Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong


Сефирот ағашы 346



Pdf көрінісі
бет136/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

345
Сефирот ағашы


346
Құдайдың ағаш немесе адам пішініндегі бейнелері – рационалды 
қалыптарды қабыл етпейтін елес күшіне сүйенген сипаттамалар. Каббалистер 
файласуфтарға
қарсы пиғылда болған жоқ; олардың көпшілігі Саадиа 
Гаона мен Маймонид секілді тұлғаларға құрметпен қарады, бірақ Құдайдың 
құпиясына жету үшін метафизикадан гөрі символизм мен мифологияны 
әлдеқайда оңтайлы жол деп тапты. 
Ең ықпалды каббалистік мәтін 
Зоһар
ды, шамасы, испаниялық мистик 
Моше де Леон (Моисей Леонский) 1275 ж. жазған болуы тиіс. Ол жас 
кезінде Маймонидтың еңбектерін зерттеді, бірақ бара-бара мистицизм 
мен Каббаланың эзотерикалық дәстүріне әуестігі оянды. 
Зоһар
(Ғажайып 
Әсемдік Кітабы) – ұлы Элизармен бірге Палестинаны кезіп, шәкірттерімен 
Құдай, табиғат және адам тіршілігі жайында сұхбаттасатын үшінші ғасыр 
талмұдшысы Симеон бен Йохайды бейнелеген мистикалық роман. Бір 
тақырып немесе идеяның жүйелі түрде дамытылуы мен айқын құрылымы 
жоқ. Олай жасау 
Зоһар
дың рухына қайшы келер еді, өйткені оның Құдайы 
кез келген ұқыпты ойлау жүйесіне қарсы болатын.
Ибн әл-Араби секілді, Моше де Леон да Құдай әрбір мистикке айрықша 
әрі жеке уахи жібереді деп санады, соған сәйкес Тәуратты түсіндіру 
жолдарының шет-шегі жоқ: ілгері басқан сайын каббалист оның мағызының 
қат-қабаттарын аша береді. 
Зоһар
он 
сефирот
тың құпия эманациясын бет-
бейнесіз 
Эн Соф
тың тұлғаға айналу процесі ретінде көрсетеді. Ең жоғарғы 
үш 
сефирот
–Кетерде, Хохмада және Бинада 
Эн Соф
, қалай болғанда да, 
өзін білдіруге «шешім» қабылдайды және иләһи ақиқат «Ол» делінеді. 
«Ол» ортаңғы 
сефирот
тар –Хесед, Дин, Теферет, Неца, Ход және Йесод 
арқылы төменге түскендіктен, «Ол» енді «Сенге» айналады. Ақыры Құдай 
біздің әлемде
Шехина
ретінде көрінген кезде, «Ол» өзін «Мен» дейді. 
Құдай тұлғаға айналған және өзін танытуын аяқтаған нақ осы сәтте адам 
өзінің мистикалық сапарын бастай алады. Мистик өз жан дүниесінің 
тереңіне сүңгіп, нағыз «менін» тапқан кезде, бойында Құдай болмысының 
бар екендігін сезеді және пендешілік пен өзімшілдік шегінен асып өтіп, 
жоғары қабаттарға көтеріле алады. Бұл – тіршілігіміздің елестете алмайтын 
Бастауына және жаратылмаған болмыстың құпия әлеміне оралу. Мұндай 


347
мистикалық көзқарас бойынша, сезім әсерлерінен түзілген әлеміміз иләһи 
ақиқаттың жәй ақырғы және ең сыртқы қабығы саналады.
Суфизмдегі сияқты, Каббалада да жаратылыс доктринасы Ғаламның 
физикалық пайда болуымен байланысты емес. 
Зоһар
Болмысты 
Эн Соф
ішіндегі дағдарыстың символикалық бітімі деп таниды; бұл Құдайды 
ақыл жетпейтін тұңғиықтан шығуға және танылуға мәжбүрлейді. Зоһарда 
айтылғандай: 
Ең әуелі Патшаның қалауы орындала бастағанда, Ол иләһи шоқ сәу
-
леде белгілерді таңбалады. 
Эн Соф
тың ең терең қатпарларынан бұл 
шоқ сәуленің шеңберіне тартылған, не ақ, не қара, не қызыл, не жасыл 
емес, тіпті ешқандай түсі жоқ, пішінсіз нәрседен түзілген тұман секілді, 
қараңғылық оты пайда болды..
395
Тәурат бойынша Құдайдың алғашқы жаратушылық сөздері: «Жарық Бол
-
сын!». 
Зоһар
дың Тәуратқа түсіндірмесінде («Бастапқыда» беташар сөзінен 
кейін еврей тілінде
 Бешерит
деп аталады) бұл «қараңғылық оты» – алғашқы 
сефирот

Кетер Элион,
Құдайлықтың Ұлы Тәжі. Түр-түсі жоқ: кейбір кабба
-
листер оны Жоқтық 
(айн)
деп атағанды жөн санайды. Иләһилік адам санасы 
қамти алатын ең ұлы бітімді жоқтықпен теңестірген, өйткені мына дүниеде 
бар ешбір затқа ұқсастығы жоқ. Осыған сәйкес басқа сефироттар Жоқтықтан 
шығады. Бұл – дәстүрлі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет