Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет324/530
Дата18.09.2024
өлшемі30,13 Mb.
#204657
түріБағдарламасы
1   ...   320   321   322   323   324   325   326   327   ...   530
Байланысты:
Бринкерхоф Әлеуметтану негіздері

Конфликт теориясы:
медикализация
Құрылымдық функцияшылдар секілді Парсонс та ауру жайлы 
әлеуметтік идея (бұл жағдайда - науқас адам рөлі) қоғамның кіді- 
ріссіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған деп санайды. 
Ал конфликт теориясы бойынша, керісінше, ауру жайлы идея қо- 
ғамдық өмірдің басқа бөліктері секілді әлеуметтік топтар арасын- 
дағы бәсекелес мүдделерді бейнелейді.
Ауру жөніндегі түсінігіміздің қалыптасуына конфликт тео- 
риясының қосқан маңызды үлесі - медикализация тұжырымда- 
масы. Алтыншы тарауда байқағанымыздай, медикализация қан- 
дай да бір жағдай немесе іс-әрекет медициналық мәселе ретінде 
анықталып, медициналық шешімді талап ететін процеске жатады 
(Conrad, 2007). Ғасырлар бұрын мастурбация, гомосексуализм және 
бойжеткен қыздардың оқуға құштарлығы аурудың белгісі деп са- 
налатын. Қазір ондай жағдайлар ауру деп саналмайды, себебі олар 
жайлы әлеуметтік ой өзгерді. Дәл осы сияқты ғасырлар бұрын көп- 
теген әйелдер акушерлердің қатысуымен үйде босанатын, кейбір 
балалар үйде сүндетке отырғызылатын, ал шаш түсіп, таз болу ер 
адамдардың қартаюының қалыпты белгісі болатын. Қазіргі таңда 
аяғы ауыр әйелдер медициналық көмекке жүгінеді, дүниеге келген 
ұл балалардың көбі дәрігерлердің көмегімен сүндетке отырғызыла- 
ды, ал шашы түсе бастаған ер адамдар оны емдеу жолдарын қарас- 
тырып, хирургтің қызметін пайдалана алады. Мұның бәрі - меди- 
кализацияның көрінісі.
Медикализация жаппай іске асу үшін бір немесе бірнеше 
ұйымдасқан әлеуметтік топ өзгелердің ойын өзгертіп, жаңа жағ- 
дайды қабылдау үшін әрекет етіп, бар күшін салуы тиіс. Медика- 
лизацияға ықпал етіп отырған қазіргі үлкен күш - өзінің өнімдер 
нарығын кеңейтуге қаржы жағынан мүдделі фармацевтикалық өн-


ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
285
діріс саласы (Conrad, 2007). Мысалы, тек Виаграмен емделетін «ер- 
лердің жыныстық дисфункциясын» ауру ретінде анықтауда фарма- 
цевгикалық өндіріс саласы негізгі күш болды (Loe, 2004). Сонымен 
қатар медикализацияга өз нарықтарын кеңейтуден үмітті дәрігер- 
лер тарапынан да маскүнемдік немесе фибромиалгия секілді қилы 
жағдайлардан құтылуды немесе зерттеу жүмыстарына қолдау көр- 
сетуді көздеген түтынушылар тарапынан да қысым болуы мүмкін 
(Barker 2005; Conrad, 2007).
Кейде дәрігерлер де медикализацияга қарсы шыгады, өйтке- 
ні жағдайды түзеу үшін (мысалы, әйелін соққыға жығу) жауап- 
ты болғысы келмейді. Түтынушылар да медикализацияны қол- 
дамайды, өйткені белгілі бір күйді (мысалы, менопауза) өмірдің 
қалыпты жағдайы деп санайды. Сақтандырушылар да өзінің пай- 
дасына қарай м едикализацияны қолдауы немесе қарсы шыгуы 
мүмкін. Мысалы, сақтандырушылар алгаш артық салмагы бар 
емделушіге асқазанды шунттау секілді қымбат отаға төлем беру- 
дің орнына артық салмақ ауру болып саналмайды деп өтініш ін 
қабылдамаган.
Ендігі жерде ота ұзаққа созылагын шығындарды азайтатыны 
дәлелденген кезде қамсыздандырушылардың көбі артық салмақты 
ауру деп танып, оган хирургиялық көмек көрсетілгенін қолдайды 
(Conrad, 2007). Қандай жағдай болмасын медикализация үшін тар- 
тыста мол қаржысы, ықпалы және басқа билігі бар топ ұтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   320   321   322   323   324   325   326   327   ...   530




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет