Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of


ө т е  аз) 9% Ф и з и к а л ы қ зо р л ы қ -



Pdf көрінісі
бет368/530
Дата18.09.2024
өлшемі30,13 Mb.
#204657
түріБағдарламасы
1   ...   364   365   366   367   368   369   370   371   ...   530
Байланысты:
Бринкерхоф Әлеуметтану негіздері

ө т е 
аз)
9%
Ф и з и к а л ы қ зо р л ы қ -
з о м б ы л ы қ к ө р г е н д е р
28
33
Ауыр зорлық-зомбылық 
көргендер
14
24
ДЕРЕККӨЗ: Black et iL (2011).
Ана және әке атану
І
Соңғы жылдары балаларын 
өзі тәрбиелейтін және тәрбие 
жумысына белсене араласатын 
ерлердіңсаны артты.
Кейбір маңызды өзгерістерге қарамастан, әйелдер мен ерлердің ата- 
ана ретіндегі рөлі бір-бірінен өзгеше (Cancian & Oliker, 2000). Аналар 
әкелердей емес, балаға қарау үшін жұмыстан ертерек қайтады неме- 
се мулдем босайды (Cancian & Oliker 2000). Сонымен қатар аналар ба- 
ланы күтіп-бағу үшін аптасына 13 сағат, ал әкелер небары 6,5 сағат 
уақыт бөледі (Livingston & Parker, 2011). Әкелердің баламен өткізетін 
уақыты көбейгенімен, аналардың мойнына жағымсыз міндеттер 
(жөргекті ауыстыру, үй гапсырмасын орындату) жүктеледі. Аналар, 
негізінен, бәрін қадагалауға мәжбүр болса, әкелер мен балалар уа- 
қытты ойнаумен өткізеді. Сонымен қатар көптеген әкелер балалары- 
на жете көңіл бөлмейді немесе мүлдем қарым-қатынас жасамайды. 
Әкелердің төрттен бірі қазіргі таңда балаларымен бірге тұрмайды 
және 27 пайызы балаларын жылына бір рет қана көреді (Livingston 
& Parker, 2011).
Дегенмен үйленген әкелердің көбі бала тәрбиесінде маңызды 
рөлге ие болып келеді (Smith, 2009). Өйткені әлеуметтік деңгейі ер- 
лерінен басым әйелдердің саны артып, дәстүрлі гендерлік рөлдерді 
сақтау азайды. Кейбір жұбайлар экономикалық түрғыдан әйелдін 
жұмыс істегені, ал еркектің үйде «әке» болғаны пайдалы деген түжы- 
рымға келді. Мүндай тенденция ерлердің қысқарту әсерінен жұмыс- 
сыз қалуына, үйде интернет арқылы жүмыс істеуіне байланысты 
орын алып отыр.
Сонымен қатар балаларын жалғыз тәрбиелейтін әкелер саны 
артты. Олар шамамен 1 миллион немесе барлық жалғыз басты ага- 
аналардың 7 пайызы. Жалпы жалғыз басты әкелердің 70 пайызы 
ажырасқан, оқшауланған немесе әйелі қайтыс болған, бірақ 30 пайы­
зы ешқашан үйленбеген және көбісі бала асырап алу арқылы әке 
болуды таңдаған. Зерттеулер көрсеткендей, әкелер балаларын жал- 
ғыз тәрбиелеген кезде ананың да міндетін атқаруды тез үйренеді 
(Risman, 1998). Алайда жалғыз басты әкелер дәл осындай жағдайдағы 
аналарға қарағанда балаларымен аз уақыт өткізеді. Өйткені олар 
күні бойы жұмыста болады және олардың міндетін бұрынғы жүбай- 
лары бөліседі (Hook & Satvika, 2008).
Өгей ата-аналар
Зерттеушілердің есебі бойынша, балалардың үштен бір бөлігі өгей 
ата-аналарымен (көбіне өгей әкемен) 18 жасқа дейін өмір сүреді 
(Coleman, Ganong, & Fine 2000). Туған балаңызды тәрбиелеу қандай 
қиын болса, өгей баланы тәрбиелеу одан да қиын (Coleman, Ganong, 
& Fine, 2000). Өгей ата-аналар балалардың өмірінде қандай рөлі болу 
керектігін түсінбей жатады және олардың жұбайлары мен өгей




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   364   365   366   367   368   369   370   371   ...   530




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет