353
экзотикалық оқиғалардың шығуына себеп болған. Оның рухани әрекетінен
де кейде тәкаппарлық қылаң беріп қалатын. Алайда бұлардың ең ұлы ми
-
стиктері гректер, сопылар мен каббалистер әлдеқашан ашып қойған көкірек
көзімен көру қабілетіне қол жеткізді.
Мәселен, Мейстер Экхарт Таулер мен Сузоға қатты ықпал етті. Оның өзі
де Дионисий Ареопагит пен Маймонидтен әсерленді. Доминикандық тақуа
Экхарт ғажап зиялы жан еді. Париж университетінде Аристотель философи
-
ясынан дәріс берді. Мистикалық көзқарасы 1325 жылы Кельн архиеписко
-
пымен кикілжіңге түсуіне себеп болды. Архиепископ оны адасқан деп айып
-
тады. Құдайдың игілігін жоққа шығарды; Құдай рухпен туылады; ал дүние
озалдан бар деп уағыздады деген кінә тақты. Бірақ Экхарттың ең ымыра
-
сыз қарсыластарының өзі оның ортодокс екендігіне сенді. Ол кейбір иде
-
яларын, өзі ойлағандай, символикамен емес, сөздік мәнінде түсіндіргенде
ағаттыққа ұрынды. Экхарт жыр толғағанда парадокс пен аналогияны ұната
-
тын. Құдайға сену рационалистік сипатта болады десе де, жалғыз ақылдың
иләһи ұғымды тиянақтауға күші жетпейді деп ойлады: «Бізге мәлім бір нәр
-
сені дәлелдеу үшін сезімге не ақылға жүгінеміз» деді. «Бірақ Құдайды тану
үшін сезім түйсігі кәдеге аспайды, өйткені Ол кісілік сипаттан ада. Ақылдың
күші де дәрменсіз, өйткені Оның біз білетін бір пішіні жоқ».
399
Құдай әдет
-
тегі ойдың нысаны сынды барлығын дәлелдей қоятын болмыс емес.
Экхарт Құдайды Жоқтық деп тапты.
400
Бұл Ол қиял деген мәнге келмей
-
ді, бірақ Құдай
біздің білетінімізден де бай, кемел бір болмыс сипатына
ие. Экхарт сонымен бірге Құдайды «түнек» деп те атады.
Мұны нұрдың
жоқтығын білдіру үшін емес, барынша жарық бір нәрсенің барлығын жеткі
-
зу үшін қолданды. Экхарт әсіресе «шөл», «тағылық», «түнек» және «жоқтық»
сияқты теріс сипаттар тағылған Құдай мен Әке, Ұл
мен Рух деп танылған
Құдайды де бір-бірінен бөлек жіктеді.
401
Батыс ғұламасы болғандықтан,
399 Quoted in J. C. Clark, Meister Eckhart, An Introduction to the Study of his Works with an Anthology of his Sermons (London, 1957),
p. 28.
400 Simon Tugwell, «Dominican Spirituality», in Louis Dupre and Don E. Saliers, eds. Christian Spirituality III (New York and London,
1989), p. 28.
401
Quoted in Clark, Meister Eckhart, p. 40.
354
Экхарт Августиннің адам санасындағы Үштік аналогиясын қолдануды ұнат
-
ты. Үштік қағидасын қисынмен тану мүмкін емес болса да, Құдайды үш кісі
деп түйсіну түсінік үшін айтылады. Мистик Құдаймен бір рет бірігіп кетсе,
Оны Бір деп көретін. Гректер бұл көзқарасты ұнатпауы мүмкін.
Бірақ Эк
-
харт Үштік сенімнің өзегінде мистикалық ілім жатыр деген кезде олармен
келісетін. Бибі Мәриямның Исаға жүкті болғанынан гөрі Әкенің Ұлды рухта
тудыруы жайлы сөз қылғанды ұнататын. Мәулана Руми де Пәк Мәриямның
Исаны тууын рухтың мистиктің жүрегінде тууының символы деп қараған еді.
Экхарт мұның, рухтың Құдаймен бірігуін көрсеткен бір аналогия екеніне
шүбәсіз сенді.
Құдайды тек мистикалық тәжірибемен танып-білуге мүмкіндік бар. Оны
Маймонид айтқандай, теріс ұғымдармен тілге тиек ету ең дұрысы болмақ.
Шынымен де Құдай жайлы ұғымымызды жаңартып, сандырақ соқыр сенім
мен кісі кейіпті символдардан арылуымыз керек. Тіпті «Құдай» ұғымының
өзін қолданудан да тартыну қажет. Экхарт «адамның
соңғы және ұлы ай
-
рылуы - Құдай үшін Құдайдан айрылуы» деген кезде осыны меңзеді. Бұл
қалау қайғыға батыруы мүмкін. Құдай Жоқтық болғандықтан, біз де Онымен
бірге болу үшін жоқтыққа шым батуға дайын болуымыз керек. Бұл сопы
-
лар
айтатын
Достарыңызбен бөлісу: