Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет183/530
Дата18.09.2024
өлшемі30,13 Mb.
#204657
түріБағдарламасы
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   530
Байланысты:
Бринкерхоф Әлеуметтану негіздері

Бюрократияға сын
Бюрократия - қазіргі әлемдегі стандартты ұжымдық форма. Шіркеу- 
ден бастап үкімет ұйымдарына дейін бюрократиялық жолдармен 
құрылған. Алайда осы ұжымдық форманың кеңінен қолданылуына 
қарамастан оның негізгі деп саналатын бірнеше кемшілігі бар. Олар- 
дын, ішінде үшеуі аса маңызды:
1. 
Д ә с т ү р ш іл д ік .
Ережені қатаң ұстану дегеніміз - сол ереже қабыл- 
даған мақсатты орындауға көмектессе де, көмектеспесе де оған 
бағыну дегенді білдіреді. Ереже ақырғы нәтижеге жету құралы 
емес, ақырғы нәтиженің өзі. Мысалы, қызметкер таңертеңгі сағат 
10-нан кешкі 6-ға дейін өнімді жұмыс істейтінін біле тұра ережеге 
бағынып, таңғы 8-де келеді де, кешкі 4-те қайтуға мәжбүр бола- 
ды. Шектен тыс бюрократия қызметкерлердің бастамаларын тұн- 
шықтырып, тиімдірек жұмыс әдістерінің қалыптасуына кедергі 
жасауы мүмкін.
1. 
Б ө л е к т е н у.
Ережеге, иерархияға және адамгершіліктен ада қа- 
рым-қатынасқа ерекше көңіл аудару ұжымдағы бірлікке нұқсан 
келтіреді. Бірліктің ыдырауының азаюының бірнеше салдары 
болуы мүмкін: бүл әлеуметтік бақылауды кемітеді, ұжым мүше- 
лерінің қанағаттану сезімін, мекемеге деген адалдығын азайтады 
және қызметкерлердің тұрақтамауына алып келеді.
1. 
Қ у р ы л ы м д ы қ т е ң с ізд ік .
Сыншылар қазір бюрократияның иерар- 
хияға тым көп көңіл бөлетінін айтады. Бюрокрагияда билік тек 
бірнеше адамның қолында болады және олардың шешімдері тө- 
мендегілерге бұйрық күйінде түседі.
Осы қауіптерге қоса соңғы кездері мамандар макдональдтандыру- 
дың (Ritzer, 1996) қатеріне назар аудара бастады. Макдональдтандыру - 
бюрократиялардың көп түрінің жылдам тамақтану дәмханаларын үлгі 
етіп, менеджмент әдістерін солардан көшіріп алу процесі.
«Макдональдс» дәмханалар желісі макдональдтандырудың басты 
мақсаттарының мысалы болады. Оның басты мақсаттары: тиімділік, 
есептей алу, болжамдылық және бақылау. «Макдональдс» тұтынушы- 
ларға өте жылдам (тиімді) қызмет көрсету амалдарын қалыптастырды 
және бургерлерінің қаншалыңты дәмді екенін жарнамалаудың орнына 
(мұны өлшеу мүмкін емес), бір бургерде қанша ет бар екендігін (есептей 
алу) жарнамалауға көшті. «Макдональдс» Нью-Йорктегі «Үлкен Мак»-тің 
дәмі дәл Дес-Мойнестегі «Үлкен Мак»-тің дәміндей екеніне кепілдік береді 
(болжамдылық). «Макдональдстің» әр мейрамханасы қызметкерлерінің 
белгілі бір рәсімге қатаң бағынуын қатты қадағалап отырады (бақылау) 
және шектеулі мәзір мен ыңғайсыз орындарды үсына огырып, клиент- 
терді тез арада тапсырыс беруге және орындарын босатуға (басқару және 
тиімділік) мәжбүр етеді. Бұл қағидалар қазір бүкіл әлем бойынша бюро- 
кратияның барлық түрлерінде: кір жуу қызметтерінен бастап телефон 
байланысы бизнесіне дейін қолданылады.
Бір таңғаларлығы, макдональдтандыру арқылы бюрократиялық 
қүрылымдарды оңтайландыру әрекетінің салдары жалпы қоғам үшін 
ақылға сыйымсыз болып отыр. Макдональдтандырудың кемшілік- 
тері оның әрбір артықшылығынан тікелей туындайды.
Мысалы, операторлармен сөйлесудің орнына дауыстық пошта 
жүйелерін пайдалану тиімдірек болганымен тұтынушылар үшін 
ыңғайсыз, өйткені олар алдымен мәзірді тыңдап, содан соң қажетті 
бөліммен қосуын күтіп тұрғанда байланыс ажырап кетеді. Оның үсті- 
не, дауыстық поштаның «шытырманынан» басы қатқан тұгынушы 
тапсырыс беруден мүлде бас тартады, ал бүл клиенттердің азайып ке-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   530




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет