Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет256/530
Дата18.09.2024
өлшемі30,13 Mb.
#204657
түріБағдарламасы
1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   ...   530
Байланысты:
Бринкерхоф Әлеуметтану негіздері

НӘСІЛДІК ЖӘНЕ ЭТНОСТЫҚ ТЕҢСІЗДІК
223
сипаттай бастады. Әлеуметтанушылардың айтуынша, сол кездегі ма- 
мандар мен қоғам белсенділері осы мәселені түсінсе де, түсінбесе де 
ақ нәсілділерді «нәсілдік санат» ретінде анықтау арқылы әлеуметтік 
құрылымның негізін қалауға үлес қосты. Сонымен қатар АҚШ санақ 
бюросы америкалық мексикалықтарды «ақ нәсілді емес» деп жария- 
лады. Оған Мексика үкіметі наразылық білдіріп, қарсылық танытты. 
Содан кейін бюро құрамы ауыстырылды. Қазіргі уақытта санақ бюро­
сы латынамерикалықтарды кез келген нәсілге жататын этностық топ 
ретінде белгілейді. Сол сияқты «қара тәнді» термині «афроамерика- 
лық» терминімен алмастырылуы осы топтың биологиялық шығу тегі 
жөнінде жаңа мәліметтер қосқан жоқ. Керісінше, нәсіл мен этносқа 
катысты қоғамдық көзқарастың өзгеруіне әкелді. Осы мысалдардың 
әрқайсысы нәсіл мен этностың қүрылымына ықпалын тигізген саяси 
және әлеуметтік процестерді сипаттайды.
Жер бетінде жаңа этностық топтардың пайда болуы ұлттық шека- 
ралардың өзгеруіне байланысты. Мәселен, XX ғасырдан бері сицилия- 
лықтар, неаполитандықтар, миландықтар және тағы басқалар бірігіп 
ортақ италия тілін, мәдениетін және этностық ерекшелігін дамыта 
бастады. Керісінше, Кеңес Одағы ыдырағаннан бері литвалықтар, лат- 
виялықтар, қазақтар, абхаздар және басқалары кеңестік кезеңде қаға- 
жу көріп, шеттетіліп қалған немесе ұмытыла бастаған үлттық ұста- 
нымдары мен мәдени салт-дәстүрлерін қайта жаңғыртуда. Осындай 
мысалдар нәсілдік және этностық мәртебелердің құбылмалы болаты- 
нын көрсетеді. Уақыт өте келе адамдар өздерінің нәсілдік және этнос- 
тық ерекшеліктерін өзгерте алады. Осыған орай қоғам да танылған 
мәртебелерді өзгертуі мүмкін.
Көпшілік және азшылық топтар
Ақ нәсілді адамдар мен афроамерикалықтар немесе еврейлер мен 
арабтар туралы тақырыптарды талқылаумен қатар, нәсіл мен этнос- 
ты зерттейтін әлеуметтанушылар көпшілік және азшылық топтар

Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Одақ 
I қүрамындаболған Литва жәнеөзге 
де елдер өздерініңұлттықерекшелігін 
насихаттай бастады.


224
8-ТА РА У
Көпшілік топ - мәдени, 
экономикалық және саяси үстем 
топ.
Азшылық топ - мәдени, 
экономикалық және саяси 
түрғыдан бағынышты топ.
Плюрализм - әрқайсысы өзінің 
дара мәдениетіне ие екі немесе 
бірнеше топтың бір қоғамда 
теңдікті сақтап, бейбіт қатар өмір 
сүруі.
І
Қурама Штаттартолығымен 
плюралиста болмағанымен, әртүрлі 
нәсілге және этностық топтарға 
жататын балалар оңай тіл табысады.
жөнінде кеңінен пікір алмасады. Көпшілік топ деп мәдени, эконо- 
микалық және саяси тұрғыдан үстем, адам саны көп топты атайды. 
Азшылық топ - мәдени, экономикалық, саяси тұрғыдан төмен дең- 
гейдегі, адам саны аз топ.
Азшылық топтардың саны көпшілік топтарынан кем болады 
десек те, үнемі олай емес. Мысалы, XX ғасырдың соңында ақ нәсілді- 
лердің саны Оңтүстік Африка халқының 15 пайызын ғана қүраған. 
Алайда ақ нәсілділер 1994 жылға дейін, яғни апартеид (заңды сег­
регация) жойылғанша, барлық негізгі саяси және әлеуметтік инсти- 
туттарды өз қолдарында ұстап басқарған. Әлеуметтану тұрғысынан 
апартеид кезеңіндегі көпшілік топты ақ нәсілділер қүрған. Сондай-ақ 
кейбір ғалымдар әйелдерді азшылық топ ретінде қарастырады. Өйт- 
кені жыныстық айырмашылықтар негізінде олар экономикалық, 
саяси және мәдени түрғыдан ерлерге бағынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   ...   530




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет