122
4 -ТА РА У
Сонымен бірге түрлі кәсіптердің пайда болуы теңсіздікті үл-
ғайтты. Бағбаншылық қоғамдағы қарапайым жүйенің орнына сау-
дагерлер мен сарбаздардан, ғалымдар мен патшалардан және еңбек
күші басқа барша жұртты асырайтын, халықтың қомақты бөлігін
қүрайтын кедей шаруалардан тұратын күрделі таптық жүйе қа-
лыптасты.
Қауымдарда бос уақыт пен технологияны қолданатын жаңа бір
сала - соғыс саласы болды. Жылқыны қолға үйретіп (атты әскер), дөң-
гелекті (әскери арба) игерудің арқасында әскери техника әлдеқайда
озық және тиімді бола бастады. Әскери әлеует басқа халықтарды жау-
лап алу арқылы артық табыс табудың құралы ретінде пайдаланылды.
Бұл салада римдіктердің жетістікке жеткені сондай, олар Жерорта
теңізі маңындағы бүкіл халықты Италиядағы билеуші элигаға бағы-
нышты шаруа табына айналдырды.
Достарыңызбен бөлісу: