Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет146/530
Дата18.09.2024
өлшемі30,13 Mb.
#204657
түріБағдарламасы
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   530
Байланысты:
Бринкерхоф Әлеуметтану негіздері

4 -ТА РАУ
Алкоголь не есірткіні шектен тыс пайдалануға қарсы күрес 
көбінесе қызылша дертімен күреске ұқсайды. Дертке шалдыққан 
адамды емдеу арқылы проблеманы түбірімен жоя алмаймыз, әу бас- 
тағы себептерге тосқауыл қою керек. Араққа салыну тегіс қоғамға 
індет болып жайылса бүкіл қоғам деңгейінде алдын алған жөн. 
Адамдарды арақ пен есірткіге үйір болудан тыятын себептер болуы 
үшін мәртебелер, рөлдер және институттар қайта қалпына келтірі- 
луі тиіс.
Әлеуметтік қарым-қатынас
және күнделікті өмір
Адамдар іс-әрекетті не үшін істейді? Мүның жауабы тек олардың 
әлеуметтік рөлдеріне ғана емес, сондай-ақ жалпы жағдайға, олар- 
дың қоғамдық мәртебесіне, ресурстарына, жеке қасиеттеріне және 
өмір тәжірибесіне байланысты болады. Дәрігер рөлін ойнап жүрген 
екі адам екі түрлі әрекет етуі мүмкін, тіпті бір дәрігердің өзі әр нау- 
қаспен арадағы рөлдерін әр жағдайда әртүрлі ойнайды. Әлеуметтік 
құрылым біздің өзіміз ісгеп жүрген іс-әрекетті не себепті жасайты- 
нымызды жалпы түрде түсіндіреді, бірақ жекелеген жағдайларды 
нақты қарастырмайды. 
Күнделікті өмір әлеуметтануын 
зерттейтін 
ғалымдар біздің қарапайым жүзбе-жүз байланыстарымызды қалып- 
тастыратын әлеуметтік процестерге иазар салады.
К үнделікті өм ір ді басқару
Күнделікті өмірдің 
әлеуметтануы біздің қарапайым, 
бетпе-бет байланыстарымызды 
қалыптастыратын процестерге 
назар аударады.
Күнделікті өміріміздің көп бөлігі күйбең тіршіліктен тұрады. Мы- 
салы, күн сайын жұртпен әңгімелесу арқылы түрлі қарапайым 
нәрселерді үйренеміз және сол үйренгендерді орын-орнымен пай- 
даланамыз. Біреу «Сәлем, халің қалай?» деп сұраса, оған «Жақсы, өз 
халің қалай?» деп жауап беретін қарапайым рәсімдерді күніне сан 
қайтара орындаймыз. Бұл рәсімдерге «Рақмет/ Шүкіршілік» немесе 
«Кешіріңіз/ Ештеңе етпейді» деген сияқты бірер стандартты жауап- 
тарды қосыңыз.
Дегенмен эр кездесу проблема тудыруы ықтимал. Мәселен, қара- 
пайым қоғамдық рәсімді орындап, әлдекімнен: «Сәлем, хал қалай», - 
деп сұрасаңыз ол сізге 20 минут бойы басындағы тауқыметін айтып 
тұрып алса қайтер едіңіз? Әкеңіз «көліктің кілті қайда» деп сұраса, ал 
оны ағаңыз рұқсатсыз алып кеткен болса не істейсіз? Екінші тарауда 
әр мәдениеттің бізге күнделікті рәсімдерге қажетті құралдар жиын- 
тыгын ұсынатынын айттық, олардың қайсысын қалай, қашан, қайда 
қолдану керектігін өзіңіз шешесіз.
Әр кездесудің алдында адам екі проблеманы шешіп алуы керек: 
1) қазір не болып жатыр, бүл әрекеттің сипаты қандай? 2) болмыстары- 
мыз қандай, яғни актерлар кімдер? Барлық әрекеттеріміз осы сұрақтар- 
ға берілетін жауаптарға байланысты болмақ. Тіпті дәлізде кетіп бара 
жатқан бейтаныс адамды елемеу туралы шешімнің де осы сұрақтарға 
қатысы бар. Мұны қалай орындаймыз?
Қалыптар
Біреумен кездескендегі ең алғашқы әрекетіміз - «Мұнда не болып жа­
тыр?» деген сұраққа жауап іздейміз. Осы жауаптың арқасында бұл




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   530




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет