Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет60/530
Дата18.09.2024
өлшемі30,13 Mb.
#204657
түріБағдарламасы
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   530
Байланысты:
Бринкерхоф Әлеуметтану негіздері

Үшінші қадам: мәлімет жинау
Әлеуметтанулық дерек жинаудың тәжірибе жүргізу, сауалнама жа- 
сау, топтарды әрекет барысында бақылау сияқты әдістері өте көп. 
Бұл - күрделі іс болғандықтан, мүны осы тараудың соңында егжей-тег- 
жейлі қарастырамыз.
Төртінші қадам: үлгісін табу
Зерттеу процесіндегі төртінші қадам - деректерден үлгілер іздеу. Егер 
жүмыссыздықты зерттеген болсақ, мәселен, афроамерикалықтар ара- 
сындағы жұмыссыздық ақ нәсілділерге қарағанда екі есе көп (АҚШ Ең- 
бек статистикасы бюросы 2011b) екенін анықтаймыз. Бұл нәтиже - екі 
айнымалы шаманыц арасындағы эмпирикалық қатынас (бұл жагдайда 
нәсіл мен жұмыссыздық) - корреляция (тығыз байланыс) деп аталады.
Бесінші қадам: теория түзу
Үлгі табылғаннан кейін зерттеу процесінің келесі қадамы - оны тусінді- 
ру болмақ. Екі айнымалы шаманыц арасында корреляция табылса, бұл 
бір айнымалы шама екіншісіне эсер етті дегенді білдірмейді (бұл туралы 
келесі тарауда кеңінен талқылаймыз). Мысалы, нәсіл мен жүмыссыз- 
дықтың арасында байланыс бар десек те ақ нәсілділер арасында жұмыс- 
сыз қалғандар көп, ал афроамерикалықтардың ішінде жақсы қызметте 
жүргендер де баршылық. Дегенмен егер қара нәсіл өкілі болсаң жұмыс-


ҚОҒАМ ТУРАЛЫ ІЛІМ
49
сыз қалу ықтималдығы жоғары екенін эмпирикалық дәлелдермен көр- 
сетсек, онда келесі міндет - неліктен солай болғанын түсіндіру. Түсін- 
дірмелер көбінесе теорияға айналатын идеялардың жиынтығы болып 
табылады, яғни байқалған заңдылықтарды кеңірек мағынада түсіндіре- 
ді. Теориялар әдетте қолда бар деректердің ауқымынан кең болады және 
эмпирикалық дәлелдерді түсіндіретін болжамдарды да, сыналмаған 
болжамдарды да қамтиды.
Жұмыссыздық туралы мысалымызды алсақ: «Афроамерикалықтар- 
дың ақ нәсілділерге қарағанда көбірек жұмыссыз қалуының себебі - қа- 
зіргі ересек афроамерикалықтардың білім беруде нәсілдік кемсітушілік 
көп болған кезде өсіп-жетілген азаматтар екендігі» деген теория түзуіміз 
мүмкін. Бұл қарапайым түсіндірме қолда бар деректердің ауқымынан 
шығып кетіп, «білім беру нәсілге және жүмыссыздыққа байланысты» 
деген кейбір болжамдарға қосылуға мүмкіндік береді. Теория эмпири- 
калық жалпылауға негізделгенімен теорияның өзі эмпирикалық емес.
Басқа әртүрлі теориялар эмпирикалық жалпылаумен үйлесімді 
болуы мүмкін. Біз білім берудегі айырмашылықтар нәсіл мен жұмыссыз- 
дық арасындағы корреляцияны түсіндіреді деген тұжырым ұсындық. 
Басқалар корреляцияның пайда болуын кемсітушілікке байланысты 
деп түсіндіруі мүмкін. Корреляцияның шындыққа сай түсіндірмелері 
көп болғандықтан, зерттеу процесі теория түзумен аяқталмайды. Жаңа 
деректер жинау арқылы теорияны сынауды жалғастыруымыз керек.
Ғылыми процесті теориядан дерекке және кері қарай үнемі айна- 
лып тұратын дөңгелек ретінде қарастыруға болады. Мысалы, «білімі аз 
болғандықтан, ақ нәсілділермен салыстырғанда афроамерикалықтар- 
дың арасында жүмыссыздық деңгейі жоғары» деп теория түзе аламыз. 
Сонымен қатар «білім деңгейі шамалас афроамерикалықтар мен ақ нә- 
сілділердің жұмыссыздық деңгейі де шамалас болады» деп болжаймыз 
және осы болжамды ғылыми зерттеулер арқылы сынап көреміз. Алайда 
әдетте екі топтың білім деңгейі бірдей болса да афроамерикалықтардың 
жұмыссыздық деңгейі жоғары болады. Бұл зерттеулер (деректер) ғалым- 
дарға жаңа теориялар түзуге мүмкіндік береді, ал бұл жаңа гипотезалар 
мен жаңа зерттеулерге жол ашады. Деректерден теорияға көтерілу про- 
цесі индукция деп аталады және теориядан деректерге өту дедукция 
деп аталады. 1.1-сызбада осы екі процесс берілген.
Теория - байқалған үлгілерді 
анағұрлым кең ауқымда 
түсіндіретін идеялар жиынтығы.
Индукция - эмпирикалық түрде 
бақыланған заңдылықтарға 
қатысты теория түзу арқылы 
деректен теорияға көшу процесі.
Дедукция - теориядан алынған 
болжамдарды сынау арқылы 
теориядан дерекке көшу процесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   530




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет