Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет257/530
Дата18.09.2024
өлшемі30,13 Mb.
#204657
түріБағдарламасы
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   530
Байланысты:
Бринкерхоф Әлеуметтану негіздері

Өзара әрекетке түсу үлгілері
Нәсілдік және этностық топтардың арасындағы қарым-қатынас мы- 
надай үш негізгі форманың бір түрі арқылы жүзеге асады: олар - плю­
рализм, ассимиляция, конфликт.
Плюрализм
Әрқайсысының өз дара мәдениеті бар екі немесе бірнеше топтың 
бір қоғамда теңдік сақтап, бейбіт қатар өмір сүруін плюрализм деп 
атаймыз. Шынайы плюралистік қоғамда алуан түрлі мәдениеттер- 
дің әрқайсысы бағаланады. Әрбірінің тең дәрежеде дәріптелетін 
салт-дәстүрлері бар. Айырмашылықтарына қарамастан, бір-бірінің 
мәдениетін танып, біліп, ықпалдасу адамдардың әлеуметтік тұрғысы- 
на кері әсерін тигізбейді. Сонымен бірге қоғам мүшелерінің барлығы 
бірлік пен ынтымақтастықты мақтан түтады.
«Жеке-дара», шын мәнінде, үнемі «тең» деген мағынаны білдір- 
мейді. Мұны «ақ» америкалықтар мен афроамерикалықтар, ағылшын 
және француз тілдерінде сөйлейтін канадалықтар немесе Иракгағы 
шиит және суннит мұсылмандар арасындағы қарым-қатынастарға


НӘСІЛДІК ЖӘНЕ ЭТНОСТЫҚ ТЕҢСІЗДІК
225
қарасақ түсінеміз. Солай дегенмен, өздерін плюралистік деп санайтын 
елдер теңдік идеясын сырттай қолдайды.
АҚШ-та шынайы плюрализм орнамаса да, бұл тұрғыдан көптеген 
басқа қоғамдарға қарағанда едәуір жетістікке қол жегкізілді (Alba & 
Nee, 2003). Ақ нәсілді және басқа америкалықтар бір мектепте оқиды, 
бір-бірімен көрші түрады, тең әлеуметтік топтарға жатады және өзара 
огбасын құра береді.
Ассимиляция
2-тарауда айтылғандай, ассимиляция - азшылық топ мүшелері көп- 
шіліктің мәдениетін, салт-дәстүрін меңгеру барысында өзінің мәде- 
ни, рухани ерекшеліктерін жоғалту процесі. Ассимиляция нәтиже- 
сінде азшылық топтар біржола жоғалуы мүмкін. Мысалы, көптеген 
«ақ» америкалықтар өздерінің түп атасы бөтен ұлттың өкілі болғаны- 
на сенімді. Демек, олар ата-бабасының мәдениетінен бейхабар.
Тарихи тұрғыдан алғанда, АҚШ-қа қоныс аударғандардың көбі 
өздерінің ұлттық киімдерін киюден бас тартып, тез арада ағылшын 
тілін үйрене бастайды. Көшіп келген балалардың көпшілігі ана тілін- 
де сөйлемей, ағылшын тілінде сөйлескенді үнатады; сөйтіп, амери- 
калық әдет-ғұрыптар олардың санасына тез сіңеді. Сол сияқты қазір 
көптеген америкалық еврейлер Рождествоны тойлайды (кем дегенде, 
рождестволық шырша қойып, безендіреді). Көптеген америкалық ир- 
ландтар гұздалган ет пен қырыққабатты тек Әулие Патрик күні жейді.
АҚШ-қа жақында келген иммигранттар мен олардың балалары 
да солай істейді. АҚШ-қа көшіп келушілердің (әсіресе Оңтүстік Азия- 
дан) біразының ғана кәсіби шеберлігі жоғары. Олардың өздері де, ба­
лалары да АҚШ-тағы орта және жоғары гаптарға тез сіңісіп кетеді. 
Ал басқа иммигранттар (әсіресе латынамерикалық) кедейлер қата- 
рын толтырады. Бірақ орташа есеппен алғанда, олардың балалары 
ата-аналарындай емес, кейде америкалық азаматтардың балала- 
рынан да жақсы жүмысқа орналасады (Kasinitz et al, 2008; Park & Myers,
2010) . Бұл отбасылардың ассимиляциялану деңгейі жиырмасыншы ға- 
сырдың басында көшіп келген халықтың деңгейіне сай (Alba, Kasinitz 
& Waters, 2011).
Кейбір латынамерикалық иммигранттардың балалары 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   530




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет