Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет201/530
Дата18.09.2024
өлшемі30,13 Mb.
#204657
түріБағдарламасы
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   530
Байланысты:
Бринкерхоф Әлеуметтану негіздері

Ат таңу теориясы
Девианттылықтың символдық интеракционизм мен конфликт тео- 
рияларын біріктіретін үшінші теориясы -
ат таңу теориясы. 
Бүл тео­
рия қандай адамдар мен іс-әрекетке қалай және неліктен «девиант» 
деген ат қойылатынын зерттейді. Ат таңу теориясының негізін қалау- 
шы ғалым айтқандай, «девиантты мінез-қүлық - халықгың таңған 
аты» (Becker, 1963; 90).

Тартыну теориясына сәйкес 
I «Мектеп аруы», «Жігіт султаны» 
атанған адамдар девиантты лыққа 
сирек барады. Себебі бұдан 
жоғалтатыны көп.
Дифференциалды ассоциация
теориясы 
- айналасындағы 
адамдардың көпшілігі 
конформизмге қарағанда 
девиантты мінез-құлыққа жақын 
болса, ол адам да девианттылыққа 
бейімделеді деп санайды.
Тартыну теориясы 
- әлеуметтік 
құрылымдар конформизм 
үшін лайықты марапат 
болмаған жағдайда адамдар 
девианттылыққа ойысады деп 
есептейді.
Ат таңу теориясы 
- белгілі бір 
адамдарға және іс-әрекетке 
«девиантты» деген ат жапсыру 
процесін зерттейтін теория.


172
6 -ТА РА У
әлеуметтану және сіз
Сіз оқитын колледждің немесе 
университеттің ғимаратында 
темекі шегуге тыйым салынған 
ба? Олай болса, сіз моральдық 
кәсіпкердіңжұмысына куә 
болып отырсыз. Темекіге қарсы 
белсенділер бүкіл ел аумағындағы 
қоғамдық мекемелерде, жеке 
мейрамханалар мен барларда 
тіпті көшеде темекі шегуді 
заңсыз деп тануға күш салды.
Моральдық кәсіпкер - моральдың 
жаңа анықтамасын беріп, оны 
енгізуге тырысатын адамдар.
Адамның девианттылығын түсіндіру
Адамға «девиант» деген атты таңу басқалардың ережеге сай келмей- 
тін әрекетке қатысты реакциясына байланысты болмақ. Бала алғаш 
рет сыныпта тәртіп бұзса, мүны қатты қуанғаннан не көңіл қошы 
болмағаннан жасайды. Бүл импульсивті әрекет бастапқы девиантты- 
лық деп аталады. Әрі қарай не болатыны басқалардың бұл әрекетті қа- 
лай бағалайтынына байланысты. Егер мұғалімдер, психологтар және 
басқа балалар оған «бүзық» деген ат таңса және бала да мүны қабылда- 
са, онда ол «бұзық бала» рөліне кіреді. Әрі қарай тәртіп бүзуын жалғас- 
тыра берсе, өзінің девиантты болмысы туралы түсінік қалыптасып, 
екінші дәрежелі девианттылыққа қадам басады.
Ат таңу теориясының басты кемші ліктері мынада: (1) ол бастапқы 
девианттылықтың неден болатынын түсіндірмейді; (2) қолға түспе- 
ген, яғни «бұзақы» деген ат таңылмағандардың неліктен екінші дәре- 
желі девианттылыққа бас ұратынын түсіндіре алмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   530




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет