Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет407/530
Дата18.09.2024
өлшемі30,13 Mb.
#204657
түріБағдарламасы
1   ...   403   404   405   406   407   408   409   410   ...   530
Байланысты:
Бринкерхоф Әлеуметтану негіздері

Діндарлықтың салдары
Дін құндылықтарды үйретіп, оларды сақтайтындықтан, адамның 
қарым-қатынасы мен мінез-құлқына эсер етеді. Діни сенімі күшті 
адамдардың денсаулығы мықты, бақытты және өміріне разы болады 
(Cotton et al., 2006; Deaton, 2011; Waite & Lehrer, 2003). Бұл артықшылықтар 
адамдардың діни ұйымдардан алатын әлеуметтік қолдауы мен дінге 
қатыстылық сезімінен туындайды.
Діни адамдар жыныстық қатынас пен жеке шындыққа келгенде, 
консервативті көзқараста болады. Олар отбасылық өмірге де консерва- 
тивті қарауы мүмкін. Мысалы, баларды тәрбиелеуде ұрып-соғуды тәр- 
бие құралы ретінде қолдануды қолдайды (Ellison, Bartkowski, & Segal, 
1996). Консервативті топтардың кейбірі баланы алдыртып тастауға 
қарсы күрес және қүқық қорғаушылар тобы сияқты саяси консерва- 
тивті қозгалыстарға қолдау білдіреді.
Дегенмен діндарлардың бәрі өз ғибадатханасымен тығыз байла­
нысты деп ойламауымыз керек. Мысалы, Папа баланы алдыртып тас- 
тау және баланы дүниеге әкелуді бақылау күнә дейді. Бірақ америка- 
лық католиктердің 3/4 бөлігі кей жағдайда баланы алдыртқан дұрыс 
деп ойласа, жартысынан көбі жасөспірімдердің дүниеге бала әкелуі 
бақылануы керек деп есептейді (General Social Survey, 2009).
Діндарлық әр адамның діни 
қағидаларды ұстануымен және сол 
қағидаларға байланысты әрекет 
етуімен анықталады.
Діни экономика дегеніміз - 
діни үйымдар арасында үздік 
«түтыным тауарын» ұсынуда 
бәсекеге түсіп, осы арқылы 
өз дініне жоғары «нарықтық 
сұраныс» тудыру.


364
12-ТАРАУ
әлеуметтану және сіз
Егер сіз әлдебір діни ұйымның 
мүшесі болсаңыз оның сенім 
жүйесі қандай болса да әлеуметтік 
пайда көресіз. Ұйымыңыз 
қиын жағдайға үшырағанда 
кеңес немесе көмек беруді 
қарастыратын әлеуметтік желі 
ұсынуы мүмкін. Сонымен бірге бұл 
желі сіздің қадірлі әрі маңызды 
адам екеніңізді еске салып, 
жетістіктеріңізді атап өтуге 
көмектеседі. Діни рәсімдер болып 
жатқан оқигалардыңбір себебі 
барын түсіндіре алуы мүмкін. Егер 
сіз діни ұйымға мүше болмасаңыз, 
опда достар мен бауырластар 
ортасы сияқты әлеуметтік 
желілерден қолдау іздеп, гылым, 
саясат және басқа да сенімді 
жүйелермен қарым-қатынас 
орнатуыңызга болады.
Азаматтық дін дегеніміз - АҚШ 
азаматтары үшін құнды болып 
саналатын белгілер, сенімдер мен 
институттық рәсімдер жиынтығы.
I Әскери қолбасшы болып 
I тағайындалған соң бірнеше аптаның 
ішінде Джордж Вашингтон - халық 
жаппай табынатын құдіретке айналды.
Діни сауаттылық қалыпты мінез-құлықты сақтауға үйретсе, дін 
және ғибадатхана әлеуметтік өзгеріс әкелетін күш болуы мүмкін. Бұ- 
дан бұрын айтылғандай, 1950-1960 жылдары афроамерикалық ғиба- 
датханалар азаматтық құқық үшін күресте маңызды рөл атқарды, ал 
інжілдік шіркеулер қазіргі таңда иммигранттардың құқығы үшін кү- 
ресіп келеді. Латын Америкасындағы еркіндік теологиясының м а н а ­
ты - кедейлік, теңсіздік және саяси қанауды жоятын демократиялық 
Христиандық социализм құру (Smith, 1991). Керісінше, кейбір ғиба- 
датхана мүшелері өз ғибадатханаларының либералдық үстанымын 
түсінбейді: соңғы жылдары баптистер мен епископалдар гомосексуа- 
листердің қүқығын және өзге де либералдық бағдарламаларды қолда- 
ғаны үшін орталық ғибадатханалардан бөлініп кетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   403   404   405   406   407   408   409   410   ...   530




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет