Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет347/530
Дата18.09.2024
өлшемі30,13 Mb.
#204657
түріБағдарламасы
1   ...   343   344   345   346   347   348   349   350   ...   530
Байланысты:
Бринкерхоф Әлеуметтану негіздері

306
10-ТАРАУ
де қаралуы керек немесе медициналық сақтандыру ісі мемлекет 
тарапынан көрсетілетін қызмет пен салықты кез келген себеппен 
өсіруге қарсы болуы керек деп санайды. Сонымен қатар дәрі-дәрмек 
өндірушілердің көбі, емхана әкімшілігі және басқалар жоспарлы жұ- 
мысқа қарсы, өйткені бұдан табыс көлемі азаяды.
Жоспарға қарсылардың бір тобы - бұл ұзаққа бармайды деп ой- 
лайды. АСА қазіргі денсаулық сақтау жүйесінің шеңберінде құрылды. 
Ұлттық деңгейдегі мыңдаган сақтандыру бағдарламасына жұмсала- 
тын әкімшілік шығындардың қайтарымы мардымсыз, дәрігерлер со- 
ның арқасында ақша тауып жүр; емханалардың қызметтерінің төлем 
жүйесіндегі шығындар да қомақты күйінде қалып отыр. Сонымен 
қатар коммерциялық сақтандырушылар денсаулығы нашар адамдар- 
ды сақтандырмауға тырысады. Нәтижесінде, АСА сақтандырылмаған 
адамдар санын азайтпақ болады, бірақ сақтандыруға немесе денсау- 
лық сақтау қызметіне қол жеткізе алмайтын миллиондаған адам 
далада қалады, бұл денсаулық сақтау саласына кететін шығындарды 
азайтпайды (Medicaid & Medicare Services орталықтары, 2010).
АСА-ның ықпалы толықтай іске асқанша біршама уақыт өтеді. 
Жоғарғы сот АСА-ның негізгі компоненттерін (мемлекет Medicaid бағ- 
дарламасының қамтылуын кеңейтеді немесе федералдық қаржылан- 
дыру қысқартылады деген талаптан басқа) 2012 жылдың маусымында 
қабылдады. Бірақ оған қарсылық әлі де қатты. АСА-ның жұмысы жө- 
ніндегі сот тайталасы әлі де бірнеше жылға созылатыны анық.
Басқа елдердегі денсаулың
саңтау саласы
Америка Құрама Штаттары - өндірісі дамыған, бірақ барлық азаматын 
медициналық қызметпен қамтамасыз ете алмайтын жалғыз мемле­
кет. Денсаулық сақтау қызметтері тауар секілді сатылады. Сіз тек 
алғашқы көмек қызметі сияқты қолыңыз жеткен қызметті ғана 
пайдалана аласыз. Егер бұл мүмкін болмаса, сол қызметке сүйен- 
бей-ақ әрекет етуді үйренесіз. Әлемнің өндірістік саласы дамыған 
басқа елдерінде медициналық қызмет бастауыш білім сияқты: 
қаржылық мүмкіндігіңізге қарамастан, барша адамға қолжетімді 
тиісті көмек ретінде қарастырылады. Ондай елдерде медициналык 
көмек қалай қамтамасыз етіледі?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   343   344   345   346   347   348   349   350   ...   530




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет