Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет356/530
Дата18.09.2024
өлшемі30,13 Mb.
#204657
түріБағдарламасы
1   ...   352   353   354   355   356   357   358   359   ...   530
Байланысты:
Бринкерхоф Әлеуметтану негіздері

Неке түрлері


314
11-ТАРАУ

Қазіргі америкалықотбасылардың 

кейбірі мына фундаменталист 
мормондар сияқты көптеген 
отандастарының және өзге 
мормондардың заңды әрі әлеуметтік 
қарсылығына қарамастан полигамды 
өмірсүреді.
бір ғасыр бұрын полигамиядан бас тартқан). Ресми түрде бұл балалар 
заңға қайшы әрекеті үшін қуылған болатын. Алайда сырт бақылау- 
шылардың пайымдауынша, олар егде жастағы ерлердің тағы да жас 
әйел алуына кедергі болуы мүмкін деген себеппен қуылған (Krakauer 
2003; Eckholm 2007). Мұндай мысалдар ер адамның билігі әйел адам- 
нан басым болатын және ерлер арасында қуат айырмашылығы бар қо- 
ғамдарда полигамияныңжүретінін көрсетеді.
АҚШ-тағы отбасы өмірі
Өміріміздің барлық кезеңінде отбасылық қарым-қатынас маңызды 
рөл атқарады. Біз дүниеге келгеннен өмірден өткенше өзіміз жай- 
лы отбасындағы рөлдеріміз түрғысынан ойлауға бейімбіз. Әдетте 
балалық шақ - отбасында өсуді, есейген кез - өз огбасын құруды
қартайған уақыт ата-әже болуды білдіреді. Бұл бөлімде отбасылық 
қарым-қатынас пен рөлдердің өмірлік кезеңдерге ықпалы қарасты- 
рылады.
Балалық шақ
АҚШ заңнамаларында балалық шақ барынша алаңсыз кезең болу 
керек деп көрсетілген. Балалар ойнауы керек, бірақ өзі жайлы ой- 
ланып, сыпайы болуға әрі жауапкершілікке дағдылана бастауы 
қажет. Сондай-ақ олардың мектепке баруы және курстардан өтуі 
керек. Өзінің әлеуметтік санаты мен жағдайына байланысты, олар 
отбасы табысына үлесін қоса алады не қоса алмайды, болмаса қар- 
тайған туысқандарына не кішкентай балаларға қамқорлық көрсете 
алады. Қалай болғанда да, ата-аналары балаларын экономикалық 
қатерден, зорлық-зомбылықтан және үзақ уақыт жұмыс істеуден 
сақтауы тиіс.


ОТБАСЫ
315
Алайда балалық шақ біз ойлағандай үнемі бақытты бола бер- 
мейді. Көптеген балалар әсіресе тұрмысы төмен немесе фермада 
өмір сүретіндері сағаттап жұмыс істейді. Ата-аналары тарапынан 
физикалық және эмоционалдық зорлық көреді. Мысалы, кішкен- 
тай қыздардың 10 пайызы балалық шағында зорланады немесе зор- 
лануы мүмкін жағдайды бастан кешіреді (Tjaden & Thoennes, 1998). 
Сонымен қатар америкалық балалардың бестен бір бөлігі кедейші- 
лікті бастан кешіп жатыр. Ресейді қоспағанда, Батыстың кез келген 
өзге мемлекетіндегі көрсеткіштерден элдеқайда жоғары (Heuveline 
& Weinshenker, 2008).
Кедейліктің өсуіне байланысты маңызды әлеуметтік өзге- 
рістің бірі - жалғызбасты ата-аналар өмірге әкелетін балалардың 
көбеюі. Балалардың 41 пайызы қазір жалғызбасты аналардан ту- 
ған (Childstats.gov 2012). Ал қалған бөлігі ата-аналарының ажыра- 
суына кейде екінші марте, яғни туған және өгей әке-шешелерінің 
айырылысуына куә болады (Coleman, Ganong, & Fine, 2000). Бәлкім, 
жалғызбасты ата-аналар үйленген жұптар сияқты ақша мен уақы- 
тын ж еткілікті түрде бөле алмайтындықтан болар, зерттеулер көр- 
сеткендей, әке-шешесі ажырасқан балалардың өзін-өзі бағалауы, 
академиялық үлгерімі және әлеуметтік қарым-қатынасы өзге 
балаларга қарағанда төмендеу келеді. Алайда бул болмашы ғана 
айырмашылық, мұның себебі тек ажырасу ғана емес, ең алдымен, 
ажырасуға алып келген немесе соның салдарынан болтан кедей- 
шілік және ата-аналары арасындағы үрыс-керіс екенін байқатады 
(Coontz 1997; Demo 8c Сох 2000; Lamanna 8с Riedmann, 2000). Сол себеп- 
ті ата-аналары ажыраспағанда, бұл балалардың жағдайы жақсы бо­
лар еді деп айта алмайсыз.
Отбасы өміріндегі келесі маңызды өзгеріс - 1950 жылдардан 
бастап жұмыс істейтін аналар санының өсуі болды. (XX гасырға 
дейін көптеген аналар жұмыс істеді. Бірақ олар жер өңдеу, тамақ 
істеу және үй шаруасын атқару кезінде балаларын қасында ертіп 
жүре алатын еді). Қазіргі кезде балалары 6 жасқа толмаған аналар- 
дың шамамен үштен екі бөлігі үйден тыс жерде жұмыс істейді (Pew 
Social Trends Staff 2010). Сол себепті көптеген бала күндізгі балабақ- 
шада уақыт өткізеді.
Зерттеулер көрсеткендей, күндізгі балабақшаның кемшін 
тұстарынан артықшылығы 
к ө і і

Күндізгі күтім балалардың күй- 
зеліс күйін аздап көбейтіп, мінез-құлқында түйткілдер туында- 
туы мүмкін. Бірақ ол математика және оқу дағдыларын барынша 
арттырады (Belsky et al., 2007; Watamura et al„ 2003). Әсіресе жоға- 
ры деңгейлі бағдарламалардың артықшылығы басым. Алайда олар 
негізінен бақуатты отбасылардың балаларына ғана қолжетімді 
болып келеді (Кігр, 2007). Дегенмен тұрмысы томен отбасылардан 
шыққан балалар зияткерлік және әлеуметтік ынталандыру тұрғы- 
сынан шектеулі болғандықтан, оларға өздері бара алатын күндізгі 
балабақша да айтарлықтай пайдалы. Қалай болғанда да көптеген 
отбасыларда ата-аналардың балаларымен отыруына мүмкіндік 
жоқ. Ал баланы үйде жалғыз немесе үлкен ara-әпкелерінің қара- 
уында қалдырғаннан гөрі, күндізгі балабақшаға апару анағұрлым 
дұрыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   352   353   354   355   356   357   358   359   ...   530




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет