Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of


Case-study: ж ы ны сты қ қаты насқа



Pdf көрінісі
бет310/530
Дата18.09.2024
өлшемі30,13 Mb.
#204657
түріБағдарламасы
1   ...   306   307   308   309   310   311   312   313   ...   530
Байланысты:
Бринкерхоф Әлеуметтану негіздері

Case-study: ж ы ны сты қ қаты насқа
итерм елеу
Әйелдердің ер адамдармен салыстырғанда, әлсіз болуының зардабы 
жыныстық харассмент тақырыбында түсіндіріледі. Бұл - жыныстық 
қатынасқа итермелеу, сөзбен немесе ерсі қимылмен жыныстық қаты- 
насқа шақыру сипатында емеурін жасау, жағымсыз қылық көрсету. 
Мұның анықтамасына және оқиғаларына байланысты түрлі пікірлер 
болғанымен, жұмыс істейтін әйелдердің тең жартысы өмірінде жы- 
ныстық харассментке тап болатыны анық (Welsh 1998). Ер адамдарға 
әйелдер тарапынан да сондай әрекет жасалуы мүмкін, бірақ бүл өте 
сиреккездеседі.
Жыныстық харассменттің екі түрі бар (АҚШ-та жұмыспен қамту- 
дың тең мүмкіндіктеріне арналған комиссия). Заңға сәйкес жұмыс бе- 
руші, мұғалім немесе басқа жоғары лауазымды басшының жұмыстан 
шығармау, қызметте жоғарылату, ұсыныс хат беру т.с.с түрлі амалдарды 
қолданып, жыныстық әрекетке мәжбүрлеуі (ерсі қылықтан жыныстық 
қатынасқа дейін) жыныстық харассмент деп танылады. Басшы немесе 
мұғалім барынша мейірімді болу үшін, жыныстық харассмент - сыйақы 
туралы емеуріннен басталып, зорлаумен аяқталған оқиғалар да болады. 
Сондай-ақ кеңседе порнографиялық фотосуреттер орнатылса немесе әріп- 
тестер сексистік әлде жыныстық мазмұндағы әзіл-қалжыңды жиі айтып, 
жеке түлғаға жұмысын атқаруға кедергі ететін жағымсыз ұжым ахуалы 
қалыптасса, бұл жыныстық харассмент болып саналады.
Әйелдердің ерлерге қарағанда күші аз, әлсіз болуына байланысты 
оларға қарсы жыныстық харассмент жиі жасалады. Алайда жыныстық 
харассмент әйелдердің әлеуметтік әлсіз жағдайын ашып қана қоймай, 
сол жағдайдан құтылудың жолын таба алмай күйзелуіне де әкеп соқты- 
рады. Мысалы, инженерлік мамандығы бойынша оқып жүрген немесе 
сондай компанияда іс-тәжірибеден өтіп жатқан қыздар жыныстық ха­
рассмент мәселесіне тап болған жағдайда мансаптарын инженерлік 
салада жалғастырудан бас тартады. Сондай-ақ өздерінің қабілеті мен 
ұстанымдарына деген сенімін жоғалтуы мүмкін, тіпті созылмалы пси- 
хологиялық қиындықтарға үшырауы ықтимал (Sadker & Sadker, 1994).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   306   307   308   309   310   311   312   313   ...   530




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет