Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет341/530
Дата18.09.2024
өлшемі30,13 Mb.
#204657
түріБағдарламасы
1   ...   337   338   339   340   341   342   343   344   ...   530
Байланысты:
Бринкерхоф Әлеуметтану негіздері

ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫК, САҚТАУ
301
Төлемдер мен ем шараларын мемлекегтік мекемелер мен сақтан- 
дыру компаниялары реттейді. Дәрігердің дербестігі шектеулі, өйт- 
кені жоғарыда айтылған топтар - ем шаралардын, қанша мөлшері 
қандай бағамен берілетіні жайлы нұсқау беріп отырады.
Дәрігерлер бұл өзгерістерді қабылдауға мәжбүр болды. Оның ор- 
нына, олар заң бұзушылық істері бойынша және сақтандыру ком­
паниялары туралы заңдар бойынша заңдық шектеулерге қарсы 
күрескен еді. Сонымен қатар қоғамдық пікір согында дәрігерлер 
емделушілердің мүддесін қорғайтынын дәлелдеп, емделушілердің 
пікірін өзгерту үшін күресті.
Түйткілді мәселелер шығып қалатынына қарамастан, дәрігер ма- 
мандығы - табысы мол және беделді жұмыс. Бірақ жылдан-жылға қа- 
дағалауы қатаң салаға айналып барады және соның әсерінен сынның 
астында қалып жатыр.
Медбикелер: кәсіби мәртебе үшін күрес
Он миллион адам жүмыс істейтін денсаулық сақтау саласының ең ірі 
бөлігі - 1,8 миллион адамнан түратын медбикелер. Ешбір емхана мед- 
бикелерсіз жұмыс істей алмайды және оларсыз бірде-бір дәрігер қыз- 
мет ете алмайды. Олардың денсаулық сақтау саласында маңызы болға- 
нымен, мәргебелері біз ойлағаннан әлдеқайда төмен. Медбикелердің 
мәртебесін көтеруге деген талпыныстары неге жетістікке жете алмады?
М е д б и ке л е р д ің қ а з ір гі м әртебесі
Медбикелер денсаулық сақтауда маңызды рөл атқарады. Бірақ олар- 
дың күнделікті жұмысында немесе оқыту мен сертификаттаудан өту- 
де мүмкіндігі аз. Медбикелердің стандартты дайындығын анықтауда 
және лицензиялау кеңесінде стандарттан өтуінде дәрігерлердің дауы- 
сы маңызды.
Жұмыс кезінде ең төмен дәрежелі дәрігер, тәжірибелі медбикеге 
бүйрық бере алады, яғни медбике дәрігердің нүсқауларын орындауы 
гиіс. Мәртебенің осындай айырмашылығынан медбикелердің орташа 
табысы 62 400 $ қүрайды, бұл отбасылық тәжірибедегі дәрігер еңбек- 
ақысының үштен бір бөлігі (АҚШ Еңбек статистикасы бюросы, 2011). 
Медбикелер арасында тіпті магистр немесе PhD дәрежелі мамандар 
бар. Дегенмен олардың еңбекақысы әлі де дәрігерлердің еңбекақы- 
сының аз ғана бөлігіне тең. Қоғам медбикелерді қызметіне адалдығы 
үшін сыйлағанмен, олардың кәсіби білімін бағаламайды. Осы себеп- 
терден медбикелік істің кәсіп ретіндегі әлеуметтік анықтамасы жоқ.
Неге медбикелердің мәр гебесі осыншалық төмен? Себебі ғасырлар 
бойы бұл жұмысты, негізінен, үнемі әйелдер орындаған. XX ғасырға 
дейін қамқорлық әйелдерге табиғатынан тән, сол себепті аналар, қыз- 
дар немесе әпке мен апалар отбасында ауырған адамға қамқорлық 
көрсетуге дайын болуы керек деп санаған (Reverby, 1987). Күтім жасау - 
XIX ғасырдың ортасына дейін ресми кәсіп ретінде қарастырылмаған. 
Тарихи түрғыдан алғанда, бұл жұмыс құрмет пен құқықты жеңіп алуды 
керек етпейтін, бастапқы кезден әйел болмысына сай және оның міндеті 
болды (Reverby, 1987). Медбикелер әйелге тән альтруизммен, жанқияр- 
лық қасиетпен көбі ер адам болып келетін дәрігерлер мен емхана әкім- 
шілігінің нүсқауларын, сонымен бірге лауазымы жоғары әйелдердің де 
нұсқауларын орындауға дайын болуы керек деп болжамдалды. Осындай 
көзқарас қалыптасып қалғандықтан медбикелердің мәртебесі, дербестігі 
үшін немесе жұмыс жағдайын жақсарту үшін күрес жүргізу қиын болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   337   338   339   340   341   342   343   344   ...   530




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет