Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет428/530
Дата18.09.2024
өлшемі30,13 Mb.
#204657
түріБағдарламасы
1   ...   424   425   426   427   428   429   430   431   ...   530
Байланысты:
Бринкерхоф Әлеуметтану негіздері

САЯСАТ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКА
383
номиканың үлестіру қызметі отбасына, стратификациялық жүйе- 
лерге, білім беруге, үкіметке тікелей эсер етеді.
Қазіргі уақытта екі негізгі экономикалық жүйе бар: капитализм 
және социализм. Алайда экономикалық жүйелер түрлі саяси және та- 
биғи жағдайларға бейімделуі керек болғандықтан, таза капитализм 
немесе таза социализм сирек кездеседі. Заманауи экономикалық жү- 
йелердің көбі осы екеуінің біраз өзгертілген немесе көбіне құрамдас- 
тырылған нұсқасы ретінде жүзеге асырылады.
Капитализм
Капитализм - көптеген байлық (жер, капитал және еңбек) жекемен- 
шікте болатын, ашық нарықта саудаланатын және меншік иелерінің 
жеке пайдасы үшін қолданылатын экономикалық жүйе. Капитализм 
нарықтағы бәсекеге негізделеді. Капиталистік экономикалық жүйе- 
де әрбір адам қажырлы еңбек етіп, тауар өндірісінің тиімді әдістерін 
енгізе отырып, өз табысын арттыруды көздейді. Бұл жүйе адамдарды 
табанды еңбек етуге, техникалық инновацияларды және тұтынушы- 
ның сұранысын тудыру мен қанағаттандыру тәсілдерін терең түсіну- 
ге ынталандырады. Өйткені жеке бастың мүддесін ойлаған адамның 
талпынысы да мықты болады; ал бүл жағдай экономикаға жаңа сер- 
пін береді.
Алайда капиталистік экономиканың да кемшіліктері бар. Бұл 
кемшіліктер ресурстарды бөлісуге байланысты туындайды. Бірін- 
шіден, капиталистік жүйе бәсекелестікке негізделгенімен, жұмыс- 
шы және капиталист (салалардың иелері) арасындағы сәйкестік тең 
емес. Жұмысшыларға қарағанда капиталистердің мүмкіндігі бірдей 
емес. Осының салдарынан жұмысшылар кедей өмір сүруі мүмкін, 
ал капиталистердің жағдайы патшадан кем түспейді. Екіншіден, 
жұмысшылар да, ешқандай жүмыс істемейтіндер (балалар, кәрілер, 
жұмыссыздар) өмірде жиі ұтылып қалады. Олар басқалардан көмек 
күтуге мәжбүр болады. Үшіншіден, көшелер мен саябақтарды абат- 
тандыру және сумей жабдықтаудың санитарлық жүйесі сияқты 
қоғамдық қызмет түрлері мардымды пайда әкелмейтін болғандық- 
тан, мұндай салаларға капиталистер қызыға бермеуі мүмкін. Алай­
да олар болмаса, қоғам да қызмет ете алмайды. Демек, капиталистік 
жүйенің өзінде қажетті тауарлар мен қызметтерді бөлісудің бірқа- 
тар амалдары болуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   424   425   426   427   428   429   430   431   ...   530




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет