ТОПТАР, ЖЕЛІЛЕР ЖӘНЕ ҰЙЫМДАР
157
6.
Т иім ділік.
Бюрократиялық ұйымдар ұжымдық мақсатқа жету үшін
көп адамнан құралатын топтың іс-әрекетін үйлестіру арқылы тиім-
ділікті арттыруға тырысады. Жүйе жеке адамның қалауын орындау-
ға, тамыр-таныстыққа жане белден басуға жол бермеуі керек.
Вебердің айтуынша, бұл сипаттамаға сай келетін бюрократия жоқ-
тың қасы, себебі қызметкерлер көбінесе өздеріне тиесілі жұмыстан бөлек
шаруаларды атқарады; билік иерархиясы дұрыс емес; жұмыс жағдайы
тез өзгереді, ал ережелерді жаңа жағдайға сәйкестендіріп өзгерткенше
көп уақыт өтіп кетеді; сексизм, нәсілшілдік сияқты бұра тартулардың
кесірінен жұмысқа білігі төмен адамдарды алады; ұйымдар өте тиімсіз
жұмыс істейді, т.с.с. Оныц үстіне, соңғы жиырма бес жылдың ішінде Аме-
рикадағы бюрократияның ең ірі формасы саналатын корпорациялардың
көлемі кішірейді, себебі олар жұмыстың көбін мердігер компанияларға
тапсырды. Мұндай жағдайда қызметкерлердің жұмыс орнын сақтауға
кепілдік аз, ал корпорациялар иерархия түрінде әрекет ете алмайды,
себебі келісімшартпен сырттай қызмет ететін қызметкерлерді бақы-
лау қиын, әсіресе, олар жердің басқа бір түкпірінде тұратын болса тіпті
қиын болады (Scott, 2004). Сонда да, Вебердің бюрократияға берген сипат-
тамалары оның рөлі мен табиғатын түсінуге көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: