394
13-ТАРАУ
Соңғы онжылдықтарда жұмыс тұрақсыздығы өсуінің бірнеше
себебі бар (Kalleberg, 2009). Заңдағы және қоғамдық пікірдегі өзге-
рістерге қарасақ, жұмыс берушілер (әсіресе ірі корпорациялардың)
жылдар бойы істеп келген адал қызметкерлерінің тұрақты жұмы-
сынан гөрі жалдамалы жұмысшылардың икемділігін жоғары баға-
лай бастаған.
Wal-Mart экономикасы тарауында айтылғандай, мемлекеттік
бақылау азайғандықтан, ірі корпорациялар көбейді. Соның салдары-
нан жергілікті халықты жұмыспен қамтып отырған майда кәсіпо-
рындар жойылды. Сонымен бірге жаңа заң актілері бойынша кәсіп-
одақтар мен жұмысшылардың өкілетгігі қысқарды. Нәтижесінде,
жұмысшылар жалақыны көтеруді және жәрдемақылар тағайындау-
ды талап ете алмады. Сонымен қоса әлеуметтік қамсыздандырудан
«жұмыспен қамту» бағдарламасына өткендіктен, адамдар мемлекет
тарапынан қандай да бір көмек алу үшін, төмен жалақы берілетін
ауыр жұмыс жасауы керек болды, яғни төменгі тап жұмысшылары-
ның жалақылары қысқартылады. Қазіргі жаһанданған экономика
жағдайында жұмыс берушілер көбінесе азғантай жалақыға жұмыс
істейтін шетелдік компьютер бағдарламашыларын, фабрикалар мен
байланыс орталығының қызметкерлерін жалдайды.
Достарыңызбен бөлісу: