Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of


ЖЫНЫС, ГЕНДЕР ЖӘНЕ ЖЫНЫСТЫҚ ҚАТЫНАС



Pdf көрінісі
бет300/530
Дата18.09.2024
өлшемі30,13 Mb.
#204657
түріБағдарламасы
1   ...   296   297   298   299   300   301   302   303   ...   530
Байланысты:
Бринкерхоф Әлеуметтану негіздері

ЖЫНЫС, ГЕНДЕР ЖӘНЕ ЖЫНЫСТЫҚ ҚАТЫНАС
263
Денсаулың
Ерлер әдеттегі жоғары әлеуметтік деңгейіне қарамастан орта есеппен 
алганда, әйелдерден қысқа өмір сүреді. 2020 жылы дүниеге келетін ер 
балалар болжам бойынша 77,1 жыл өмір сүруі мүмкін, ал қыздар 81,9 
жасқа дейін өмір сүреді деген болжам бар: ерлерге қарағанда, әйел- 
дің жасы шамамен 5 жылға артық (АҚШ халық санағы бюросы 2017). 
Бұл айырмашылықтың бір себебі әрине, биологиялық ерекшелік: ға- 
лымдардың айтуынша, гормондарының өзі-ақ әйелдердің денсаулығы 
үшін кейбір артықшылықтар (қылықтарындағы айырмашылық) бе- 
реді. Ал ерлердің өмір сүру ұзақтығына олардың гендерлік рөлдері 
эсер етеді (Bird & Rieker, 2008).
Ерлердің гендерлік рөлінің негізгі әдісі - өздеріне қауіп төндіре- 
тін әрекеттер арқылы «еркек екенін дәлелдеу». Соның салдарынан 
ер азаматтар әйелдермен салыстырғанда жол апаттарынан, атыс-ша- 
быстан мерт болады немесе жартастан суға секірем деп мертігеді. Со- 
нымен бірге ер адамдар әйелдерге қарағанда әлдеқайда қауіпті еңбек 
жағдайларында - мысалы, балық шаруашылығында я орман шаруа- 
шылығында жұмыс істейді.
Бірақ ерлер мен әйелдердің өмір сүру ұзақтығы арасындағы 
айырмашылықты тәуекелмен ғана түсіндіруге болмайды. Мысалға, 
зерттеу барысында анықталғандай, ерлердің тамақтану және эмо- 
ционалдық қарым-қатынастар мәселесіне гендерлік рөліне орай аз 
көңіл бөлуіне байланысты жүрек ауруларынан қайтыс болуы қаупі 
арта түседі. Отбасылық және әлеуметтік қарым-қатынастарды сақ- 
тау әдетте әйелдерге тән деп саналады. Ал ажырасқан немесе жал- 
гыз қалған ер адамдар көбінесе ақырына дейін жалғызілікті ғұмыр 
кешеді. Нәтижесінде, әлеуметтік қолдау көрмей, стрестік ауруларға 
осал болады. Бұл ер адамдардың өздеріне қол жұмсауы әйелдерге 
қарағанда төрт есе көп болуының себебін айқындайды (Міпіпо 2002, 
Nardi, 1992).
Кедей елдерде, керісінше, қоғамдағы орнына қарай әйелдерге қай- 
тыс болу, ауыру және мүгедек болып қалу сияқты қауіптер елеулі эсер 
етеді. Бұл жөнінде «Жаьандық көзқарас: Дамуы төмен елдердегі жүк- 
тілікжәне өлім көрсеткіштері» тарауында айтылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   296   297   298   299   300   301   302   303   ...   530




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет