322
11-ТАРА У
Ұрпақтар арасындағы қарым-қатынас әр буын өкілдерінің жас
мөлшеріне тікелей байланысты. Кәрі адамдар «жастардың» арасына
түскенде (шамамен 65-тен 80-ге дейінгі жас аралығында) балаларына
көп көмегін тигізеді (Hogan, Eggebeen, & Clogg, 1993). Олар ипотекалық
несие алуға, немерелерінің оқуын төлеуге көмектесуі мүмкін
неме-
се жұмысынан айырылған ересек балаларына баспанасын уақытша
үсына алады.
Алайда адамдар сексеннен асып, «өте кәрілер»
қатарына енген
соң бұрынғы өмір салтын әрі қарай сақтай алмайды. Олардың көбі ке-
мелденген, өзіне сенімді адамдар болғанымен уақыт өте көмекке зәру
болады. 85 жастан асқан адамдардың 50 пайызында есте сақтау және
ойлау қабілетінің нашарлауы байқалады (Jacoby 2011; Gross, 2011).
Достарыңызбен бөлісу: