Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of


ЖЫНЫС, ГЕНДЕР ЖӘНЕ ЖЫНЫСТЫҚ ҚАТЫНАС



Pdf көрінісі
бет319/530
Дата18.09.2024
өлшемі30,13 Mb.
#204657
түріБағдарламасы
1   ...   315   316   317   318   319   320   321   322   ...   530
Байланысты:
Бринкерхоф Әлеуметтану негіздері

ЖЫНЫС, ГЕНДЕР ЖӘНЕ ЖЫНЫСТЫҚ ҚАТЫНАС
279
Қ о р ы т ы н д ы
1. Жыныс - әйелдер мен ер адамдардың биология- 
лық ерекшеліктерінің сипаты. Әлеуметтанушы- 
лар гендерге, яғни әр жынысқа тән мәдениетпен 
байланысты көзқарасқа, мінез-құлыққа және 
рөлдер жүйесіне баса назар аударады.
2. Ер адамдар мен әйелдердің арасындағы өз- 
гешеліктерді биологиялық және әлеуметтік 
тұрғыдан қарастырдық. Әр мәдениетте қа- 
лыптасқан өзге гендерлі болжалдар болуына 
қарамастан, әрқашан әйел затының еркектер- 
ден күші аз деп саналады.
3. Құрылымдық-функциялық теорияшылар кә- 
сіптердің жынысқа қатысты бөлінуін қол- 
дайды, себебі - олардың ойынша, бұл отбасы 
бірлігін сақтауға ықпал етеді және бәсекелес- 
тікке жол бермейді. Конфликт теориясы ер- 
кектер әйелдердің мәртебесін төмендететін 
сексистік нормалар арқылы үстемдік етеді 
деп дәлелдеуде. Символдық интеракционизм 
гендерлік теңсіздіктің күшею себептерін емес, 
оның арақатынастарда сақталу себептерін тү- 
сінуге көмектеседі.
4. Жынысаралық стратификация әлеуметтену 
арқылы қалыптасады. Ерте балалық шағы- 
нан бастап ұлдар мен қыздар әр жынысқа 
тән әрекегтерді үйренеді және сол пікір- 
лерді өзіне қагысты қолданады. Сонымен 
қатар жынысаралық стратификация жы- 
ныстардың биологиялық тұрғыдағы айыр- 
машылықтарын күшейтетін медициналық 
және әлеуметтік әсерден де болады.
5. Гендер жай ғана жеке тұлғаға қатысты бір ат­
рибут емес. Ол біздің күнделікті әрекеттеріміз 
арқылы әлеуметтік құрылым түзеді. «Гендер- 
ді қалыптастыру, гендерлену» деген - күнде- 
лікті өмірде әйелдің және еркектің жынысқа 
қатысты болжалдарына сәйкес іс-әрекеттер 
жасауы. Ұлдардың табиғатынан қалыптасқан
С ы н и о й л а у
1. Сіз қызыцыздың болашақта ғылыммен айна- 
лысқанын қалайсыз деп есептелік. Қызыңыз- 
ды осы мамандықты таңдауға көндіру үшін 
не істер едіңіз? Қыздардың ғылыми қызмет- 
ке қызығуына мүмкіндік жасау үшін, оқу 
процесіне балаңыз оқитын мектептегі ата- 
аналар комитетінің мүшесі ретінде қандай 
өзгерістер енгізуді ұсынасыз?
ерекшелігі - өзінің ер екенін және гетеросек- 
суалдығын, яғни компульсивті гетеросек- 
суалдығын дәлелдеу.
6. Ер адамдардың бойында да әйелдер сияқты өз- 
дерінің гендерлік рөлдеріне байланысты түрлі 
кемшіліктері бар. Еркектердің арасында өлім- 
жітім жоғары және тығыз арақатынастар аз.
7. 
Әйелдер мен ерлердің білім алуға деген ұм- 
тылыстары мен жетістіктері және өмірдегі 
жұмыс істеу уақыты ұзақтығының пайыздық 
көрсеткіші теңесіп келеді.
8. Жыл бойы толық уақыт жұмыс істейтін әйел- 
дердің табыс мөлшері ерлер табысының 80%- 
на тең. Өйткені әйелдер еңбекақысы төмен 
жұмыстарда істейді және ерлермен бір кәсіпте 
тең деңгейге жетсе де, табысы олардан төмен 
болады. Оған себеп болатын - білім алу, даяр- 
лықтан өту және дискриминация мәселелері.
9. Әйелдердің бағынышты тұрғыда болуын бар- 
лык; әлеуметтік институттар қабылдайды. 
Елеулі өзгерістерге қарамастан, әлеуметтік 
институттарда озық орындарға көбінесе ер­
лер ие. Олар қарапайым әңгімелесу, сөйлесу 
барысында да үстем.
10. Соңғы 150 жылда феминистік қозғалыстар 
америкалық әйелдердің әлеуметтік деңгейін 
көтеру үшін күрес жүргізіп келеді. Көптеген 
жетістіктер бар.
11. Некеге дейінгі жыныстық қатынас қазір жиі 
кездеседі. Дегенмен бүл СПИД ауруына байла­
нысты 1980 жылдардың соңындағы межеден 
әлдеқайда төмендеді.
12. АҚШ-та гомосексуализм кеңінен таралуда. 
Кейбір әлеуметтанушылар трансгендерлік 
адамдарға жасалатын медициналық шаралар 
дәстүрлі жыныс және гендерлік рөлдердің 
маңызын арттыруға эсер ете ме деген мәсе- 
лені зерттейді.
*
2. Алдыңғы 8-тарауда заңдастырылган нәсіл- 
шілдік мәселесі - яғни күнделікті әрекет- 
тер мен әлеуметтік келісімдер, жүйелі түрде 
нәсілдік-этностық теңсіздік туғызса да әділ 
деп саналатын жағдайлардыц болуы талқы- 
ланған. Сол сияқты заңдастырылған сексизм 
жұмыс орындарында гендерлік теңсіздікке 
әкелгені жөнінде мысалдар келтіре аласыз ба?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   315   316   317   318   319   320   321   322   ...   530




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет