ҚОҒАМДЫҚ ҚҰРЫЛЫМ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС 121
паққа берілген. Шын мәнінде, қарын тойдыру экономикасының ең
басты ерекшелігі - бұл қоғам мүшелерінің жас және жыныс ерекше-
ліктерінен басқа айырмашылықтары болмаған.
Адамзаттың барлық қоғамдары аңшылық-терімшілік қоғамдар
ретінде пайда болды, бірақ бүгінгі уақытта мұндай қоғамдар аз. Мұн-
дай адамдар Аустралияның Үлкен Виктория шөлі, Амазон ормандары
сияқты жерлерде кездеседі. Бұлардың аман қалған себебі - осы тұм-
са табиғаттың барлық ресурстарын пайдалану жолдарын ғасырлар
бойы меңгерген, оның үстіне адам аяғы жетпейтін жерлерді басып
алуға сырттағылардың да онша ықыласы болмаған.
Бағбаншылық қоғам дар Бүкіл әлемде аңшылық-терімшілік қоғам сатысынан жоғары көте-
рілу процесі ауыл шаруашылығын дамытудан басталды. Ауыл ша-
руашылығындағы «бірінші революция» кезінде адамдар табиғаттың
бергенін жай теріп алудың орнына өсімдік өсіріп, оны баптауды мең-
герді. Бұл соқасыз, жер жыртатын жануарсыз, кішігірім фермалардан
тұратын бағбаншылық қауымдардың қалыптасуына ыңпал етті. Бағ-
баншылық қоғамдар тек таяқтың, кетпеннің көмегімен көп тагам
өсіре алмады. Бірақ аңшылық-терімшілік қоғамдардан айырмашы-
лығы - олар артық азық жинайтындай көбірек өнім өндіре бастады.
Қауымдар күнкөріс қажеттігін өтеумен шектелмей, онан жоғары
деңгейде дамыған соң түбірімен өзгерді. Шаруалар азық өндіру үшін
әлі де күні бойы жүмыс істеуге мәжбүр болды, ал жаңа пайда болған
таптық иерархияның жоғары бөлігіндегілер шаруалар өндірген ар-
тық азықты пайдаланды. Артықшылыққа ие бұл топ енді күнкөріс
жүмыстарынан босап өнер, дін, жазу және анда-санда соғыс сияқты
басқа мақсаттарға көңіл боле бастады.
Біршама молшылыққа кенеліп, тұрмысы реттелгендіктен бағ-
баншылық қоғамдарда отбасынан өзге күрделі де түрақты институт-
тар дами бастады. Кейбір экономикалық іс-әрекеттер отбасынан тыс
жерде жүретін болғандықтан, бар уақытын осы салаға арнайтын дін-
дарлары бар діни құрылымдар қалыптасты, оның үстіне бюрократия-
сы, салық жинаушылары және мұрагерлікпен берілетін билеушісі
бар басқару жүйесі пайда болды. Кейде мұндай қоғамдар өте үлкен
болған. Мәселен, Инк империясында шамамен 4 миллионная астам
адам тұрған.