Сұлулық дегеніміз не?



Дата08.02.2022
өлшемі14,73 Kb.
#123296
Байланысты:
7 апта практикалық тапсырма Маргулан Нургүл
Темірқұл Алтынай 19-12 зикр.10-апта,10-зертханалық жұмыс тапсырмасы, №2-3 зертханалық сабақ. ВИРУСОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУГЕ ПАТОЛОГИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРДЫ АЛУ ЖӘНЕ ОЛАРДАН ВИРИОНДАР МЕН ВИРУС ДЕНЕШІКТЕРІН АНЫҚТАУ (1), КАК ГОВОРИЛА МОЯ АЖЕКА, kniga molek, kniga molek, kniga molek, karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya, karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya, karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya, Саясаттанудың функциялары, тарих семинар3, Тракторлардың ілініс муфтасы мен беріліс қорабы, macro sabak, Бимаканова зылыйха шахметовна

Сұлулық дегеніміз не?
Адамның сыртқы бейнесінің де, ішкі әлемінің де көркемдігі. Менің ойымша, адамды тек сырт келбетіне қарап сұлу деп айту мүмкін емес. Себебі өмірде сұлу адамдар өте көп, бірақ жаны сұлу адамдар көп деп айта алмаймын. Жалпы адамдар арасында сұлулықты әркім әр түрлі түсінеді ,бірақ ол туралы жалпы түсінік те бар. Табиғаттың сұлулығына шексіз сүйсініп, таңғалып тамсанамыз, содан ерекше ләззат аламыз. Ал адамның сыртқы сымбат сұлулығы кімге де болсын ұнайды, қызығамыз, кейде іштей қызғанамыз. Алла жаратқан жер бетіндегі барлық тіршілік иелерінің ең сұлуы – адам болып көрінеді. Әр адамның бет-бейнесі, кескін-келбеті, мінез-құлқы әр түрлі, бір-біріне ұқсамайды. Барлық халықта сұлулық белгілері: сұңғақ бой, аршын төс, бөкен сан, қылдай қыпша бел, ашаң аппақ жүз, қыр мұрын, қиғаш қас, оймақауыз, күлім көз, қолаң шаш, т.б. болып келеді. Кейбір адамның бет-бейнесі айтарлықтай сұлу болмаса да, өзіне тартып тұрар бір қасиеті болады. Ол қасиет – адамның адамгершілік қасиеттерімен тығыз байланысты ішкі жандүние сұлулығы. Қазіргі қоғамда барлығымыз жандүниеге қараймыз деп жалған сөйлейміз . Шындығында біз адамның сырт келбетіне (сұлулығына ) қараймыз. Адамның бәрі өмірге әдемі болып келеді және оның түрінің қандай болатыны өзіне байланысты емес. Алайда адам өзінің жан-дүниесін өзі жасап, қалыптастыра алады.
Бірде үлкен ғұлама өте сұлу қызды көріп, оған қарапайым сұрақ қойған екен. Алайда сұлу оның сұрағына жауап бере алмапты. Сонда ғұлама: «Сен алтын тостағанға құйып қойған ашыған сусынмен бірдей екенсің», - депті. Яғни ол бойжеткеннің жан-дүниесінен еш сұлулық көре алмаған. Сондықтан ашып кеткен сусынға теңеп отыр. Өз басым сырт келбетіме мән беремін. Үнемі таза жүруге тырысамын. Алайда мен үшін жанымның сұлулығы маңызды. Сол үшін көп ізденемін, кітап оқимын. Және өзімнің адамдығым, адамгершілігім жоғары болғанын қалаймын. Осы мақсатта игі істер жасауға ұмтылып, жамандықтың ала жібін аттамауға тырысамын. Сонда ғана өзімнің нағыз сұлу бола алатыныма сенемін. Сұлулықты әркім әр түрлі түсінеді ғой, бірақ ол туралы жалпы түсінік те бар. Табиғаттың сұлулығына шексіз сүйсініп, таңғалып тамсанамыз, содан ерекше ләззат аламыз. Ал адамның сыртқы сымбат сұлулығы кімге де болсын ұнайды, қызығамыз, кейде іштей қызғанамыз. Алла жаратқан жер бетіндегі барлық тіршілік иелерінің ең сұлуы – адам көрінеді. Әр адамның бет-бейнесі, кескін-келбеті, мінез-құлқы әр түрлі, бір-біріне ұқсамайды. Барлық халықта сұлулық белгілері: сұңғақ бой, аршын төс, бөкен сан, қылдай қыпша бел, ашаң аппақ жүз, қыр мұрын, қиғаш қас, оймақауыз, күлім көз, қолаң шаш, т.б. болып келеді. Кейбір адамның бет-бейнесі айта қаларлық сұлу болмаса да, өзіне тартып тұрар бір қасиеті болады. Ол қасиет – адамның адамгершілік қасиеттерімен тығыз байланысты ішкі жандүние сұлулығы. Өмірде сұлу адамдар өте көп, бірақ жаны сұлу адамдар көп деп айта алмайсың.
Көркем шығармаларда (байқайсыз ба, атының өзі көркемдікке, сұлулыққа тәрбиелейді) табиғаттың көркін, адамдардың жақсы істерін, мінез-құлқын, келбетінің, жандүниесінің сұлулығын сипаттайды, үлгі етеді. Оқырман кейіпкерге ғашық болады, сондай болуға тырысады. Жазушы Сәбит Мұқановтың «Ботагөз» романын оқып, Ботагөз бен Амантайға ғашық болған оқырмандар балалары туғанда сол кейіпкерлердің атымен атағаны мәлім.. Адамның жандүниесі де, сырт келбеті де сұлу болса, ол – жаратушы Алланың сыйлығы. Тек өзің жүрген ортада жаны сұлу, жүзі жарқын, әрқашан жақсылық туралы ойлап, жақсы жолмен жүретін адамдардың көп болғаны қандай тамаша десеңші! Өмір өлшеулі болғандықтан, көзіміз тіріде жарық дүниенің шексіз сұлулығына тоймай, сұқтана қарап, жақсы істерімізбен айналамызға шуақ шашуымыз керек. Көз соқырлығынан көңіл соқырлығы жаман. Көңілі соқыр сұлулық әлеміне сапар шеге алмайды. Ал көзі соқыр адамдардың ішінде қаншама дарынды музыканттар, суретшілер, мүсіншілер, жазушылар, ақындар бар. Олар болмайтынды болдырып, таңғаларлық тамаша өнер туындыларын дүниеге әкелген. Өмірдің көмескі жақтары да бар болғанмен, жүрегінің жылуы, көңілінің сәулесі бар адам әр уақыт өмірдің жарық жағын қалайды. Өзін де, өзгені де шуаққа бөлеп, күнше жылытады. Міне, сұлулық деген сол.
Күй – өнерінің құдіреті?
Күй XIV ғасырда жеке музыкалық жанр болып қалыптасты. Күйлер мазмұны аңыз-ертегілерге, нақтылы тарихи оқиғаларға құрылып, көбіне бағдарламалы түрінде дамыды. Онда халықтың басынан өткен тауқымет пен әділетсіздікке қарсы күресі, азат өмірді аңсаған асыл арманы мен қуаныш сезімі терең толғаныспен өрнек-бояуын тапты. Күйдің мелодиялық-формалық құрылысы, ырғақтық-орындаушылық әдістері сан алуан. Мысалы, Құрманғазының күйлері жігерлі, екпінді, ал Дәулеткерейдің күйлері терең толғауға, романтикалық лирикаға негізделген, Тәттімбеттің күйлері әуейі әсем, тәтті мұң мен қоңыр сазға толы болса, Қазанғаптың күйлері құбылмалы, ойнақы, төкпе жыр іспетті болып келеді. Домбыра, қобыз, сыбызғыда шығарылып, тартылып келген. Музыка өнерінің дамуына байланысты, күйлер халық аспаптары оркестрлерінің репертуарларында көп орындалады. Күй — қазақ, қырғыз, өзбек халықтарының аспаптық музыкасына тән атау. М. Қашқариға сілтеме жасай отырып, күй сөзінің төркіні "көк" деген түркі сөзінен шығуы мүмкін деген болжамдар бар.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет