Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет349/530
Дата18.09.2024
өлшемі30,13 Mb.
#204657
түріБағдарламасы
1   ...   345   346   347   348   349   350   351   352   ...   530
Байланысты:
Бринкерхоф Әлеуметтану негіздері

Төмен бағамен жақсы күтім
Қазіргі заманғы медициналық технологиялар біздің мүмкіндігі- 
мізді кеңейтіп, құтқару қабілетін арттырды. Бұл алайда өте қым- 
бат. Ал кейбір нашар дамыған елдер халқының денсаулығын сақ- 
тауға қалай көмектеседі?
Арзан әрі тиімді денсаулық сақтау саласында көрсегілетін қыз- 
меттің үлгісі ретінде Қытайды айта аламыз. Қытайда батыстық 
үлгідегі емдеу шаралары тек аурудың алдын алу мақсатында ғана 
қолданылады. Негізінен медбике және акушер сияқты арзан меди- 
циналық қызмет ұсынушыларға; санитарлық жағдайға, түрғын 
үй және азық-түлік сапасын жақсартуға; табысты арттыру үшін 
білім сапасын көтеруге; дәстүрлі емдеу әдістеріне баса назар ауда- 
рылады.
Мұндай әдістің арқасында Қытайдағы өмір жасының ұзақтығы 
АҚШ-тан төрт-ақ жылға аз, алайда Қытай денсаулық сақтау сала­
сында әлдеқайда аз ақша жұмсайды (АҚШ санақ бюросы, 2009). Кос­
та-Рика, Шри-Ланка, Куба және Вьетнам сияқты дамуы томен ел- 
дердің тәжірибесі аурудың алдын алу, білім сапасын арттыру және 
өмір сүру жағдайын жақсарту, денсаулық сақтау саласына жоғары 
технологиялық қүрылғылар алғаннан гөрі пайдалырақ екенін көр- 
сетті (Weitz, 2012).
Бұл бізге не береді?
Әлеуметтік талдау - денсаулық пен аурудың әлеуметтік қүрылымы 
бар екенін көрсетеді. С. Райт Миллс айтқандай, бір адам күйзелістен 
немесе зиянды әдеттерден немесе сапасыз медициналық қызметтен 
қайтыс болса, бұл оның жеке мәселесі, сондықтан біз жеке адамның 
мінез-құлқын қарастыруымыз керек. Ал таптар, нәсіл немесе жыныс- 
тар үнемі денсаулық пен денсаулық сақтауда елеулі кемшіліктер-


308
10-ТАРАУ
ге тап болса, бұл - әлеуметтік мәселе. Мәселені дұрыс анықтап және 
дұрыс шешім табу үшін жеке адамдар шеңберінен шығып, әлеуметтік 
құрылымдар мен институттардың мұндай үлгілерінің құрылуына 
ықпалын қарастырған жөн. Әлеуметтік пікір бойынша, халық денсау- 
лығының айтарлықтай жақсаруы үшін, әлеуметтік институттардағы 
өзгерістерді күшейту, кедейлік пен дискриминацияны төмендету, 
тұрғын үй мен азық-түлікке қол жеткізуді жақсарту т.б. талап етіледі. 
Медициналық қызмет көрсетуге қолжетімділікті теңестіру пайдалы, 
бірақ әлеуметтік өзгерістер енгізуден маңызды емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   345   346   347   348   349   350   351   352   ...   530




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет