МӘДЕНИЕТ
77
не және т.б. байланысты ережелер түріндегі ресми шаралар енгізіледі.
Алайдакейбіртиімдішаралардыңресмисипатыжоқ.Ықылас,мақұлдау
және ниеттестік сияқты жағымды шаралар нормативтік мінез-қүлық-
тың сақталуына көмектессе, суық қабылдау, жақтырмау және бөлектеу
сияқты жағымсыз шаралар нормативтердің бұзылуына әкеліп соғады.
Осы шараларға қарамастан, нормалар
әрдайым адамның іс-әре-
кегтеріне жақсы нұсқаулық бола алмайды,
сондықтан нормативтік
мінез-құлықты нақты мінез-құлықтан ажырата білу қажет. Мысалы,
америкалық қоғамда некедегі адалдыққа байланысты ғұрыптар бар.
Алайда жүргізілген зерттеулер нәгижесі Құрама Штаттардағы не-
кедегі ерлер мен әйелдердің жартысына жуығы (Laumann және т.б.,
1994) отбасылық өмірде тұрақсыз (адюльтер) екендігін көрсеткен.
Бүл жағдайда мәдениет күтілетін
нәтижені білдіреді, сондай-ақ ол
нақты мінез-қүлықтан айтарлықтай өзгешеленеді.
Бірақ бұл норма-
ның маңыздылығын жоққа шығармайды. Кейбір адамдар көпшілік
норманы тіитен үстана
алмайтын жағдайларда, ол - мінез-құлық-
тың маңызды бағыттарына айналады. Нақты мінез-қүлық
пен нор-
мативтік мінез-қүлықтың ауытқуы арасындағы сәйкессіздік - яғни
девиантты мінез-құлық әлеуметтік ізденістер мен зерттеулердің бас-
ты тақырыптарының бірі болып табылады (6-тарауды қараңыз).
Достарыңызбен бөлісу: