Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of


байланыс болғандықтан АҚШ-тағы француз және қытай балала-



Pdf көрінісі
бет85/530
Дата18.09.2024
өлшемі30,13 Mb.
#204657
түріБағдарламасы
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   530
Байланысты:
Бринкерхоф Әлеуметтану негіздері

байланыс болғандықтан АҚШ-тағы француз және қытай балала-
рының көпшілігін ата-аналары мектептен кейін немесе демалыс 
күндері ана тілдерін үйрену үшін арнайы дайындық сабақтарына 
жібереді. Сол себепті АҚШ заңдары бойынша Америка азаматты- 
ғын алардан бұрын ағылшын тілін үйрену талап етіледі. Француз 
немесе қытай мәдениетіне толық араласу үшін осы тілдерді білу 
керек; АҚШ мәдениетіне араласу үшін ағылшын тілін білу қажет.
■ Тіл осындай маңызды 
I тасымалдаушы әрі мәдениет 
символы болғандықтан, әлемнің
барлықбөлігінде өз тіліне қауіп төнді 
деп санайтын халықкөтеріліске 
шығады.
Тіл - символ ретінде
Ортақ тіл - бір халықтың мәдениеті ортақ екенін айғақтайтын ең көр- 
некі символ. Тіл өзгешілігі арқылы бір халықты екіншісінен ажыра- 
туға болады немесе керісінше, ортақ тілдің болуы халықтың бірлігін 
паш етеді (Joseph et al. 2003; Romaine, 2000; Trudgill, 2000). Осы себепті 
өз мүшелерін жүмылдыруға тырысатын топтар ортақ тілде сөйлеуді 
талап етеді. Мысалы, 1900 жылдардың басында Еуропаның геттолары- 
нан сол кездегі Палестинаға көшкен алғашқы еврейлер өз қауымдас- 
тығындағы барлық адамнан иврит тілінде сөйлеуді талап етті. Бірақ 
тек дұға кезінде болмаса жүздеген жылдар бойы еврейлерден ешкім 
иврит тілінде сөйлемеген еді. Соған қарамастан, бірнеше онжылдық 
ішінде иврит Израильдің мемлекеттік тіліне айналды.
Сол сияқты, соңғы жиырма жылда кейбір америкалықтар екі 
тілді оқытуға қарсы шығып, ағылшын тілін АҚШ-тың жалғыз мем- 
лекеттік тілі етіп жариялауды талап етіп келеді, ал канадалық 
француздар - француз тілін Квебектің мемлекеттік тілі ету үшін 
күрескен (Dalby, 2003). Мексика мен Франциядағы мемлекеттік құ- 
рылымдар ағылшын сөздерінің испан және француз тілдеріне еніп 
кетпеуі үшін күресіп келеді. Бұл әрекеттің барлығы - символ үшін 
күрес, себебі кез келген елдегі иммигранттар болсын, тұрғылық- 
ты азаматтар болсын, барлығы ең жоғарғы қоғамдық мәртебесі бар 
және қоғамдық түрғыдан ыңғайлы тілге қарай ұмтылады (Ricento 
& Burnaby, 1998).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   530




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет