Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет492/530
Дата18.09.2024
өлшемі30,13 Mb.
#204657
түріБағдарламасы
1   ...   488   489   490   491   492   493   494   495   ...   530
Байланысты:
Бринкерхоф Әлеуметтану негіздері

Ресурстарды жұмылдыру
Жұмылдыру немесе мобилизация - әлеуметтік қозғалысқа қажетті 
ресурстарды қолжетімді ететін процесс. Бұл ресурстарға қару, тех­
нология, тауар, ақша және ұйым мүшелері жатады. Әлеуметтік қоз- 
ғалысқа қажетті ресурс тар екі факторға - қозғалысқа қатысушылар 
бақылайтын жеке ресурстардың санына және қозғалыс мүшелері 
енгізетін ресурстардың үлесіне тәуелді. Осылайша, мобилизация мү- 
шелер санын арттыру немесе қатысушылардың қозғалысқа беретін 
ресурстарын көбейту арқасында жалғасын табады. Қатысушылар- 
дың ішінен қалталылардың бірнешеуі мол қаражат белее де мобили­
зация жүзеге асырылады. Мысалы, «Tea Party - Шай мерекесі» қозға- 
лысының негізін ағайынды миллиардерлер Чарльз және Дэвид Кох 
(Charles and David Koch) өздері қалап, қаржыландырған (Mayer, 2010). 
Мобилизация әлеуметтік қозғалысты қолдауға басқа үйымдарды да 
тартуды білдіреді.
Ұйымдастырушылық факторлар да ӘҚҰ-ның жетістікке жетуі- 
не ықпал етеді. Ең бастысы, ӘҚҰ-лар мақсатына жету үшін ресурс­
тарды жүмылдыра алуы керек. Ол ресурстар турлі формада болуы 
мүмкін. 2011 жылы «Уолл-стритті басып алу» қозғалысы елдің түк- 
пір-түкпірінде жүргізілді және қатысушылардың көбі бір түнде 
мәтіндік хабарламалар мен қоңырау шалу арқылы, яғни бұған де- 
йін қолданылмаған ресурстар арқылы жүмылдырылды. Сонымен 
қатар адамдар қозғалыс жеңісінен пайда көру үшін белсенділік 
танытқан кезде ӘҚҰ зор жетістікке жетеді. Басқа ұйымдармен бә- 
секелеспей, керісінше, одақтасатын орталықтандырылған бюрок- 
ратиялық қүрылымы болғанда да ӘҚҰ қызметі сәтті атқарылады 
(Gamson, 1990).
Қалыпты теңестіру
Саяси процестер теориясы жаңа қатысушыларды тарту және жұ- 
мылдыру үшін қалыпты теңестірудің маңызды екендігін көрсетті. 
Қ алы пты теңестіру - қозғалыстар арқылы адамдарға олардың қы- 
зығушылықтары, құндылықтары мен сенімі ӘҚҰ-ның мүддесімен 
астарлас екенін көрсететін процесс (Benford & Snow, 2000). Мысалы, 
Ұлттық атқыштар ассоциациясы - Қайырымды қоғам полицейле-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   488   489   490   491   492   493   494   495   ...   530




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет