142
5-ТА РА У
Қосалқы топ - ресми, үлкен және
әділ болып табылады.
Көпшілігі Нью-Йорктің италиялық орамында тұратын жұмыс-
шы табынан шыққан италиялық америкалықтар ондаған жылдар
бойы үйдің шатырында көгершін асырау, оларды жарыстыру, ұшыру
сияқты әрекетгерді бірге істеп келген. Алайда кейіннен денсаулық
сақтау мекемесінің жаңа ережесі «көгершін ұшырушылардың» шар-
уасын қиындатып жіберді. Оның үстіне, бұл ауданға испантекті аме-
рикалықтар мен афроамерикалықтар көптеп көшіп келген соң, әрі
италиялық америкалықтардың көпшілігі қала сыртына көшіп кет-
кендіктен, олардың қатары сиреп қалды. Қазіргі италиялық «көгер-
шін ұшырушылардың» жастары 70-тен асып кеткен. Есесіне, 40-тар-
дағы испантектілер мен афроамерикалықтардан қүралған «кептер
ұшырушылардың» жаңа тобы қалыптасып келеді.
Бір қызығы, Нью-Йорктегі италиялықтардың, испантектілердің
және афроамерикалықтардың (Jerolmack, 2009) арасындағы тарихи
өшпенділікке қарамастан, кептер үшырушылар этнос және жас айыр-
машылықтарын назарға алмайтын жаңа негізгі топ қалыптастырды.
Кептер үшыру - уақытты көп алатын өте қиын жұмыс. Уақыт өте келе
қартайған италиялықтар өздеріне қолғабыс ететін италиялықтарды
таба алмай, испантектілер мен афроамерикалық жастарды көмекке
шақырды. Олардың кейбірі кептер үшыруға қажетті дағды мен тәжіри-
бені үйреніп, бұл істі ермегіне айналдырды, енді бірі италиялық ұстаз-
дарыньщ кептерлерін өздеріне алып қала бастады. Бүгінде үш этнос-
тык; топтың өкілдерінен құралған «кептер ұшырушылар» зоодүкенге
арнайы жиналып, қауқылдасып, білгендерін бөлісіп, проблемаларын
талқылайды әсіресе ұшатын кептерлерді «жарқанат» деп санайтын
көршілерінің қылықтарын көп сөз етеді. Сондай-ақ кептер ұшырушы-
ларды бәрі бірге тұратын ауданның мәселелері және қара жұмыс пен
бәсекені қош көретін жұмысшы табыньщ өмір салты ортақтастырады.
Осылардың барлығы «кептер ұшырушыларды» этностық және жастық
кедергілерден аттап өтіп, бір негізгі топқа жұмылдырып тұр.
Достарыңызбен бөлісу: