Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет154/530
Дата18.09.2024
өлшемі30,13 Mb.
#204657
түріБағдарламасы
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   530
Байланысты:
Бринкерхоф Әлеуметтану негіздері

Бұл бізге не береді?
1950 жылдары құрылымдық-функциялық теория әлеуметтанудағы 
басым бағыт болды. Ол мінез-құлықты анықтайгын институттық 
нормалардың күшіне баса назар аударды. Алайда 1960 жылдардан 
бастап әлеуметтанушылар құрылымдық-функциялық теория өмірге 
келмей тұрғанда адамдар өздерінің іс-әрекетін жақсырақ бақылай- 
тын дегенді айта бастады.
Содан бері ғалымдар әлеуметтік мінез-құлықтың тәртіпке сүйе- 
нудің емес, өзара келісімнің арқасында қалыптасатынын және адам- 
дардың қоғамдық қысымға бағынудың орнына оған қарсы тұруға 
бейім екенін көбірек қарастыруға көшті (Weitz, 2001). Бұл өзгеріс күн- 
делікті өмірдегі әлеуметтануда тана емес, сонымен қатар аурухана, 
кәсіпкерлік, мектеп және тағы басқа үлкен үжымдардың күнделікті 
өмірінде де байқала бастады (мәселен, Jurik, Cavender, & Cowgill, 2009; 
Bettie, 2003). Дегенмен бұл - ереженің ешқандай салмағы жоқ дегенді 
білдірмейді. Шындығында, ережелердің ықпалы өте күшті, әрі келі- 
сімге келудің де өз шегі бар. Әр актордың кел ісімге келу қабілеті оның 
ресурстар мен билікке қол жеткізе алуына байланысты. Ал бұл екеуі 
де әлеуметтік құрылымға тікелей тәуелді. Қорыта айтсақ, біздің мі- 
нез-құлқымыз, бір жағынан, өзгелермен келісу арқылы, екінші жағы- 
нан, сыртқы күштердің ықпалының нәтижесінде қалыптасады.


134
4 -ТА РА У
Қорытынды
1. Әлеуметтік қарым-қатынастың қайталанатын 
үлгілерін, яғни қоғамның құрылымын сарап- 
тау мәртебе, рөл және институт деген үш ұғым- 
ның айналасында жүреді. Мәртебе дегеніміз -
топ ішіндегі арнайы дәреже, ол туабітті болуы 
мүмкін немесе бұл мәртебеге өмір жолында 
қол жеткізуге болады. Рөлдер белгілі мәртебесі 
бар адамның қалай әрекет етуі керектігін анық- 
тайды.
2. Адамның қоғамдағы жалпы қажеттіліктері ор- 
тақ болғандықтан негізгі қажеттіліктерді көр- 
сететін әлеуметтік қүрылымдар да ортақ. Мұн- 
дай ортақ институтгарға отбасы, экономика, 
үкімет, білім және дін институттары жатады.
3. Институттар өзара тәуелді: олар жалғыз әрекет 
ете алмайды, біреуі өзгерсе, екіншісінде де өзге- 
ріс болады. Құрылымдық функцияшылдардың 
пайымдауынша, институттар мінез-құлықты 
реттеп, қоғам өмірінің тұрақтылығын сақтай- 
ды әрі оны ұрпақтан-ұрпаққа қалдырып оты- 
рады. Конфликт теориясының мамандары бұл 
ерекшеліктер кейбір топтарға басқаларынан кө- 
бірек игілік әпереді деп санайды.
4. Институциялық дамуды анықтайтын маңызды 
фактор - қоғамның экономикалық пайда табу 
мүмкіндігі. Өндірістегі әрбір маңызды жетістік


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   530




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет