Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет358/530
Дата18.09.2024
өлшемі30,13 Mb.
#204657
түріБағдарламасы
1   ...   354   355   356   357   358   359   360   361   ...   530
Байланысты:
Бринкерхоф Әлеуметтану негіздері

Ересек өмірге өту
Кей елдерде адамның жасына тән бір кезең аяқталып, келесі кезең 
басталғанын білдіретін арнайы салт-дәстүрлер бар. АҚШ-та адам- 
ның ересек өмірге өткенін білдіретін нақты белгі жоқ. Қалыптас- 
қан қағидалар штатқа байланысты өзгеріп отырады. Көптеген 
штаттарда 16 жасқа толған азамат ата-анасының рұқсатымен үй- 
лене алады. Бірақ 21 жасқа толғанға дейін ішімдік ішуіне тыйым 
салынған.
АҚШ-та ересек өмірге өткенді білдіретін ресми салт болмаған- 
мен, жүмысы, ата-анасының үйінен бөлек тұрғылықты жайы және 
өзі мен балаларын қамтамасыз ете алатын қаражаты бар адам 
ересек деи саналады. Кейбір қағидалардың сақталуы шарт емес. 
Мысалы, ешқашан үйленбеген адам да ересек санала береді, ал 
әйел адам үшін жұмысының болуы міндетті емес. Қалай десек те, 
жасөспірімдік кезеңнен өту, ата-ана мен отбасынан тәуелсіз болу- 
Ды білдіреді.
Алайда ересек өмірге өту америкалық жастар үшін қиын бо­
лады (Settersten, Furstenberg, & Rumbaut, 2006). 1960 жылы 30 жас- 
тағы ер мен әйелдің 80 пайызы ата-аналарының үйінен кетіп, 
мектепті аяқтап, қаржылай тәуелсіздікке қол жеткізген еді. Бірақ 
сол кезден бері ата-аналарымен бірге түратын жастардың қатары 
айтарлықтай көбейді. Қазір 1970 жылмен салыстырғанда, ата-ана- 
ларына тәуелді жастар саны 50 пайызға артық (MacArthur Foun­
dation, 2011).
Ересек өмірге өту процесі неге бәсеңдеп кетті? Біріншіден, за- 
ман талабының өзгеруіне қарай қыз балалар білім алуға көбірек 
мән беріп, тұрмысқа шығып, ана болуды екінші орынға қоятын 
болды. Екіншіден, экономикалық факторлар қиындық туғызып, 
жастардың тәуелсіздікке ұмтылысын жойды. 1960-2007 жылдар 
аралығында өмір сүру қүны тез өсті, ал жалақы көлемі соған сай 
болмады. Содан бері бағалар құлдырады (экономикамен бірге), ал 
жұмысқа орналасу қиындай түсті. Сонымен қатар қазіргі жастар 
алдыңғы буынмен салыстырғанда, білім алуға құштар. Сондықтан 
да оларға өз-өзін қамтамасыз егу оңай емес. Орта және жоғары тұр-


ОТБАСЫ
317
мысты отбасылар есею кезеңін ұзақ әрі байыппен жүретін кезең 
деп біледі және ержеткен балаларының міндетті түрде шаңырақ- 
тан кетуіне, әсіресе үйдің іші бәрінің де жеке бұрышы болатындай 
кең болса, себеп жоқ деп санайды. Осылайша, қарапайым отбасы- 
ның балалары ата-аналарымен күнкөріс үшін бірге тұрса, қалталы 
жастар кабельді теледидар, мықты компьютер, жылдам интернеті 
бар жерде өмір сүріп, жақсы көлік мініп, көңілді демалыс өткізу 
үшін бірге тұрады.
Осындай экономикалық және мәдени өзгерістер салдарынан 
көптеген жастар мектепті аяқтаған соң да ата-аналарымен бірге 
тұруын жалғастыра береді. Толық тәуелсіз болғанға дейін бірне- 
ше рет жеке шығып, арасында қайта оралып тұрады (MacArthur 
Foundation, 2011). Енді бірі ата-аналарынан жақсы қаржылай көмек 
алып отырғандықтан, бөлек өмір сүруі мүмкін. 18 бен 34 жас ара- 
лығындағы жас америкалықтар ата-аналарынанжылына орта есеп- 
пен 2200$ алып отырады. Бұл сома отбасы жағдайына байланысты 
көбірек не азырақ болуы мүмкін (MacArthur Foundation, 2011).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   354   355   356   357   358   359   360   361   ...   530




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет