Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет365/530
Дата18.09.2024
өлшемі30,13 Mb.
#204657
түріБағдарламасы
1   ...   361   362   363   364   365   366   367   368   ...   530
Байланысты:
Бринкерхоф Әлеуметтану негіздері

Некедегі рөлдер мен
қарым-қатынас
Ерлі-зайыпты болу - ересек өмірге жетелейтін маңызды рөлдердің 
бірі, кез келген адам өмірінде бір рет болсын некесін қидырады. Көр- 
кем шығармада хикая үйленуге ұласып, жұбайлар ұзақ әрі бақытты 
гұмыр кешті деп аяқталады. Ал шынайы өмірде бәрі үйленуден кейін 
ғана басталады.
Ерлі-зайыпты болу- парыз бен міндеттің, сонымен қатар бірнеше 
құқықтың жаңа жиынтығына ие болу. Ол қандай жиынтық және неке 
дегеніміз не?
Некедегі гендерлік рөлдер
Неке - күрделі гендерлік қатынас. Нормативтік-қүқықтық және 
практикалық тұрғыдан алғанда күйеулер мен әйелдерге, аналар 
мен әкелерге әртүрлі міндеттер жүктеледі. Көптеген өзгерістер бол- 
ғанымен, америкалық нормалар бойынша күйеуі үйден тыс жұмыс 
істеуі тиіс. Ол - отбасының негізгі асыраушысы. Үй шаруашылығын 
ерлі-зайыптылар қатар жүргізген күннің өзінде әйелдердің мін- 
деті басым болады (Winkler, McBride & Andrews, 2005). Америкалык 
азаматтар да күйеуі мен әйелі үй шаруасын бірдей бөлісуі керек деп 
ойлағанымен, әйелі көп міндеттерді өзіне алады деп күтеді. Шын мэ- 
нінде, қазір әйелдер үй шаруасының үштен екі бөлігін орындайды 
және күнделікті ас әзірлеп, үй жинайды. Ер адамдар үйдегі шаруага 
аз уақыт жүмсағанымен қоймай, баламен ойнау, үй жөндеу сияқты 
мейлінше оңтайлы жоспарланатын міндеттерді ғана алады (Amato et 
al., 2007; Ridgeway, 2011). Онымен қоса әйелдердің үйдегі тірлігі оның 
табыс көлеміне, біліміне, жұмыс уақытына және т.б. ерекшеліктері- 
не қарай ыңғайланбайды (Ridgeway, 2011). Ал енді бір қызығы, ерлер 
үй шаруасымен неғұрлым аз айналысқан сайын өздерін бақыттырақ 
сезінеді, ал олар үй шаруасын атқарса, әйелдер мәз болады. Демек, от- 
басы өміріне разы болу үшін, ер мен әйел үй шаруасын теңдей бөлісуі 
қажет (Amato et al., 2007).
Әйел адам үшін жұмыс пен үй шаруасы арасындағы шиеленісті 
шешудің ең оңтайлы жолы - үй шаруасын жүргізетін басқа әйел 
жалдау. Осылайша, үй шаруасы әйелдің жүмысы болып қала бе- 
реді. Сонымен қатар жүмыс берушілердің басым бөлігі «ақ» және 
орта таптың өкілі болса, жалданушылар жұмысшы таптан және




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   361   362   363   364   365   366   367   368   ...   530




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет