Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет321/530
Дата18.09.2024
өлшемі30,13 Mb.
#204657
түріБағдарламасы
1   ...   317   318   319   320   321   322   323   324   ...   530
Байланысты:
Бринкерхоф Әлеуметтану негіздері

282
10-ТАРАУ
Денсаулың және денсаулың
сақтау - әлеуметтік мәселе
Бір қарағанда, денсаулық тек биологиялық, ал денсаулық сақтау тек 
медициналық сала іспетті. Алайда бұл тараудан денсаулық, ауру және 
денсаулық сақтау саласының әлеуметтік күштермен және әлеуметтік 
мәртебемен терең байланысы бар екеніне көз жеткізуге болады.
Денсаулық пен ауру студенттердің өміріне қатысы жоқ мәселелер 
деп қарастыру - шындыққа жанаспайтын тұжырым. Қай жаста бол- 
сын ауруға, мүгедектікке шалдығу және жарақат алу қаупі бар. Бұл 
жағдай дамыған елдер ішінде АҚШ-тың денсаулық сақтау қызметін 
түтынуға қолжетімділікті барлық азаматтарға бірдей қамтамасыз 
етпейтін жалғыз мемлекет болуына байланысты ерекше маңызды. 
Нәтижесінде, 2010 жылғы мәліметтер бойынша, 65 жасқа дейінгі 49 
миллион америкалықта медициналық сақтандыру болмаған. Қазіргі 
экономикалық жағдайды ескерсек, бұл көрсеткіш одан әрі өсері сөзсіз. 
Денсаулығына байланысты шығындардан қарызға батып, банкротқа 
ұшыраған азаматтар саны артуда (Kaiser Commission on Medicaid and 
Uninsured, 2011). Сонымен қатар денсаулық - жалпы өмір сүру сапасы- 
на эсер ететіи жалғыз маңызды фактор. Сондықтан біздің мақсаты- 
мыз - денсаулық пен ауруға эсер ететін әлеуметтік күштерді қарас- 
тырып қана қоймай, АҚШ-тың денсаулық сақтау жүйесінің осындай 
қалыпқа жету себептерін және оның нәтижелерін қарастыру. Біз, ең 
алдымен, әлеуметтанушылардың ауру жайындағы көзқарастарын 
зерттеуден бастаймыз.
Ауруға теориялық көзқарастар
Ауру жөніндегі әрбір әлеуметтік теория тәсілдерінің әртүрлі болуына 
байланысты түрлі сұрақгарға назар аударып, гурлі жауаптар ұсына- 
ды. Аурудың классикалық қүрылымдық-функциялық теориясы қо- 
ғамның кедергісіз жұмыс атқаруына аурудың (кейбіреулерінің) қалай 
эсер ететінін және қоғамның осы жоспарлы ағымға кедергі келтіруі 
ықтимал ауруды қалайша шектейтіні жайлы мәселелерді қарасты- 
рады. Конфликт теориясы ауру туралы түрлі анықтамалардың пайда 
болуына бәсекелес мүдделердің қалайша эсер ететінін көрсетеді, ал 
символдық интеракционизм теориясы болса, ауру тәжірибесін түсі- 
нуде ерекше пайдалы екені анық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   317   318   319   320   321   322   323   324   ...   530




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет