Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of


Қолданыстағы статистиканы пайдалану



Pdf көрінісі
бет68/529
Дата10.09.2023
өлшемі30,13 Mb.
#180626
түріБағдарламасы
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   529
Қолданыстағы статистиканы пайдалану
Әлеуметтанушылар қандай әдістер қолданатынына қарамастан
деректерін басқа дереккөздерден алынған статистикамен жиі то- 
лықтырады. Федералдық, жергілікті және мемлекеттік басқару ор- 
гандары зерттеушілерге, мысалы, үйдің бағасы уақыт өткен сайын 
өзгергенін, өмір жасының қалай ұзарғанын не қысқарғанын, қала 
халқы санының қалай өскенін немесе азайғанын сипаттап береді 
және басқа деректермен қамтамасыз етеді. Егер біз бір колледжде ал­
когольд! қолдануды зерттеп жүрген болсақ, мәселен, АҚШ Халық са- 
нағы комитетінен колледжде жан басына шаққанда алкоголь түты- 
ну мөлшері туралы мәл іметтер алуға болады. Біз штаттың Денсаулық 
сақтау немесе автокөлік департаменттерінен алкогольдің кесірінен 
болған автокөлік апаттары туралы мәліметтерді ала аламыз. Немесе 
колледжден я жергілікті полиция бөлімінен алкогольдің уытына бө- 
гіп, адам зорлау фактілері туралы деректер алуға болады. Біз бұл де-


58
1-ТАРАУ
әлеуметтану және сіз
«Әлеуметтану» мамандығы 
түрлі салаларда жұмыс істеуге 
қажетті әдістерді үйретеді. 
Мәселен, егер сіз денсаулық 
сақтау саласына қызығушылық 
таныгсаңыз әлеуметтану 
науқасгардың ауруханаға немесе 
емханаға ала келетін түрлі 
мәдени құндылықтарын түсінуге 
көмектеседі.
Сондай-ақ ол сізге дәрігерлердің 
медбикелерге, ал медбикелердің 
санитарларға қалай және неліктен 
билік жүргізетінін, осы билік 
динамикасының пациенттердің 
денсаулығы мен жазылуына қалай 
эсер етуі мүмкін екенін түсінуге 
көмектеседі.
ректерді проблеманы толық зерттеу үшін пайдаланамыз немесе осы 
деректерді өзіміз жинаған деректермен байланыстырамыз. Мәселен, 
біздің сауалнамаға қатысқан студенттер «ішімдік іштік» деп өздері 
жауап берсе, зорлау әрекеттерінің қаншалықты көп болғанын өзіміз 
зерттейміз.
Қолданыстағы статистиканы пайдаланудың артықшылықтары 
мен кемшіліктері контент талдау әдісіне үқсас. Бүрыннан бар дерек- 
терді пайдаланғандықтан шығын аз кететін деректерді, сондай-ақ 
өткеннің, бүгінгі күннің деректерін зерттей аламыз. Кемшілігі - біз- 
дің зерттеу сұрақтарымызға сай деректерді жинай алмаймыз, тек 
қолда бар деректерге сүйенуге тура келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   529




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет