Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет352/530
Дата18.09.2024
өлшемі30,13 Mb.
#204657
түріБағдарламасы
1   ...   348   349   350   351   352   353   354   355   ...   530
Байланысты:
Бринкерхоф Әлеуметтану негіздері

Тарау тағылымы
Осы тарауды оқығаннан
кейін студенттер:
әлемдегі мұқтаж отбасылардың 
негізгі әлеуметтік 
қажеттіліктерімен, сондай- 
ақ дүниежүзінде кездесетін 
отбасы және неке түрлерімен 
танысады;
отбасындағы және ауқымды 
экономикалық жүйедегі 
өзгерістердің балалық шаққа, 
ересек өмірге өтер кезеңге, 
ерлі-зайыптылардың қарым- 
қатынасы мен некедегі
гендерліктің рөлдеріне 
қаншалықты эсер ететінін 
ұғынады;
некелесуге, ажырасуға және 
түрмыстық зорлық-зомбылыққа 
әкелетін алеуметтік 
факторларды сипаттайды, 
отбасы институтының 
ыдырауын пайымдайды. Бала 
туу көрсеткішінің төмендеуі
некесіз туған бала санының 
артуы және халықаралық 
деңгейде бала асырап алу 
деңгейінің өсуі себептерін 
түсінеді.


ОТБАСЫ
311
Дүниежүзіндегі неке және
отбасы
Соңғы онжылдықтарда америкалық отбасылар көптеген өзгеріске 
ұшырады. Ажырасу мен жалғыз басты ата-аналар көбейді. Кішкентай 
баламен қалған әйелдердің дені жұмыс істеп, ақша табуға мәжбүр. Ал 
асыранды балалардың көпшілігі туған ата-анасы туралы біле алатын 
болды. Сонымен қатар бір жынысты неке, үйленбей түрып жыныс- 
тық қатынасқа түсу және нәсіларалық отбасылар, бүрынғыдай емес, 
қалыпты жағдайға айналды.
Бұл өзгерістер бәрімізге тікелей немесе жанама түрде эсер етті. 
Осы тарауда аталған өзгерістердің әлеуметтік сараптамасы мен салда- 
ры қарастырылған. Біз негізгі әлеуметтік институттар ретіндегі неке 
мен отбасын кеңінен сипаттаудан бастаймыз.
АҚШ отбасыларының болашақтағы өзгерісін болжау үшін дүние- 
жүзінде кездесетін отбасы түрлеріне мән берген абзал. Осы арқылы 
отбасында неніц маңызды екенін түсінеміз.
Жалпыға ортақ жайттар
Қай халықта да отбасына бөлінген белгілі міндеттер бар, олар әдетте ке- 
лесі құндылықтарды қамтиды (Seccombe & Warner 2004):
• 
көбею арқылы халық санын сақтап тұру;
• 
жыныстық мінез-қүлықты реттеу;
• 
асырауындағы балаларға, қарттарға, науқастарға және мүгедек- 
терге қамқорлық көрсету;
• 
жастарды әлеуметтендіру;
• 
достық, қамқорлық және эмоционалдық қолдау көрсету.
Аталған әрекеттер тек бір адам үшін ғана емес, қоғам үшін маңыз- 
ды. Сондықтан да әлеуметтік құрылымдар осы мақсаттарға жету үшін 
жұмыс істейді. Ешбір қоғам мұны жеке адамның талпынысы күйінде 
қалдырмайды. Теориялық түрғыда бұл міндеттерді діни немесе білім 
беру мекемелері орындай алады. Бірақ қоғам бұл міндеттерді отбасы- 
ның еншісіне берді.
Басқа әлеуметтік құрылымдарға қарағанда, отбасы - биология- 
лық және әлеуметтік топ. Отбасы - қаны бір болу немесе некеге тұру, 
бала асырап алу, болмаса неке тектес міндеттемелер арқылы байла- 
нысатын адамдар тобы. Бүл түсінік өте ауқымды. Ол баласымен бір- 
ге тұратын жалғызбасты ана немесе бірнеше әйелмен өмір сүретін ер 
адам болуы мүмкін. Қалай болғанда да, әлеуметтік қағидалар бойын- 
ша отбасы мүшелері бір-бірі үшін жауапты болуы тиіс
Отбасының негізі, іргетасы - неке. Неке дегеніміз - екі адамның 
ресми, әлеуметтік немесе заңды түрде мойындаған одағы. Бұл - дүние- 
ге бала әкелу мен жыныстық қатынасты реттеуді қамтамасыз ететін 
институционалдық әлеуметтік құрылым. Қазіргі кезде некеге дейін- 
гі некеден тыс немесе бір жынысты қатынасқа көп елдер төзімділік 
танытып отыр. Дегенмен баланың некесіз тууына қарсылық басым. 
Кей елдерде некесіз қатынас пен некесіз баланы дүниеге әкелу қатаң 
жазаланады, ал енді бірінде жаза тым жеңіл.
Сонымен бірге неке деген - ерлі-зайыптылардың міндетін заң 
жүзінде анықтайтын келісім. 1960 жылдары отбасылық міндеттер ер 
мен әйел арасында қатаң бөлінген болатын. Мысалы, ер адамдар әйел- 
дерін қаржылай қамтамасыз етуі керек еді. Ал әйелдерге үй шаруасы
Отбасы - қаны бір болу немесе 
некеге тұру, бала асырап алу, 
неке тектес міндеттемелер 
арқылы байланысатын адамдар 
тобы.
Неке дегеніміз - екі адамның 
ресми, әлеуметтік немесе заңды 
түрде мойындаған одағы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   348   349   350   351   352   353   354   355   ...   530




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет