БАҒдарламасы атырау 2015 Қолданылған қЫСҚартулар тізімі ади адамның даму индексі



бет3/7
Дата18.03.2017
өлшемі3,27 Mb.
#11890
1   2   3   4   5   6   7

2013 жылы дәнді дақылдар 503 гектар, майлы дақылдар 1100 гектар, картоп 953,5 гектар, көкөністер 2 157,6 гектар, бақша дақылдары 739,8 гектар егілді. Егістіктің негізгі бөлігі үй шаруашылығында орналасқан.

Топырақ құнарлығының төмен болуына байланысты өңір жер өңдеудің қауіптілігі жоғары аумақта орналасқан, оған қоса ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерінің сумен қамтамасыз етілуіне орай ағын су деңгейіне тәуелділігінен, гидротехникалық имараттар мен су сору қондырғыларының жоғары тозу дәрежесінен, мал азығы өндірісі өзіндік құнының жоғары болуы, суландыру жүйесінің болмауынан мал азығы дақылдарын өсіруге мүмкіндік жоқ, картоп, көкөністерді өсіру негізінен тұрғындардың үй шаруашылығында ғана шоғырланған, бұның бәрі өндірістің тиімділігі мен өнімнің тауарлығын төмендетеді, көкөністер мен жемістерді сақтау үшін қазіргі заманғы техникамен жабдықталған қоймалар жоқ, оларды дайындау және қайта өңдеу жүйесі реттелмеген.

Жер өңдеуді тиімді жүргізу, топырақ құнарлылығын сақтау және қайта жаңғыру үшін жерлерге белдемдеуді жүргізу, оларды түгендеп, жер телімдерінің нысаналы мақсатта пайдаланылуын бақылау керек.

Облыста 9,5 гектар ауданда 19 жылыжайлар жұмыс істеуде, оның ішінде 2,5 гектар 2014 жылы іске қосылды.

Егістікте тамшылатып суару әдісінің енгізілуі 2013 жылы 240 гектарға ұлғайып, барлығы 653 га көлемді құрады.


Тамшылатып суаруды пайдаланатын алқаптардың көлемі


жылдар

барлығы,

гектар

Соның ішінде, гектар

көкөністер

бақша дақылдары

картоп

жеміс-жидек дақылдары

2012 ж

413

197

16

50

150

2013 ж

653

281

67

131

174

2014 ж

1100

425

263

201

211

Жайылым қорын дамыту

Соңғы жылдары ауыл шаруашылығына арналған алқаптарда қайтымсыз экологиялық өзгерістер айқын болып отыр, соның ішінде жерлердің тозу үрдістерінің күшеюі. Облыстың ауыл шаруашылығы алқаптарының тозуына себеп болып отырған негізгі антропогендік фактор деп, әсіресе ірі елді мекендерге жақын маңдарда жайылыдарға мал жаюды көрсетуге болады, бұл жерлердің бұзылуына –дигрессияға алып келеді.

Мал азығы алқаптарының өнімділігінің төмендеуі орын алып отыр және де жалпы алғанда облыстың жайылым алқаптарының тозуы шөлдену үрдісі дамуының айқын мысалы деп айтуға болады. Облыстың жайылым алқаптары тозуының негізгі белгілері желден бүліну үрдісі байқалатын жайылымдардың тапталуы болып табылады. Жайылымдардың тапталуы өсімдіктердің құнды түрлерінің арамшөп немесе мал жемейтін түрлеріне ауысуына, өнімділіктің төмендеуінен, пайдалану маусымының шектелуінен көрінеді. Аса тапталған жер телімдеріне құдықтар мен мал суару орындары жатқызылғанын атап өту керек.

Жалпы өңір орташа және қатты тапталған жайылым алаңдарының жоғары мәнділігімен сипатталатынын атап айту керек. Жерлердің тозуы Құрманғазы, Махамбет және Қызылқоға аудандарында аса айқын байқалады. Облыстың ауыл шаруашылығы алқаптарын сапалық бағалауына сәйкес жалпы ауданның 38%-ы алқабы сор топырақты жерлерге, 34% желден бүлінген, 19% тұзды, тек 6% теріс белгілерге ұшырамаған жерлер болып табылады.

Жайылма және атырау табиғи кешендерінің тозу проблемасы ерекше назар аударуды қажет етеді. Айта кететін жайт, Жайық өзенінің саласы мен жайылмасында облыстың пішен шабындығының құнды алқаптары болып табылатын алқап жүйесінің 132,6 мың гектар ұшырайтын кебу үрдісі байқалады.

Айта кететін жайт, жайылымдық пайдалану ландшафттарының экологиялық жағдайына ылғалдану сипаты мен дәрежесі, жерлер тозуының аса қауіпті түрлері болып табылатын жел және су эрозиясы үлкен әсер етеді.

Осылайша, түрлі табиғи үрдістер салдарынан соңғы он жылдықта гидроморфты ланшафттардың аудандары айтарлықтай азайған. Жеке алғанда облыстағы шөп шабындықтары 3 есе азайып, қамыс-құрақ шабындықтары
14 есеге азайған. Жалпы облыс бойынша ауыл шаруашылығы алқаптары мен олардың жемшөп қорының өнімділігінің төмендеуі байқалады.

Облыстың шаруашылықтары мал азығы дақылдары алаңының үлесін көбейту бойынша жұмыстар жүргізуде, соның арқасында жыл сайынғы мал азығы тапшылығының 1/3-ін жабуға болады, бұл облыстың ірі мал азығына деген қажеттіліктің 25-30%-ын құрайды. Қазіргі таңда көпжылдық мал азығы дақылдарының егістігі 200 гектар жерді алып жатыр, оның алқабын 2015 жылға 1021 гектарға дейін жеткізу жоспарлануда.



Түйінді мәселелер:

  • табиғи-климаттық жағдайлар, көктемгі-жазғы кезеңдерде жауын-шашынның жеткілікті түрде түспеуі;

  • шөлге айналу үрдістерінің нәтижесінде тозу;

  • өңірде мұнай және газ өндіруші өнеркәсіптің дамуы, автомобиль жолдарын салу және пайдалану салдарынан жерлердің тозуы, желден бүліну, сорға айналу, жыра пайда болу үрдістері жанданады;

  • жер асты су көздері қоры деңгейінің төмен болуы;

  • облыстың Жайық, Қиғаш, Ойыл, Жем сияқты үлкен-кішілі өзендері деңгейінің төмендеуі;

  • жергілікті бюджеттен су астын тереңдетіп қазу жұмыстары бойынша іс-шаралар жүргізуге бөлінген қаражаттың жетіспеуі;

  • көктемгі ағын сулар деңгейінің төмен болуы, тиісінше табиғи суланатын пішен шабындықтары мен жайылымдардың азаюы;

  • мал азығы дақылдары алаң үлесінің азаюы (жоңышқа, судан шөбі, жүгері және ең аз мөлшерде (1990 жылдары 25-30 мың гектар);

  • малдың қысқы қорада ұсталу мерзімінде мал азығы қорының тапшылығы;

  • пішен шабу алқаптарының жетіспеуі және өнімділігінің төмен болуынан облыс аумағында, әсіресе Махамбет, Индер, Исатай аудандарында жеткілікті түрде мал азығын дайындауға мүмкіндік жоқ.

Мәселелерді шешу жолдары:

  • барлық санаттағы жерлерге, бірінші кезекте ауыл шаруашылығына арналған жерлерге түгендеу жүргізу, түгендеу үрдісінде алқаптар түрі бойынша барлық санаттағы жерлердің жалпы ауданы, олардың сапалық жағдайы, жер иеленушілер бойынша бөлінуі туралы деректер, сондай–ақ нысаналы пайдаланылмаған жерлер анықталған.

  • жер өңдеу мәдениетін көтеру, топырақ-климаттық жағдайларды және аумақтың топырақ ерекшелігін білуді талап ететін басқа да мақсаттарды ескере отырып, топырақ құнарлылығын, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыру бойынша агротехникалық іс-шаралардың сараланған жүйесін әзірлеу үшін жерлердің топырағын тексеруді жүргізу;

  • жайылымдық салмақты қысқарту, ыңғайлыға жақын салмақты сақтауда экологиялық негізделген жайылым айналымын жүргізу және жайылым айналымы жағдайында далалық генетикалық резерваттарды (тынығу аймақтарын) құру;

  • тозған жайылымдарда шөп өсімін қалпына келтіру (шөпті қосымша себу, қопсыту, қымтау, құрылымдық түрлендірушілерді енгізу);

  • жоғары мал азығы қасиеттеріне ие дала өсімдіктерін құнарландыру бойынша сынамаларды егу;

  • мал азығы алқаптарын түпкілікті жақсарту, сор жерлерін мелиорациялау және эрозияға қарсы іс-шараларды жүргізу;

  • топырақ ауруын және екінші қайтара сорлануын болдырмайтын технологияларды (тек жақсы кәрізделген топырақты суару, пішен шабындықтарын көлдете суару, механикалық тәсілмен жайылымдарды және үлкен ойыстарды жаңарту), сондай-ақ фитомелиорация технологияларын таңдау арқылы суару тәсілдерін оңтайландыру;

  • уақытша ағын сулар мен шағын өзендерде су шаруашылығы имараттарын оңтайландыру;

  • ауыл шаруашылығы өндірушілерінің көпжылдық мал азығы дақылдарын өсіруіне қаржылай қолдауды қамтамасыз ететін іс-шараларды әзірлеу;

  • облыстың Қиғаш, Ойыл, Жем және тағы сол сияқты шағын өзендерінің түбін тереңдетіп қазу жұмыстарын жүргізуге арналған іс-шараларды қаржыландыру.

Мал шаруашылығы өнімдерін шығару

2014 жылы облыстың барлық шаруашылық санаттарында мүйізді ірі қара мал басы 2,7%-ға өсіп, 146,7 мыңды құрады, соның ішінде қой мен ешкі 2,9%-ға (526,8 мың бас), түйе 2,6%-ға (29,8 мың бас) және жылқы 3,1%-ға (50,6 мың бас) көбейді. Сондай –ақ, мал шаруашылығының негізгі түрлері тірі салмақта ет 0,2%-ға, сүт 1,5%-ға, жұмыртқа 2,3 есеге көбейді, жыл қорытындысы бойынша облыстың барлық шаруашылық санаттарымен союға сатылған мал мен құс (тірі салмақта) – 42,2 мың тонна, сүт – 53,1 мың тонна, жұмыртқа – 21 710,9 мың дана құрады.

Соңғы жылдардың ішінде мал басы санының өсуі мен өсімі қамтамасыз етіліп отыр. Мал шаруашылығына мемлекеттік қолдау көлемдері де артып келеді.

Гендік қорды жақсарту мен қазіргі таңда асыл тұқымды мал шаруашылығы базасы 13 асыл тұқымды мал шаруашылығымен танылып отырған асыл тұқымды мал өнімділігін арттыру қатар келеді.

Облыста асыл тұқымды малдың нашар дамуы өндірістің қымбаттылығымен түсіндіріледі. Малды сатып алу, қажетті инфрақұрылым мен технологиялық үрдістерді жасау, сондай-ақ өндірістің өзін өтеу үшін айтарлықтай көп мерзімнің қажет болуынан (технологиялық үрдіс ерекшелігіне байланысты 6 жылдай) көптеген кәсіпкерлерді тиімділігі жоғары басқа бағыттарға ақшаларын салуға мәжбүр етеді. Қазіргі таңда бар кәсіпорындардың мәселелері нашар техникалық база және өндіріске қажетті инвестицияларды алудың қиын болуы.

Осыған қарамастан өңір түйе малын өсіруге өте қолайлы болып табылады. Облыс түйе малын өсіру бойынша республикада Маңғыстау облысынан кейінгі екінші орынды алып отыр, мұнда 29,8 мың бастан артық түйе малы шоғырланған, бұл жалпы мал бас санының 1/3-ін құрайды.

Облыстың асыл тұқымды түйе малын өсіретін шаруашылықтары Махамбет ауданы «Первомайский» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Құрманғазы ауданы «Құрманғазы» ӨК және Жылыой ауданы «Жаңа Таң» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Соңғы жылдары республикада еділбай, қылшық жүнді қазақи қой басын көбейту беталысы бар, оның ішінде асыл тұқымды қолда бар қойдың 59,5%-ы еділбай және олардың будан қойлар үлесінде немесе 39,9 мың қой басы, облыс бойынша барлық қой малы бас санының 7%-ын құрайды, осының арқасында өңір республика бойынша алғашқы орынға ие болып отыр.

Осыған орай Қазақстанның батыс өңірінің, атап айтқанда Атырау облысының еділбай тұқымды қойлардың өнімділігін отандық еділбай селекциясының жоғары өнімді құйрықты тұқымының тұқымдық қошқарларын пайдалана отырып жақсартуды ғылыми негізге қою өзекті мәселе болады.

Аталған қой тұқымын өсіру бойынша ірі ауыл шаруашылығы құрамалары «Құрманғазы», «Ақжонас», «Мақаш», «Сүйіндік» асыл тұқымды мал зауыттары және «Нурет» асыл тұқымды мал шаруашылығы болып табылады.

Осы тұқымды жетілдіру үшін «Оңтүстік-батыс мал шаруашылығы мен егін шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Атырау филиалы «КазАгроИнновация» акционерлік қоғамы, Атырау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының қолдауымен біздің өңір жағдайында еділбай тұқымды қойлардың типтерін, жаңа өнімділігі жоғары тез жетілу желілерін құру және қолда барларды жетілдіру бойынша жоба әзірленген.

Асыл тұқымды мал шаруашылығын арттырудың тәсілі асыл тұқымды ірі қара малының төлін сатып алу немесе қолдан ұрықтандыру.

Облыс бойынша 33 қолдан ұрықтандыру пункттері округ әкімдерінің теңгерімінде, бірақ күні бүгін олар жұмыс жасамауда.

Алдағы уақытта асыл тұқымды және тұқымдық түрлендірумен айналысатын шаруашылықтарға жергілікті бюджет есебінен субсидиялар төленеді.

Сиырларды сүтті мал гендік қорын нығайту үшін сүрлем, пішендеме сияқты маңызды мал азығын дайындау болып табылады. Дайындалған мал азығы көлемі күні бүгін ірі сабақты шөп малға қажеттілігін 104,4%-н қамтамасыз етеді, бірақ оның сапасы төмен. Сондықтан мал азығының құнарлығын жақсартып, шырынды, құрамы жем шөп пен жем шөп қоспалары, сүрлемдер пайдаланылса, олар малдың сүт өнімділігін арттырады.

Өңірдің агроөнеркәсіптік кешеніне инвестицияларды тарту үшін -«Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы-өңірлік даму институты арқылы өңірдің азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған әлеуметтік-маңызды жобаларды іске асыру мақсатында инновациялық бағыттағы озық технологиялар бойынша оны дамытуды ұсынамыз. Бұндай амалды қолдану қажеттілігінің себептері:

Біріншіден, социалистік құрылыстың жоспарлы экономикасынан басқа формацияның нарықтық сүрлеуіне өтуі көптеген ауыл шаруашылығының кәсіпорындарын жекешелендіріп, жаңадан құрылған ауыл шаруашылығы өндірісінің жеке кәсіпкерлері өз бизнесін өз бетінше бастап, қарадүрсін тәсілдермен дамытты, бұл өндірістің төмендеуіне және асыл тұқымды репродукция қасиеттері бар ауыл шаруашылығы мал басы санының төмендеуіне алып келді.

Екіншіден, жаңа прогрессивті технологияларды енгізбесе, жоғары құнарлы сапалы өнім алу мен өнім сапасы жоғары асыл тұқымды ауыл шаруашылығы мал басы санын көбейтуге, саланың өндірісін қарқынды дамыту мүмкін емес.

Үшіншіден, «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы - өңірлік даму институты арқылы 49%-ға дейін мемлекет үлесін қатыстыра отырып, жеке капиталды біріктіру арқылы сындарлы өндіріс тәсілі мемлекет қаражаты өңірлік даму институтының жарғылық қаржысын көбейтуге бағытталады, бұл алдағы уақытта қамтамасыз ету, қайтарымдылық, мерзімділік, төлемділік шартында нысаналы қарыз беру және/немесе үлестік қаржыландыру түрінде жобаларға инвестицияланатын болады. Осы инвестициялар есебінен іске асырылатын жоба қысқа мерзім ішінде мултипликативті нәтижеге ие болып, мемлекет үлесі төлеп алынғаннан кейін бюджеттік қаражаттың қатысуынсыз өз дамуын жалғастырады немесе оның қатысуымен, бірақ бірлескен өндірістің шаруашылық субъекті қызметі табысты болған жағдайда, қатысушылардың шешімі бойынша қаржыландыратын субъектінің пайдасына дивиденділерді төлеуіне болады.

Төртіншіден, меншікті әлеуметтік маңызды азық-түлік өндірісінің азық-түліктік белдеуін құру есебінен азық-түлік қауіпсіздігін жасау, бұл дүкен сөрелерінен орнына өңірімізде шығарылған бағасы қолжетімді сапалы азық-түлікке ауыстыра отырып, шыққан жері белгісіз импорт тауарларын ығыстырып шығаруға мүмкіндік береді.

Бесіншіден, өңіріміз көмірсутегі шикізатты аймақ болып табылатындығын ескере отырып, оны өндіруден бастап қайта өңдеуге тасымалдаудан жақсы табысқа қол жеткізуге болады, алайда түскен түсім бір жолғы сипаттқа ие болады, ал ауыл шаруашылығы болашағы зор өндіріс болып табылады, себебі оның өнімдеріне деген сұраныс үнемі жоғары, нарықтық қатынас заманында сапалы өнімге деген сұраныс тауардың сатып алу құнын арттырады.

Біздің мақсатымыз өңірде жаңа жұмыс орындарын ашу және АӨК-нің ұзақ мерзімді жобаларына салған инвестицияларының нәтижесін көз жеткізу үшін жергілікті кәсіпкерлерді тарту. Жекелеген өндірістер бойынша өңірдің жеке капиталын дамытуға салуға ауыл шаруашылығын саласы туралы түсінігі мен басшықтың ауыл шаруашылық бейіміндегі арнайы білімінің болмауынан күдікпен қарайды.

Келесі жобалар «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы – өңірлік даму институты арқылы іске асыруға жоспарланған:


  • Махамбет ауданы Бейбарыс селосында 500 бас голштинді-фризтік тұқымның жемделетін сиыр сүт-тауарлық фермасының, құрылысын салу, кейінен 1000 басқа дейін кеңейту.

  • Толыққанды тамақтану үшін тұтыну кәрзеңкесіндегі маңызды өнімдердің бірі болып сүт және сүт өнімдері табылады. Халықтың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде сүт өнімдерінің саласы маңызды.

Ағымдағы проблемаларды талдау

Сараптамалық статистикалық деректер, сондай-ақ бөлшек және көтерме сауда желісінде сырттан әкелетін сүт өнімдерінің болуы ірімшік, сүзбе, құрғақ сүт, қоюландырылған сүт бойынша импортқа тәуелділік деңгейінің көтерілуін көрсетіп отыр.



Сүт өнімдері саласының проблемалары

  • Шикізат базасының жай-күйі (сиыр малы басының 90%-нан астамы тұрғандар шаруашылығында шоғырланған)

  • Сүт тауарлығының төмендігі

  • Асыл тұқымды мал басының үлес салмағының төмендігі

  • Сүтті мал басы өнімділігінің төмендігі

  • Шикі сүт өндірісінің маусымдық ауытқулары мен шикізатты қайта өңдеуші кәсіпорындарға жеткізудегі үзілістер

  • Қайта өңдеу саласындағы сыни жағдайлар (ҚР бойынша, соның ішінде Астана қаласында бір қатар зауыттар жұмысының тоқтатылуы)

  • Қазақстандық өнімге қатысты украин, белорус, ресей өндірушілерінің ұқсас өнімі құнындағы өсніп келе жатқан айырмашылық пен әлемдік нарықтағы бағаның барлық жерлерде төмендеуі кезінде импортты сүт өнімі көлемінің артуы.

  • Малды баптап ұстаудағы зооветеринарлық талаптар мен нормалардың бұзылуы

Өнімді өткізу бағдарламасы

Өткізу саласындағы саясат (нарыққа енгізу, баға құру)

Сүт-тауар фермаларының өнімін өткізу келесі арналар арқылы жүзеге асырылады:

-сүтті қайта өңдеуші кәсіпорындарға жеткізіп беру келісімшарттары бойынша;

-дайындау ұйымдарына;

Қоғамдық тамақтану желісі арқылы.

Баптап ұстау тәсілдері мен шарттары

Баптап ұстау – салқында - жылдың аса суық күндері корпус ішіндегі ең төмен температура минус 10-15 градус, ұстау тәсілі саман төселген жекелеген бокстарда байламай ұстау. Аталмыш тәсіл малды ұстаудағы еңбек шығынын азайтуға, механизацияны жақсы пайдалануға септігін тигізеді. Сүт тұқымды малды тобымен төсемені аз шығындайтын құрғақ, жылы орынды қамтамасыз ететін жекелеген бокстар жайғастырылған секцияларға орналастырылады.

Қалдықсыз технология қағидасы бойынша жұмысты жүргізу мақсатында ІҚМ қиынан қатты түйірлерді бөліп алып, оны кейінен МТФ үшін төсем, кейін сертификаттап халыққа жылыжай шаруашылығы мен бөлме өсімдіктеріне биогумус ретінде өткізу үшін органикалық тыңайтқыш ретінде пайдалану мақсатында микробиологиялық өңдеуге арналған жабдықтардың технологиялық кешенін сатып алу бойынша жобаны іске асыру көзделіп отыр.

Қиды органикалық тыңайтқыш ретінде пайдалану – бұл қиды пайдаланудың ең көне және ең белгілі тәсілі. Алайда қазіргі таңда осындай құнды биомассаны қолданудың тағы бір тәсілі бар – малға төсем ретінде қолдан құрғатылған қидың қатты құрамдарын пайдалану. Бұл биомассаны пайдаланудың жаңа тәсілтыңайтқыш ретінде де қолдануға мүмкіндік береді. Төсемге қайта өңделген қи, сосын тыңайтқышқа қайта өңделген қолданылған төсем- бір материалды екі рет қолдану.

Биореактордың жоспарланған өндірістік қуаттылығы тәулігіне 18м3 дайын өнім (төсем) және кейінен оны органикалық тыңайтқыш ретінде пайдалану маусымаралық кезеңде халықтың дәрумендірілген арзан және сапалы көкөніс өнімдеріне деген сұранысын қанағаттандыру үшін егін шаруашылығы өнімінің өнімділігін арттырады.


  • Мал соятын, шұжық және ет консерві цехтарымен етті қайта өңдеу комбинатын құру.

Жобаның мақсаты Атырау облысы тұрғындарын заманауи технологияларды пайдалану арқасында барлық пайда қасиеттерін сақтай отырып жоғары сапалы шұжық өнімдерімен, ет консервілерімен және басқа да ауылшаруашылық өніммен қолжемді баға бойынша қамтамасыз ету. Сондай-ақ аталмыш жобаны енгізудің мақсаты қажетті заманауи машиналар мен жабдықтарды қайта өңдеу процесінде пайдалана отырып ет өнімдерін қайта өңдеудің технологиялық процестерін жаңғырту және оңтайландыру болып табылады, бұл өнімнің сапасын жақсартуға, өнімнің тауарлық келбетін жетілдіріп, сатып алушыларды тартуға септігін тигізеді, өз кезегінде кәіпорынның тиімді өндірістік, өсірушілік процесті қамтамасыз етеді.

Қасапхана өнімі: ұшалардағы, жартылай ұшалардағы ет, шабылған ет, ішектері, ішкі құрылыстары, үйітілген бас- сирақтар.

Жартылай дайындалған ет өнімі цехының өнімдері: туралған ішкі құрылыс еттері, фарш, вакуум орамадағы және газды науадағы сорпа жинағы.

Ет консерві цехының өнімі: бірінші санаттағы сиыр етінен бұқтырылған ет консервілері.

Шұжық цехының өнімі: түрлі шұжықтар, сервелат, қайнатылған шұжық, аңшы шұжықтары т.с.с қақталған шұжықтар.

Ет комбинатын құруға инвестициялар көлемін мыналар құрайды:



  • «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация Ұлттық компаниясы» осы жобаға жабдықтарды лизингке беру мақсатында сатып алуға қатыса алады.

  • Бұл жабдықтарды әрі қарай нысаналы пайдалану мен оған ғимараттар мен имараттар құрылысын салу жеке капитал мен жоба бастамашысының функциясы.

Экономиалық тұрғыдан жоба мыналарға септігін тигізеді:

*жаңа жұмыс орындарын құру, бұл жұмысшыларға тұрақты табыс алуға мүмкіндік береді;

*жаңа өндірісті ашу;

*экологиялық таза өнім өндірісі;

*Атырау облысының бюджетіне салықтар мен басқа да түсімдердің түсуі.

Әлеуметтік әсер етулердің ішінен мыналарды айқындауға болады: - тұрғындарды ет өніміне деген сұраныстарын қанағаттандыру.

Осы жобаның мақсаты ІҚМ мен ҰММ сою өндірісін, өзіндік өндірістің жоғары сапалы өнімі мен экологиялық таза өнімімен толықтай толтыру үшін ет комбинаты ет өнімін шығару қолданыстағы өндірістік алаңдарда негізгі және қосалқы жабдықтардың толық жинағын қондырып, орналастырумен ұйымдастырудың, экономикалық мақсаттылығына негіздеме болып табылады.

Аталған өндірісті орналастыру кезінде кәсіпорын мыналарды өткізу мүмкіндігіне ие болады:

*Қасапхана өнімі: ұшалардағы, жартылай ұшалардағы ет, шабылған ет, ішектері, ішкі құрылыстары, үйітілген бас- сирақтар.

*Жартылай дайындалған ет өнімі цехының өнімдері: туралған ішкі құрылыс еттері, фарш, вакуум орамадағы және газды науадағы сорпа жинағы.

*Ет консерві цехының өнімі: бірінші санаттағы сиыр етінен бұқтырылған ет консервілері.

*Шұжық цехының өнімі: түрлі шұжықтар, сервелат, қайнатылған шұжық, аңшы шұжықтары т.с.с қақталған шұжықтар.

* заманауи талаптарға сай сапалы өндірістің аз ғана көлеміндегі нарықтың үлкен сыйымдылығы, оның пайдалылығының жоғары болуы, осы жобаны аталған бағытта дамытуға қолайлы жағдай туғызуға септігін тигізеді. Шағын және орта бизнес кәсіпорындары саласында айтарлықтай ықшам өндірістік кешендерді құру желілік нарықтардың ет өнімдерімен тез толысуына себепші болып, оларды сату үлесін арттыру, жобаға айтарлықтай қаражатты тартуға мүмкіндік береді.

«Атырау облысы Индер ауданында шұбат, айран мен қымыз өндіру мен ет-сүтті бағыттағы малды өсіру бойынша мал шаруашылығы кешенінің өндірісін ұйымдастыру».

Осы жобаның мақсаты мал шаруашылығы кешенін ұйымдастыру экономикалық мақсаттылығының негіздемесі мен аса толық меншікті экологиялық таза және жоғары сапалы өніммен толасу үшін қолданыстағы өндірістік алаңдарда негізгі және қосалқы жабдықтардың толық жиынтығын орната отырып, сүт, шұбат, айран өндіру бойынша құрылыс цехы болып табылады.

Шұбат, айран, қымыз өндіру мен ет-сүтті бағыттағы малды өсіру бойынша мал шаруашылығы кешенінің өндірісі ұйымдастыру жобасын іске асыру үшін келесі шығындар түріне:

-өнімділігі ауысымына 600л. табиғи қымыз бен шұбатты дайындау, Ресейде жасалған сағатына 600-700/1,0 л. қымыз бен шұбатты бөтелкеге құйып, тығындау, заттаңбалау, орамалау желісі.

- Қытайда жасалған пресс-форма көлемі 1,5 л., ПЕТ-ыдысты қыздыру және үрлеуге арналған жабдықтар кешені.

-зоотехникалық нормалар бойынша бас саны 142 айғыр мен биені қосымша сатып алу қажет.

- бас саны 54 аталық түйе және аналық түйені сатып қосымша сатып алу қажет.

-жемді сатып алу: дәнді арпа -54тн, және 1500 тай сапалы пішен.



«Өндірісі орташа сиыр сүтін дайындау және қайта өңдеу бойынша өндірісті ұйымдастыру» мамандандырылған компаниядан күніне 1,5 тн сүт қайта өңдеу және дайындау үшін шағын цех жабдықтарын сатып алу қажет. Жабдықтарды жеткізіп беруші шетелдік қиыр және таяу елдеріндегі әзірлеуші зауыттардың ресми дилері болуы тиіс, тікелей жеткізіп беруге, технологиялар инжинирингі мен тамақ өнімдерін (ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге арналған шағын зауыттар, желілер мен қондырғылар) қайта өңдеу жабдықтарына, арнайы техникаға, сондай-ақ жабдықтардың толықтарын бөлшектерін жеткізуге және кейін оған сервистік қызмет көрсетуге (жинақтау, басты жинақтау жұмыстары) мамандандырылған.

Сүтті дайындау және қайта өңдеу бойынша цех құрылысын салу жобасын іске асыру үшін келесі шығындар мен сатып алуларға инвестициялар қажет:

-сүт, айран, қаймақты дайындау желісі.

«Жайылымда қой өсірушілік үшін климаттық жағдайлары қолайлы аудандардың бірінде асыл тұқымды қой өсіру және кеңейтілген түрде өсіруге еділбай тұқымды қой сатып алу»

Жобаның мақсаты ет бағыттағы еділбай тұқымды қойды сатып алу болып табылады, шаруашылық субъектінің барлық санаттарын жоғары топтағы тез өнетін асыл тұқымды өндірушілермен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, осылайша халықтың басты тіршілік көзі дамыған жайылымды мал шаруашылығының экономикалық тиімділігін арттырады.

Жобада қоңыржай климатты ауданда ауыл шаруашылық өндірісін ұйымдастыру көзделген, қыста қойлар жайылымға үйреніп, өз азығын «қар астынадағы жайылымнан тебіндеу» әдісімен азық таба алады. Қой өсірудің селекциялық өнімділігін арттыру мен өсіру үшін 800 бас еділбай тұқымды қарызға берілетін қаражат есебінен сатып алу жоспарлануда.

Келесі себептер бойынша асыл тұқымды, негізінен етті өнімнің ауыл шаруашылығы өндірісі инвестициялар салудың объекті болып таңдалды:

Құрманғазы ауданы өзіндік табиғи-климаттық, жайылым-жемшөп жағдайы бойынша дәстүрлі мал шаруашылығының ауданы. Айырықша табиғи жағдайға, климаттың өзгеруіне бейімделген, осы ауданда өсірілген еділбай тұқымды етті-майлы құйрықты қой басы басқа шаруашылықтардан әкелу халықтың өмірлік және кәсіби мүдделеріне сәйкес келеді.

Бизнестің осы бағыты мен орналасу орнын таңдау келесі факторлармен шартталады:

-«Агробизнес-2020» Мемлекеттік бағдарламасын орындау

-мал шаруашылығы өнімдеріне деген тұрақты сұраныстың болуы;

-меншікті жер алаңдарының болуы;

-қажетті матералдық-техникалық базаның болуы;

-шаруашылық басшысының тәжірибесі;

Қызанақтарды өсіру жылыжайының құрылысы.

Өңіріміздің табиғи-климаттық жағдайын ескере отырып қорғалған топырақта көкөніс дақылдарын өсіруді арттыру, маусымаралық кезеңде әлеуметтік маңызды сипаттағы азық түрлеріне жатқызылған қызанақ, қияр сияқты жергілікті дәрумендірілген өнімдермен нарық пен сауда орындарын толтыру қажет.

Қызанақтарды өсіру жылыжайының құрылысы бойынша инвестициялық инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру үшін «Атырау» ӘКК» акционерлік қоғамы жарғылық капиталын бюджеттік инвестициялар есебінен арттыруға тура келеді. Қызанақтарды өсіру үшін жылыжай құрылысының басымдылығы ауыл шаруашылығы өндірушілерінің көбі жылыжайда қызанақтарды өсіруді қолға ала бермейді, себебі бұл дақыл аса ерекше, дақылды күту, суғару, тұқымдарын іріктеу және басқа да критерийлер бойынша айрықша көңіл бөлуді талап етеді, ал қызанақтың бағасы басқа өңірлерден әкелінетіндіктен маусымаралық кезеңде өте жоғары болады.

Жоба жерді өңдеу мен жабық топырақта біздің өңірдегі тұтынушының сұранысына ие ауыл шаруашылығының негізгі дақылдарының бірі – қызанақты өсіруге алаңы 2 га жылыжайдың қосымша кешенін ұйымдастыруды жоспарлайды. Сонымен қатар өсімдіктер жабық топырақта жыл мезгілінің күз, қыс және ерте көктем мезгілінде өсетіндіктен тамшылатып суару жүйесі мен жарықтандыру жүйесі қолданылатын болады, бұл ресурстарды тиімді қолдануға мүмкіндік береді. Барлық өнім өңірде ұзақ мерзімді келісімдер мен келісімшарттар, сонымен қатар нарық беталысына байланысты өңірдің көтерме және бөлшек нарықтарында өткізілетін болады.



  • Көкөніс қоймасын және көкөніс дақылдарынан дайын өнімді қайта өңдеу жөніндегі цехты ұйымдастыру.

Өңірде барлық салат және көкөніс дақылдарының консервіленген өнімінің көпшілік массасы таяу шетелден келген импорт және еліміздің оңтүстік өңірінен әкелінген. Сумен қамтудың ашық көздеріне қол жеткізу, жарығы мол күннің болуы және өсіп өнуге қолайлы вегетациялық кезеңдер табиғи-климаттық жағдайын ескере отырып көкөніс өнімдерінің әр түрінен жақсы өнім алу мүмкіндігі бар. Екі кезеңде өнеркәсіптік көлемдерде дайын консервіленген өнімдерді шығарумен түрлі көкөніс өнімін қайта өңдеуге, өсірілетін көкөністерді сақтауға дайындау және салуды ұйымдастыру мүмкіндігі беріледі.

Бірінші кезекте салаттарды және консервіленген көкөністерді шығару.

Бірінші кезеңде өткізуге ұсынылатын өнімнің негізгі түрлері:


  • Сәбіз салаты;

  • Орамжапырақ салаты;

  • Қызылша салаты;

  • Консервіленген көкөніс;

Жоба көкөніс сақтау қоймасын және көкөніс дақылдарын қайта өңдеу цехын, көкөніс дақылдарынан дайын өнімді шығаруды ұйымдастыруға арналған, жаңа өндірістік және әкімшілік корпустары құрылысын салу негізінде өндірістік кешенді жаңа заманауи жабдықтармен жарақтандыру, қажетті іске қосу-реттеу жұмыстарын жүргізу және өндірістік процесті жоғары деңгейге келтіруге мүмкіндік беретін басқа да ұйымдастыру шараларын жүргізу.

Өндірістің болжанатын өнімділігі жылына 120 мың консервіленген өнім құтысы, сондай-ақ 600 мың кг көкөніс салаттары.

Аталған өндірістің ерекшелігі өңірдің жұмыссыздық, тұрғындардың табысының төмен деңгейі, өңір тұрғындарын әлеуметтік әлсіз қорғалуы сияқты аса жіті проблемаларын шешуге бағытталған. Кәсіпорын өңірде ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеудің заманауи, инновациялық әдістерін енгізуге, өнім шығындарын азайтуға көмектеседі. Кәсіпорыннан айтарлықтай салық түсімдері өңірдің– жол салу, мектеп және балалар мекемелерінің, денсаулық сақтау және әлеуметтік сала объектілерінің экономикалық проблемаларын шешуге мүмкіндік береді.

Екінші кезекте бір жүктегендегі сыйымдылығы 8 тн және арнайы жабдықтары, желдеткіші, контейнер жәшіктері бар екі көкөніс сақтау қоймасының құрылысы көзделеді.



  • Сүтті түйелерді сатып алуды ұйымдастыру.

Облысымыз түйе басының саны бойынша Маңғыстау облысынан кейін алғашқы орында, алайда төрт түліктің осы түрінің сүт өнімі облыстың көптеген шаруашылықтарда дәстүрлі тәсілмен сатылады, тек Жылыой ауданы «Достан Ата» шаруа қожалығында өндірілген «шұбат» сыйымдылығы 0,25 және 0,5 л. арнайы пластик бөтелкелерде сатылады, алайда сусамыр ауруын алдын алуға пайдалы табиғи өнімге деген сұраныс жылдан жылға артып келеді.

Инвестициялық, инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру үшін сүтті түйелерді сатып алу үшін «Атырау» ӘКК» ҰК» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын арттыру қажет.

Аталған жобаны іске асыру тек қана бюджеттік қаражатты қатысуы арқылы мүмкін, өйткені коммерциялық банктердің пайыздары жоғары (жылдық 14-20%) несиелерін тарту жобаның табысын азайтады.

Қышқыл сүтті өнімді өндіру – инновациялық, импортты алмастыратын және бәсекеге қабілетті.

Өндірісте 60 мың теңгеге дейін тұрақты жалақымен (қосалқы инфрақұрылымды дамытуды есепке алмай) жергілікті тұрғындар жұмылдырылады. Бұл қолдағы білікті кадрлар мен қызметкерлерді пайдалануға, жұмыссыздық мәселесін жеңілдетіп, сәйкесінше әлеуметтік шиеленісуді төмендетеді.

Жобаны іске асыру:



  • Рентабельді бизнесті құру,

  • Бюджетке жылына орташа есеппен 5,0 млн теңге дейін түсім түсуін қамтамасыз етеді.

  • Тұрақты 10 –нан астам жұмыс орнын құру

  • Отандық өнімнің бәсекелестік артықшылығын арттырады.

  • Шығарылатын өнім сапасын жақсартады.

  • Жобалардың оң аспектілерін, тұтас республика мен өңір үшін әлеуметтік маңыздылығын, бюджетке түсетін жыл сайынғы түсімдерді ескерсек, бюджеттік инвестициялар кәсіпорын қызметінің 10 жылы ішінде қайтарылады.

  • Болашақта тоқыма фабрикасын кеңейтумен жүнді алғашқы өңдеу ісін ұйымдастыру.

Қожалық қызметінің негізгі түрінің бірі мал шаруашылығы өнімдерін (сүт, ет, асыл тұқымды малды сату, сондай-ақ қойдың, түйенің жүнін және малдың терісін) шығару мен сату болып табылады. Басты мақсат – мал шаруашылығы өнімінің сапасын арттыру, тұтынушыларды өз өнімімен қамтуды жақсарту, өнімді сату нарығын кеңейту.

ХХІ ғасыр маңызды басымдылықтарының ішінде тоқыма ісін көптеген сарапшылар жалпы ішкі өнім мен халықты қарқынды түрде жұмыспен қамтуға қосатын үлесі үшін қоғам мен экономиканы дамыту өнімінің басты түрі ретінде бірінші орынға қойып отыр.

Соңғы кезең ішінде жүн тоқыма ісінің басқа талшықтарына қарағанда тұрақты орны бар. Бұған мақта және синтетикалық талшыққа деген бағаның күрт өсуі себеп. Болжам бойынша мұнайдан алынатын шикізат өнімдері: акрил, полиэфир бағасы жақын аралықта өсетін болады.

Қазақстандық өндірушілерден жүн жіктелмей, сұрыпталмай келіп түсетін болады. Қазақстанда жүнді сапа санаты мен түрі бойынша жіктеу болмағандықтан, барлық көлемі бойынша орташа көрсеткіштер төмендейді. Оған қоса жүнді сату проблемасынан қойдың етіне бола өсіруге мәжбүр қой өсіру шаруашылығындағы жеке өндірушілердің үлесі артады. Бұл алдағы уақытта Қазақстандағы жүн өндірудің сапасы мен санына теріс әсерін тигізуі мүмкін. Өз кезегінде жүн сапасының төмен болуы ішкі нарықтағы тоқыма кәсіпорындарының орнын төмендетеді.

Саланың жалпы дамуына әсер ететін келесі факторларды атап өтуге болады:


  • көптеген кәсіпорындардың жабдықтарының физикалық тозуы және технологиялық артта қалушылығы, өндірістердің кеңеюі мен техникалық қайта жарақтандыруы үшін айналымдағы қаражаттың жеткіліксіздігі;

  • жуылмаған жүннің бастапқы шикізатының сапасының төмендігі, ол сәйкесінше жүннен шығарылатын өнім сапасының төмен болуына әкеледі, шикізатты дайындау жүйесінің болмауы, жүн бағытындағы жіңішке жүнді қой өсіру бағдарламасының жоқтығы, қойларды бағы және өсіру сапасының төмендігі;

  • кәсіпорындарда сауатты менеджменттің жоқтығы;

  • отандық өндірушілер мен импорттаушылар үшін ішкі нарықтаға теңсіз жағдайлар;

  • отандық өнімдердің бәсекеге қабілеттігін төмендететін және заңды жұмыс жасайтын өндірушілер үшін еңсертпейтін салық жүктемесінің жоғары болуы;

  • басқа да нарықтық, өндірістік, инфрақұрылымдық, саяси проблемалардың қатары.

Жүн деп қойлардың, ешкілердің, түйелердің және басқа да малдардың үстіндегі жүнді жамылғысын айтамыз.

Тоқыма өнеркәсібі кәсіпорындары үшін жүннің негізгі массасын (94-96%) қой шаруашылығы жеткізіп отырады.

Қой жүні төрт түрлі талшықтан тұрады:


  • түбіт жүн – өте жіңішке, есілген, жұмсақ және мықты талшықтан, көлденең қимасында дөңгелек;

  • қыл – түбітке қарағанда қалың және қатты талшық;

  • қыл - қылға қарағанда қаттылау талшық;

  • өлі қылшық – көлденеңінен өте қалың және есілмеген қатты талшықтан, ірі тақталы қабыршақпен жабылған.

Жылдан жылға қой, ешкі және түйе жүнін өндірісі дамуда. 2010 жылы жүн өндірісінің жалпы көлемі 1000 тоннаны құраса, 2011 жылы 1200 тоннаны, 2012 жылы 1100 тоннаны, 2013 жылы – 1000 тоннаны құрады.

Егер Атырау облысында өндірілетін қой, ешкі және түйе жүннің шамамен 60-65%-ы облыс кәсіпорындарында өнделеді деп алсақ, онда дайын өнім – тазаланған жүннің орташа табысы жылына шамамен 124,8 тоннаны құрар еді, оның ішінде 80 тоннасы – қой жүні, 44,8 тоннасы – түйе жүнінен.

Осылайша, Қазақстан нарығындағы кәсіпорын үлесі 3,9-4,4%-ды құрар еді. Кәсіпорын – ПОШ фабрикасының қуаттылығын анықтау кезінде келесі факторлар ескерілді:


  • нарықтағы тазаланған жүнге деген сұраныс;

  • Атырау облысының аумағында ПОШ фабрикаларының бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі;

  • Облыс және республика шегінен тыс тазаланбаған жүнді әкету (30-35%);

  • Өңделмеген жүн көлемінің көптігі (40%-дан жоғары);

*Атырау қаласында тоқыма фабрикасын құру.

Өндірістік жобаның түпкілікті мақсаты Атырау қаласында тоқыма фабрикасының қызметін ұйымдастыру болып табылады, өйткені логистика бойынша өңір Еуропа, сондай-ақ алдыңғы және ортаңғы Азия мемлекеттеріне шығатын жол болып табылады. тұтынушыларға қызмет көрсету кезінде тиісті ассортиментті өндірілетін өнімнің жоғары сапалылығын қамтамасыз ету мақсатында барлық өндірістік коммуникацияларды, шүйке, жіп және матаны алу мақсатында мал жүнін өңдеу бойынша технологиялық тізбекті пысықтаумен жаңа жабдықты қондыруды қоса алғанда, аяқталған өндірістік инфрақұрылымды құру жоспарлануда.

Аталған жобаны іске асыру күрделі құрылыс шығындарын төмендетуге, бір-бірімен байланысты салалар – логистика, шикізатты ұтымды пайдалану, жаңа жұмыс орындарын ашуды дамытуға бағытталған. Аталған жобаның пайдалылығы кәсіпорынның басты мақсаты – пайда табуға қол жеткізуге мүмкіндік береді, ол өндірістің одан әрі дамуына, жалпы республикада отандық жеңіл өнеркәсіптің дамуына бағытталатын болады.

* Асыл тұқымды ешкілерді және ешкі фермасына жиынтықтайтын жабдығын сатып алумен ешкі өсіру және ешкі сүті мен етін өңдеу жөніндегі мал шаруашылығы кешенін ұйымдастыру.

Сүт және сүт өнімдерін өндіру бойынша Атырау облысы мемлекетіміздің өңірлері арасында соңғыдан бұрынғы орында.

2012 жылдың басында қой және ешкі мал басы Атырау облысы бойынша 621,4 мың басты құрады, оның ішінде 104,6 мың ешкі мал басы жергілікті тұқымсыз ешкі мал басының төмен өндірістік сапасының себебінен төмендеу беталысына ие. Егер 2007 жылы қой мен ешкінің 563,2 мың басы болса, бес жыл ішінде қойдың мал басы 10,3%-ға артса, ешкі мал басы одан да аз.

Мал басының өсу қарқыны төмен болуы ең бастысы ешкілердің қазіргі заманғы жеке түрлерінің асыл тұқымды сапалылығының төмендігіне байланысты.

Жобаның мақсаты РФ-нан 300 бас ешкі мен 5 асыл тұқымды ешкілерді бастапқы сатып алумен және Қазақстанда сүт бағытындағы асыл тұқымды ешкі шаруашылығы жоқ болуына байланысты сүтті ешкі басының санын 600 басқа дейін мейлінше жеткізумен асыл тұқымды ешкілер мен құрылатын сүт бағытындағы асыл тұқымды ешкі шаруашылығы үшін қосымша жабдық сатып алу болып табылады. сатып алынатын ешкі тұқымы «Зааненская» болуы тиіс (қазіргі таңда сүт бағытындағы ешкінің ең жоғары өнімді тұқымы). Барлық ешкілер өзінің физиологиялық құрылымына қарай аязға шыдай алмайды, сондықтан өз таңдауымызды сауым мөлшері 1300 кг дейін болатын жоғары сүт өнімділігімен Испандық «Мусиано-Гранадина» сүт бағытындағы ешкілерге қарағанда Ленинград және Мәскеу облыстарында жақсы бейімделген «Зааненская» тұқымына тоқтатуымыз тиіс. Ешкі сүтінің негізгі мөлшері ірімшік өндірісіне пайдаланылады. Испан ешкілерінің мұндай жоғары сүттілігі тіпті сүтті сиырлармен де бәсекелесуге мүмкіндік береді, алайда оларды біздің өңірімізге жерсіндірудің жоғары қаупі бар.

Ешкі фермасын дамыту жобасы дамытудың кезеңдік сызбасын көздейді. Бірінші кезеңде 2014 жылы 600 бас ешкіге арналған күрделі орынжайды салу, оны жабдықтап, тиісті шетен қора жабдығын, желдету жүйесін, жарықты, автоастауларды, буаз ешкінің жағдайын компьютерлік қадағалауды орнату жоспарлануда. Табынды басқару және малды ұстауды ұйымдастыру табын айналымына сәйкес жоспарлы тәсіл деңгейінде болуы тиіс, жемшөп, пішен, сүрлем дайындау үшін техника сатып алу, өнімділігі 10 тонна пішеннің, сабанның, қоспа жемшөптің және дән қалдақтарының құрамдастырылған мал азығы болатын жем дайындау цехын салу. Мал азығын дайындау өсірілетін ешкілердің жасы мен физиологиялық жағдайының басқа да ерекшеліктеріне қарай қоректендіру рационына сәйкес теңгерімделген болуы тиіс. Мал азығы 600 бас сауылатын ешкі мен 1000 басқа дейінгі лақтар мен ешкілерді ұстау үшін жеткілікті мөлшерде дайындалуы тиіс.

Ешкі фермасында өндірілетін өнім облыс тұрғындарының сүт өнімдеріне, біріншіден балалар мекемелерінің және емдәмдық етке қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін арналған.

Бірінші жылы өндірістің құрылуы және жобалық қуатына дейін жетуі жүреді, содан кейін сүт және ет өнімдерінің өндірісі арта түседі.



*Еуростандарт бойынша жұмыртқа бағытындағы құс фабрикасын ұйымдастыру.

Соңғы он жылдықта бүкіл әлемде құс шаруашылығы өнімін тұтынудың тұрақты өсу үрдісі байқалуда. Тек осы кезең ішінде әлемдік жұмыртқа өндірісі 50%-ға дейін өсті, жұмыртқаны тұтыну жан басына шаққанда жылына шамамен 142 данаға жетті. Жан басына шаққанда жұмыртқаның көп өндірісі Нидерландта (633 жұмыртқа), Жапонияда (317), Бельгияда (314), АҚШ-та (303), Чехияда (300), Ресейде (230).

Еуростандартқа сәйкес келетін жұмыртқа бағытындағы құс фабрикасының құрылысы Атырау облысының халқын сапалы жұмыртқамен және құс етімен қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ өңірдің құс шаруашылығы өніміне импорттық тәуелділігін төмендету мақсатында жүргізілуде.

Аталған жобаны іске асыру күрделі құрылыс салуға кететін шығынды төмендетуге, бір-бірімен байланысты саланы дамытуға – жемшөп өндірісі, логистика, табиғи жайылымдар мен алқаптарды ұтымды пайдалануға, жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған. Аталған жобаның пайдалылығы кәсіпорынның басты мақсаты – табыс табуға қол жеткізуге мүмкіндік береді, бұл өндірістің одан әрі дамуына және жалпы республикада құс фабрикасының дамуына бағытталады.

Ұсынылып отырған өнімнің сапасы мен оны тұрақты жақсарту, өндірістің тұрақты өсу динамикасы, өнімді өткізу нарығын көбейту, өндірістік қуаттылықты одан әрі жетілдіру мүмкіндігі.

Жоғары өнімді құс басының болуы және құсханаларды үздіксіз жиынтықтауды ұйымдастыру жыл ішінде жұмыртқаны күнделікті жеткізуді болжамдайды.

Еуростандарттарға жауап беретін жұмыртқа бағытындағы құс фабрикасының құрылысын салу жобасын пайдалануға беру үшін келесі іс-шаралар: жем дайындау цехы мен құсханалар үшін жабдықтарды сатып алуға қаражат талап етіледі.

*Еттік балапан бағытындағы құс фабрикасын ұйымдастыру.

Сонымен қатар еттік балапан бағытындағы құс фабрикасын ұйымдастыру қажеттілігі туындауда, өйткені облыс аумағында өткізілетін құс еті көбінесе сырттан әкелінетін және импорт болып келеді. Әлемдік стандарттарға жауап беретін, Атырау облысының тұрғындарын сапалы құс етімен қамтамасыз етуге арналған, сондай-ақ өңірдің құс шаруашылығы өнімдеріне импорттық тәуелділігін төмендету мақсатында ет бағытындағы құс фабрикасының құрылысын ұйымдастыру қажеттілігі туындайды. Жылдық қажеттілігі 2800 тонна болғанда құрылатын құс фабрикасының жобалық қуаты орташа есеппен жылына еттік балапан еті 2600 тоннаға дейін болуы тиіс. Пайдалануға беру барысында ашылған жұмыс орнының саны 82.

Қазақстандағы құс етін тұтыну жан басына шаққанда жылына 22 кг-нан асады. Атырау өңірінде әсіресе орташа сападағы мұздатылған импорттық құс еті тұтынылады. Нарықтағы еттің бағасы кг-на 422 теңгені құрайды. Кг-на 812 теңгеден болатын жаңадан сойылған құс еті кездеседі.

Алдарыңызға жаңадан сойылған еттің сату бағасы кг-на 464 теңгеге тоқтауды, сонымен бірге түрлі бөлшектеудегі сүйексіз құс етін: жеке құстың жамбас еті, төс еті, қанаттары және т.б. сатуды бастауды ұсынамыз. Бұл бөлшектеулер бүтін ұшамен салыстырғанда құнын 50%-ға арттыра отырып, бөлшектеудің барлық түрлерінің орташа құнын кг-на 696 теңге деңгейінде ұстаумен қосымша құнын арттыруға да мүмкіндік береді.

Алдын ала экономикалық есептеулердің бірінші нұсқасында бөлшектелген құс етінің 25%-ын сату болжамдалады; келтірілген кестеде сатылатын өнімдердің түрлі қатынастарында өндірістің кірісі мен пайдалылығына ықпалы қаншалықты екенін көруге болады.

Сонымен қатар жыл сайын өнімді процестен алынған тауық еті сатылатын болады. Олардың сату бағасы кг-на 317 теңге және одан да жоғары болуы мүмкін.

Аталған жобаны іске асыру күрделі құрылыс шығыстарын төмендетуге, бір-бірімен байланысты салалар – жемшөп өндіру, логистика, табиғи жайылымдар мен алқаптарды ұтымды пайдалануды дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталатын болады. Аталған жобаның пайдалылығы кәсіпорынның негізгі мақсаты – өндірістің одан әрі дамуына және жалпы құс шаруашылығының дамуына бағытталатын пайда табуға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Ұсынылып отырған өнімнің сапасы мен оны тұрақты жақсарту, өндірістің тұрақты өсу динамикасы, өнімді өткізу нарығын көбейту, өндірістік қуаттылықты одан әрі жетілдіру мүмкіндігі.

Жоғары өнімді құс басының болуы және құсханаларды үздіксіз жиынтықтауды ұйымдастыру жыл ішінде жұмыртқаны күнделікті жеткізуді болжамдайды.

Жобаны іске қосу үшін келесі іс-шараларға: табынды ұстау үшін цехтарға жабдық сатып алу, оны жөндеу, құрама жем зауытын сатып алу, сою цехы, салқындату жабдықтарын сатып алу, дән сақтау жабдықтары, зертхана жабдықтары және басқа да жуатын сорғы жабдықтарын сатып алу үшін қаражат талап етіледі.



*Бөдене жұмыртқасы мен етін өндіретін бөдене фермасын ұйымдастыру.

Осыған байланысты өнеркәсіптік құс шаруашылығында тауықтар мен етті балапандар өнеркәсіптік тобын тор батареяларда ұстау беталысы орын алды. Мысалы Ресейде құс фабрикаларының 75%-ы құстарды ұстап, өсіру үшін шетелдік және де отандық өндірістің түрлі конструкциялардың тор батареялары пайдаланылады.

Аталған тамақ өнімдерінің көптеген пайдалы қасиеттері мен қолжетімділігіне қарамастан Қазақстанда оларды тарату мен тұтыну дамымаған. Мысалы Жапонияда мектеп оқушыларының бөдене жөмыртқасын күн сайын тұтынуы елдің заңдарының қатарына енгізілген. Қазақстан сарапшыларының пікірінше бөдене жұмыртқасына деген сұраныс 4 есе асып отыр. Жобада жергілікті базар, супермаркеттер, кафе, мейрамхана мен қоғамдық тамақтанудың өзге ұйымдары өткізуді іске асыру болжанады.

Атырау облысында қазіргі таңда бөденелерді өсірумен айналысатын фермалар жоқ.

Атырау облысы географиялық орналасуына қарай жергілікті тұрғындардың толыққанды тамақтануы үшін өмірлік қажетті шарт болып табылатын басқа өңірлерден азық-түліктер ағымы құйылатын өңір. Соңғы статистикалық мәліметтерге сәйкес 2013 жылға Атырау облысында 555 мың адам тұрады, олардың 268 мың қала тұрғындары. Сондай-ақ, ресми статистикаға сәйкес ағымдағы жылдың қаңтардан бастап қазан кезеңінде Атырау облысында 9,4 млн дана тауық жұмыртқасы өндірілді. Сонымен қатар, түрлі маркетигілік зерттеулерге сәйкес тауық жұмыртқасын тұтынуды үш түрлі параметрде ұсынуға болады.


  • Бау-бақша шаруашылығын ұйымдастыру.

Нарық қатынасы шартына ауысумен Атырау өңірінде бау-бақша алаңдары кішірейіп, осылайша жеміс дақылдарын жалпы жинау көрсеткіші төмендеді.

Бұрын облыста 850 га астам бақша мен жидектік жер болған, қазіргі таңда 2005 жылғы түгендеуден кейін ертеректе отырғызылған 121 га жер жаңа перспективалық сұрыптармен ауыстырып, жаңғыртылады.

1993-1994 жылдардағы көпжылдық екпе ағаштарға үлкен зиян келген, әсіресе Жайық өзені жаға бойында орналасқан бақшалар зардап шекті, бірінші кезеңде жидекті және дәнді дақылдар, жүзімдер, содан кейін шекілдеуіктердің көпшілігі өліп қалды. Атырау өңірі республиканың оңтүстік облыстармен қатар тұрғындарды өзіндік жеміс-жидектерді өндіру есебінен мүмкіндіктері бар. Бау-бақша шаруашылығы және жидекті жерді қарқынды дамыту үшін дақылдарды аласа телітушіге отырғызу қажет. Облыстың ызғырық континентальдық шарттарға бейімделген интродуцияланғандарды жақсартып, жаңа жергілікті жоғары сапалы, жоғары өнімді сұрыптарды жасаумен үздіксіз байланыста жыл сайын тез жеміс береді.

Жайық өзені жағалауында іргелес Каспий маңы ойпатында бау-бақша өсіру 18 ғасыр соңынан бастау алады. Орал алмалары Ресей қалаларына шығарылып, шетелге экспортталған. Гурьев облысында Городиннің деректері бойынша (1891 ж.) ауданы 59 десятина 56 бақша болған. Семенов Тянь-Шаньский 1903 жылы Гурьевте жүзім, алма, шие, өрік пен жеміс дақылдары жақсы өседі. Революциядан кейінгі алғашқы жылдары (1920-25ж.ж) объективті себептерге байланысты көпшілік бау-бақша құрып қалған.

Қазақ ғылыми-зерттеу институты жеміс шаруашылығы мен жүзім шаруашылығы үшін жаңа бақша мен жидек дақылдарының бейімделген әлеуетін бағалаудың негізгі критерийлері іріктеліп алынды. Эпизодтық зерттеулер материалдары мен көп жылғы эксперементтік жұмыстардың нәтижелері, дақылдардың әйгілі биологиялық ерекшеліктері, сондай-ақ 10 жылдық кезең ішіндегі метеобақылау деректері мен табиғи-климаттық сипаттамалар қолданылған. Дәнді дақылдарды өсірудің басты проблемасының бірі биімділігі мен сұрыптардың шаруашылық құндылығынан басқа вирус және саңырауқұлақ ауруларына берілмеуі болып табылады.

Жергілікті сұрыптар ұзақ мерзім ішінде сәйкес және қарапайым халықтық қолдан сұрыптау процесінде пайда болды. Жапырақты сұрыптардың көбі халықтық селекциямен жасалған. Олар жергілікті климат жағдайына бейімделген, алайда көбіне морфологиялық және биологиялық белгілері бойынша ерекшеленеді. Осындай сұрыптарға алма ағаштары: Антоновка, Анистер, Боровинка, Синапый, алмұрт: Лимонка, Тонковетка, шие-Любовская, Украинский және т.б. Басқа аудандардан әкелінген интродуктивті сұрыптар, өсетін жерлердің климатына үйренді.

Өнеркәсіптік сұрыпталым Батыс Европадан, Америкадан және басқа елдерден әкелінген сұрыптармен байытылған. Селекциялық сұрыптар селекциядан қолданыланылатын жасанды әдістермен алынады.олар морфологиялық және биологиялық сипаттының жақсылап түзілуімен, жергілікті жағдайға бейімделуінің жоғары болуымен ерекшеленеді және халық шаруашылығының талаптарына жауап береді. Бақша шаруашылығы жоғары дамыған батыс елдерінде алма ағашы бақшасының негізін тығыздығы бір гектарға 1,5-2 мың өсімдікті құрайтын аласа МІХ және М27 телітушілеріндегі қарқынды бау-бақшалар құрайды. Қатарлар арасындағы топырақ шымның астында болады. Вегетациялық кезең ішінде шөпті 5-9 рет шабады. Қатардағы арам шөпті гербицидтермен жояды, гербицидті жолақтардың ені – 1-1,5м. Қалыптастыру ретінде V бейнелі микадо жүйесін, үш тәуліктік қоршауды, француз білігін, грузбекті пайдаланады.

Баяу өсетін телушілерді пайдалану бақшаның өсімталдық емес кезеңін қысқартуға , өнімді жинауға еңбек шығынын қысқартып, екпелердің өнімділігін айтарлықтай арттырады.

Суарылатын бау-бақша шаруашылығында су құюдың түрлі тәсілдері қолданылады: бақшаның барлық алаңын су басу, чектар бойынша бақша қатарларының арасына бір мезгілде ылғалдаумен су жіберу, тек бөгендер бойынша құю, дің асты жолақтары бойынша құю, атыз бойынша су құю, қысқа ағынша және алысқа ағатын ағынша аппараттарын жаңбырлату машиналарын, тамыр орналасқан қабат пен басқаларын топырақ асты және жер үстін ылғалдатумен тамшылатып суару.

Су құюда жоғары еңбек өнімділігін қамтамасыз ету, суды үнемдеп шығындау, су құю тәртібін қатаң ұстану және топырақ құнарлығын сақтау үшін бақшаны отырғызу жобасында инженерлік-суару жүйесінің қондырғысы қарастырылуы тиіс. Жер арнасындағы каналдармен ашық суару желісін каналдарды шайып кетуді болдырмайтын су баяу сіңетін топырақ пен ылди жерлерде ылғалмен қамтудың жеткілікті болуы жағдайында қолдануға болады. Нарықтық қатынастар ірі мамандандырылған шаруашылықтарды реформалау кезеңінде бау-бақша шаруашылығы бір қатар қиындықтарға тап болды. Бюджеттен көп жылдық екпелерді отырғызуға күрделі салымдарды қаржыландыруды күрт қысқарту, ауыл шаруашлығы мен өнеркәсіп өніміне деген баға теңсіздігінің өсуі, инфляция жеміс-жидек өнімінің қарқынды өндірілу деңгейі төмендеуіне алып келді.

Қазіргі таңда отырығызылған бақшаның әр гектарына республикалық бюджеттен 40%-ға дейін субсидия бөлінеді және жеміс-жидек дақылдарына күтім жасауға әр гектарға кеткен шығындар жеміс бергенге дейін 3-4 жыл ішінде өтеледі. Қазақстанның әлеуеті зор Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарында, сондай-ақ Батыс Қазақстан облысында бау-бақша шаруашылығын дамытуға табиғи-климаттық жағдай да аса қолайлы. Мұнда бау-бақша отырғызуға жарайтын суарылатын жерлердің үлкен массивтері бар, ірі шаруа қожалықтарын басқаруға қабілетті кадрлар мен ауыл шаруашылығы жұмысшыларына деген тапшылық байқалмайды.

Қолдағы ресурстарды тиімді пайдалануға саланы реформалау жолдарын дұрыс таңдау көмектеседі. Бұған аласа өсетін телушілерде өсетін жидектер мен алмаларды өсіруде айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізген «Ягодки Жамбылской области», Атырау облысының «Атырау агроөнімдері» шаруа қожалықтарын қалыптастыру, дамытудың көптеген мысалдарын келтіруге болады. Соңғы екі жыл ішінде «Атырау агроөнімдері» 150 га-дан астам алаңда 20 мыңнан астам алма ағашын және 10 гектар жүзімді өсіріп отыр.

Бау-бақша шаруашылығы мен жер өңдеудегі Австриялық фермер Зеппа Хольцердің қағидасы бойынша пермакультураның көмегімен күллі планетаны тойдыруға болады. Тек табиғатқа кедергі келтірмеу керек.

Балық өнімін шығару

Атырау облысы әкімдігінің 2006 жылғы 20 маусымдағы №168 «Жайық-Каспий бассейні бойынша (Атырау облысы шегінде) балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерін) пайдаланушыларға бекітіп беру туралы» қаулысына сәйкес 2016 жылға дейін 10 жылға балық шаруашылығы су айдындары бекітіліп, балық шаруашылығын жүргізуге 14 табиғат пайдаланушы рұқсат алды (Жайық өзені – 9, Қиғаш өзені – 5).

Сонымен қатар, Атырау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 19 қазандағы №295 «Жайық-Каспий бассейні бойынша (Атырау облысы шегінде) кейбір балық шаруашылығы учаскелерін табиғат пайдаланушыларға бекітіп беру туралы» қаулысына сәйкес 2022 жылға дейін 10 жыл мерзімге 16 балық шаруашылығы су айдыны 7 табиғат пайдаланушыға бекітіліп берілді. Қазіргі уақытта жалпы балық шаруашылығы кәсіпорындарының саны 14-тен 21-ге дейін артты.

2012 жыл ішінде облыстың балық шаруашылығы кәсіпорындарымен


14,2 мың тонна балық ауланды (2011 жылы – 8,5 мың тонна). Дайындалған және консервіленген өнім көлемі 9,3 мың тоннаны құрады (2011 жылы –
13 мың тонна).

2014 жылы балық шаруашылығы кәсіпорындарымен 12,9 мың тонна балық аулануы жоспарланып отыр. Бекіре балықтарын аулауға моратории енгізуге және Қазақстан Республикасы Үкіметінің балық аулау ережесіне сәйкес көктемгі балық аулау маусымында Қиғаш өзенінде кәсіптік балық аулау кезеңінің қысқаруына байланысты алдағы жылдары балық аулау көлемінің өсуі күтілмейді.

2006-2015 жылдарға арналған Балық шаруашылығын дамыту жоспарына сәйкес жыл сайын инвестиция көлемі артуда. 2013 жылы облыс бойынша балық шаруашылығы мекемелерімен 187,6 млн.теңге инвестиция тартылып, жоспарланған көлемнен 16,2%-ға артық орындалды.

Шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілеттігін арттыру мақсатында сапаны басқарудың халықаралық жүйесін енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде. Облыстың 7 балық шаруашылығы мекемесі ИСО-ны енгізді.

Балық шаруашылығы қызметін тұрақтандыру бағытында мына іс-шараларды іске асыру жоспарлануда:


  1. Балық аулау көлемін 2015 жылы – 13 мың тоннаға, 2016 жылы –
    13,2 мың тоннаға дейін жеткізу;

  2. Облытағы балық шаруашылығы мекемелерінің өндірістік базасын дамыту үшін жеке инвестицияларын тартуға ықпал ету.

Азық-түлік өнімін өндіру және ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу

Облыста сүтті қайта өңдеу бойынша 2013-2014 жылдары жаңадан «Первомайский» БК», «Сарайшық» БК», «Ганюшкин егін өнімдері» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері және «Алға-1» шаруа қожалығы іске қосылды.

Облыста өзі өндіру есебінен тұрғындардың негізгі азық-түлік қажеттілігін қамтамасыз ету бойынша мақсатты жұмыстар жүргізілуде. Облыстың ет пен ет өнімдеріне жылдық қажеттілік – 21 мың тоннаны, сүт және сүт өнімдеріне қажеттілік – 48,3 мың тонна, картопқа қажеттілік – 54 мың тоннаны, көкөніс өнімдеріне қажеттілік – 45,5 мың тоннаны, құс етіне қажеттілік – 2,8 мың тоннаны, жұмыртқаға қажеттілік - 81,2 млн. дананы құрайды.

Шығарылатын өнім сапасын арттыру және кәсіпорындардың халықаралық стандарттарға көшуі бойынша жұмыстар жалғасуда, қазіргі таңда ИСО және ХАССП халықаралық стандарттарға негізделген сапа менеджменті жүйесін саланың 10 кәсіпорны енгізді.



Негізгі түйінді мәселелерді талдау:

  • қайта өңдеу кәсіпорындарының технологиялық жабдықтармен нашар қамтылуы;

  • ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу бойынша кәсіпорындар технологиялық жабдықтарының жоғары дәрежеде тозуы;

  • шикізаттың болмауынан қайта өңдеуші кәсіпорындар қуаттылығының толық жүктемесімен жұмыс жасамауы;

  • тұрғындар шығарған өнімнің артығын олардан сатып алу жүйесінің болмауы.

Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау:

«Жұмағалиев Ө» жеке кәсіпкер жылына қуаттылығы 600 тонна көкөніс өсіретін 2,5 гектар жылыжай кешені жұмысын жасауда.

Махамбет ауданындағы «Первомайский» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің соңғы 10 жылдан бері жұмыс жасамай тұрған көк балауса өсіретін гидропоника кешені қайта іске қосылды.

Сонымен қатар, осы шаруашылықтан сүт бағытында заманауи үлгіде және батыс технологиясымен салынған голштино-фриз асыл тұқымды 500 бас мүйізді ірі қара сатып алынып, ферма өз жұмысына кірісіп кетті. Алдағы уақытта ферманы 1 мың басқа көбейту жұмысы жүргізілуде. Жобаның 2 кезеңі де аяқталған соң жылына 7,2 мың тонна сүт және сүт өнімдері шығарылатын болады.

Сондай-ақ, «Сарайшық» БК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ешкі сүті фермасы қазір ешкі сүтінен 12 түрлі сүт өнімін (сүт, айран, йогурт, сүзбе, қаймақ, ірімшік) өндіріп, халыққа ұсынып отыр. Заанин асыл тұқымды жануарлар биыл көктемде төлдеген болатын. Бұл өнімдермен балабақшалар мен емдеу орындары да қамтамасыз етілуде. Бір ешкі күніне 2,2 литр сүт береді. Жылдық қуаты – 320 тонна ешкі сүті және ешкі сүті өнімдерін шығару

Тағы бір сүт фермасы «Алға» ауыл шаруашылық кешені жылына 400 тонна сүт, айран, қымыз, шұбат және газдалған қышқыл шалап шығаруда.

Қазір осы фермалардан өндірілген түрлі майлылықтағы сүт, қаймақ, айран, шұбат, қымыз, йогурт, сүзбелер қала дүкендерінде сатылуда.

Cоңғы 2 жылда облыстық бюджеттен «Атырау» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы 7,6 млрд.теңгеге жүзеге асырылып жатқан 22 индустриялық жобаның 10-ы яғни 45 пайызы агроөнеркәсіп кешенінің үлесінде.

Бұлар 4 құс фабрикасы, Төртеуінің жалпы құны - 4 380 млн. теңге. Оның 3 млрд. теңгесі жеке кәсіпкерлер есебінен.

Құс фабрикалары жылына 2 675 тонна құс етін және 51 млн. дана жұмыртқа өндіреді. (Жылына қажеттілігі 2860 тонна, қамтылуы 93%, қажеттілігі 81,2 млн.дана, қамтылуы 86%)

4 сүт және сүт өнімдерін өндіру өндірістері. (Жылына қажеттілігі 48,3 мың тонна, қамтылуы 75%)

Сүт өңдеу зауыттары жылына 10,4 мың тонна сүт өнімдерін өндіреді. Бұл сүт өндіру өндірістерінен сиыр, ешкі сүттері, шұбат және қымыз өнімдері шығарылады.

Асыл тұқымды мал басын көбейтіп дамыту бағытындағы қой малын сатып алу жобасы («Ақжонас» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 20 млн.теңгеге 600 бас аналық қой малын сатып алды) және ет павилоны (Қызылқоға ауданындағы «Жарылғасын» шаруа кожалығы) іске асырылды.

Сонымен қатар, келесі жылы да ауыл шаруашылығы саласын дамыту бағытында да жұмыстар жалғасатын болады. Соның дәлелі ретінде мына жобалар биылдан бастап іске асырылуда.

Бірінші, 2015 жылдың бірінші жартыжылдығында алғашқы кезеңде 100 тонна түйе мен 350 тонна қой жүндерін өңдейтін, кейін екінші кезеңде киімдер шығаратын фабриканы іске қосу жоспарлануда (жобаның құны 485 млн.теңге).

Екінші, артылған көкөніс өнімдерінен жылына 25 мың банкі консерві және 530 тонна салат дайындайтын өндіріс ашуды қолға алынды. Облыста қуаттылығы 19 мың тонна қоймаға, қосымша 9 мың тонна қойма салынуда (жобаның құны 350 млн.теңге).

Үшінші, Махамбет ауданында «Бөдене жұмыртқасы мен етін өндіру құс фермасы» жобасы іске асырылуда (жобаның құны 40,0 млн. теңге).

Шағын және орта кәсіпкерлік

Экономикамыздың даму стратегиясы кәсіпкерліктің даму бағытының бірден бір кілті болып табылады.

Ел басының Қазақстан халқына жолдауында айтылған тапсырмасын орындауда шағын және орта бизнесті жан-жақты қолдау бағытында жұмыстар жүргізілуде.

2014 жылы тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік белсенді субъектілерінің саны 2013 жылмен салыстырғанда 809 бірлікке ұлғайып, 34 304 бірлікті құрады, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 2,4%-ға көбейді. Оның ішінде, заңды тұлға – 2 889, жеке кәсіпкер – 29 819, шаруа қожалығы – 1 596 бірлік. Облысымызда көп мөлшерде тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік белсенді субъектілері жеке кәсіпкерлер. Шағын және орта кәсіпкерлік белсенді субъектілер құрамында жеке кәсіпкерлер – 86,9%, шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорны - 8,4 %, шаруа қожалығы -4,7%.

2014 жылы шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылғандар саны 98,6 мың адамды құрады, бұл 2013 жылмен тиісті кезеңімен салыстырғанда 10,2%-ға көбейді.

2014 жылы шағын және орта кәсіпкерлік саласында сатылған өнімдер мен көрсетілген қызметтердің көлемі 597,8 млрд.теңгені құрады (алдын ала деректер).


Шағын және орта кәсіпкерлік көрсеткіштерінің

2012-2014 жылдардағы динамикасы



Көрсеткіштер атауы

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

көлемі

%

көлемі

%

көлемі

%

Белсенді субъектілер саны, бірлік

31 472

100,3

33 495

106,4

34 304

102,4

Өнім шығару, млрд. теңге

437,9

103,9

378,9

86,5

597,8

100,2

Жұмыспен қамтылғандар саны, мың адам.

76,1

91,4

86,5

113,6

98,6

110,2

2014 жылдың басынан облыстың шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің 219 объектісі іске қосылды, соның ішінде, өндірістік мақсаттағы 1 объект, 14 өндірістік база, 86 дүкен, 5 балабақша, 12 техникалық қызмет көрсету станциясы, 12 шаштараз, 4 монша, 20 кафе, мейрамхана және асхана (қоғамдық тамақтандыру объектілері), 3 дәріхана, 62 тағы да басқа объектілер бар, оларда 424 жаңа жұмыс орны құрылды.

Шағын және орта кәсіпкерліктің даму жолының бірі болып «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы жүзеге асырылуда, яғни кәсіпкерлік саласының даму қарқының механизмі болып отыр.

Бағдарлама жүзеге асырылғаннан бері несиенің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау бойынша сомасы 29,4 млр.теңге болатын 179 жоба мақұлданып 2 462 жаңа жұмыс орны құрылды.

Соның ішінде 2014 жылы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша несиенің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауға несие сомасы 11,8 млрд.теңге болатын 56 жоба мақұлданып, 856 жаңа жұмыс орыны құрылады деп күтілуде, несиені ішінара кепілдендіру бойынша сомасы 278,8 млн.теңгеге 30 жоба мақұлданды. Бұл бағдарламаға қатысу облыс кәсіпкерлеріне әр түрлі саладағы шағын және орта бизнестің жаңа объектілерін ашуға мүмкіндік берді.

Бұл жобалар құрал – жабдықтарды сатып алуға, бизнесті жетілдіруге және кеңейтуге (құрал-жабдық, бөлме) бағытталған.

Бұл бағытта мынадай екінші деңгейлі банктер белсенді жұмыс жүргізуде «Қазақстан халық банкі», «Еуразиялық банк», «Альянс банк» және «АТФ банк» акционерлік қоғамдары.

«Іскерлік байланыстар» жобасы бойынша Қазақстандағы бизнес-тренингтерден 16 кәсіпкерлер жоспарланса, 20 кәсіпкер бизнес-тренингтен өтті және 3 кәсіпкер Америка Құрама Штатында курстан өтті.

Сонымен қатар, облыста «Моноқалаларды дамытудың 2012-2020» жылдарға арналған бағдарламасы Құлсары қаласында жүзеге асуда.

Аталған Бағдарлама бойынша 2014 жылға несиенің пайыздық ставкасын субсидиялауға – 47,0 млн.теңге қарастырылып несиенің пайыздық ставкасын субсидиялауға сомасы 124,8 млн.теңге болатын кәсіпкердің 8 жобасы мақұлданды.

Сонымен қатар, облыста шағын және орта кәсіпкерлікті қаржылай қолдауды екінші деңгейлі банктер және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғам ұйымы көрсетеді.

Соңғы 2 жылда ауылдық кәсіпкерлерді қолдау мақсатында жергілікті бюджеттен 457,0 млн. теңге бөлінді. Бұл шеңберде 98 шағын және орта бизнес субъектілерінің жобасы іске асырылып, 220 жаңа жұмыс орны құрылды.

Облыста кәсіпкерлік инфрақұрылымын Атырау бизнес-инкубаторы ұсынады, қазіргі уақытта оның өндірістік алаңында ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің 27 жобасы іске асырылуда. Жұмысшылар саны 140 адамды құрайды.

Облыс әкімдігі өңірлік кәсіпкерлік әлеуетін көтеру мақсатында бюджеттен тыс қаражатты тарту үшін іс-шаралар жүргізуде.

Әкімдіктің ұсынысымен облыста қазақстандық үлесті дамыту мақсатында «Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің айналасында шағын және орта бизнесті дамыту серіктестік бағдарламасы іске асырылуда. 2012 жылы «MultiCorr» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құбырларды және егіндіктегі тұрбақұбырларын коррозияға қарсы орау жобасы қаржыландырылып, бекітілді және қазіргі таңда Теңізшевройл компаниясымен келісім шартқа отырды. Сонымен қатар, жылу алмастырғыш және резервуар тазалау бағытындағы компанияны дамыту жоспарланды.

Облыс орталығында «Бір терезе» қағидаты бойынша кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылды, онда кәсіпкерлік субъектілеріне қажетті барлық қызмет көрсетіледі.

Қазіргі уақытта, облыс әкімдігі өңірлік «Даму» КДҚ» акционерлік қоғамы филиалымен бірлесіп, облыс аудандарында кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығын ашты.

2013 жылдың мамыр айынан бері Кәсіпкерлікті қолдаудың мобильді орталығы жұмыс істейді, ай сайын кәсіпкерлікті қолдау мемлекеттік бағдарламаларын түсіндіру бойынша облыс аудандарына шығады.

2014 жылдың басынан тоқсан сайын мемлекеттік органдар қаржылық даму институттары өкілдерімен бірлесіп облыс аудандарында аудан кәсіпкерлерінің қатысуымен мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру бойынша көшпелі мәжілістер өткізілуде.

Аймақта кәсіпкерліктің белсенді өсуі байқалуда.

Сонымен қатар, кәсіпкерлік класына толыққанды жету үшін тек облыс орталықтарында ғана емес, жергілікті ауыл аймақтарында да бизнес дамуы керек.

Алайда, кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретін мәселелер бар:


  1. екінші деңгейдегі банктер жергілікті ауылдардағы жобалардың кепілдіктерінің төмен деңгейде болуына байланысты қаржыландырудан бас тартуы;

  2. «КазАгро» даму холдингі институтымен ауылдық қарыз алушылардың құжаттарын орталық деңгейде қаржыландыруды қарау мерзімінің ұзақтығы.

  3. көлік, өндірістік және коммуналдық инфрақұрылымның нашар дамуы.

Сыртқы факторлар: шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қаржылық-несиелік қолдау, кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымдық объектілерінің бар болуы (кәсіпкерлерге қызмет ету орталығы, аудандарда кәсіпкерлерге қолдау көрсету орталығы, консалтингтік фирмасы, қоғамдық бірлестіктері), сараптамалық кеңес қызметі, жергілікті атқарушы органдардың нормативтік-құқықтық актілеріне сараптама жүргізу, шикізат көздерінің жақындығы және тағы да басқа табиғи ресурстар динамикалық жетілдірілуде.

Ішкі факторлар: Жеке айналым қаражаттарының жетіспеуі, жаңа кәсіпорынның бастапқы капиталының құрылу проблемасы, сонымен қатар, қаржылық-несиелік ресурстарға қолжетімділіктің жетіспеушілігі, мұндай факторларды алдын алу, сұраған несие сомасын қамтамасыз етуге кепілдеме мөлшерінің жеткіліксіздігі және оның болмауы, кепілдеме мүлігіне банктердің төмен құн сараптама жүргізуі, жоғары пайыз мөлшерлемесі.

SWOT- салалық даму жағдайына талдау:

Мықты жақтары:

1) Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы үшін заңнамалық негіздің болуы;

2) Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің халықты жұмыспен қамтуы елеулі орын алады.

Әлсіз жақтары:

1) Жеке айналым қаражатының жетіспеуі;

2) Кәсіпкерлердің теориялық және тәжірибелік дайындығының әлсіздігі, білікті мамандардың жеткіліксіздігі.

Қауіп- қатер:

1) Қаржылық-несиелік ресурстарына қолжетімділіктің жетіспеушілігі, мұндай факторларды алдын алу, сұраған несие сомасын қамтамасыз етуге кепілдеме мөлшерінің жеткіліксіздігі, кепілдеме мүлігіне банктердің төмен құн сараптама жүргізуі;

2) Нақты секторда бизнес ашуға кепілдікпен қамтамасыз ету мүмкіндігінің жоқтығы.

Мүмкіндіктері:

1) Шағын және орта кәсіпкерлікті қаржылық-несиелік мемлекеттік қолдаудың динамикалық дамуы;

2) Рұқсат беру құжаттарын алуда әкімшілік кедергілерді қысқарту.

Өңіраралық ынтымақтастық

2014 жылы Атырау облысынан басқа өңірлерге жөнелтілген өндірілген өнім көлемі 780,8 млрд. теңгені құрады. 2015 жылдың 6 ақпанында өткен Жергілікті қамтуды дамыту Форумы шеңберінде облыс кәсіпорындары өзге өңірлермен жалпы құны 1 056,4 млн.теңгені құрайтын 11 меморандумдарға қол қойды. 2015 жылға басқа өңірлерге жөнелтілген өндірілген өнім көлемі


800 млрд.теңгеге жоспарланған.

Атырау облысы кәсіпорындары Қазақстанның өзге өңірлерімен ынтымақтастықта белсенді қатысады.

Сондай-ақ, «ШевронМунайГазИнк» корпорациясы Батыс Қазақстан облысын полиэтилен тұрбаларымен және құбыр жүргізуші арматурамен қамтамасыз етуде. Маңғыстау облысы жыл аяғына дейін 100 құбыр жүргізуші арматура сатып алуды жоспарлады.

«Атырау сауда» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Маңғыстау облысына жұмыртқа өнімдерін жөнелтуде.

Сонымен қатар, тұрақтандыру қоры шеңберінде Батыс Қазақстан облысынан ұн, Павлодар облысынан картоп, Қызылорда облысынан күріш сатып алынуда.

Ішкі сауда

Бөлшек тауар айналымының көлемі 2014 жылы 181,8 млрд. теңгені немесе нақты көлем индексі 100,3%-ды құрады. Алайда 2014 жылға нақты көлем индексі 105,0% жоспарланған болатын. Бөлшек сауда айналымының көлемінің көрсеткішке жете алмауы Ресейлік тауарлардың бағасы төмендеуінен, нәтижесінде отандық тауар өндірушілердің сату көлемінің төмендеуіне әкелді.

Көтерме тауар айналымының көлемі 2014 жылы – 357,6 млрд. теңгені құрады, бұл 2013 жылғы деңгейден 97,5%-ға көп.
Бөлшек және көтерме тауар айналымының 2012-2014 жылдардағы

динамикасы



2014 жылы облыс бойынша 2013 жылмен салыстырғанда сауда нысандарының қарқынды өсімі байқалады, жаңа заманғы үлгідегі мейрамханалар, дәмхана, дүкендер ашылуда, сонымен қоса «АТАБА», «ИДЕАЛ» «Лидер» «РАМСТОР» супермаркеттерінің желілері жұмыс істейді.

Облыстың ішкі саудасын дамыту мақсатында бірқатар жиналыстар өткізілуде.

Облыста жалпы алаңы 1 096 426 шаршы метр құрайтын 6 027 сауда нысаны жұмыс істейді.

Оның ішінде 10 сауда үйі, 3798 дүкен, 1867 дүкендердегі, сауда үйіндегі бөлімдер, 209 дәріхана, 81 автомай құятын бекет.

Облыс аумағында 19 сауда базары бар, оның ішінде облыс орталығында – 7, аудандарда – 12.

Аудан орталықтарында азық-түлік бағалары қала базарларының бағаларымен бірдей, супермаркет желілері кең дамыған.

Жергілікті тауар өндірушілерінің тауарларын алға тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен қатар, бүгінгі күні өңірге және тұтастай алғанда республикаға сауданы дамыту бағыттарының нақты көрінісінің болмауы тән, ал ішкі сауда стихиялық дамуда. Экономиканың ірі салаларының бірі жүйелі өзгертулерді, заңнамалық базаны жетілдіруді, үдемелі дамыту тетіктерін әзірлеуді қажет ететіні анық.

Осыған байланысты, проблемалық мәселелер ретінде төмендегілерді атауға болады:

1) сауда қызметін реттеу саласындағы заңнаманың нашар қамтамасыз етілуі;

2) сауда нарығында көлеңкелі айналымның жоғары деңгейі;

3) ішкі сауда құрылымының даму деңгейінің жетіспеушілігі.

SWOT- саласының даму жағдайына талдау:

Күшті жақтары:

1) сауда көлемінің дамуы және халықтың жұмыспен қамтылуының оң динамикасы;

2) бөлшек сауда нарығында құрылған қатысушылардың болуы.

Әлсіз жақтары:

1) нормативтік-құқықтық актілерде заманауи терминологияның жоқтығы;

2) айналым құралдарының тапшылығы;

3) кәсіптік-техникалық білім жүйесінің әлсіздігі, соның ішінде сауда мамандықтары бойынша.

Қауіпті жақтары:

1) азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар бойынша импорттық жеткізілімдерге тәуелділік;

2) өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігіне байланысты өндірілген өнімдерге сұраныстың төмендеуі.

Мүмкіндіктері:

1) бәсекелестіктің өсуі, сауда жүйелерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

2) ішкі нарықты тұтынушылардың тауарларымен толықтыру.

Инвестициялық саясаттың дамуы

2014 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 1 119,4 млрд.теңгені құрады, бұл 2013 жылдың қолданыстағы бағадан қарағанда 81,0 млрд. теңгеге көп. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың 2014 жылға нақты көлем индексі 103,5% құрады.

Облыс инвестициясының негізгі көздері сыртқы инвестициялар болып табылады, оның үлес салмағы 58,3% және шаруашылық субъектілердің жеке қаражаттары 47,5%. Бюджеттік қаражаттар 3,5%-ды құрады.

Сондай-ақ облыстың негізгі капиталға салынған инвестицияларының көлеміндегі шығындардың жекелеген түрлері бойынша құрылыс монтаж жұмыстарының көлемі 484,9 млрд.теңге (үлес салмағы 43,3%), ғимараттар мен имараттарды күрделі жөндеуге 16,1 млрд.теңге (1,4%), машиналар, жабдықтар және құрал-саймандарға 253,9 млрд.теңге (22,7%), өзге де шығындар 364,5 млрд.теңгені (32,6%) құрады.



Еліміздің негізгі капиталына салынған инвестициялар көлеміне облыстың үлес салмағы 17%-ды құрап, өңірлер арасында 1 орында.
2012-2014 жылдардағы негізгі капиталға салынған инвестициялардың динамикасы және нақты көлем индексі

Жалпы өңірлік өнімдегі негізгі капиталға инвестициялардың үлесі


2012 жылы 31,4%, 2013 жылы 28,6% құраса, 2014 жылы 27,8% құрады.

2014 жылы жалпы өңірлік өнімнің негізгі капиталына инвестициялар үлесі (жоспар 28,8%, орындалысы 27,8%) және «Негізгі капиталға инвестициялардың жалпы көлеміндегі негізгі капиталға шетелдік инвестициялардың үлесі» (жоспар 58,5%, орындалысы 50,9%) көрсеткіштерінің төмендеуіне Қашаған жобасындағы құрылыс жұмыстары мен Атырау МұнайӨңдеуЗауытының жаңғырту мен қайта құру жобасының аяқталуы себеп болды.

2014 жылдан бастап Инвесторларға қызмет көрсету орталығының қызметтері «Атырау Innovations» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – мамандандырылған заңды тұлғаға тапсырылған болатын. Аталмыш компания өңірге инвестиция тарту мен инновациялық жобаларды қолдау көрсету мақсатында құрылды. Компанияның бірден-бір құрылтайшысы Атырау облысы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы болып табылады.

«Атырау Innovations» компаниясы өз қызметін бастағалы бері шетелдік инвесторлармен 25 кездесу ұйымдастырып, шетелдік кәсіпкерлердің қатысуымен аудан орталықтарында роуд-шоу өткізілді, сонымен қатар «Atyrau Invest-2013», «Atyrau Invest-2014» халықаралық бизнес-форумының, Қазақстан мен Ресейдің ынтымақтастығы форумының ұйымдастырылуына атсалысты.

Компания біріккен өндірістерді құру мақсатында шетелдік бизнес-қауымдастықтармен белсенді әріптесік қызмет етіп отыр. Қазіргі таңда финдік, американдық және португалдық бизнес-хабтармен, Чехия мен Азербайжанның Сауда палаталарымен тығыз қарым-қатынас жасауда.

Есептік кезеңде «Атырау Innovations» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қызметкерлері инвесторлармен өзекті мәселелерді талқылауға арналған әртүрлі кездесулер мен дөңгелек үстелдерге қатысты.

Қазіргі таңда ақпараттық блокты қолдау үшін компания baseinvest.kz мәліметтер қорына инвестициялық жобаны енгізді.

Шетелдік капиталды тартумен бірнеше инвестициялық жобаны жүзеге асыру мәселелері қарастырылып отыр. Мысалы, американдық “Dow Chemicals” қатысуымен химиялық реагенттер зауытының құрылысы, ресейлік “Intra Tool” компаниясының қатысуымен мұнай-газ құрылғысын өндіру цехі, корейлік “LG Chem” компаниясымен газхимиялық кешеннің екінші фазасының құрылысы. Аталмыш жобалар ірі мұнай-газ жобаларының қасында мұнай-сервис қызметтерінің кешенін құруға арналған және барлығы да белгілі-бір тауашаның (ниша) негізіне бағытталған. Сонымен қатар немістік “Buss Group” компаниясының қатысуымен өңірде логистикалық орталық құру және португалдық “Ipiac-Nery” компаниясымен біріге отырып, керамзит кен орнын өңдеу жобалары қарастырылып отыр. Жоғарыда аталған жобалар аймақтық экономиканы әртараптандыру жолында үлкен үлес қосуы және өңдеу өнеркәсібінің инновациялық даму деңгейін жоғарылатуы тиіс.

Жоғарыда аталған шараларды ұйымдастырумен қатар компания Атырау облысының инвестициялық атласы, ортамерзімді келешекке арналған шаралар жоспары бар инвестициялық тартымдылықты арттырудың облыстық бағдарламасын жасақтап шығарды және компания сайтында инвесторларға арналған бос жер телімдерінің мәліметтерін қорын құрумен айналысып жатыр.

Қазіргі уақытта «Атырау Innovations» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2015-2017 ж.ж. инвесторларды тартуға арналған шаралардың жоспарын бекітті. Осыған сәйкес, жуық арада «Атырау Innovations» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі төменде көрсетілген шетелдік компаниялар/инвесторлардың қатысуымен өтетін халықаралық және аймақаралық шараларды жоспарлап отыр:

2015-2016 ж.ж. «Атырау Innovations» бірнеше инвестициялық шараларды атқаруды жоспарлап отыр, соның ішінде: облыстың инвестициялық мүмкіндіктері туралы промо роликті жасау және жүргізу, Атырауда халықаралық инвестициялық форум өткізу, екіжақты экономикалық қатынастар орнату үшін жергілікті бизнес өкілдерімен бірге Батыс Еуропа елдеріне роуд-щоу ұйымдастыру.

Атап өту керек, «Атырау Innovations» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі инвестицияны мемлекеттік шаралары бойынша инвесторларға аналитикалық және консультациялық қызметтер көрсету, соның ішінде инвестициялық келісім-шарт бойынша әкелінетін құрылғыларды кедендік салықтан босату арқылы инвестицияалды және постинвестициялық қолдау көрсетеді.

«Жігермұнайсервис» компаниясына 12 миллион теңге көлемінде баж салығынан босату түрінде инвестициялық преференциялар алу кезінде қолдау көрсетілген болатын. Қазіргі уақытта мұнай-сервис саласына инвестиция салуды мақсат еткен KISCO және Enermech компанияларына инвестициялық преференциялар алу үшін құжаттар дайындалу үстінде, ал отандық инвестор «Арыс-Базис» компаниясына заттай гранттар алуға қажетті жұмыстар жүргізіліп жатыр, соның ішінде бизнес-план жасақталып жатыр.

Жоғары қосымша құнды өндірістерді дамытудың алдыңғы тәжірибелермен танысып-үйрену мақсатында және жыл сайынғы Энергетикалық қалалардың Әлемдік әріптестігі (WECP) конференциясына қатысу мақсатында ағымдағы жылдың мамыр айында атыраулық делегация Хьюстон қаласында іссапарда болды. Инновациялық және ғылымды қажет ететін жобаларға сыртқы қаржыландыру тарттыру мәселесін пысықтау үшін Хьюстон технологиялық орталығында кездесу өткізілді. Келіссөздер барысында Атырауда Houston Technology Center мен мемлекеттік «Atyrau Innovations» компанияларының біріккен инновациялық және жоғары технологиялық жобаларды қолдауға арналған венчурлік қорын құруға қатысты алдын-ала келісім жасалды. Қазіргі таңда аталмыш бастаманы жүзеге асыру үшін қажетті екіжақты меморандум дайындалу үстінде.

Сонымен қатар, «Атырау Innovations» компаниясы мемлекеттік және жеке меншік әріптестік механизмі арқылы жобаларды жүзеге асыру бойынша аймақтық оператор болып табылады.

Мемлекеттік жекеменшік әріптестік принциптерін түсіндіру жұмысы жүргізілуде, мысалы, 2015 жылы әлеуетті концессионерлер және өкілдер қатысқан 2 семинар өткізілді.

2015-2017 жылдары мемлекеттік жекеменшік әріптестік үшін 2 жобаны жүзеге асыруға тиісті жоспар:

- 250 келушіге арналған «Өркен» медициналық орталығының құрылысы;

- 160 орындық «Шамшырақ» балабақшаның қайта тұрғызу.

Қазіргі уақытта, «Өркен» жобасы бойынша концессиялық ұсыныс дайындалып жатыр. Мемлекеттік жекеменшік әріптестік механизмі арқылы дене шынықтыру-сауықтыру орталығының, қатты қалдықтарды өңдеу зауыты және қаланың кәріз жүйесінің құрылысы секілді жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет