Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of


ЖЫНЫС, ГЕНДЕР ЖӘНЕ ЖЫНЫСТЫҚ ҚАТЫНАС



Pdf көрінісі
бет313/530
Дата18.09.2024
өлшемі30,13 Mb.
#204657
түріБағдарламасы
1   ...   309   310   311   312   313   314   315   316   ...   530
Байланысты:
Бринкерхоф Әлеуметтану негіздері

ЖЫНЫС, ГЕНДЕР ЖӘНЕ ЖЫНЫСТЫҚ ҚАТЫНАС
273
Сексизм және нәсілшілдікпен күрес
Феминистік қозғалыстың тарихына қарасақ, ақ нәсілді әйелдер мен 
ақ нәсілді емес әйелдер өмірді жақсарту мақсатында бірігіп іске кіріс- 
кенін көруге болады. Дегенмен үшінші толқындық феминистердің 
айтуынша, феминисток қозғалыс кейде (егер байқалмаса) ақ нәсілді 
әйелдерге қатысты мәселелерді ғана шешуге бағытталған.
Ақ нәсілді емес әйелдердің геңдік үшін күресі әрқилы себептерден 
басталады және түрлі мәселелерді қозғап, оларға жауап табады. Басты- 
сы, ақ нәсілді емес әйелдердің алдында екі жақты дилемма туындайды. 
Біріншіден, олар ақ нәсілді әйелдердің дәстүрлі рөлдері қорғалғанынан 
еш пайда көрген жоқ. Ақ нәсілді емес әйелдер үнемі үйінен тыс жерде 
жұмыс істеген. Мысалы, 1900 жылы некедегі афроамерикалық әйелдер- 
дің жұмысқа тартылуы некедегі ақ нәсілді әйелдерге қарағанда алты 
есе артық болған (Goldin, 1992). Олар жұмыс істегенімен, әйел заты бо- 
луына байланысты түрлі экономикалық және азаматтық айыптаулар- 
дан зардап шеккен. Демек, дәстүрлі гендерлік рөлдерінен бас тартудан 
жоғалтқанынан пайда көретін әйелдер саны өте аз. Екінші жағынан, 
ақнәсілді емес әйелдер мүдделер қайшылығына тап болды: оларды не- 
гізінен жәбірлейтін нәсілшілдік пе, сексизм бе; олар жұмысын бастаса, 
нәсілшілдікті жоюы тиіс пе, әлде сексизмді жоюы тиіс пе? Ал олар әйел- 
дер құқығын қорғаса, өздерінің нәсілдік және этностық топтарындағы 
ер адамдарға қарсылық білдіргені деп қарастырылуы мүмкін.
Ағымдағы табыс статистикасы әйелдердің табысын нәсілден гөрі 
жынысы анықтайтынын көрсетеді: латынамерикалық, афроамерика- 
лық және ақ нәсілді әйелдер арасындағы табыстың айырмашылығы 
әйелдер мен ерлер арасындағы айырмашылыққа қарағанда аз. Бұл -
ақ нәсілді емес әйелдерге нәсілдік дискриминацияға қарсы күрестен 
гөрі жыныстық дискриминацияға қарсы күрес жүргізу пайдалы еке- 
нін білдіреді. Бірақ бүл тұжырым әйелдер мен олардың балалары өз 
күйеулерінің, әкелерінің табысына тәуелді екенін ескермейді. Мыса­
лы, афроамерикалық ерлердің табысы аз, жүмысқа орналасу мүмкін- 
діктері шектеулі болғандықтан, афроамерикалық әйелдер мен балала­
ры ақ нәсілділермен салыстырғанда, кедейлік шегінен үш есе төмен 
деңгейде өмір сүреді. Сондықтан ақ нәсілді емес әйелдердің нәсілшіл- 
дікпен де, сексизммен де күресуіне негіз бар.
Дилемма шешімсіз қалды. Әйелдердің қүқықтары үшін құрылған 
қозғалыс ақ нәсілді орта тап өкілдерінің қозғалысы деп саналады, ал 
ерлер арасында нәсілдік және этносаралық қозғалыстар байқалады. 
Солай бола тұра азшылық әйелдердің аз гана бөлігінің нәсілшілдікке 
де, сексизмге де қарсылық көрсетуі басталғалы үзақ уақыт өтті.
Ж ы н ы с т ы қ а й ы р м а ш ы л ы ң
ә л е у м е т т а н у ы
Гендер секілді жыныс та биология мен мәдениеттің өнімі. «Нағыз» 
жыныстық өмір туралы ой-пікірлерде мәдениетаралық айырмашы- 
лықтар бар және тарихи тұрғыда н өзгермелі бол а ды. Жүздеген жылдар 
бұрын жынысгық рақатқа бөленуді мойындаған әйел ақылынан айы- 
рылған деп жарияланып, есі ауысқан адамдарды емдейтін орындарда 
ұсталған. Қазір жыныстық рақатқа бөленбейтін әйел «салқындығы 
артқан» деп белгіленіп, оған дәрігерге қаралу ұсынылады. Ежелгі 
Грекияда ересек тәлімгерлер жасөспірімдерге қарсы гомосексуалдық 
әрекетпен айналысқан. Бүл күндері кәмелетке толмағандармен жы-
18-251




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   309   310   311   312   313   314   315   316   ...   530




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет