Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет163/530
Дата18.09.2024
өлшемі30,13 Mb.
#204657
түріБағдарламасы
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   530
Байланысты:
Бринкерхоф Әлеуметтану негіздері

ТОПТАР, ЖЕЛІЛЕР ЖӘНЕ ҰЙЫМДАР
141
Керісінше, өзімізді өзімізден төмен адамдармен салыстырсақ, бақыт- 
тырақ сезіне бастаймыз.
Дженнифер Хикес Лундквист (2008) әскери өмірге қанағаттану 
сезімін зерттей отырып 
салыстырмалы депривацияның 
ықпалы- 
на көз жеткізді. Бір қызығы, шынайы өмірде бәрі керісінше болса да 
Лундквисттің зерттеуі бойынша, афроамерикалық әйелдер ең бақыт- 
ты, ал ақ нәсілді ерлер ең бақытсыз адамдар болып шыққан. Мұны 
қалай түсінеміз? Мұның себебі, афроамерикалық әйелдер армияға қа- 
рағанда азаматтық өмірде көбірек кемсітілетіндіктен өздерінің әскер- 
де қызмет еткеніне қуанады. Ал ақ нәсілді ерлер азаматтық өмірде 
жүрген өздері сияқты адамдар көбірек жетістікке жетті деп санап, өз- 
дерін бақытсыз сезінеді.
Негізгі топтар
Негізгі 
топтар 
өте жақын, бетпе-бет әрекеттесетіндігімен ерекшеле- 
неді, сондықтан олар әдетте бейресми, кішігірім топ болады әрі жеке 
түлғалар арасында қалыптасады (Cooley, [1909] 1967). Достар тобы, қыз- 
меттестер, бандылар сияқты отбасы да негізгі топқа жатады. Бұл топ- 
тардағы қарым-қатынас ұзаққа созылады әрі бір-біріне деген адалдық, 
жақындық сезімін туғызады. Ол - адам болмысының ең маңызды бо­
л т , сол арқылы біз қоғаммен әлеуметтік интеграцияға түсеміз.
Негізгі топтардың басты міндеті - адамның 
э к с п р е с с и в т і қ а ж ет -
т іл ік т ер ін
өтеу, яғни адамға эмоциялық қолдау көрсегіп, оның әлеу- 
меттік топқа қатысы бар екенін сезіндіру. Біреумен араздасып, соған 
қайғырып отырсаңыз я туған күніңізді тойлағыңыз келсе достарыңыз- 
ға не отбасы мүшелеріне айтасыз. Сонымен бірге негізгі топтар біздің 
и н с т р у м е н т а л д ы қ қ а ж е т т ік т е р ім із д і
де өтейді. Көлігіңіз бүзылып, 
көмек қажет болғанда негізгі топ мүшелерінің біреуіне хабарласасыз. 
Науқастанып қалғанда сіздің орныңызга жұмыс істеп беретін де, жа- 
рым түнде көлігіңіз бұзылып, далада қалғанда көмекке келетін де осы 
топтың мүшелері.
Адам негізгі топқа қатты мүқтаж. Сондықтан ол өзінің құндылық- 
тарын қабылдауымызға үлкен ықпал етеді. Негізгі топтар қоғамдық 
бақылаудың ең маңызды агенті рөлін де атқарып жатады. Мәселен, 
көп жігіттер жолдастарына ілесіп әскерге барады. Көп адам «ата-анам, 
достарым я қызметтестерім біліп қойса ұят болады» деп дүкенге үр- 
лыққа түсуден бойтартып, заңға бағынады. Біз негізгі топтарымыздың 
қолайына жағатындай етіп киім киеміз, әрекет етеміз, дауыс береміз, 
дінге сенеміз, т.с.с. Яғни біз топтың дегеніне көнеміз. Егер бізді негізгі 
тобымыздың ықыласына бөлену мақсатында оның тәртібіне бағыну 
қажеттілігі тоқтата алмаса, онда бізді бағындыруға заңның күші жете 
бермейді. Бірақ, егер біздің негізгі тобымыз дүкенде ұрлық жасау, са- 
лық төлеуден жалтару дұрыс деп санайтын болса, онда олар бізді заңға 
бағынудың орнына, керісінше, құқық бүзуға итермелейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   530




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет