БАҒдарламасы атырау 2015 Қолданылған қЫСҚартулар тізімі ади адамның даму индексі



бет2/7
Дата18.03.2017
өлшемі3,27 Mb.
#11890
1   2   3   4   5   6   7

ҚОЛДАНЫЛҒАН ҚЫСҚАРТУЛАР ТІЗІМІ
АДИ – Адамның даму индексі

АОТД- Атырау облыстық телекоммуникациялар дерекциясы

АКТ – Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

АМСК – алғашқы медициналық-санитарлық көмек

АӨК – Агроөнеркәсіптік кешен

ӘКК – Әлеуметтік - кәсіпкерлік корпорация

БАҚ – Бұқаралық ақпарат құралдары

ҒЗТКЖ – Ғылыми-зертеушілік және тәжірибе-конструкторлық жұмыстар

ЕАҰ – Емдеу - алдын-алу ұйымдары

ЕЭА – Еркін экономикалық аймақ

ЖІӨ - Жалпы ішкі өнім

ЖӨӨ- Жалпы өңірлік өнім

ЖАО – Жергілікті атқарушы орган

НКИ – Нақты көлем индексі

КМК - Коммуналық мемлекеттік кәсіпорын

МТБ – Материалды-техникалық база

МАӘК – Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек

МО – Мемлекеттік орган

ММ – Мемлекеттік мекеме

МЖС – Мемлекеттік – жеке меншік серіктестік

ОАА – Орталық аудандық аурухана

СМЖ – Сапа менеджментінің жүйесі

СУА – Селолық учаскелік аурухана

СНС – Селолық несиелік серіктестік

СЕМ – Селолық елді мекен

ТжКБ – Техникалық және кәсіби білім беру

ТКШ – Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

ҮЕҰ – Үкіметтік емес ұйымдар

ХТТ – Халық тұтынатын тауарлар

ШОБ – Шағын және орта бизнес



МАЗМҰНЫ


1. БАҒДАРЛАМА ТӨЛҚҰЖАТЫ 4

2. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ 8

Аумақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау 10

Басым жақтары: 66

Әлсіз жақтары: 66

3. ӨҢІРДІҢ ДАМУЫН ПАЙЫМДАУ 114

114

4. НЕГІЗГІ БАҒЫТТАР, МАҚСАТТАР, МІНДЕТТЕР, НЫСАНАЛЫ ИНДИКАТОРЛАР МЕН НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТКІШТЕРІ 118



Ескерту: * қосымша нысаналы индикаторлар және тікелей нәтижелер көрсеткіштері белгіленген. 136

млн.теңге 136


1. БАҒДАРЛАМА ТӨЛҚҰЖАТЫ




Атауы

2011-2015 жылдарға арналған Атырау облысының Аумақтық даму бағдарламасы

Әзірлеме үшін негіздеме

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы

18 маусымдағы №827 «Мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Жарлығы



Өңірдің негізгі сипаттамалары

Атырау облысы Қазақстан Республикасының батысында орналасқан. Аумағы 118,6 мың шаршы шақырымға тең (Қазақстан аумағы жалпы алаңының 4,35%-ы), тұрғындары 581,5 мың адам. 2014 жыл ішінде өндірілген жалпы өңірлік өнім көлемі 3 981,2 млрд. теңгені құрады. Атырау облысы республикада жалпы өңірлік өнім көлемі бойынша ІІІ орынды және жан басына шаққанда жалпы өңірлік өнім көрсеткіші бойынша І орынды иеленуде. Өндірістің негізгі салалары болып мұнай өндіру және балық өнеркәсібі, құрылыс материалдарының индустриясы табылады.

Бағыттар

  1. Экономика

  2. Әлеуметтік сала

  3. Инфрақұрылым

  4. Ауылдық аумақтарды дамыту, экология жер ресурстары

  5. Мемлекеттік қызметтер

Бағдарламаның мақсаттары

  1. Өңір экономикасының дамуы;

  2. Өнеркәсіпті дамыту;

  3. Агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

  4. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің тиімді қызмет етуін, бәсекелестікті дамытуды қамтамасыз ететін нарықтық инфрақұрылымның дамуы;

  5. Инновациялар мен инвестициялардың дамуы;

  6. Білім беру сапасын, қолжетімділігін арттыру және балалардың құқықтарын қорғау мен заңды мүдделерін сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру;

  7. Халықтың денсаулығын жақсарту;

  8. Жұмыспен қамтылуды және азаматтарды әлеуметтік қорғаудың тиімді жүйесін қамтамасыз ету;

  9. Өңірдің тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау, отандық мәдениетті әйгілеу және насихаттау, тілдердің дамуы;

  10. Бұқаралық спорт және жоғарғы жетістіктер спортының дамуы, туризмнің дамуы;

  11. Ұлт бірлігін қамтамасыз етіп, қазақстандық патриотизмді нығайту;

  12. Құқық тәртібін және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

  13. Өңірдің заманауи ақпараттық және телекоммуникациялық инфрақұрылымын қалыптастыру;

  14. Тұрғын үйдің қолжетімділігін қамтамасыз ету;

  15. Экономикалық кеңістіктің байланыстылығын арттыру;

  16. Өмір сүруді қамтитын инфрақұрылымды дамыту;

  17. Ауыл халқының өмір сүру жағдайын жақсарту, экологиялық қауіпсіздік;

  18. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру, олардың айқындығы мен қол жетімділігін қамтамасыз ету.

Міндеттер

  1. Жалпы өңірлік өнімнің өсуі;

  2. Әлемдік сауда жүйесіне бірігу және қазақстандық өнімнің экспортын жылжыту;

  3. Инфляциялық үрдістерді тұрақтандыру;

  4. Жоғары қосылған құнымен жаңа өндірістер құру;

  5. Көмірсутекті шикізат өндірудің теңдестірілген өсімін қамтамасыз ету;

  6. Өңдеу өнеркәсібін дамыту;

  7. Металлургия өнеркәсібін дамыту;

  8. Машина жасау саласын дамыту;

  9. Құрылыс индустриясы мен құрылыс материалдары өндірісін дамыту;

  10. Химия өнеркәсібін дамыту;

  11. Фармацевтика өнеркәсібін дамыту;

  12. Жеңіл өнеркәсіпті дамыту;

  13. Энергияның баламалы көздерін құру;

  14. Агроөнеркәсіпкешені өнімін өндірудің тұрақты өсуі есебінен облыстың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

  15. Бәсекеге қабілетті өнім шығару және экспорттық әлеуетті арттыру;

  16. Кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау;

  17. Қолайлы инвестициялық климат құру;

  18. Өнімдер мен қызметтердің жаңа түрлерінің инновациялық зерттемелерін жедел игеру үшін жағдай жасау және технологиялық жаңғыртуға қолдау көрсету;

  19. Педагог кадрлардың кәсібилігін және мұғалім мамандығының мәртебесін көтеру;

  20. Мектептің білім беру қызметінің сапасын көтеру;

  21. Дамуында мүмкіншілігі шектелген балалар үшін білім алу қолжетімділігін қамтамасыз ету;

  22. Ыстық тамақпен қамтамасыз ету;

  23. Қосымша білім беруге жағдай жасау;

  24. Мектепке дейінгі ұйымдар желісін ұлғайту және ұсынылатын мектепке дейінгі білім беру қызмет сапасын жақсарту;

  25. Бәсекеге қабілетті кадрларды сапалы даярлау үшін жағдайлар жасау;

  26. Халықтың денсаулығын жақсарту;

  27. Көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру;

  28. Халықтың өлімі мен аурушаңдығын азайту;

  29. Халықты жұмыспен қамтамасыз ету;

  30. Атаулы әлеуметтік көмек алушылар ішіндегі еңбекке жарамды азаматтарды жұмыспен қамту шараларына тарту;

  31. Мүгедектерге қолжетімді орта құруды қамтамасыз ету;

  32. Мәдениет саласында ұсынылатын қызметтердің сұранысының өсуін ынталандыру және саланың инфрақұрылымын дамыту;

  33. Дене шынықтыру мен спортты насихаттау және спортшылардың республикалық және халықаралық жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету;

  34. Туристік қызметтердің халықаралық және ішкі нарықтарында облыстың туристік беделін асыру;

  35. Этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтау және нығайту;

  36. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

  37. Қоғамдық тәртіпті нығайту және азаматтардың өмірін, денсаулығын, конституциялық құқықтарын және бостандығының қауіпсіздігін тиісті деңгейде ұстау; қылмысқа қарсы іс-әрекеттің алдын алу құрауышын арттыру;

  38. Кризис жағдайында басқарудың дайындығы, жеделділігі және тұрақтылығы деңгейін арттыру;

  39. Компьютерлік сауаттылық деңгейін арттыру, байланысты сандық жүйеге ауыстыру және мобильді байланыс;

  40. Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының дамуы;

  41. Жолаушылар көлігінің дамуы;

  42. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметінің тиімділігін арттыру;

  43. Су желілерінің апаттылығын азайту;

  44. Жылу желілерінің апаттылығын азайту;

  45. Кәріз желілерінің апаттылығын азайту;

  46. Жаңа газ құбырларының құрылысы;

  47. Ауылдық елді мекендерді мамандармен қамтамасыз ету;

  48. Қоршаған ортаға эмиссияларды қысқарту;

  49. Ластағыш заттардың шығарылуын азайту;

  50. Орман қорының сақталуын, ұдайы өсуін және ұтымды пайдалануын қамтамасыз ету;

  51. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тиісті сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін жағдай жасау.

Іске асыру кезеңдері

1 кезең – аралық (3 жыл) – 2011-2013 жылдар – алғашқы кезектегі және дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру;

2 кезең – соңғы (2 жыл) – 2014-2015 жылдар – бағдарламада қойылған міндеттерді шешуге арналған жоспарланған шараларды іске асыру және облысты әрі қарай әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған негіз қалыптастыру.

Нысаналы индикаторлар

2015 жылы:

  1. жалпы өңірлік өнімнің нақты көлем индексі 100%-ды құрайды;

  2. өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексі 100% құрайды;

  3. өңдеу өнеркәсібіндегі нақты көлем индексі 101% құрайды;

  4. металлургия өнеркәсібіндегі өнім шығарудың нақты көлем индексі 105% құрайды;

  5. машина жасау өнеркәсібіндегі өнім шығарудың нақты көлем индексі 103% құрайды;

  6. басқа да металлургиялық емес минералдық өнім шығарудың нақты көлем индексі 103% құрайды;

  7. химия өнеркәсібіндегі өнім шығарудың нақты көлем индексі 102,8% құрайды;

  8. жеңіл өнеркәсібі өнімінің нақты көлем индексі 100% құрайды;

  9. ауыл шаруашылығы өнімі өндірісінің нақты көлем индексі 102,2% құрайды;

  10. шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өнім шығаруының нақты көлем индексі 100,3% құрайды;

  11. бөлшек сауданың нақты көлем индексі 100,4% құрайды;

  12. балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеумен және оқытумен қамту деңгейі (3-ден 6 жасқа дейін) 82%-ға дейін өседі;

  13. техникалық және кәсіптік біліммен қамтылған типтік жастағы (14-24 жас) жастардың үлесі 14,3% құрайды;

  14. халықтың күтілетін өмір сүру ұзақтығы 71,4 жас;

  15. жұмыссыздық деңгейі 5,0%;

  16. ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен табысы бар халықтың үлесі 3,2% құрайды (2011 ж.-5,2%);

  17. арнайы әлеуметтік қызметтер ұсынумен қамтылған тұлғалардың үлес салмағы (қызмет алуға мұқтаж тұлғалардың жалпы санында) 95,0% құрайды;

  18. мемлекеттік тілді меңгерген халық үлесі 96,8% құрайды;

  19. дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын, барлық жастағы тұрғындардың қамтылу деңгейі 25,8% құрайды (2011 ж.-20%);

  20. пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 492,5 мың шаршы метрді құрайды;

  21. жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 47,0% жетеді (2011 ж.-28%);

  22. тұрғындардың орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділігінің деңгейі 98,9% құрайды (2011 ж.-51,2%);

  23. мемлекеттік орман қоры алқаптарының көлемі 14,9 мың гектар құрайды.

Қаржыландыру көлемдері және көздері

Қаржыландыру көздері: республикалық және жергілікті бюджет, инвесторлардың өз қаражаттары.

Қаржыландыру көлемдері:

2011 жыл – 179 209,3 млн. теңге;

2012 жыл – 205 307,1 млн. теңге;

2013 жыл – 246 718,6 млн. теңге;

2014 жыл – 1 090 228,8 млн. теңге;



2015 жыл – 52 887,5 млн. теңге;

Барлығы: 1 774 351,3 млн. теңге.



2. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ


Өңір жағдайының оң және теріс жақтарын бағалау, сондай-ақ елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына әсері

Географиялық жағдай

Атырау облысы Қазақстан Республикасының батысында орналасқан, 1938 жылы құрылған.

Облыс Каспий маңы кең ойпатының шегінде орналасқан. Аумағы
118,6 мың шаршы шақырым (Қазақстан аумағының жалпы алаңының 4,4%-ы).

Облыс шекарасының ұзындығы 1 949,5 шақырым, оның ішінде Астрхан облысымен – 449,6 шақырым, Батыс Қазақстан облысымен – 626,1 шақырым, Ақтөбе облысымен – 524,4 шақырым, Маңғыстау облысымен – 349,4 шақырым.

2015 жылдың 1 қаңтарына Атырау облысының әкімшілік-аумақтық бөлінісі: 2 қала (1 облыстық, 1 аудандық маңызы бар), 7 аудан (Жылыой, Индер, Исатай, Қызылқоға, Құрманғазы, Мақат, Махамбет) құрамындағы
164 село (ауыл) және Атырау қалалық әкімшілігі.

Облыс тұрғындары 2015 жылдың 1 қаңтарына 581,5 мың адамды құрады. Оның ішінде қала тұрғындары 274,4 мың адам (47,2%), село тұрғындары –


307,1 мың адам (52,8%). Облыс бойынша тұрғындардың тығыздығы орташа есеппен (аумақтың 1 шаршы метріне шаққанда) 4,9 адам.

Атырау облысы шөл аймағына жатқызылады (мемлекеттік жер жөніндегі ғылыми-зерттеу орталығының деректеріне сәйкес). Аймақ бедері – толқын тәріздес жазықтық, ол Каспий теңізі жағалауынан елеусіз көтеріледі. Каспий маңы ойпатының айтарлықтай бөлігін қырқалы, шағыл құмдар алып жатыр (Нарын, Тайсойған, Қарақұм). Облыстың солтүстік-шығысын Жайық маңы қайраң үстіртінің сілемдері алып жатыр.

Атырау облысының климаты – ұзақ ыстық және құрғақ жазы мен қысқа, жиі жылымықты желді қысы және қары аз, жауын-шашыны аз және тұрақсыз болып келетін шұғыл континенттік және аса қуаңшыл. Жауын-шашынның жылдық орташа көлемі 150 мм (50-ден - 300 мм аралығында құбылады). Желдің жылдық орташа жылдамдығы – 5,5-7 м/сек. Ауаның орташа ылғалдығы жазда 37%-дан, қыста – 80-84%-дан аспайды. Жылына түсетін жауын-шашынның көлемі – 150 мм-ден 190 мм-ге дейін. Қаңтар айындағы орташа температура – 8-11 С, шілдеде +24 +25 С.

Облыс аумағының жартысын сортаң және сор жабындар, сондай-ақ құмдар алып жатыр. Негізінен шөлейт өсімдікті сұр топырақ басым. Өзендер жағалауларында теректі және талды тоғайлар кездеседі.

Облыс аумағынан 19 өзен мен арна ағады. Облыс аумағын басып өтетін ірі өзендер Жайық (жалпы ұзындығы 2428 шақырым, Қазақстан аумағында 1082 шақырым), Жем (712 шақырым), Сағыз (511 шақырым), Ойыл
(800 шақырым) болып табылады. Облыстың ірі (тұзды) көлі – Индер
(110,5 шаршы шақырым).

Ресурстық әлеует

Атырау облысы мұнай және газдың орасан ірі қорларына ие, облыстың геоэкономикалық әлеуетін тиімді пайдалану тек Каспий маңы өңірі тұрғындарының ғана емес, жалпы Қазақстанның тұтастай өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Оның үстіне, облыс түрлі пайдалы қазбалар қорына бай: кірпіш өндірісіне арналған саз (қор 52,7 млн.тонна деп бағаланды); калий тұзы (697 млн.тонна), құрылыс құмы (41,2 млн.текше метр), гипс


(21 млрд.тонна); ас тұзы (687 млн.тонна), құм түйірлі-малтатас қоспа
(12 млн.текше метр), әктас (1,9 млн.текше метр); бор (95,2 млн.тонна); бешофит
(50 мың тонна), натрий, кальций хлориді, магний хлориді, магний сульфаты диоксидымен байытылған минералдық су көзі, олардың қоры 898 млн.текше метрді құрайды.

Халықаралық салыстырулар жүргізу үшін қабылданған өңірдің даму көрсеткіштері (адам әлеуетінің даму индексі).

Атырау облысында 2007 жылдан 2013 жылға дейін адам дамуы деңгейінің оң беталыстары байқалады. Өңірдегі адам әлеуетінің дамуын бағалау үшін Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігі мыналарды қолданады: халықтың жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім бойынша есептелген адам дамуының индексі, тұрғындардың жан басына шаққандағы тұтынуға пайдаланатын кіріс бойынша есептелген адам дамуының индексі, халықтың кедейлік индексі.

Талдау көрсеткендей, күтілген өмір сүру ұзақтығы 2010 жылғы 68,4 – дан, 2014 жылы 71,1–ге жоғарылаған.

Аумақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау

2014 жылы Атырау облысының жалпы өңірлік өнімі 3981,2 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексі 102,2%. 2013 жылмен салыстырғанда Жалпы өңірлік өнімнің өсімі байқалуда, оның көлемі 391,1 млрд. теңгеге өсті. Жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім көлемі 6927,9 мың теңгені құрап, өңірлер арасында 1 орын.

Республикалық жалпы өңірлік өнім көлемінде облыстың үлес салмағы 10,2%-ды құрап, өңірлер арасында 3 орында.

Облыстың жалпы өңірлік өнім құрылымы 2014 жылы 2012 жылға қарағанда келесідей өзгерістер орын алды: ауыл шаруашылығы үлесі 0,9%-дан 1,3%-ға, сауда – 2,3%-дан 3,0%-ға, көлік және байланыс 6,1%-дан 7,3%-ға, өнеркәсіп секторы 57,6%-дан 58,0%-ға өсті. Бұл ретте басқа қызметтер –
25,7%-дан 24,8%-ға және құрылыс – 7,4% дан 6,0%-ға азайды.

Осы көріністі қаржылай көлеммен салыстырғанда: ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 21,1 млрд. теңгеге, сауда – 45,6 млрд. теңгеге, көлік және байланыс – 88,6 млрд. теңгеге, өнеркәсіп секторы – 414,5 млрд. теңгеге және басқа қызметтер – 125,2 млрд. теңгеге өсті.

Облыс өнеркәсібінің салалық құрылымы төмендегідей белгілермен сипатталады: шикізат пен отынды өндіру және өңдеу саласының басым болуы; халықтың қажеттілігіне бағытталған сала үлесінің төмендігі. Экономика дамуының басым бағыттары болып мұнай-газ өндіру өнеркәсібі, құрылыс материалдары өндірісі, өңдеу, агроөнеркәсіп және балық саласы табылады.

Өнеркәсіптік өндіріс құрылымының үлес салмағының көбін шикі мұнай және ілеспе газ өндірісі, мұнай айдау, электр энергиясын өндіру және тарату алады.


Атырау облысы бойынша 2012-2014 жылдар аралығындағы

жалпы өңірлік өнімнің өзгеру динамикасы




№ р/с

Атауы

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2014 ж. 2012 ж. өсу қарқыны

2014 ж. 2013 ж. өсу қарқыны %

млрд. тенге

үлесі %

млрд. тенге

үлесі %

млрд. тенге

үлесі %

млрд. тенге

%

млрд. тенге

%

1

Жалпы өңірлік өнім көлемі, млрд.тенге

3292,5

100

3590,1

100

3981,2

100

688,7

120,9

391,1

110,9

2

Өнеркәсіп

1895,2

57,6

2082,7

58,0

2309,7

58,0

414,5

121,9

227,0

110,9

3

Құрылыс

244,5

7,4

244,7

6,8

238,2

6,0

-6,3

97,4

-6,5

97,3

4

Сауда

75,0

2,3

100,3

2,8

120,6

3,0

45,6

160,8

20,3

120,2

5

Көлік және байланыс

201,1

6,1

234,5

6,6

289,7

7,3

88,6

144,1

55,2

123,5

6

Ауыл шаруашылығы

30,2

0,9

47,8

1,3

51,3

1,3

21,1

169,9

3,5

107,3

7

Басқа қызметтер

846,5

25,7

880,2

24,5

971,7

24,4

125,2

114,8

91,5

110,4

Атырау облысының 2015 жылға экономикалық өсімін қамтамасыз ету бойынша төмендегідей шаралар әзірленді:

  • Мұнайгаз секторы кәсіпорындарымен жұмыс;

  • Іске қосылған өндірістердің, соның ішінде Индустрияландыру картасы жобаларының жүктемесі, жаңа жобаларды іске қосу;

  • Ұзақ мерзімді келісім шарттарды қабылдау жолымен жергілікті қамтуды ұлғайту;

  • Өңіраралық ынтымақтастықты кеңейту;

  • Шекаралас ынтымақтастықты кеңейту;

  • Инвестиция тарту;

  • Мемлекеттік жеке әріптестікті дамыту;

  • Ауылшаруашылық өндірісін дамыту.

Өнеркәсіп саласын дамыту

Атырау облысының экономикасы қалыптасқан жағдайларға байланысты анық шикізаттық бағытқа ие. 2014 жылы еліміздің өнеркәсіп өндірісінде облыстың үлес салмағы 26,5% құрап, облыстар арасында алдыңғы орынды иеленді.

2014 жылы 4 896,0 млрд. теңгеге тауар өндірілді, жылы нақты көлем индексі 99,7% құрады. Өнеркәсіп өнімінің көлемі соңғы бес жылда екі есеге көбейді.
2012-2014 жылдардағы өнеркәсіптегі тауар өнімінің нақты көлем индексі

және өндіру көлемінің өзгеру динамикасы



Тау-кен өнеркәсібінің негізін 141 жұмыс істейтін кәсіпорын, оның ішінде 119 шағын кәсіпорын, 17 орта кәсіпорын және 5 ірі кәсіпорын құрайды, олар кең тараған пайдалы қазбалар өндірумен айналысады.



Тау-кен өнеркәсібінде 4 502,5 млрд.теңгенің тауарлық өнімі шығарылды, табиғи көлем индексі 99,4% құрайды.
2012-2014 жылдардағы тау-кен өнеркәсібіндегі тауар өнімінің табиғи көлем индексі және өндіру көлемінің өзгеру динамикасы

Өңдеу өнеркәсібі келесі салаларды құрайды: мұнай өңдеу (саладағы үлес салмағы 89%), машина жасау (2,9%), өзге де металл емес минералдық өнімдер өндірісі (2,1%), азық-түлік өнімдерін өндіру (1,6%), химиялық өнекәсіп (1,2%), металлургиялық өнеркәсіп және дайын металл бұйымдарын жасау (1,0%), басқа өңдеу өнеркәсібі саласында (3,0%).

Өңдеу өнеркәсібінде 382 кәсіпорын, соның ішінде 366 шағын, 13 орта және 3 ірі кәсіпорын қамтылған.

Өңдеу өнеркәсібі облыстың өнеркәсіп әлеуетінің жалпы көлеміндегі үлесінің 7% құрайды.


2012-2014 жылдардағы өңдеу өнеркәсібінің табиғи көлем индексі және өндіріс көлемі динамикасы

2014 жылы өңдеу өнеркәсібінде 362,4 млрд. теңге сомасына тауар өнімі өндірілді, бұл 2012 жылдың деңгейінен 63,8 млрд. теңгеге артық. Өндеу өнеркәсібінің нақты көлем индексі 2013 жылдың тиісті кезеңіне 104,2% құрады. Өнеркәсіп өнімінің өсуі индустрияландыру картасы аясында іске қосылған кәсіпорындар есебінен ұлғаюда. Атап айтқанда Атырау мұнай өңдеу зауытын жаңғырту және хош иісті көмір сутекті өндіретін жобасының іске асуымен мұнайды тереңдете өңдеуге қол жеткізілуде.

2014 жылдың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібін дамыту міндетінің төмендеу себебі «ТШО» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің авариялық тоқтаудың және Кешенді Технологиялық Желілер, Екінші Буын Зауытының күрделі жөндеу жұмыстарының болуымен байланысты. Сонымен қатар, металл және металлдан жасалған өнімдерін экспортқа шығаруға шектеу қою себебінен төмендеді (өңдеуші өнеркәсібіндегі өнім экспортының өсуі 100% жоспарланып, нақты орындалысы 99%).

Металлургия өнеркәсібінде 2014 жылы 374,2 млн. теңгенің өнімі өндірілді, бұл 2013 жылғы өндірілген өніммен қарағанда 86,4%-ға жоғарылаған.


2012-2014 жылдардағы металлургия өнеркәсібіндегі тауар өнімі өндірісінің табиғи көлем индексінің динамикасы

Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2010 жылы Жылыой ауданында қуаттылығы жылына 90 мың тонна металлөңдейтін «Металл продукт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің металл жаймалар шығаратын металлургиялық комбинаты іске қосылды.

Аталған кәсіпорында шикізат жетіспеушілігі мәселесі бой көтеруде. Осы күрделенген мәселені металл қалдықтарын қайта өңдеу арқылы шешуге болады. Осыған орай, жеке кәсіпкерлердің металл қалдықтарын отандық зауыттарға тапсыруы бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Атырау облысы үшін машина жасау саласын дамыту ерекше орын алады. Облыстағы мұнайгаз өнеркәсібіне қажетті бұйымдар шығару мен қызметтер көрсету мүмкіндіктерін пайдалану арқылы машина жасау өнеркәсібі дамуда.



2014 жылы машина жасау өнеркәсібінде 13 940,7 млн.теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 139,6% құрады.
2012-2014 жылдардағы машина жасау өнеркәсібі өндірісінің көлемі және нақты көлем индексінің динамикасы

Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2010 жылы «КазТурбоРемонт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің газтурбиналық қондырғылар мен жабдықтарды жөндеу және сервистік қызмет көрсету, 2011 жылы «Новус Силинг Каспиан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мұнай кәсіпшілігі жабдықтары үшін әртүрлі тығыздағыш төсемдерінің өндірісі, «Флоусерв» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сорғы жабдықтарын жөндеу және жаңарту сервистік орталығы, 2012 жылы «ЖігерМұнайСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өндірісті жаңғырту (Сервистік қызмет көрсету, телеметрикалық жүйелерді қолданумен көлбеу бұрғылауды жөндеу және техникалық сүйемелдеу) орталығы іске қосылды.

2014 жылы «АтырауНефтемаш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Ірі габаритті және аса ауыр бұйымдарын жинақтау өндірісі іске қосылды.

2015 жылы құны 10,3 млрд. теңгеге 569 жұмыс орнын құрумен «ЦВС «Ескене» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Ескене» вагонды сервис орталығын ашу жоспарлануда.

Сонымен қатар, машина жасау саласында күрделенген мәселелердің бірі ірі өнеркәсіп кәсіпорындарынан тапсырыстың болмауы және нарықта бәсекелестікке төтеп бере алмауы.

Мемлекеттік органдар тарапынан бұл мәселені шешу үшін бірнеше форумдар, көрмелер, кездесулер, тұсаукесерлер ұйымдастырылуда.

Құрылыс материалдары және құрылыс индустриясын дамыту

Атырау облысы аумағының жер қойнауы құрылыс материалдарының шикізатына бай. Құрылыс материалдарын өндірумен 4 орта, 45 шағын кәсіпорындар айналысады. Онда: ғаныш, әк тасы, бор, кварц құмы және бүгінгі таңда ғаныштан құрғақ құрылыс қоспасы, ғаныш тақтайшасы, қамыстан қамысты жаңқалы тақтайша шығарылуда.


2012-2014 жылдардағы құрылыс материалдары кіші саласындағы нақты көлем индексі және тауар өнімі өндірісінің өзгерісінің динамикасы

Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2010 жылы «Биас ТЭК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрғақ құрылыс қоспаларын шығаратын, «Констракшн KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тұрғын үй құрылысы үшін жеңілдетілген панельдер шығаратын зауыттары ашылды. 2011 жылы «Шеврон МұнайГаз Инк.» корпорациясының металл пластикалық құбырлар шығаратын зауыты, «Досжан және Компания» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қамысты жаңқалы тақтайшалар шығаратын зауыты, 2013 жылы «Сельбаева Ш» жеке кәсіпкерінің газды бетон блоктарының өндірісі және 2014 жылы «БатысАльянсСтрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің үй құрылысы комбинатын іске қосылды.

Құрылыс материалдарын өндіру барысында шикізаттың өзге шетелдерден әкелінуі себебінен құрылыс материалдарының бағасы жоғарылайды және нарықта осы типтес материалдардың жақын шетелдерден көптеп келуі кәсіпорынның шығарған тауарын нарыққа өткізуіне кері әсерін тигізуде.

Мәселені шешу мақсатында өнеркәсіп маркетингін дамыту қажеттілігі туралы кәсіпорын басшыларына ұсыныстар берілді.



Химия өнеркәсібінде 26 кәсіпорын жұмыс істейді. 2014 жылы 4 023,6 млн.теңге сомасына тауар өнімі өндірілді.
2012-2014 жылдардағы химия өнеркәсібінің нақты көлем индексі және өндірісі динамикасы

2011 жылы «Рауан Налко» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мұнай өнеркәсібі үшін химиялық реагенттер шығаратын зауыты іске қосылып, 2012 жылы «КасХим» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің техникалық шпагат және полипропилен қап шығаратын зауыты жаңғыртылды.

Кәсіпорынға алынатын шикізат Қазақстан аумағында өндірілмейтіндіктен шетелден тасымалданады және шетел валютасымен есептелінеді. Елімізде жүргізілген девальвациядан кейін кәсіпорын өнімінің қымбаттауына әкеліп соқтырды. Нәтижесінде кәсіпорынның тауарына сұраныс азайды. Алдағы уақытта шикізат тапшылығын жою мәселесі тұр.

Облыстың жеңіл өнеркәсіп саласында 22 белсенді кәсіпорын жұмыс жасайды. Олар «Өнерпаз», «ЭРТРИ», Атырау «Қазақ саңыраулар қоғамы», Атырау «Қазақ соқырлар қоғамы» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері және шағын кәсіпкерлер. Олар тұрғындармен қатар өңірдегі кәсіпорындардың да қажеттілігін қанағаттандыруда. Өндірілген өнімнің негізгі бөлігін шағын және орта бизнес өкілдері өндіруде.


2012-2014 жылдардағы жеңіл өнеркәсібінің нақты көлем индексі және өндірісі динамикасы


Ауыл шаруашылығы

Атырау облысының агроөнеркәсіптік кешені өңір экономикасының маңызды секторларының бірі болып табылады, өйткені облыс тұрғындары жалпы санының 50%-ынан астамы ауылдық елді мекендерде тұрады. Соңғы жылдары облыстың ауыл шаруашылығы саласының жағдайында оң ілгерілеушіліктер байқалуда. Аса маңызды нәтиже деп негізгі бағыты мал басы мен өндірілетін мал шаруашылығы өнімінің тұрақты өсімге беталысы байқалған мал шаруашылығы болып табылатын ауыл шаруашылығы өндірісінің өсімі деп есептеу керек. Гендік қорды жақсарту мен асыл тұқымды малдың өнімділігін арттыру қатар жүреді.



Қазіргі таңда облыстағы өндірістің қарқынды дамуы, оның тиімділігінің артуы, селодағы қаржы қызметі нарығының дамуы, селолық тұрғындардың өмір сапасының жақсаруымен сипатталады.

Атырау облысының аумағы табиғи-ауыл шаруашылығы белдемдеуіне сәйкес V шөл аймағына жатады. Кеңес одағы кезеңінде өндірістік мамандануы жағынан қаракөл тұқымды қой өсіру шаруашылығы дамыған мал өсіру шөл аймағына жатқызылды.

Белдемділік ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруге тікелей әсер ететіндіктен, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруге тек Жайық, Қиғаш өзендерінің өзен маңы-жайылмалық аймақтарынан болмашы бөлігі мен суару және суландыру арналарының бойынан басқа жерлердегі топырақтың өнімділігі аз.

Атырау облысында мұнай газ өнеркәсібінің қарқынды дамуы жалпы өңірлік өнімнің құрылымына айтарлықтай әсерін тигізді, мұнда ауыл шаруашылығының үлесі тек 0,9%-ды құрады.

Өңірдің тұрақты даму индикаторларын талдау олардың бір текті еместігін және қарама – қайшылығын көрсетті: облыс бойынша жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім көрсеткіші, номиналды орташа еңбекақы деңгейі өндірістік өнім мен негізгі капиталға инвестициялар салу бойынша алғашқы орындарда, сонымен қатар ауыл шаруашылығының дамуы нашар. Осыған орай өңірге ауыл шаруашылығы саласын көтеру үшін мемлекет тарапынан қолдау қажет.

Ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі 2014 жылы 95,5% құрады. Көрсеткіштің төмендеуі жұмыспен қамтылған халықтың 2013 жылы 11900 адамнан 2014 жылы 12759 адамға өсуі себебінен, ондағы қамтылған пайыз өзгеруі 107,2% құрады.



Егін шаруашылығы өнімдерінің өндірісі

Облыстың аумағы V шөл аймағында орналасқан. Ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруге облыстың солтүстігіндегі өзен маңы-жайылмалық аймағының болмашы бөлігі (Индер, Махамбет аудандары) мен Атырау қаласының маңынан басқа жерлердегі топырақтың өнімділігі аз. Соңғы 3-4 жылда жалпы облыс бойынша ауыл шаруашылығы дақылдары орташа есеппен 6 мың гектар жерді алып жатыр.



2014 жылы облыс бойынша егін алқаптары көбейіп, 6 928,5 гектарды құрады, оның ішінде 5 998 гектар суармалы, қалғандары тәлімі жерлер. Тамшылатып суару технологиясымен өңделетін ауыл шаруашылығы дақылдарының ауданы 1100 гектар құрады, бұл 2013 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 447 гектарға және 2012 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 687 гектарға артық.


Негізгі ауыл шаруашылығы дақылдары

Егін алқаптары, гектар

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

Жалпы егін алқаптары

6 268,5

5 396,2

5 978,0

6928,5

Дәнді дақылдар

2 090

500

530




Соның ішінде













Арпа

2 040

470

430

300

Тары

50

30

100

100

Майлы дақылдар

5

812

1 100




Соның ішінде













Мақсары

5

812

1 100

530

Көкөністер

2 269,5

2 235,9

2 157,6

2 323,6

Бақша дақылдары

770,6

759,9

739,8

784

Картоп

938,9

959,9

953,5

1463,4

Мал азықтық дақылдар

194,5

128,5

497,3

1427,5


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет