МӘДЕНИЕТ
89
көрсету. Көптеген бай елдердің де, кедей елдердің де азаматтары
осы ұйымдардың ықпалына күмәнмен қарайды. Кейбір деректер-
ге қарағанда, кедей елдер өзінің саяси
және экономикалық дербес-
тігін жоғалтқан, тіпті айтарлықтай зардап шеккен деуге болады
(Stiglitz, 2003; Кһог, 2001; Wade, 2003; Rajagopal, 2003).
Бұл бізге не береді?
Кейбір адамдар үйінің, екі қолының болуын қалай қалыпты
нәрсе
деп қабылдаса біз де мәдениетті көбінесе дәл солай қабылдаймыз.
Алайда осы тарауда көрсетілгендей, мәдениет өзгермелі құндылық
болып табылады: қотам және қоғамдағы билік теңгерімі өзгерген
сайын мәдениет те өзгеріп отырады. Тілдер, тамақтану дағдылары,
сән және басқа мәдени элементтер эволюциялық жолмен дами-
ды, таралады немесе жоғалады: мысалы,
ата-анаңыздан бала ке-
зінде киген киімдері, жас кезінде сөйлеген сөздері туралы немесе
бәліш, тортилья немесе вафлиді бірінші
рет қашан жегенін сұрап
көріңізші.
Мәдениет, сондай-ақ белсенді болады, ол - біз өмір сүретін әлем-
ді өзгерте отырып, бізді де өзгертетін күш. АҚШ тұтынушылар мәде-
ниетінің өсуі - мәдениеттің өзгеруінің және оның өміріміздің барлық
салаларына
қалай эсер ететінінің, мәселен, күнделікті қанша сағат
жұмыс істейтінімізден бастап өзімізді жеке тұлға ретінде қалай қа-
былдайтынымыздың бір мысалы.
Достарыңызбен бөлісу: