энергия ресурстарына арналған тарифтердегі отын құрамдас бөлігінің артуына әкеледі.

тозған су тұщыту жабдығының жағдайында электр энергиясы мен судың барлық түрлерін тұтыну көлемінің өсуі, терең тазартылған дистилляттың тапшылығына әкеледі;

МАЭК қуаттылығы қорының 2015 жылға қарай 200 МВт дейін түгесілуі.



Мүмкіндіктер:

көлденең-құбырлық пленкалы буландырғыштардың негізінде су тұщыту қондырғысын салу, энергиялық-технологиялық бу генераторларының қосымша суын және шаруашылық-тұрмыстық қажеттілік үшін ауыз су сапасындағы суды дайындау үшін жарамды жоғары сапалы дистиллят өндірудің қажетті көлемін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді;

«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының», «Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасының» аясында электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және газбен жабдықтау жүйелерін салу, реконструкциялау және жөндеу;

жел генераторлары мен күн батареялары сияқты аз қуаттылықтарда электр энергиясының жаңартылатын көздерін дамыту;

энергия үнемдеуді насихаттау жөніндегі іс-шараларды өткізу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет